ВЕРНУТЬСЯ

Жастар маршы

     Біз бақытты туғаннан гүлденгенбіз,

Жаңа өмірдің бесігін ізденгенбіз,

Талай асу қиындық
кездессе де,

Өнер білім желісін үзбегенбіз.

Қайырмасы:

Берік болат біз жастармыз,

Мың сан миллион достармыз.

Біз бақытты нұрлы күннен де,

Жау аспайтын биік асқармыз.

Оғы, сөзі түк емес жаудың бізге,

Біз айбынды қорғанбыз елімізге,

Суық қолын
сұғанақ ұсынса да,

Сынық
сүйем келмейді жерімізге.

Қайырмасы.

Көкте, жерде, асуда, суда, шөлде,

Жау кез келсе-ақ жеңеміз қай жерде де.

Ақ дариға

Оқысаң өнер-білім қайнап тұрған,

Айнала алтын сәуле жайнап тұрған,

Жасырын жаратылыс сырын шешіп,

Жол ашық, төрт құбылаң
сайрап тұрған.

Бауырлас барлық ұлттың балалары,

Даналық,
социалистік алған нәрі,

Адымы күн-күн сайын алға өрлейді,

Күннен де жарық дейді жердің шары.

Алдыңнан сәулелі нұр төгіледі,

Миуа ағаш мың түрленіп егіледі,

Тұрмысқа
социалистік жеткен үшін,

Машина ат орнына жегіледі.

***

Мінеки біздің
бақша гүл жамылған,

Бұлбұлы бұта
сайын әнге салған.

Естен кетпес есім

    Мен 1930 жылы Павлодардың округтік жастар
комитетінің жолдамасымен Алматыға барып,драма театрына қызметке орналастым. Ол
кезде он шақты артистерде ғана үй
бар, ал біраз жастар сахнада жататын едік. Қыс түсе үйді-үйге тарап
кете бастадық. Бір күні Иса аға келіп, «Әй, жаман,
үйге жүр, мен сені далаға жатқызады деп тұрсың ба, Шарбану жеңгең де
«өзіміздің елдің баласы екен,
келсін»,- деп жатыр деді. Қуанып кеттім. Содан былай Иса аға мен Шарбану
жеңгей туған аға, жеңгемдей болып кетті.Иса аға 1930-31 жылдары, театрдағы

Тыныбай шал

    «Сақал мұрты
қуарғанда,

Қан тамыры
суалғандай,

Қазаққа да күн туған соң,

Қамын
жейтін ұл туған соң,

Сорлы кәрі қуанғанда...

Кеше қара түн кезінде,

Қан
төгіліп жер жүзінде,

Ажал келіп шалды арбаған,

Әзірейіл жанды арбаған,

Сол сурет, шал көзінде.

Николайдың қан шоқпары -

Төре менен залым байы.

Мына шалды езбеп пе еді,

Шал үмітін үзбеп пе еді,

Күлге сіңіп күн мен айы.

Шалдың
енді атты таңы, -

Естен шықты
ескі заңы,

Страницы