ВЕРНУТЬСЯ

Құлашаның шоты еді

     Баяғыда... ертеректе Қатыпқарағай
ауданы бойыпша Құлаша деген ортақ шал өмір сүрді. Ол кісіні жұрттың бәрі жатқа
білетін. Ағайын-туғанынан ерте айрылған, панасыз жетім еді. Жетімдіктің ең
қиыны - қартайғанда екен. Ел аралап, дәруіш боп күн керу пайғамбар жасынан асқан
адамға лаж-сыздық еді. Лажсыздық емей немене, жетпіске жеткен шалдың қара жөлды
шаңдатып, жаяу-жалпыпы ел кезіп, керзі етігін тоздырып тірлік кешуі қайбір
жетіскендік. Бұл кісінің әбден қартайған шағында не себептен панасыз,

Мезгіл әуендері

    1. ҚАҢТАР

    Сәулем-ау, мен осынау аппақ армандай ақша қарды күрейтін
күрек сұрай барып, жанарыңа жолықтым ғой...

 

                                                                  * * *

Апамның астауы

     Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет
қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда
есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған
елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған
жалғыз үй - әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден

Маңдайдан бағың шайқалса

     Мен ол кісіні баяғыдан
білетінмін... бірақ білмейді екенмін. Жас кезінде, әсіресе, әскери міндетін өтеп,
буыны бекіп, бұғанасы қатып келген кезде, екі иығына екі кісі мінгендей,
көрікті де сымбатты, аса қайратты жігіт еді. Тұла бойы тұнып тұрған күш
секілденетін. Тілерсегін тіліп жіберсең де жығылмайтын, ал алда-жалда жығыла қалса,
қайтып тұрмайтын, өйткені ол үшін жамбасы жерге тию - өліммен тең екенін ауып
азаматтары ауыздарының суы құрып, таңдана, тамсана айтатын. Мерекелі күндерде өтетін

Страницы