ВЕРНУТЬСЯ

Заман-заңғарсұңқарлар қиясында,Жан бағарлар бұғады ұясында.Жалын атқан жампоздар жанып туғанҮңіледі халқының мұрасына.Уақыт-ұлы!Шырқатар шабыт беріп,Елің үшін құлдилай ағып келіп,Қыран мінез танытсаң,Шоқ жұлдыздайСәуле құйсаң санаға жарық беріп!Осы өмірде жанғаны сонда бағың,Туған халқың тапқаны қолғанатын.Қара бастың күйттесе қамын ерлер,Дүниенің қорлығы сол болатын.Ей, азамат, есің жый, еңсе көтер,Есіл ғұмыр өтпесін күңсіп бекер.Туған жер мен туған ел деген кездеЖас тамшысы жанардан ыршып кетер.Жас дегенің – жүректің қаны сынды,Әйгілейді арың мен намысыңды.Ұстараның жүзіндей лыпыл қаққан –Әспеттейді ел-жұрты арысыңды.Жылыстады өткен күн үрей болған,Жарқын заман нұр шашты шырайланған.Қазақ сынды халыққа нарлар керек-Қайтаруға тұнығын лайланған.

Автор: