ВЕРНУТЬСЯ

Ғұмыр

    Ғұмыр келте деп налисың, досым-ау.
Бұдан миллион ғасыр бұрын,
Жер ғарышқа тең шашып жасыл нұрын.
Мимырт, шабан тіршіліктің құшағында күліпті.
Ал адамдар үш мың жылға дейін өмір сүріпті.
Сан балапан ғасырларды алақанда сөйлеткен,
Ұзақ ғұмыр,
Ұзақ ғұмыр ой неткен!
Жасы қашан жеті жүзге жеткенше
Уыз сәби саналыпты бой жеткен.
Ара-тұра бой қылтитқан Күдікке
Бір жайсаң сөз айта алмапты Үміт те.
Жеті жүзге жасы жетпей,

Желтоқсан тағлымы

   Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!
Қайырмасы: Арманыңның атын,
Жігеріңнің отын
Өшіре алмас асау желі уақыттың.
Егер кім қанша
Уайымсыз болса,
Нақ сол адам құнын білмес бақыттың.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.

Саматтың жұбайы Айжанармен жекпе-жек

    Замана тұр бөркiн алып ойланып,
Сол түнгi ойлар кеттi бiздi қайда
алып?
...Сол түнi бiз сенiң туған
сiңлiңнiң
Он ceгiзгe толған күнiн тойладық.
Мен қуана тост көтердiм қызға
арнап:
- Ал сапарың сәттi болсын,
қызғалдақ.
Өмip мынау:
Қатар тосқан жеңiлi мен ауырын,
Қайғысы мен сауығын,

Страницы