ВЕРНУТЬСЯ

Асылзат

    Ойламай сағат сені тұра алмаймын,

Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.

Айрылып шыныменен қалғаным ба,

Қалайша
ауылыңа бара алмаймын.

Қайырмасы:

.Деуші едім
жастан сені маған серік,

Аққудай аппақ шырай
біткен көрік,

Керілген кер маралдай кербезім-ай,

Күн бар ма көңілім тынар сені көріп?

Қайырмасы.

Өнер

   Жігіттер өнер
үйрен заманыңда,

Теңшілдік
түгелімен өз қолыңда.

Түрлендір
шаруаңды, түс жарысқа,

Талабың алға
басып тұрғанында.

Қарсы тұр жан
аямай тап жауына,

Алданба
залымдардың арбауына,

Танысып
күнделікпен, өнер үйрен,

Тез тырыс ұлы
еңбектен қалмауыңа.

1929 ж.

Әкем туралы

        Әкеміздің өмірі өзінің ғажайып
дарынындай ерекше де ғажап болды. Содан болар Исекең  туралы көптеген қызғылықты әңгімелер ол
кісінің сері мінезі, ақын азаматтылығы жайлы дәйекті деректер тамаша аңызға
айналып жүр. Онымен қоса ол кісі туралы кейбір естеліктерде жалған пікір де
кездеседі. Мен бұл арада тек болған оқиғаларды кезінде қасында жүріп,
көрген-білген, өзімді қатты толқытқан жағдайларды, жалпы әкем туралы білгенімді
айтып кетуді парызым деп ұқтым.

Папам Семей
сахнасында.

Қош, ана

   Надежда Крупскаяға

Кеше Ресей аймағын,

Басқанда қара түн түнек,

Құрсаудай
қысып жан-жағын,

Күйзелгенде ел уһлеп.

Миллиондаған жұмыскер,

Ызамен ашу кернеген,

Толқындай тулап
қайғы-шер

Адамға тыныс бермеген.

Шықты Ленин топ бастап,

Шықты ашынып күреске,

Бақытқа
мәңгі ту ұстап,

Жол ашты көсем ұлы іске.

Отаннын, ару, ер қызы,

Болдық
серік Ленинге,

Ананың алтын жұлдызы,

Ай боп тудың елімде.

Ай боп туып еліме,

Қасына
бардың сен күннің.

Иса туралы

     ...Иса желпініп, үзілмей соққан cap даланың желі сияқты,
сол даладай кең, мол ақындықтың иесі.Европа Исаның ақындығындай суырыпсалма,желермен,
тұтқиыл ақындығын, ақындық
теңізі деп түсінер еді.Осы күнгі
Европаның сахна өнеріне мұндай

сый жат болып, жоғалып кеткен. Бұл сахна өнеріндегі таза қазақ тумасы. Құмды, желді

Страницы