ВЕРНУТЬСЯ

      Бұлт буған
басыңды қарлы Алатау,

Бір заманда қайғылы, зарлы Алатау.

Қойныңа
жезтырнақтың қолын салып

Сұмырай
сорған сүтіңді шерлі Алатау.

Қайырмасы:

Асқақтаған
Алатау,

Бауырың толған бақша-бау.

Май айында майысып,

Жұпар исің аңқиды-ау.

Мұзың
күміс, суың бал, тасың мыстан,

Таудан бұлақ ағады-ау алтын құсқан.

Қызыл туың желбіреп, желкілдетіп,

Қоныс алды
іргеңнен Қазақстан.

Қайырмасы:

Салаң салқын кең
жайлау,

Бұлақ аққан мың
тарау,

Алма, миуаң
жетіліп,

Бұлбұл құсың
сайрайды-ау.

Автор: