ВЕРНУТЬСЯ

Ақерке

        Ақерке, ақ
күмістей сенің жүзің,

Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің.

Ақылың айдын шалқар көл секілді,

Жанарлы қара
нәркес екі көзің.

Күлкің гүл жас баланың жанарындай

Ақерке
айтып бітпен құмарымды-ай.

Болса да жасың кіші, білімің - дария

Әнімді арнамайын саған қалай?!

Жас күнің жалындаған ерке тоты,

Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті.

Шырқайын Ақеркенің айғайымен,

Өзімдей берік болсын, жігіт серті.

 

Жалқаулық

Жалқаулық
надандықтың бір белгісі,

Қуанарлық
наданның жоқ үлгісі.

Кеңестің
кеңдігінде білім алмай,

Текке қарап оңар
ма жүрген кісі.

Еңбексіз пайда
іздеген арамтамақ,

Қуат беріп
наданға болады жақ.

Ойласаң сарыуайым
соқырлықта,

Көгертеді қай
жанды ондай ақымақ.

1929 ж.

Бесінші желдірме

      Қарағанды
- үшінші алып көмірлі

Гүлдендіріп нұрға малып өмірді,

Тілегі бір, жүрегі бір миллион күш,

Кен шығарып, жем шығарып - ұлы іске берілді.

Бесжылдықтың гүрсілдетіп соқты, әні, балғасын.

Құрыш қолдар - болат құрал қолға алсын,

Миллион білек, миллион тасқын табысқа,

Күннің көзі, жердің жүзі таң қалсын.

Бесжылдыққа, даярлыққа ұлы дабыл
қағылды,

Қарағанды
қара алтыным дариядай ағылды,

Сәулеттеніп, сағымданған заводым,

Көмір жинап, еңбек қайнап - алтын шырақ жағылды.

Алатау

      Бұлт буған
басыңды қарлы Алатау,

Бір заманда қайғылы, зарлы Алатау.

Қойныңа
жезтырнақтың қолын салып

Сұмырай
сорған сүтіңді шерлі Алатау.

Қайырмасы:

Асқақтаған
Алатау,

Бауырың толған бақша-бау.

Май айында майысып,

Жұпар исің аңқиды-ау.

Мұзың
күміс, суың бал, тасың мыстан,

Таудан бұлақ ағады-ау алтын құсқан.

Қызыл туың желбіреп, желкілдетіп,

Қоныс алды
іргеңнен Қазақстан.

Қайырмасы:

Салаң салқын кең
жайлау,

Бұлақ аққан мың
тарау,

Даналығың өлмейді

     Өлеңнен бұлақ
ағызған,

Түрінен тұр
туғызған,

Ақыннан-ақын
Абайға,

Ұлы халқың
ардақтап,

Тарихи белгі тұр
сақтап,

Мың сан жылға,
талайға.

Даналығың
өлмейді,

Өлуге жол
бермейді.

Халқың үшін
қалдырған,

Адам мейірін қандырған,

Інжумен егіз
сөздерің,

Бірі қымбат
бірінен,

Алтын мен зүфар
зерінен,

Өлеңмен салған
іздерің.

Іші-сырты, сыны
бал

Сыры терең, тілі
бай.

Страницы