ВЕРНУТЬСЯ

Әулие тіл

Ойламан өшеді деп тілім менің,Ана тіл - әулие тіл – Пірім менің!Мың мәрте басымды иіп жүгінетін,Тілімді сақта Құдай, Ұлы Елім!Тағдырдың көрсем де сан тар заманын,Жараспас жасық жандай зарлағаным.Түркінің туын тіктер Қазақпыз біз,Тілімен кестелеген арман-әнін.Атса да таңдар талай мұнарланып,Танытты тарландарым қыран қалып.Атақты арыстарым арқасындаАна тіл бүлінбеді шұбарланып.Ана тіл – қазақ тілім, арқаландым,Көздегі кіреукедей тарқаған мұң.Ананың ақ сүтіндей аялаумен-Енді оған қорған болғай барша халқым.Беу, досым, безенейік тілді бүгін,Ана тіл – рухы ата күлдігінің!Қазақша сөйлескені қос қ

Бас ию

Төлі едім шалқар қоныс, иен даланың,Көзіме оттай ыстық кең алабым.Бас ием киемдейін Көк Тәңірге,Бас ием алдында мен Жер-Ананың.Сол Дала бағын берген, жалын берген,Бойыма отты намыс, дарын берген.Бас ием қасиетті бабаларға,Қан төгіп, сол жер үшін жанын берген.Жүректе ағыл-тегіл жатыр ағын,Жүректе жолбарыстай батыл арын.Бас ием Бекет атам аруағына,Бас ием әулиелі өр топырағым!Бас ием Қазақ деген ұлтыма мен,Бас ием текті тайпа-жұртыма мен.Таныған Адайымды алты алаш,Таныған Маңғыстауды бүкіл әлем!Қазақтың қаны бірге, туыс бәрі,Туған жер – туған елдің ту ұстары.Маңғыстау – Қазақстан донорындай,М

Туған ел

Сүйер болсам қалай Күнді – жарықты,Сүйем сондай Қазақ деген халықты.Тумысынан жаратылған тұлпар боп,Сүйем сондай арда мінез алыпты.Қазақ деген қанды халық, ер халық,Ұсақтықтан аулақ жүрер арланып.Пасықтықтан бөлек оның ауылы,Жасықтықтан жалы биік нар халық.Қазақпын деп мақтанамын мен дәйім,Барша әлемге жазық менің маңдайым.Қазағымның жүрісі сол арқайын,Қаралыққа жаны бір жат жандайын.Қазақпын деп мақтанамын төс керіп,Жалпақ жұртты тума-туыс, дос көріп.

Қабырға туралы жыр

Тәңір-әмір тал-ғұмыр сый еткелі,Тағдырыма болғам жоқ жиі өкпелі.Тар жол, тайғақ кешулер талайындаТылсым-әлем, әз-ғалам сүйеп мені.Жүрегіме күмбірлі күй еккені,Таусылғанша жанымның тиек-демі,Періштелер аулына қоңсы қондым......Жындар бір күн қоршалап, иектеді...Көз алдымда дөңгелер елес беріп,Әзәзіл боп арбайды кеңес беріп...Ақыныңды ол қалғандай абайламайАр, Намыстан жаралған егеске нық.Жол кессе де үрікпес қара мысық,Тірлікте бір тартпаған сана сұлық,Ақынменен алыспақ  кер ниетте,Адалдықты пір тұтқан, адамшылық....Пойыз, купе, тағдырдың сыны бүгінТүсті басқа ілініп құрығы-мұң...Кеттім ұшып

Страницы