ВЕРНУТЬСЯ

     Баяғыда... ертеректе Қатыпқарағай
ауданы бойыпша Құлаша деген ортақ шал өмір сүрді. Ол кісіні жұрттың бәрі жатқа
білетін. Ағайын-туғанынан ерте айрылған, панасыз жетім еді. Жетімдіктің ең
қиыны - қартайғанда екен. Ел аралап, дәруіш боп күн керу пайғамбар жасынан асқан
адамға лаж-сыздық еді. Лажсыздық емей немене, жетпіске жеткен шалдың қара жөлды
шаңдатып, жаяу-жалпыпы ел кезіп, керзі етігін тоздырып тірлік кешуі қайбір
жетіскендік. Бұл кісінің әбден қартайған шағында не себептен панасыз,
малсыз-жансыз тұл қалу сырын мен білмеймін. Менің білетінім - Құлашаның былғары
қапшығы, тобылғы асасы болушы еді. Ал былғары қапшығының ішінде әсте де
ішім-жем жол азық емес, кененің кезі іспетті: мүйіз сапты жезмойын пышақ,
мүйізден жасалған насыбай шақша, үлтан, тебен ине, біз, тарамыс, сонсоң соншалықты
әдемі қаз мойын шот жүретін. Қапшасын күніне бір рет ақтарып, бар-жоғын
түгендеп қою әдетіне айналған. Осы сүйекке сіңді ғадет Құлашаның құйрық-жалсыз
қалуының салдары сықылданатын. Бірақ жығылып жатып, аяғының басын қайқайтар
мекерлік пен жалған паң мінез, табиғи қалпын сақтамай үнемі жасанды шығар еді. Ол
жалғыздығын, пайғамбар жасынан асып төрінен көрі жуық қалған жылдарда өз
тағдырының қайраңға айналған болымсыздау сәтін мойындап, үнжырғасы түскен емес.
Әлі есімде, сонау бір жылы сол Құлаша шал Тоқамен қатты кетісіп ұрысты. Сонда
Тоқа шал өз мінін байқамай:

- Құлағын кескен шұнақсың, құйрығын кескен шолақсың, - деп, қу бас
жалғыздығы мен кем-кетігін санай бастап еді, асасымен қара жерді сабалап, тұлан
тұтып ашуланды; қолы дір-дір етеді, көзі қанталаған.

- Ей, Тоқа, мен жалғыздықты құдайдан сұрап алғам жоқ, көрпеңе қарай
көсіл, тегінде. Көкек өз атын өзі шақырады деп, қатыныңмен төбелескенде қыршып
алған шұнақ құлағынды Гитлерден көресің. Ал мен құлағым жоқ шұнақ болсам - сұңқарлығым;
құйрығым жоқ шолақ болсам - тұлпар-лығым. О, несі-ей, ол қай басынғаны-ей...
Түске дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ, боқ мұрын, салпық ерін жаман ұлыңа
мақтанамысың-ей... Төбеңді көкке жеткізгенін көрермін...

Әншейінде сыңар езулеп бой
бермейтін Тоқа шал қашып құтылған.

Алтай күзінің енді-енді басталып, сары ала, қызыл
ала, жасып ала бояу жағынып, жасанып тұрған маужыраңқы мезгілі еді. Огородтағы қартопты
қазып, подвалға төгіп алғанша, қас қарайған. Біз жақта пісіргенде үгіліп тұрар
үлкен-үлкен, қойдың басындай картошка мол шығады. Оны күзде жиып алып, үй
астынан қазып жасалған шұңқырға төгіп тастаса, қыстан бұзылмастан сақталатын.
Ал жертөленің қақпағы үйге кіре беріс табалдырыққа жақын. Ол шақта электр
жарығы жоқ, тапқан үйдің керосин шамы бар, ал таппағаны май шаммен огыратын.
Оның өзінде тамақішерде ғана болар-болмас жылтыратып, ыдыс-аяқ жиналған соң,
тым-тырыс жатып қалуға мәжбүр болатынсың. Апақ-сапақ уақытта апам екеуіміз қара
көлеңке үйде жаңа ғана асылған қара картошканың қабығын аршып қарбьтта асап
отыр едік, ашықұрған есіктен әлдене қараң еткендей болды да "Ассалау..."
деген дыбыс шығарды. Сосын жым-жырт құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Мен
кәперіме алғаным жоқ, есіл-дертім картошка, мұрнымды қорс еткізіп тартып қойып,
етпеттей жатып, қомпаң-қомпаң етемін. Апам елегізе құлағын тұріп әрі-бері
отырды да:

- Балам, шам жақшы, біреу "ас...салау..." дегендей болып
еді, қайда жоғалып кетті, - деді.

- Жоқ, апа, "ассалау"...
деген жоқ, "ас"... - деді.

- Тілің мен жағыңа сүйенбей шам жоқ.

Атып тұрып май шамды тұтаттым.

- Жертөленің қақпағы ашық қалыпты
ғой, жаба сал, -деді апам бұдан соң. Май шамды пеш иығына қойып, подвалдың
қақпағын жабайын деп еңкейе бергенімде, зәрем зәр түбіне
кетті.

- Ойбай, апа! - шоршып түсіп артына
тығылдым. -Шұңқырда бірдеңе жатыр, ешкінің басы ғой
деймін, сақалы бар.

- Өтірігіңе береке берсін, - деп, апам сене қоймады.

- Оллай-биллай, апа, мен сізді
алдамаймын ғой. Текенің басы...

Апам қолын таяна орнынан тұрды да, май шамды алып подвалға жакындады. Мен
де етегіне орала баспалай ердім. Жаңадан ғана төгілген картошканың үстінде
сақалы шошайып, көзі бақырайған ешкібас шалдың серейіп жатқаны рас еді.

- Құдай-ау, мынау Құлаша ғой! - деді
апам сасқалақтап. Бірақ қорқыныштың нышаны да білінбеді. - Өліп жатпасын пәле
болғанда, қалай құлап қалып жүр.

- Өлгем жоқ, - деді сұлқжатқан шал
қимылдап. - Демеп жібер қолтығымнан. Ауырсынып қалған секілдімін.

Апам подвалға қарғып түсіп, Құлашаны сүйрелеп шұңқырдан шығарды. Содан соң өзі подвалдың қақпағын мықтап жауып
тастады. Еңкендеп барып төрге отыра берген Құлаша:

- ...мағалайкүм, - деп бағана
бастаған сәлемінің соңын айтты. Апам мырс етіп күліп жіберді. Сөйтсем оқиға былай болыпты. Көз байлана
біздің үйге келіп, әдетінше есіктен кіре сәлем бермек болып:
"Ассалау..." деп созақтата аяғын табалдырықтан аттай бергенде, күмп
етіп қақпағы жабыл-маған
подвалға түсіп-ақ кеткен. Бұдан соң біз елеп-ескергенше, бұлданып жатып алған.
Қираған, бүлінген еш жері жоқ, қырсықшалдың алдында мінді болып қалыппыз. Төрде
апам әкеліп берген жастыққа бір шынтақтай ыңқыпдап жатып алды. Ыңқылға ыңқыл қосылды, өйткені төргі бөлмеде әкемнің қарындасы
Күләми ұшынып ауырып жатыр еді. Кеше фермадағы шешем беріп жіберген ешкінің бірер жілік етін апам ырықсыздау жуып
қазанға салды. Құлаша көзінің астымен апамның қимылына ақырын қарап қойып
ыңырана түсті. Майшамның жарығы қайбір мардымды. Өлеусірей жанып, апам әрі-бері өткен сайын, шалқып
жалп-жалп етеді. Төргі
бөлмеден әпкемнің үні шығады. Сол жаққа құлақ түріп елендеген Құлаша:

- Шұңқырға менен басқа тағы біреу құлап кетіп пе еді? -деп, монтанси сұрады
апамнан.

- Жоқ-а, құдай! Күләми ғой ұшынып,
еісі күн болды ауырып жатыр.

- Үй-бай-ау, онда ұшықтап
жібермейміз бе?

- Сіз жақсы келдіңіз, - деп қаутектеді
апам. - Ораза-намазыңыз бұзылған Қыдыр адамсыз ғой, дем салып беріңіз.

- Күн таласып батып бара жатқанда, ұшық
жақсы дарушы еді, түк етпес, тұрғызыңыздар баланы.

Апам кесеге су құйып, оған аздап сүт тамызып, пештен алып үш шымшым күл
салды. Сонан соң Құлашаның қолына ұстатты. Безгегі келгендей тісі-тісіне тимей
отырған әпкемнің аппақ жүзіне шамның
нәзік сәулесі түсіп, боталаған мөлдір
жанары шипа дәметкендей шалға жасаурай қарады. Ұртын толтыра ұрттаған суды әлгі әп-әдемі бетке бүркіп-бүркіп жібергенде, әпкем қатты тітіркене сескеніп
қалды да, жүзін тайдырып әкетті.
Құлаша шатты-бұтты бірдемесін
айтып, зікір сала тағы ұшықтады. Бұдан соң ойқастап әрі-бері жүрді де, апама
айғай салды:

- Баланы жылы жауып төсегіне жатқыз!

Қазандықтағы еттің бүлкілдеп қайнағанын естігіміз келгендей, сәл үнсіздік билеген. Құлаша сақалын
саумалап отырды да, орнынан лып етіп тұрып, басын тас бүркеніл, бүк түсіп
жатқан әпкемнің бетін ашты.

- Қалай, тәуірсің бе, қалқам?

Ұшықтағалы бес минуг өтпей жатып, көңілін сұрағанға әпкем шындап ашуланды білем: "Тәуір емеспін!" деп, көрпесін
қайта қымтанып алды.

- Сырқаттың беті бері қарапты, үні қатты шықты, - деді ол саспай.

Апам дастарқан жайып, ет
түсірді. Буы бұрқырап, ағаш табаққа салынған ешкінің еті алдына келген соң,
қынынан пышағын алып:

- Мә, шайып әкелші, балам, - деп маған берді. Жүзін бас бармағыммен
байқап көріп едім, ұстарадай лыпып тұрған өткір екен. Құлаша қолын жайып бата
берді.

Аумин десең, міне, бата, Дарысын
Қыдыр ата. Қыдырың қиялап, Періштең ұялап. Дерт иесі Лұқпан, Денге саулық,
Басқа байлық беріп, Құдайың жарылқасын, Уызың арылмасын, аумин!

Бәріміз "аумин!" - деп, жарыса бет сипадық. Апам әпкеме сорпа апарып беріп, кершеулеп ет турагі отырған Құлашаның (біз жақта етті қөнақ
кеседі) табаққа тастағаннан аузына "бісміллә" деп салғаны көбейіп бара жатқан соң, маған қабырға ұстата
берді. Ағаш табақтың түбінде желінбей қалған ең сонғы етті шеңгелдеп алған шал апама қарап:
"Құдайдың құдіреті, осы сіздің үйге келсем, тәбетім ашылып, сарайым сайрап шыға келеді.
Байқайсыз ба, осыменен екі жапырақ ет жеп жібердім", - деп, қолындағы тұздығы сорғалаған етті қарбыта асай салды.
Апам жымиды да қойды. Төргі бөлмеде ауырып жатқан әпкемнің де күлгені естілді.

- Баяғыда, - деді Құлаша сүзбе қосқан ақ сорпаны сораптай ұрттап. -
Қаңғып жүріп Жұлдыз ауылындағы бір қараша үйге тап болдым.
Ұп-ұзын сидиған арық қара қатыны, қатынының омырауынан
ғана келетін шоқана сақалды мәстек шалы бар екен. Ол кезде,
немене, соғыс жаңа аяқталған,
елдің ерні енді-енді қимылдай
бастаған шақ. Дастарқанда он шақты бауырсақ, екі-үш шақпақ қант шашыпып
жатқан... Кеседегі ыстық шайды аузыма енді апара бергенімде, есік сықырлап ашылды да, босағадан үй иесінен де аласа қысық
көз шал кірді. - Ассалаумағалейкүм! - Мұрнынан сөйлейді екен, өзі пұшық.

- Е, үйде қонақтар бар екен ғой, -
деп, менің оң жағыма малдас құрып отыра қалды да, он шақты бауырсақтың
бес-алтауын іліп алды. Суыңқырап қалған шайды және ұрттай бергенімде, есік тағы сыңси ашылды.

- Ассалаумағалейкүм! - деп күркіреген
үн естілді де, үйге үш бүктетіліп сырықтай сіріңке қара жігіт кірді.

- Е, үйде қонақтар бар екен ғой, - деп, менің сол жағыма
жамбастай жантайып еді, ащы ішектей шуатылған аяғы табалдырықтағы легенге тиіп
жатты. Оның да алайған бадырақ көзі дастарқанда. Айырылып қалмай тұрғанда
қамтып қалмақ ниетпен қолымды соза беріп едім, менің қолымды анау бес-алты
бауырсақ пен қалған қантты алып қара құс қанатымен жапты-ай... Шошына қарасам, әлгі дәудің алақаны екен, өз қолымды
астынан зорға суырып алғаным.
Дастарқан әп-сәтте таз-тақыр
қалды.

- Кішкене дәм бар еді, қолдарыңызды жуыңыздар, - деді
арық әйел. Пұшық шал қойнынан қандауырдай ғана бәкісін, ал әлгі дәу қара
етігінің қонышынан орақтай бәкісін
жалт еткізіп шапшаң суырып, құлаштай ашып, жағаласа жуып, ағаш табақтың шетіне
сүйеп қойды. Содан соң екеуі де ба-жырайып маған қарап қолдарын жайды. Мен
ойда-жоқта олжама ортақ болған қонақтарға ықылассыздау бата жасадым. Батаның
аяғын тоспай, тағы да екеуі тайталаса ет турауға кірісті. Табаққа түскенінен
ауызға ыршыткандары кәбейіп бара жатқан соң, бір асасам да - май асайын деген
жымысқы оймен ортасындағы ағарандаған майды іліп алып
ауызға тастап жіберіп, бүркітше қылғытып жұтып жібергенім сол-ақ екен, аздап қиыс тұрған ағаш табақтың
астынан жып-жылы сорпа ағып
қоя бергені. Тұздықтың аға
жөнелгенін көрген-де, арық қара қатынның көзі атыздай боп
желкесіне шығып-ақ кеткені.

- Ойбу, бетім-ай, енді қайтейін-ай,
ағаш табақтың түбі тесіліп қалған соң, мақта тығып қойып едім, қайсысың асап
қойдың? - деп, біздің бетімізге жалтақ-жалтақ қарағаны. Май деп жегенім мақта
екенін сонда ғана білдім...

Құлаша өзі мәз болып күлді-ай. Апам жай жымиды да қойды.
"Былтыр да айтып
едіңіз" деген сыңай бар өңінде.

Сол Құлаша шал өткен жазда аудан орталығынан ауыл-ауылға барар қара жолмен асасы мен дорбасын арқалап келе жатып,
әлдекімнен түсіп қалған бір қапшық ақша тауып алыпты-мыс, деседі. Жан-жағына қараса, ешкім
көрінбейді. Шариғаттың заңы бойынша, олжа тауып алған адам үш рет айқайлауы
тиіс. Егер иесі шықпаса, иемденуге құқы бар. Құлекеңөмкені қолына ұстап тұрып: сол ақшалы с

- Құдай-ә-у, - деп, бар даусымен азандап айғай
салып, ал: "ақша тауып алдым" дегенін ақырын сыбырлап қана айтқан
екен деседі.

"Құдай-әу, ақша
тауып алдым - мұндай-әу",
- деген Құлекеңнің үнін, міне, жиырма жылдай естіген жоқпыз. Енді ол ешкімнің есігін
тоқылдатып, мазасын алмайды,
ауырып жатқандарды ұшықтамайды. Енді ол бір ауылдың хабарын бір ауылға
жеткізіп, ел-жұрттың амандығын тасып ортамызда әсте де жүрмейді. Енді біз дорбасын арқалап, асасын сермей адымдап
қара жолда қараң қағып әлдеқай-да... алысқа қаңғып бара жатқан жетім шалды мың
жылда да көрмейміз.

Соңғы рет біздің үйге келгенде, дорбасындағы шотын әкеме беріп кетіп еді.
Содан қайтып оралған жоқ. Біреулер айтады: "Көп ақша тауып алған Құлаша
Сталинград түбінде қайтыс болған жалғыз ұлын іздеп кетіпті", деседі. Енді
біреулер: "Ой, ол шал Бұқтырмаға ағып өлген" деседі. Ал апам айтады:

- Құлашаның шотына тиіспеңдер. Әйтеуір, бір күні іздеп келсе
ұят қой.

Ал ауып адамдары айтады:

- Құдайдың құдіреті, Құлашаны да сағынатын күн бола-ды
екен-ау.

Құлашаның шоты адалбақанда әлі
ілулі тұр...