ВЕРНУТЬСЯ

Жасасын қызыл болаттар

     Жүйріктерін орғытқан,

Қиялардан қарғытқан,

Қызыл
болат кім екен?

Атта жердей ойнаған,

Көздері оттай жайнаған

Бұлар кімнің ұлы
екен?

Қызыл туын
құлпыртып,

Дұспан
сағын сындырып,

Теңдік биін билеген;

Жарақтарын жайнатып,

Шағылтып жалт-жұлт ойнатып.

Еңбек күйін күйлеген.

Бұлар біздің қызыл
ер,

Қызыл
әскер жауынгер

Еңбекшілер қыраны,

Еңбекшінің өз көзі,

Октябрьдің жұлдызы,

Тегісшіл, теңдік ұраны.

Дұспанын аяп көрмейтін,

Страницы