ВЕРНУТЬСЯ

Ақанша

    Ортекедей орғытып мінген атын,

Көрсе көзің тоймайды салтанатын.

Тамаша,

Шаттанбайсың қалайша.

Отанымның жауынгер жұлдыздары.

Жауға бермес ерлерім мақтанатын.

Қайырмасы:

Ылғи жүйрік тұлпар аттай.

Мінгендері құйылтып,

Зулағанда атқан
оқтай,

Ерлентеді сүйінтіп.

Жалындат, ерлер, жалындат,

Отан берік, елің шат.

Жау ұмтылса отанға, ду қайнайтын,

Қызыл
әскер қырағы еш таймайтын,

Тамаша,

Шаттанбайсың қалайша.

Күлін көкке ұшырып
фашистердің

Дауылды дүлдүл

       Егер шынайы поэзия мен шын асыл өнер
саласында қазақ халқының таланттылығын бір-ақ мысалмен дәлелдеу қажет болса,
мен Иса есімін атап, бесаспап өнерпаздығын алға жаяр едім. Сонда кез- келген
шет елдік тосын көз де тоғыз жасынан талант бәйгесіне түскен жыр
дүлдүлі,«желдірмелерін» желдей естірген шабытты әнші,дарынды композитор,қазақ
театрының қара шаңырағын көтеріскен айтулы артист, халық

Қадірлі қонақтар

 Тасыды көңілім, шалқыды,

Сүйінді мың сан балқыды.

Келе жатыр қалың топ,

Ту, ту, сонау, сонадан,

Қияда қиыр
даладан,

Шаттана,
шалқи шықты топ.

Электрлі жұлдыздай,

Гудогі күйлі андыздай,

Заводтан шықты қайнасып,

Алтын, металл кен атқан,

Коксті көмір таратқан,

Шахтыдан шықты жайнасып.

Қисынын
тауып қибаттан,

Қиындықты қиратқан,

Ерлер шықты колхоздан,

Ат-айғырын кісінеткен,

Жүйрігін баптап есінеткен,

Ерінбес шықты совхоздан.

Исаның Құдайберген ақынмен айтысы

     Құдайберген

Сұрасаң өз
атымды Құдайберген,

Халқыма айтқан сөзім ұнай берген.

Жынданып өлең буып жатқанымда,

Ұстазым
Ғимадетдин дұға-ай берген.

 Баласын Орта жүздің араладым,

Үш жүзге даңқым жетіп тарағанмын.

Бойында үлкен Қараой
Қадиша қыз,

Айтысып оны жеңіп жол алғанмын.

Омбыда Сүйімбаймен салысқанмын,

Көкшетауда талайымен жарысқанмын.

Қызылжар,
Көкшетауды сайран қылып,

Атбасар, Омбы барып көп қыстадым.

Жас ақын,
жаңа талап ақын Иса,

Сегіз жаста ұлы октябрь

    Жаудың қанын
судай шашқан күн.

Қара пейіл арам жұрттар
жеңіліп,

Езілгендер қуанып
үн қосқан күн.

Тұтқындағы
өзгерістің ұлдары,

He заманғы
бұғауларын шешкен күн.

Қызыл әскер тасты
жүндей қопарып,

Жаңа дүние
жайлауына көшкен күн.

Адамзатты құлданатын
байлардың

Патшасына жайдың
оғы түскен күн.

Неше жүз жыл
дүниені шіріткен,

Шен құмардың
ішегін алмас кескен күн.

Неше мың жыл
көкке өрлеген қиянат,

Страницы