ВЕРНУТЬСЯ

     (1900-1940)3 қыркүйекте Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауданындатуған. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазизасауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Ол кісілер Иса 9 жасқа шыққанда қайтыс болып,өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан суырыпсалмаақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Он жасынан жалшылықпен күнелтіп, Сібір шахталарында жұмыс істейді.    1919-1920 жж. ел ішінде Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысып,жеңеді. 1921 ж. Семейде жұмысшыфакультетінде оқиды, драма үйірмелеріне қатысады. 1922 жылы Орынбордағы Қазақхалық ағарту институтына оқуға түседі.    Өлеңдері баспасөзде тұңғыш рет 1924 жылы жарияланды. 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылғанда, М.Әуезовтің"Еңлік- Кебегі" мен "Бәйбіше-тоқалында" басты рөлдердеойнайды. "Заулатшы-ай" (1926), "Қалқа" (1927),"Ісмет", "Назқоңыр" (1927), т.б. 40-тан астам халық әндерініңсөзін жаңа заманға, өмір салтына сәйкес қайта жазады. Репертуарындығы халықәндерінің көпшілігі "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "ЕрТарғын" операларына енді.     1931-1940 жж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода,Жазушылар одағында қызмет етті, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңмен,асқақ өнерімен үгітшілік қызмет атқарды. Оның атақты "Желдірмелері"(бес желдірме) халық арасына кеңінен тарады.      Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыстілінде де жарияланды (1967). Жазушы Н.Анов "Ән қанаты" романында(1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесін жасады.Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.      Эпикалықшығармалары: "Құралай сұлу" (1925), "Қойшыныңертегісі" (1926), "Алтай аясында " (1939), "Кавказ "(1941), "Қырмызы- Жанай" (1940, аяқталмаған), "Ақбөпе" (1945), "НегеАпатау шаттанды" (1929), "Ұлы құрылыс"(1933), "Он бір үн, онбір түн " (1939)поэмалары.

Иса