ВЕРНУТЬСЯ

Бүгін

      Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,

Сөз бүгін неге әдемі, неге сырлы.

Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз,

Түйінді шешпек болып неше түрлі.

Бұл нұрлы
сәулеленген баспа күні,

Әлемге ұран
салып шыққан үні.

Баспасөз жұртшылықтың
жаққан шамы,

Ескеріп еңбекшілер ұқсын мұны.

Құлдықта жаны езілген жалшы-жарлы,

Қараңғы
неше мың жыл болған зарлы,

Сендерге ақыл айтып, білім берер,

Үлгі алу баспасөзден өнер алды.

Тексеріп салт-сананы жөн сермейтін,

Қазақстан

    Бір кезде артта қалған Қазақстан,

Отарлап, үн шығармай патша қысқан,

Советтің ұлы теңдік арқасында,

Өлшеусіз табысым бар белден асқан.

Қат-қабат қалың байлық өндірісім,

Дамыды күн-күн сайын еткен ісім,

Дәуірдің социалистік қазынасы,

Қайнаған
дүсір қағып табыс күшім.

Қарсақпай,
Қарағанды, Қоңырат, Ақжал,

Орал мен Балқашыма көзіңді сал!

Мыңдаған колхоз-совхоз өндірісім,

Бәрі асыл, бәрі табыс таңдауын ал.

Кербез сұлу

Алтайдың кербез сұлу азат қызы,

Шырқатып ән салғанда
жайнап жүзі,

Қайысқан қара ормандар құлақ түріп,

Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы.

Алтайдың жерінде нұр, көгінде күн,

Тіпті жоқ, ұнамастай бойында мін.

Нұрлы жүз,
құралай көз қарындастың,

Көрдің бе қара
шашы төгілгенін?

Алтайдың құлпырып тұр сай-саласы,

Ән-сауық, шат-шадыман айналасы.

Болған соң елі нұрлы,
жері шалғын,

Қалайша ән
салмасын қыз-баласы.

Ақын-Артист

         1925 жылы 4 октябрь күні Қазақ
автономиялық  республикасының 5 жылдық
тойына арнап,институт оқушыларының күшімен бір актілі пьеса қойып едік. Халық
ағарту комиссариаты осы үйірмеге бұрыннан қатынасып келе жатқан Елубай
Өмірзақов бастаған бір топ студенттерді келешек театрымыздың негізгі ұйтқысы -
болашақ, артистеріміз деп оқудан біржолата босатып алды. Артистік қызметіне
бірыңғай бел буып шыққан біздерге, сол кездегі совет қызметкерлерінен бірсыпыра
талапты қыз, жігіттер келіп қосылып үйірмеміз қалыпты театрға айналған болатын.Сол

Кәрібай шал

    Күн суық қыстың
күні, даласы қар,

Жол оңап жүргізбейді тағы да тар.

Жүк салып арық атқа өлең айтып,

Келеді ыққа
қарай Кәрібай шал.

Жүк тартып келе жатты Кәрібай шал,

Жалғыздың бейнет көрсе жоқ қой амал.

Жеткенде бір оқапқа қамытының

Шарт етті шұжығы үзіліп адыра қал.

«Үйімде аш, жалаңаш қатын-балам,

Тамақты
еңбек қылмай қайдан табам.

Жүрмейді айдағанға жамандатқыр,

Қалаға кеш
боп қалды қашан барам».

Кәрібай ілгерілеп алға басты,

Өзіндей шаруаға үлгі шашты.

Страницы