ВЕРНУТЬСЯ

Аэроплан

Жаңа оянған жас қазақ,

Қонақ
келді ордаңа.

Қонағыңды құрметте

Көрсетсін үлгі далаңа...

Айтайын ба, ертені,

Баяғыда ертегі,

   Ертегі еске салғалы

Есептесең ерте еді.

Ертегінің қиялы,

Болжап еді қияны,

Сол қиялдан ұл туды,

Болды ма кәне зияны.

Ертегіде бір жас ер

Аралапты талай жер.

Жол
іздеген жігітке

Кез болыпты дуакер.

Оқымысты дуакер,

Өнерлі екен тым шебер,

Жан салыпты кілемге,

Жаяу жүрмін дегенге.

Кілемге жігіт мініпті,

Қарағанды

    Қайнаған қалың байлық Қарағанды,

Маңына жайып отыр миллион жанды

Байқасаң Қара алтынды кенін көріп,

Маңызы табысының өте мәнді.

Күн сайын мың сан тонна көмір беріп

Үйілген маяланып кені өніп.

Асыл кен, алтын, күміс, рудалар

Көмірдің қызуымен балқиды еріп.

Қорғасын,
мыс пенен жез, асыл болат,

Көмірмен қайнағанда
май боп ағад,

Машина, паровоздың қазандары

Күшімен қара алтынның пайдаланад.

Ендеше Қарағанды
ұлы табыс,

Күшейсін өндірісі аяқ алыс.

Бір бидай

   Сайрасаң, бауырларым, мендей сайра,

Бақытты өміріңде күндей жайна,

Құлпырған
ұлы күннің жұлдыздары,

Сәулеңмен күнмен талас, теңел айға.

Қайырмасы:

Шарықта,
достар,

Бақытты жастар.

Құлпыртып
ән салайық түрден түрге,

Басайық ілгері адым өрден өрге.

Шаттықтың
шарықтатқан тасқынында,

Қосылып
шырқатайық әнді бірге.

Қайырмасы:

Сахына көркі

      Иса Байзақовты мен бірінші рет 1933 жылы Алматыда
көрдім. Сол жылы драма театрынан Жұмат Шанин бастаған бір топ артистер жеке музыкалы
студия болып бөлініп шықты. Ол топтың ішінде Әміре, Қанабек, Күләш тағы
басқаларымен бірге Иса да бар еді. Музыкалық студия Мұхтар Әуезовтың «Айман -
Шолпан» деген музыкалық пьесасын сахнаға қойды. Сол музыкалық театр кейіннен
опера театры болып құрылды.

Кәрібай-тракторда

     Мінекей, біздің тұлпар жаны темір,

Осымен гүлденеді барлық өмір.

Сарымай жемі, суы қазанатым

Тіркеп ап
қанша жүкті, ей, тарта бер!

Үн қоссам шарылыңа шырқап әнді,

Құба жон
күңіреніп болар сәнді.

Еркіндеп үкіметтің арқасында

Кәрібай трактормен егін салды.

Құтылды
енді азаптан Кәрібай шал;

«Мүшесі
коллективте ортада мал,

Көптесіп-көмектесіп еңбегі өнген,

Кедейлер бірің қалмай
колхозға бар.

Кеңесіп агрономға жақындадық,

Тұқымды маржандай қып тазаладық.

Страницы