ВЕРНУТЬСЯ

Дулат Бабатайұлы

       Дулаттың өмірі жайлы
мәлімет өте аз. Халық ақыны Шәкір Әбеновтің және өзіміздің ел аузынан
жиыстырған мәліметтерге қарағанда, ол 1802 жылы Семей облысы Аягөз ауданында
туған. Руы найман, оның ішінде Қаракерей. Дулат жасынан-ақ өнер қуған адам
деседі. Шығармаларына қарағанда, мұсылманша хат білген, түркі таныған, молдалар
арқылы сол кездегі қазақ даласына тараған діни көзқарастардың шеңберінде дін
туралы да біршама түсінігі бары байқалады.

Кезеңдер сәулесі

    Біз
әдебиеттің даму процесін халқымыздың экономикалық, әлеуметтік өрлеу жолдарымен
тығыз байланысты түрде зерттейміз. Өйткені әдеби фактілердің өздері де, оларда
бейнеленетін өмір сәулесі де біздерден осыны талап етеді.

Ой тілмашы - сөз

    Өз
дәуірінің жыршысы, келешек заманның жаршысы, ұрпағына өлмес мұра, ұмытылмас даңқ
қалдырған ірі жазушы, үлкен тұлғалардың өмірі мен ісіне көз салсақ, олар өз
кезінің жемісі екендігін және олардың әдебиетке келу жолдары да, тарих
сахнасынан алатын орындары да әр басқа екендігін көреміз.

Бұхар Қалқаманұлы

Қазақ халқының көп жауласқан хандығының бірі Алтай бйындағы Жоңғар
қалмақтары мен 1630 жылдардан бастап Еділ бойына орналасқан қалмақтар хандығы
Аюке (Айюк) болды. Еділ бойындағы қалмақтар сол Алтайдан 1618 жылы бөліне
көшкен Алтай жоңғарларының бір бөлігі еді. Жоңғар хандығы  қазақтың жер-суын басып алу мақсатымен талай
рет шабуыл жасады. Сол шабуылдардың ең шарықтау шегі деп 1723 жылғы «Ақтабан
шұбырынды, Алқа көл сұлама» атанған қалмақ хандығының шабуылын айтуға болады.
Қалмақ хандығының бұл шабуылы қазақ тарихында мейлінше қатал, мейлінше жойқын

Страницы