ВЕРНУТЬСЯ

           немесе         Аза жырыҚазақ елінің азаттығы жолында шейіт кеткен есіл ерҚайрат Рысқұлбековтің рухына----------------------------------------------Желтоқсан айы қаралы,Қанды жас көзден ағады,Қазақтың арын арлауға,Қазақтың жерін қорғауға,Жарқылдап отты жанары,Жалынды ұрпақ саналыБастаған қайсар рухқаБұйығып жатқан қаланы.Ұланын елдің басынып,Жендеттер қару асынып,Жауыздық қылып жалалы,Ашылды арсыз араны...Ерлердің есін кетірмекЕсірткі менен арағы...Арандатудың жолы осыБасқа амал-айла шамалы,Ызадан күйіп кектенгенЖастар да лаулап барады.Талайдан жанды жеп келгенТүйсіксіз жанның қанауы...Ал енді оған жоқ шыдам,Танысын өжет Даланы,Жанардан жас боп ыршығанТереңде жатқан наланы,Талқан боп, мейлі, кетсе де,«Бұзылмас достық» қамалы,Намысты ұлан белсене,Бостандық жолын қалады.Ертеңін елдің кім ойларБолмаса жанның алаңы?Езгіге қарсы атойларМаздады жастық алауы!Ескілік жүйе ышқынаСоңғы рет демін алады.Дегендей «бізде күш мына»,Жағаға қолды салады.Өрімдей қызды шашынанСүйретіп, әне, барады.Әулекіленген сұмдардыңҚұмары содан қанады.Намысы берен жас ҚайратАлысып бірде қалады.Қарулы дұшпан мастанып,Тепкілеп кейде алады.Қыларға дәрмен таба алмай,Жолбарыс жүрек жаралы...Қанжоса болған қамалдайҚазақтың қызыл алаңы!..Қапияда ерлер қаза боп,Күн туды басқа қаралы,Халқымыз үшін аза боп,Өшер ме ащы сабағы!Бұл-дағы нәубет екен ғой,Жатсынар Ескі Жаңаны,Көңілге түйіп бекем ой,Таңдайық жолды саралы.Құйғанмен жылу сәулесін,Сызды ғой атқан таң әлі,Азамат ерлер кеудесінЖелпісін Дала самалыЖелтоқсан айы...Боздақтар –Күн еді ол бір қаралы.Қайда да лаулап маздақтар,Жарқылдап жүрсін жанары!

Автор: