ВЕРНУТЬСЯ

       Ақпанның алты күн қатарынан
азынаған атты бораны итше ұлып, Суықсайдың аузында отырған Сауықкеткен ауылының
күйісін кетіріп-ақ тұр.

- Өмір оңғақ қой, - бүл күбірден соң ол үнсіз, өзегін өзі де біле
бермейтін өмірлік өкініштің орті жалағандай, жанары жансыз қалған. Алқымға кеп
кептелген әлгі сәттегі лықсыған мыңсан ойлар алдындағы алпамсадай жігіттің қаймықпай
қаяусыз қарап отырған жүзінен шайлықты ма, жел айдаған бұлттай пышырап кетті. Ол
ұзақ сөйлегісі, ағыл-тегіл жылағысы келді. Іштегі ірімтіктеліп, өз-өзінен шығар
арна іздеп, тындаушы иесін кеңінен қамтығысы келіп, тұлан тұтқан сыбызғы сыры бітеу жарадай сыздатып
қинады.

- Өмір оңғақ қой. - Ол бұл сөзді енді бір рет қайталағанда,
дидары адам шошынарлық аласапыран, әлем тапырық күйде меңдуана жегендей әбден
меңдеп алған ар алауы алқ-ындырып, алқымынан алды. Құдай-ау, мынау майып болуға аз-ақ қалған қаршадай
кемпір кінәсіз емес пе еді; құдай-ау,
ешбір нәжіс қылығы жоқ,
азанда жауған ақша қардай аппақ еді-ау ожданы; шіркін-ай, сол қатықтай ұйыған
айлы кештер-ай; маңдайы кере қарыс бозбала, сәулемен сүйіскен тентек өзеннің
қылығы... әне, бозторғай шырылдады
ғой, естісеңші, халайық; әне,
арғы ауылдың иті үрді ғой... естіші, түрші құлағыңды; бойда жаның бар ма, бойда
қаның бар ма, әй, сезбейсіңдер-ау, тоңмойынсыңдар, томырықсыңдар, шілденің
шіліңгір ыстығында да жібімейтін тоң мінезсіңдер. Өзгені қайтейін, қайтейін
өзгені - менің адал да аңқылдақ жанымды түсінбедіңдер. Не қылайын кінәлап...

Қырмызы кемпірдің аузына су тамызды. Алтыбақан үн-түнсіз іштей егіліп,
жаншылып жылап отыр. Әлгінде сырқат тіпті қатты қысылып, әл үстінде қалып еді, беті бері қараган
секілді. Тек ауық-ауық сандырақтай береді. Алтыбақан шешесінің қаусап қалған
қаңқа саусақтарын ұстады: мұздай
екен. Тамыры лыпымай, оқта-текте жылбысқы ғана соғады. Апыр-ай, анасы бір жұмадаақ
аш аруақтай арып кеткені-ау, қандай толық еді. Қандай өңді еді. Бәріміз де
тағдыр, уақыт дегеннің тай қазанында бұрқ-сарқ қайнап жүрген дегдар жандармыз-ау,
тегі. Қайнай берсең, етің сылынып, қуарған сүйегің қалады. Кемігіңді ит
мүжиді...

Шешесі: "Алапес, алапес", - деп, тағы бір күбір ете түскенде,
Алтыбақан да әлгі мезеттегі
мең-зең ойдан айыққандай болды. Есін тез жиды. Аң-таң. Анасының сөзіне аң-таң.
О, несі-ай... "Алапесі не?".

- Ұшына жабысқан ғой, - деді бүкір
кемпір қушық кеудесін кере күрсініп. - Жақияр молдаға ұшықтатып,
дем салдырмадық па?..

- Балам-ай, - сырқат бұл сөзді сау кезіндегідей саңқ еткізіп,
ашық әрі анық айтты. Қаумалап күзетте отырғандардың бәрі селк етісіп, ұрымтал
үнге шошына қарасып қалған. Тіпті қайсыбірінің келбетінде кемпір атып тұрып тұра
қашатындай, аса үркіс бар. - Балам-ай, осы қарағайды бекер-аққестің-ау. У!.. Киесітие ме... - Сырқат,
шынында да, серпілейін деді. Үні тарғылдықтан арылған.

Алтыбақанның есіне бұдан бір апта бұрын тауға отынға барғаны түсті. Күн
боранды болатын. Суси ұйтқыған
жел тау-тасты беріштеп тастаған. Алыстағы мал отарына жем-шөп тасып жүрген
жерінен бір күнге сұрап келген-ді. Жүрегі өрекпіп, елегзи берген соң: "Күн
болса мынау - суытып алды. Бала-шағаның күйі не болды. Сүйектері жұқарған қос
кәрі шеше бар. Отын-суы таусылып, қаңырап қалған жоқ па қара шаңырақ", -
деген сықылды ой беймазалай жетелеп кетті үйіне.

Үй-іші, шынында да, жүдеп отыр екен. Отын тақа тау-сылған. Бөтима шешесі
суық өтіп кеткен бе, мұрттай ұшып, төсек тартып қалыпты. Сосын бүл ауыл
ағаларынан трактор алып, Суықсайға отынға шыққан. Орманшы да ере келіп, таудың
теріскейіндегі ойпанда қалқайып
қашаннан тұрған қызыл қарағайға белгі сап берді. Бұл ағашты Алтыбақан жыққысы келмеді. Бірақ
лаж жоқ. Жыққысы келмегені: жуан, кесуге қиып деп қашқалақтағаны емес, бала
кезінде шешесі мұны сан рет ертіп кеп, осы қарағай жайлы әңгіме шертіп беретін.
Шешесінің әңгімесі мұны пәлендей қызықтырмайтындай. Құшағында, ыстық құшағында
тербеліп, күңгір-күңгір дауысқа мас болғандай, бойы балқып қалғып отыратын.
Кейде кәдімгідей бой алдырып, маужырап, танауын пысылдатып ұйқтап қалатын.
Шешесі сонда да әсерлі әңгімесінің желісін үзбей күбірлей беретін, күбірлей
беретін. Кейде Алтыбақанның бетіне әлдеқандай ыстық тамшы тамып, селк етіп
оянып кетер еді. "Апа, жауын жауып тұр ма?" "Жоқ, құлыным. Сонда ол шешесінің ағыл-тегіл жылап отырғанын көрер еді. Алтыбақан шешесінен осы саздау біткен
қарағайдың түбіне неге ертіп келетінін, ал ертіп келген екен - не үшін
өз-өзінен қапаланып, өз-өзінен күбірленіп,
қорғасындай ауыр мұңға бататынын сұраған емес, шешесі айтқанда емес.

Бәтима күңірене күрсініп барып, тық-тық жөтеліп кетті. "Қу жаным-ай, аллам-ай!" -
деген ыңқылды сөздер бұрынғыдай
шыңыраудан шықпай, жақыннан оқшау, қатқып естілді. Отырған жұрт сырқаттың
үздікпей ащырақ шыққан ынқылына
да елендей, үміт арта құлақ түрісті. Басы салбырап, томаға тұйық отырған
Алтыбақан көзі бақырайып, бауырына тығылған ұлының маңдайынан сипап, алқымынан
иіскеді. Соқталанып, тал бойынан бой жетудің белді-белді бедерлері айқындалып, көзге ұра бастаған қызы
да әкесінің ірге жағында жүдеп-жадап ойға батып тұрған-ды. Әжесі ыңыранған
сайын, қарлығаштың қанатындай
қастары иіліп, дір ете түскендей болады. Әлгінде, әжесі қатты қысылып, әкесі жылағанда, бұл да ернін тістелеп, көзіне жас
алып еді. Өз шешесі қабағын түйіп: "қой, Бақыт" деген соң, іштей булыққанды.

Бәтима ымдап шамды өшір дегендей ишара жасады. Келіні: "О, несі, қараңғы
үйде отырамыз ба?" дегендей, дел-сал қалып аңғартқан. Алтыбақан ұмтыпып
барып, сөндіргішті төмен баса салды. Әзіргі сәтте көзді жеп шақырайтып тұрған
электр шамы желп етіп сөніп, үйді көрдей қараңғылық билеи, қорқыныш қоңсылады.
Алтыбақан терезелердің пердесін ашып-ашып қалғанда ғана, жұқалаң
майда сәулелер бұрыш-бұрышты тіміскілеп кезіп кеткен. Үй қара барқын. Терезеден
он бес жаңасы болып, толықсыған айдың сәулесі төгіліп тұрды. Адамдардың
көңірсіген көңілі, меңдеп
бара жатқан ауыр қайғыдан арылғандай дүр сілкініп, нұрлы да сиқырлы дүниенің құшағына енгендей
әсерде болды. Бірде-бірі сезбепті ғой, байқамапты ғой осыған дейін: терезеден
жасқанып, жатсынбай сығалаған ай келбеті неткен ғажап еді. Ілкіде ғана ғарасат
майданын кешіп, өлім мен өмірдің тең орта-сында құлын да құлыны шығып,
жанталасқан ауру жан да мынау қоңырқай үйдің әйнегінен құйылған қаятты нұрдан шипаланғандай, жанын жая ұмтылды
сәулеге. Бір үйлі жан өмірдің дәмін
қайта таусап, кермек тати бастаған аузын аша өзгеше ынтығыспен
қарбыды ауаны, өзгеше тыныс алды. Жым-жырт. Қандай жақсы. Тіпті бөрі де
қаджыраған сүренше халді талақтастап, жалқы сәт тыным
алған тәрізді. Тыныштық рақатының алтын бесігінде құндақталып қалған секілді Бәрі де осы
күйді - айлы түнді бұрын-сонды кермегендсіі, бірақ ертеден-ақ аңсап сағынғашай, кез талдырып күткен
дей ма?.. Бұл не деген
дел-сал балбыраған мамырстан түн
еді. Қараңызшы, қараңызшы, қоңыр салқын... қоңыр салқын үйде, қоңырқай күйде
тобық жұтқандай томпайып, жым жырт, тым-тырыс
отырған жұрттың кіреукесіз дидарына
сонда сіз мынау жалпақжаһаннан баз кешкен жұмыр басты пенденің қай-қайсысы да
күндердің күні - осындай бір қысылтаяң сөтте - өз-ездерінен есеп алып,
ез-әздерінен са-лқын да сазды мүңның ақ мамығына оранып, қалжа жегеп дей
маужырап отыратынын мұғдарлар
ма едік. Мақшар сәті ме бұл. Сол іспетті бұлаңытқан бұлың-бұлың
бұла дүние...

- Е-е, жасаған! Тіршіліктен - тірі
тышқаннан айналдым.

- Бұл келмеске кетем бе деп жатқан кемпірдің сөзі. Неге екені беймағлұм, осы сөзді үн-түнсіз отырғандардың барлығы іштей мінәжаттай қайталағысы
келді. Мүбәде ақирет үшін де
бір игілікті іс істеп кетуімен озық қой бұл халық.

Алтыбақан құдды осындай айлы түнді тағы бірде, баяғыда шығар, көрген,
сезінген секілді. Шешесі мұны қалай тапты білмейді, қалай өсіргенін біледі тек.
Ел не көрмеді - бәрін. Бірақ бұлар сол елден бір мысқал артық тартқан сияқты
тауқымет қамытын. Ал тәлкек қылған тағдыр емес, осы елдін өзі ғой. Биікке де шығарды, күйікке де
қалдырды. Итсіндер деді, адамсындар деді. Егер алапестей аластап беттеріне
түкірсе, бір айналып кеп, сол беттен сүйетін - осы елің ғой, ел ғой... Ал енді
кінәлап көр. Сен сондайсың
деп көр, айта алмайсың.

Иә, онда айлы түн еді ғой. Шешесі мұны әлгі дәу қарағайдың түбіне ертіп
барған. Қолын қарағайға тіреп тұрып, Алтыбақанды білегіне шығарған. Сонда бұл анасының білегін басып тұрып, қарағайдың
шайырын армансыз алып еді. Сонда мұны жалғыз қолына қондырып, былқеткізбей ұстап
тұрған анасының қажыр-қайраты таң қалдырған. Сонда анасы өзі жоқ, түбірі қалған
бес қарағайдың томарын нұсқап: "Сен білмейсің ғой. Осы жерде бұрын қатар өскен
алты қарағай болушы еді. Бесеуін кейін келе отынға жығып әкетіп, мынау жалғыз қалды. Кім білсін, мұны
қашан сұлатып салатынын.  Біздің ауыл ол кезде осы Суықсайда отыратын. Әйтеуір, үркердей үйіріліп шағын ауылдың өз қызығы өзінде, көңілді еді ғой. Осындай айлы кештерде улап-шулап, кәрі-құртаңдарға бермей, алты қарағайға алтыбақан құратынбыз. Сен сол бір қызығы мол қызулы шақта тудың
ба, атынды, ерсі болса да, Алтыбақан қойып едік.  - Алтыбақан сонда:  Әкем де бар ма еді?" - деп сұрағысы келген.
Бірақ сұраған жоқ. Сосын не болып еді. Е-е... е... анасы екеуі
енді қайтуға ыңғайлана бергенде,
алдарынан көршілес тұратын бүкір қатынның
күйеуі шыққан екен ғой.
Алпамсадай денесін екі аяғын әрең көтеріп жүретін дәу қара әдейі іздеп келгендей-ақ,. бұларға оқыс ұмтыла
беріп еді. Бәтима Алтыбақанды бауырына
жасырып, сескене ығысқанда, дәу қара:

- Аялдашы, Бәтимаш, қасқыр емеспін ғой жеп қоятын.
Мен ерьең аттанайын деп жатырмын, - деген абдырап. Содан кейін не болып еді... Е-е-е..,
дәу қара мен шешесі күбір-күбір
ұзақ сөйлескен. Айтқандайын, дәу қара Бәтиманы қапсыра құшақтап сүймеп пе еді. Шешесі де кет арысыз ынтыға ұмтылып қауышқан. Алтыбақан бір сәт ұмытылғандай боп, анасының бүкір қатынның күйеуімен бұлайша
жоғынтапқандай аймаласуының
байыбына бара алмай, аңтарылып
тұрған. Дәу қара ожар еді-ау. Бәтиманы
тастай беріп, мұны да шөпілдете сүйген-ді. Бет-аузын тырмалап, тырбың-тырбың қарсылық
көрсеткен боп еді, елең етер түрі жоқ. "Алташым, Алтыбақаным" дей
береді. Масқара ғой, оның қай екі туып бір қалғаны. Мұрты қандай қатты еді,
бет-аузымды жыбырлатып жіберді. Оның бұлаңытқан ертек іспетті: қызық түн еді ғой.
Жер-көк ақ бозданып - талаурап мызғып жататын. Бүкір қатынның күйеуі бұлардан
жыртылып айырылып, айлы түнде ағараң қағып, мәрғау асып бара жатқандай, ұзай
берген. Мұңлы мұнарға бөккен таудың қойнауына сіңіп бара жатқан дәу қара
ертегінің алып батырына ұқсап кетіп еді. Соғыс деген пәлекетті Алтыбақан
түсінде көрген. Дүние- ау,  үйді өртеп жалап,
жайпап жатқан сықылды еді ғой. Дүние-ау, үй ұлар шу,қым-қуыт,азан-қазан:  әйтеуір, бір қырдың ба, қалың  жиделі тоғайдың ба, бәлкім, құрақты шалқар
айна көлдің бе, ар жағынан жылап-сықтаған дауыс шығып, үздік-үздік талып жететін.
Күн батып бара жатқан. Күн өзгеше
халде тосындау райда еді ғой.
Күн Алтыбақанға бірде отқа қыздырған жез табаққа ұқсаса, бірде сол сор маңдай Күмді әлдекім бауыздап жібергендей қызыл-жоса кан еді ғой. Тіпті Күн ғана ма, - толайым табиғат
таңғажайып құбылыста. Дір-дір еткен қанға ұйып,
мең-зең есеңгіреп жатпады ма?
Әлгі қан нұрлы күннің шапағы
Терісаққанның жалбызды жұлмалаған жал-жал толқындарын бас
салып аймалағанда, о да қан
қызыл түске боянып, Алтыбақанның көзіне: таудым құзар басынан әлдеқандай бейбақ
мал бауыздап жатқандай
сарқыраған қанды бұлақты елестеткен-ді. Содан соң қызыл жоса күннің бетінен не көріп еді? Е-е... ұбап-шұбаған ұзып сонар түйелі көш, шылауышы қанға боялған кемпірлер,
сақалдарынан сорасы аққан
шалдар, қан қызыл боп өртеніп. күйіп, бажылдап-барқырап бара жатқан өзіндей балалар күннің
бетінде кино кадрындай көлендеп тұрып алмап па еді... Сонда әлемнің әйнегі быт-шыт шыққандай аза бойынды қаза
ететін жаңғырық естіліп, сосын құлаққа ұрған танадай өлі тыныштыққа бой ұсынған. Иә, сөйткен - өлім тыныштығындай мылқау тыныштық басқан. Алтыбақан бар
даусымен айқайласа да, үні шықпай, жағалауда қалған балықтай, бекерден-бекер
аузын ашқан. Дүние енді қызыл
жалқынға бөкпей, шұғылалы, мәңгі жасыл нұрға шомып,
балбырап, кең тыныстап, кербез керіліп жатқан. Бірақ Алтыбақанның үні сонда да
шықпай қойып еді.

Иә, бірде ұмытпаса, күз болар... Ауылдың талқанға тойып алған тамам
баласы ұлар-шу Алтыбақанды қоршап алым "Шата, шата", - деп, хормен
мазақтаған екен-ау. Кепке топырақ шашамысың, екі құлағын тас қып басып, сиыр
сауып жүрген шешесіне тіке тартып еді. Бәтима "Шата" деген сөзді естігенде, бір қуарды, бір
сазарды, сөйтіп: "Тындама,
оттай берсін. Кері кеткен ауылдың жалмауыз ұлдары не демейді!" - деген. Көбісінің әкесі
соғыстан қайтпай қалды ғой. Мүмкін, шешесі "жалмауыз" деп сондықтан
айтқан шығар, ашынғанда не демеуші еді әйел заты.

Үнсіздікті тағы да Бәтима бұзды:

- Ұлым, не ойлап отырсың? - деген.

- Жай ғой, қалай, аздап бәсең
тартайын деді ме?

- Ей, балам-ай, біздің жан сірі ғой.
Жазмыштан озу қайда, жақсылықта, жамандықта өз мезгілінде; әлемге жарық берген күн мен ай да өз мезгілі жеткенде тұтылады екен.

- Бәтимаш-ай, бірге жасасқан,
ыстық-суықты бірге тартқан оң иығым,
бар қуатым, сүрінгенде сүйеген сүйсінерім, керім  демеймін, ерім едің. Шошыттың ғой жаным. Есінді жишы сөйтіп.

Бүкір кемпір жаңа ғана
шындап босап, көзіне жас алды.

-"Арты қайырлы болуына
сенген жан, жауын иығына салып арқалап жүрсе де ауырсынбайды"
дейді ғой бұрынғылар. Қай-қай
қысылтаяң шақ та мәңгілік емес - өткіншілік қана.Сырқаттың батпандап кіріп, мысқалдап шыға бастағаны осы, өз-өзіңе берік бол, - деп, теріс қарап
шыланған көзін сүртті бүкір кемпір.

Алакөбең тартып,
манаураған тыныштыққа пәруана болған, үй-ішінің
ішкі тірлігінде қозғалыс пайда бола бастады. Құр сүлдері  жатқан қара үйдің қара бәйбішесі ғұмыр жасы әлі де таусылмайды білем, қызыл іңірдегідей емес, ептеп сергіген. Аузына қара су тамыздырмай, өз-өзінен апшысын тарылтып, шайпау жатыр еді, сусын сұратты.
Келіні әкеп берген сүтті сыңғыта жұтып ішті. Көздері жаудырап, жүдеп-жадап үрпиісіп отырған екі немересін жанына шақырып, маңдайынан иіскеді.

- Немере етін жеп, сүйегін көзіңе лақтырады"
дегендердің өзегіе өрт жаласын,
бәтір. Қос қозысынан айналдым. Қырмызы,
алдыңғы үйге апарып,
балалардың тамағын берсеңші. Мен
енді өлмеймін. Аздап көз шырымын алғандай болам ба, оңаша қалдырыңдар. Е-е...
е, жаратқан жаппар ием.

Алтыбақанның таң
қалғаны - бұрын діндарлығы жоқ шешесінің
ауырғаннан бері алланы аузына жиі алып, шау тартқан шағында құдайға жағынуы-тын. Нені болсын күн ілгері бағамдап, елден бұрын ептеп отыратын тым сақ адамның осы - ажал
шаужайға жармасқан шақта да, шатасып, дегбірінің шашауын шығармауы ұлына да зор өмірлік медет, сабақ болғандай еді. Сайып келгенде, бұл әз аналардың бойына ғана бітетін киелі қасиет шығар.

Бәтима жалғыз қалса да ұйқтай
алмады. Кірпігі кірпігіне айқаспай,
әлдекім көзіне ине тіреп
қойғандай, бақырайып ұзақ жатты.
Шошынып қалған-ау, бүкір кемпір мен Алтыбақан алма-кезек келіп, демалып жатыр ма дегендей, тыңдап, болжап қайтады.

Үй әлі де алакөбең
тартып тұрған. Ай терезе тұсынан біртіндеп
аунай бастады. Бұлың-бұлың
буалдыр ой мұны да  иектеп жүр. Ойламайын деп еді -
болмады.

...Саршатамыздың сары таңы емес пе еді. Ел Суықсайдың қойнауында отырған. Онда ағаш үй жоқ,
кілең жұмыр тақадай ақшаңқан
отаулартын. Үркердей үйірілген шағын
ауыл қандай көңілді, думаны
арылмайтын дуалы ел еді,  бәріміз де балалық шақтан шықтық
дегендей. Бәтима да қыз болып көрген. Қыз болғанда қандай десеңші?! Сорпа бетіне шығары. Осы
бүкір кемпір екеуі жұбы жазылмайтын төл қозылар еді. Ол күйеуге бір жарым жыл бұрын шыққан. Кімге еді? Дәу қара ғой, Жақыпқа ғой. Жігіттің серкесі едің-ау... маңдайымызға
сыймадың. Жақып! Сені қара жер суық қойнына әлдеқашан алған. Бізді - Қырмызы
екеуімізді тоса-тоса, тағатың таусылған
шығар. Өзі берген жанды, құдай өзі алар деп, бір күндік су
ішкілікке тәнті болып, қыбырлай жүрміз. Шүберекке түйген шыбындай
жанды мезгіл-мекенсіз шығын
ету қиын екен. Сен бізді - қос бейбақты асықтыр-ма, жаным... Ей, аллау, онда да
осындай мамыражай, манаураған айлы түн еді-ау. Ай астында алтыбақан құрып,
еркек-ұрғашымыз мидай араласып, дүниені басымызға көтеріп жатпаушы ма едік. Дариға-ай, десеңші, алтыбақан десе, ішкен асымызды жерге қойып, қара құрттай
қаптайтынбыз. Жақып, есінде ме? Қоңыртөбенің үстіне шығып,
"Алтыбақан" деп айғай салғанында, бүкіл тау-тас әулеті жаңғырығып:

"Алты...ба...а...қа...а...н...аннн" деп, бірінен соң бірі
үздік-создық қайталай беретін, қайталай беретін сенің даусыңды. Сонда Суықсайдың ар жақ, бер жағында
отырған ауыл-аймақтың тайлы-таяғы қалмай андыздайтын тұс-тұстан. Кермеде тігерге тұяқ қалдырмай
алтыбақанға мініп кететін. Ортаға маздатып от жағып тастап,
"Елім-айға", "Шилі өзенге"
салатынбыз аңыратып. Ол да бір уайым-мұңсыз, қайғысыз
қара суға семірген күндер екен-ау.

Бір жолы Қырмызы
екеуіміз алтыбақанға қарама-қарсы міндік. Бізді Жақып тербелтіп тұрған. Ойпыр-ай, қандай қарулы еді. Қос қолдап аспанға асықтай лақтырғанда,
төбеміз көкті тесіп кете
жаздайтын. Жарықтық, ай қандай жарық, жұлдыздар қандай көп... Олар басқа ай,
басқа жұлдыздар еді ғой. Таудың салқын самалы өңірімізді жұлқып, тақиямызды тартатын, етегімізді
тербейтін. Таудың үңірейіп-саңырайған қолтық-қолтығынан саумалдай хош иіс
шығып, қолқаны алатын. Жақып бізді тербей беретін. Біз тербеле беретінбіз...
Қоңсылас ауылдың қотиын
жігіттері қой дейтін, өзіме бер дейтін. Жақып әлімжеттікке басып,
босатпайтын алтыбақанды. Қотиын жігіттердің зәрі
бетіне шапшып, тасталқан ашуланатын. Құдай-ау, сұмдық болып еді-ау, бәрі де сол түннен
басталып еді-ау... Қырмызы, білемісің, күнім, есіңде ме? Аттың тұяғынын дүбірі... әлдекім ағызып келіп, алтыбақанды қиып кетті ғой. Екеуміз екі жаққа ұштық. Сонда... сонда... біздерді тербетіп тұрған Жақып жанындай жары сені ұстамай, қыз-ау,
қызығы бар-ау деді ме мені қағып алды ғой. Сонда... сонда сенің белің шығып кетті. Сен майып болып қалдың...

Сол түннен бастап менің сенің қосағыңа -
Жақыбыңа деген көзқарасым мүлде
өзгерген. Ол менің бойыма жарылқаушы
жасырын сәуле боп ұрланып кіріп, өзіне деген махаббаттың алтын алауын жаққан.
Оның бәр-бәрін жіптелеп қайтейін: менің ең ауыр кінәратым -
Жақыппен екі-үш рет қосылуым
шығар. Тәуекел деп тас жұтқан сол да. Бұла боп өскен бұлаң қызға бұғалықты сенің күйеуің тастаған. Сенде бала жоқ еді ғой...

Сен асыл жансың, Қырмызы.
Сенің асылдығың ақ жүрегіңде.
"Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды" дейді ғой жұрт. Сені өз тағдырыммен шырмаған Жақып қана емес, Алтыбақан да. Ендеше, ол - сенің де төл ұлың.

Ел бетіне қарарға
шыдайтын жүз жоқ, қара бет боп кірерге тесік таба алмай:
жарыл, қара жер, жарыл деп, Суықсайдағы алтыбақан құрған қарағайдың
түбінде қызыл жосам шығып, ойбайлап, босана алмай жатқан жеріме сен іздеп келіп, қол ұшын бергенсің. Құдайшылығымды айтайын, әгәрәкім  сен келмесең мен бұл дүниелік емес едім. Көйлегіңнің
етегін дар айырып, күнәсыз жас нәрестені орадың; жаулығынды шешіп алып, белімді байладың. Дәтің не деген берік еді, Қырмызы, жүрегің не деген кең еді, Қырмызы; не
деген бекзат туған асыл жан едің, Қырмызы. Суықсайды азан-қазан етіп шырылдаған сәбиді бауырыңа жасырып, қара түнде қара шашын қобырата жайып, қалт-құлт етіп бара жатқан қызталақтың қолтығынан демеп, ауылға тартқансың. Сонда қара басып, қаңғырып қалған қатынға қайыр
жасаған жер емес, ағайын-туған - зәузат емес - сен, өсекшілерше айтсақ күндесім едің. Сенің кешірімділігіңде шек жоқ еді.

Ел мені
"қыз-қатын" деді. Жақып қызғалдағым деді. Ел мені бақытсыз жаралған бір бейбақ дейді.
Сен мұңдасым дедің. Ауыл шетіндегі кайғының қара
түтінін шығарған қараша үйге
сенен өзге жан кірмейтін. Сен келетінсің үш уақ. Сормаңдай болғанда Жақып
соғысқа аттанып, даңғарадай бір үйде жалғыз қалдың ғой. Екі жарты бір бүтін боп, алысқа аттанған азаматтың түтінін сөндірмейік деп, бірге тұрдық,
бір отау құрдық. Алтыбақанға менен гөрі сенің алақаныңның шапағаты көп тиді.
Иә, ол Жақыптап қалған тұяқ еді ғой. Біз өлгеміз жоқ... біз байға да тимедік.
Тағдыр тауқыметін қылша мойнымыз талша болып тарттық. Менің бар бұлдайтыным: ер
азаматтың жұмысын еңсеріп,
еңбеккүн тауып, Алтыбақан екеуіңді
асырағаным шығар.

Қырмызы, біз екеуміз өлімнен, өмірдің тас-қиясынаи қаймығып қорқып көрдік
пе, айнам. Қайта бізден қорқатын секілді еді. Сапасыз өмірден салдарлы өлім
артық деп, қиқайып қалсақ, буына
салуға бұзаудың мойын жібінен көп неме жоқ қой. Үлде мен бүлдеге оранып,
барымен базар құрып, баз кешкендерді де көріп жүрміз. Ойлап жатсам, солардың
өлімі біздерге қарағанда әлдеқайда
аянышты, әрі қорқынышты көрінеді.

Заман озды, жан тозды, қайғы ойладық - қартайдық... Ай терезеден
әлдеқашан аунап кеткен екен...

Алдыңғы үйден аяқ-табақтың сылдыры, шат күлкі естіледі...

Құралай туа, күн жылынды. Кеше ғана сіреу боп қатқам қар жемтір-жемтірі шығып, өзенге,
тау басына қашып барады. Ұзақ қарға әлдеқашан келіп қойған. Маң-маң күйсеп,
манаурап күресінде жатқан қара сиырдың арқасын сауысқан шоқып, сауысқанды аламойнақ күшік аңдып жүр.
Тіршілік осылайша андысып, толассыз жүріп жатыр.

Табиғаттың тас-талқанын шығарып, өз құдіретіне өзі риза болғандай Күн жарықтық мұртынан күліп тұр төбеде. Орынсыз кеп қалған көктемге опынғандай, пұлығын тіркеген трактор
тырағайлап барады. Артынан бүлк-бүлк желе жөнелген анау сыбай атты жолаушы
бригадир болар.

Өлмеген құлға келген
жазды мадақтағандай қарға ұшады қарқылдап. Алқам-салқам
дала салқам сері күйін есіне алып, ию-қиюы мол дүниеге інжілімді қайта бер
дегендей дегди бастапты асығыс. Әншейінде айылын жимайтын ардақ аталар арбаға мініп, тоғайдан жас шыбықтартып жүр. Екпекші...                                     

Әне, өледі, міне,
өледімен" қыстай аңдыған кейбір құлқынды кемпір-шалдың үмітін Бәтима
ақтамады. Ақтамағаны: өлгісі келмегені емес, ынтызар көңіл тағы бір жазды көруге
ынтыққан. Саржамбас боп, сарғая күткен. Әне, енді немересінің иығынан ұстап, сүйретіліп
тысқа шығып тұр. Жүзі аппақ. Көзі суалған, шүңгіл. Буындары дір-дір етеді. Басы ақ шатырдай.
Не көрмеген бас.

Өлмей қалған Бәтима кемпір қарап жатпай,
ауыл-аймақта жоқ оқыс қылық
жасады. Алтыбақанның жан алқымынан алып жүріп,
есік алдына алты діңгек орнатқызды. Үш арқанды айқыш-ұйқыш мықтап кергізді. Сосын екі немересін екі отырғызып қойып, әлдилей тербететінді шығарды. Сөйтті.Бәтима есігінің алдына алтыбақан құрды. Осынау қос  немерем білсінші, көрсінші дегені. Басқа ой жоқ. Мүмкін, сонау ай астына алтыбақан құрып,
асыр салған бойжеткен  шағын сарғайған санамен сағынғаны шығар, мүмкін, тіршілікті, жарық дүниені құлай
сүйген көңілі көктем туа қайта
түлеп қуанғанынан жасаған тасаттығы шығар; мүмкін, немересін бұдан былай бесікке бөлеп
әлдилей алмайтын болған соң, тағы да әлдилеу үшін ойлап тапқан ансарлы 
алтын бесігі де. Ол тербеп тұр...
Тербетіліп те тұр алтыбақанда... алтыбақанда...

Ел айтты: "Бәтима алжыды", - деді.

Бәтима айтты: "Ел
алжыды", - деді.