ВЕРНУТЬСЯ

Жүрекке артып зіл ауыр,Жұлқына ғұмыр кешсек пе?Жағамыз жайлау,бірауықЖелпіп бір самал ессек пе?Жалындап өтер жас ғұмырЖабығып, зая кетер ме?Жан бақсақ егер бас бұғып,Жылыстап дүние өтер ме?Жалынан алып Уақыттың,Жағасына қол салсақ па?Жауқазын өмір – бақыттыңЖарасым-жолын тапсақ па?Жағада қалмай жаңғақтай,Жарысқа түсер күн туды,Жосыған босқа қаңбақтайЖоғалтып күйбең шіркінді.Жорғаңды, достым, мін ерттеп,Жосылтып біз де байқалық.Жаярмыз тамыр күні ертең,Жусан боп қырда жайқалып.

Автор: