ВЕРНУТЬСЯ

    Бір кезде артта қалған Қазақстан,

Отарлап, үн шығармай патша қысқан,

Советтің ұлы теңдік арқасында,

Өлшеусіз табысым бар белден асқан.

Қат-қабат қалың байлық өндірісім,

Дамыды күн-күн сайын еткен ісім,

Дәуірдің социалистік қазынасы,

Қайнаған
дүсір қағып табыс күшім.

Қарсақпай,
Қарағанды, Қоңырат, Ақжал,

Орал мен Балқашыма көзіңді сал!

Мыңдаған колхоз-совхоз өндірісім,

Бәрі асыл, бәрі табыс таңдауын ал.

Автор: