ВЕРНУТЬСЯ

    «Сақал мұрты
қуарғанда,

Қан тамыры
суалғандай,

Қазаққа да күн туған соң,

Қамын
жейтін ұл туған соң,

Сорлы кәрі қуанғанда...

Кеше қара түн кезінде,

Қан
төгіліп жер жүзінде,

Ажал келіп шалды арбаған,

Әзірейіл жанды арбаған,

Сол сурет, шал көзінде.

Николайдың қан шоқпары -

Төре менен залым байы.

Мына шалды езбеп пе еді,

Шал үмітін үзбеп пе еді,

Күлге сіңіп күн мен айы.

Шалдың
енді атты таңы, -

Естен шықты
ескі заңы,

Айы менен күні туды,

Жалған емес, шыны туды,

Қамқор болып совет заңы.

 өкіметін сүйген үшін,

Көз жастарын иген үшін.

Албан-Суан - осы күнгі

Кеген, Нарынқол

Ауданына тараған
рулар.

Болмасқа енді рәсуа,

Шежіреге шалым куә,

Теңдік еркін тиген үшін.

Кім оятты Тыныбайды,

Қарғатқызып Николайды?

Тыныбайды ар аятты!

Арға тиген зар оятты!

Жаңа болды жаны
жайлы.

Сексен үште өлген жүрек.

Үміт құсын
көмген жүрек.

Теңелдірген өкімет есте,

Міне бүгін жиырма бесте,

Жауын шаншып жеңген жүрек.

Түсінбеген шалдар болса,

Босқа
жүрген салдар болса,

Тынекемнен алсын үлгі,

Ел болғанға Тыным белгі!..

* * *

Ертеңіне сәскеде жұрт лек-легімен келе бастады. Астына қара
тіккен қызыл тулар желбіреді.Екі мыңнан аса ел қазағы болды. Жұрттың жиылған
жерінде суретші жағалай жүріп, суретке түсірді.Келген
өкіл сол күнгі топтың тәртібін басқарып, халықты топ-топ қылып
ретпен жүргізді.Қазақстан
артистері екінші қатарда төңкеріс өлеңдерін
айтып отырды. Жұрт саулаған
бойымен Қарқараның өзеніне келіп, бір-бір ,тас алды.

Жәрмеңкенің ортасын қақ жарып, баяғы қантөгістің Қостөбесіне жөнелді. Қостөбеге келдік.Баратын бетте екі қақпа бар. Бірі - қара
ту байлаған қаралы есік, екіншісі - қызыл ту байлаған бостандық есігі. Жұрт жаяулап қаралы есіктен өтті.Қайғылы күй қазақша айтылып тұрды. Және қаралы қақпаның екі жақ
босағасында Николайдың «жандармасы мен болысы» тұрды. Қызыл есіктен
өткенде, «Интернационал» айтылып,

халық
көңілді адым басты. Қолдарындағы тастарын төбеге үйгенде, зор қамыққан түспен

ауырлап барды. Кейбір ақ сақалды адамдар:- «Есіл Қостөбе,
кешегі қанды күнде, тау-

дай ауыр қайғыны
бізбен ортақ болып көрген сен едің»- дегендей, көзінің жасын сақалынан бұршақтай домалатып тұрды. Әйелдер де жыламсырап егілді. Қан жамылған қара күндерін халық шын ескерді. Төбеге жиналған тас үш қанат үйдей болды. Басына қызыл ту байлап,биік ағаш орнатты. Азаматтардың уәдесі сол орынға белгі орнатпақ.

Автор: