ВЕРНУТЬСЯ

Соғыс боп жатыр бір жақта,Қаһарға мінген Иракта,Ливан да анау құлдықта,Кувейт те мынау құлдықта.Құлағын әлем түредіӨрт шалған осы құрлыққа.Өңешін біреу кередіМәз болып берген жарлыққа.Көнгісі келмес кімнің деКөрсеткен күшін қорлыққа.Ұшынып тұрған күн мүлде,Шыдамас ешкім зорлыққа.Аспанның жүзін бұлт шалды,Қап-қара түнек о жақта,Кімді кім неден құтқарды,Кімдерің қалды мазаққа?(Тумасын күндер мұз-қарлы,Айналдым біздің қазаққа).Таба алмай көңілім жауап бірОйландым кейбір сұраққа.Адамзат үшін қауіптіАҚШ па, әлде, Ирак па?!Соғыспен ешкім көктемес,Кектенсең өршір отты егес.Әділетке жоқ өкпе еш,Азаттық үшін күрескенЕлдерді ешбір сөкпе, дос.                           1.02.1991.

Автор: