ВЕРНУТЬСЯ

Жонып алды

     Өлеңді айт дегенде тасып берем,

Мергендей көзден түзу атып берем,

Ағалар басын қосқан мәжілісте,

Әніне «Жонып алды» басып берем.

Айтылса көп өнердің қоры бар-ды,

Маңамын келтіретін жері бар-ды.

Айтылған сол көп өлең мақамынан,

Аты бар бұл
әнімнің «Жонып алды».

Қанат талды

Ән сұлу күндей
күліп сорғалаған,

Бұлбұлдай сайрап
жүріп қорғалаған,

Жымиып күле қарап
айлы аспанға,

Сызылтып тоқсан
түрлі жорғалаған.

Ырғалтып мың құбылтып
шырқағанда,

Үзілтіп он екі
алуан ән салғанда,

Қалықтап ұшқан
дауыс төмендемей,

Аспанда қанат
талды толғағанда.

Әндердің ұлы
атасы «Қанат талды»,

Арқада ақыратып
Сейтжан салды,

Қоңырлап құйқылжыған
ырғағына,

Сүйсініп,
естігенде жұрт таң қалды.

Төртінші желдірме

       Ембіде мұнай қазған
еңбек ері

Жұмысшы балуан білек тұрмыс белі,

Мүнайға жылжып барып тамшылайды,

Мөлтілдеп шып-шып шыққан маңдай тері.

Ұстара
қолдарында бір-бір күрек,

Алмастай тиген жерін кетеді іреп,

Тамырын майлы жердің қиып түсіп,

Дірілдеп мұнай
шапшып шүмек-шүмек.

Өнердің таң қалдырды
бір қызығы,

Бойлатып жер астынан салған бұрғы,

Мұнайға
сом балғамен барам десе,

Қағысып
жол бермейді қызыл құмы.

Жылмаңдар жүйрік бұрғы жылмаң-жылмаң,

Қарталы

    Арқаның
асқарында асау белде,

Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,

Сағымын сардаланың жатыр қиып,

Оранған әсем арқа үл мен бүлде.

Қақ жарып қара тасты қардай тіліп,

Төбені төңкереді ылди қылып,

Боратып экскаватор тасты жүндей,

Жөнелді асқар
белдің жонын жонып.

Қадамы қарық болған қарт Қарталы,

Ұлы орда Ұлытаудың биік жалы,

Нұраға Есілменен нұрын төгіп,

Қаратқан
көкке өрлеткен Отан таңы.

Күлсем
күн, тербесем нұр қойынымда,

Арқаның
жүрегі мен биік шыңда,

Ақын өмірінен

    Иса Байзақұлы
өзімізбен бірге жасасып, күні кеше ғана қатарымыздан кетті. Ол бүкіл Қазақстан
жұртшылығына өнерімен, өлеңімен өзін танытқан ақын, замандас еді. Иса әрі ақын,
әрі артист, әрі өрісі кең жазушы еді.Мен Исаны ең алғашқы 1925 жылы июнь

Страницы