ВЕРНУТЬСЯ

Егіс

     Колхозшым гүлдендіріп егісіңді,

Тез бітір түгел жыртып үлесіңді,

Маржандай қызыл
бидай орғың келсе

Ұқыптап,
тәрбиелеп сал күшіңді.

Қаулатып
тракторлар өнерменен,

Егіске жұмылыңдар жігерменен,

Бірлескен колхоз, совхоз күш сенікі,

Жер жайын кеңесіңдер агрономмен.

Бауырдай бұйра тіліп қара жерді,

Тамырын құрыш сталь кесе білді,

Еңбектің шын өнімді жемісі егін,

Гүлдентед көркейтетін еңбекші елді.

Қанапия

Айқайлап жылқы бақтым
мен жасымнан,

Бейнетке қарсы
тұрмай кім жасыған.

Аспандап, жоғары
өрлеп дәуірлеймін,

Суымын Ақ Жайықтың
мен тасыған.

Екінші желдірме

   Жұмыскер еңбегіне
сенетұғын,

Болса да нендей қиын жеңетұғын,

Айнымас алып күштің арқасында,

Құлпыртып тұрмысқа гүл егетұғын.

Шегі жоқ Қазақстан
табысының,

Екпіні жер жарғандай дабысының,

Салдырған құла шөлге Түрксибті,

Жетуге жолы жақын
алысының.

Тап ортам Қарағанды
кен қайнаған,

Таусылмас қара алтыным жер бойлаған.

Өрбіген қалың байлық Қарағанды,

Болад деп бұрын
мұндай кім ойлаған?

Өсірген шаруамызды колхоз, совхоз,

Еңбекпен ұйымдасқан неше мың жүз.

Ақын туралы есімде қалғандар

      Мен Исаны ең
алғаш 1928 жылы көрдім.Онда менің де өлеңді жаңа бастап айтып жүрген

жас кезім еді.
Иса Алматыдан біздің елге келді.Ол келісімен-ақ елдің адамдарымен іле-ақ
танысып, үйренісіп кетті. Еліміздің салтында айтысты өте мадақтайды; осы
әдетпен екеумізді айтыстырмақ болды. Мен Исаның алдында өлең бастап,онымен
айтысуға батылым бармады. Өйткені, ол менің ақындығымды байқағысы келіп, әр
түрлі

Миллондаған жалшымыз

     Еркін күшпен өрлеймін,

Өмірім ұзақ, өлмеймін.

Міне, мен жалшы тілімін,

Жарлы жанын жырлайтын,

Қажымайтын,
талмайтын,

Еңбекші таптың ұлымын.

Менің жаным күйлі жан,

Күңіренген күйден жаралған,

Төгілген жастан миллион жыл

Күң мен құлдың
шерінен,

Қанды-қайғы сөлінен,

Мен туғамын, соны біл!

Аналарым күң болып,

Балаларым күл
болып,

Тепкісінде езілген.

Байлар ұрып-соққанда,

Бақайшағын шаққанда,

Көлдей жасы төгілген.

Байдың сұмы ерігіп,

Страницы