ВЕРНУТЬСЯ

Ойлан, қазақ!

Ойлан, қазақ!

Сілкініп ойлан,
қазак,!

Келе жатқан жоқсың сен тойдан, қазақ.

Қырып біттің төрт түлік малдың бәрін,

Қолың сенің босаған қойдан, қазақ.

Алатаудай кез салып айналаңа,

Ойлан, қазақ!

Сілкініп ойлан,
қазақ!

Бөлінгенің үш жүзге,

Бөлінгенің-

Асыққаның емес пе өлімге,
Елім?!

Босағада телміріп
сүлгі құсап,

Қолжаулығы болдың-ау
көрінгеннің.

Шақырысып ет асып,

Тамақ асып,

Сыйлассаң да бауырдай араласып.

Жат алдында
қыңсылап қаншық иттей,

Барысқа елім айналмай...

   Төрінде туып азаптың,

Егеулі найза ұштаған.

Бөрілі Байрақ қазақтың

Көгінен шыбын ұшпаған.

 Бөрілі Байрақ көтеріп,

Бөрідей қаптап соққанда,

Даусынан өжет от өріп,

Қадалған бұрын оқтан да.

Сұстана қалып сезерде,

Жолатпай бір бұлт тауына.

Бөрілі Байрақ шешен де

Бөрідей тиген жауына.

Соға алмай жүріп түлкіні,

Қусақ та қанша
аймаққа, -

Бөрілі Байрақ бұл күні

Ұласқан
Барыс Байраққа.

Нар халық- бақыт,
азабым,

Көз тігіп өткен алысқа.

Құл болмай қайда барасың?

    Болса егер дала бір кеме,

Сұсты өмір суық түрме ме?

Таланып жатқан ел мынау

Атжалман мен бүргеге.

Ер қайда серттен табылған?

Жақсыға бәрі жабылған.

Дауыл соқпай, жел тұрмай,

Жұртқа ұқсайды
елім шабылған.

Шапқылап ізде жер-көктен,

Таппайсың шайыр еркектен.

Жұрттан да
қайыр күтпегін,

Көз жасын төгіп селдеткен.

Жолбарыс қалай тудырсын

Жолбарыс елден
бел кеткен.

Түрме - өмір ылғи құралған

Жендеттер мен тентектен.

Қарақшы, ұры топтанған

Бүркіт аруақтаныа саңқылдап алабұртам

 Жазушы Әкім Таразиге

1Қасқыр тірлік қайда жоқ сақылдаған,

Қайда адамдар ар ойлап аңқылдаған?

Терең суға бір батып,қайта шыққан

Қалытқыдай күн кешіп қалтылдаған.

Heгe мені
қажайды, еріккенде

Жанның бәрі қасыма жақындаған.

Туғасын ба төсінде сағым белдің,

Күндемейтін жан бар ма бағын ердің.

Мені кекеп жігіттер
күлген еді,

Батыры деп аудандай
шағын елдің.

Мені көздеп сөз қанша жебе тартқан,

Жүрегіме жоқ емес шеге қаққан.

Тоқта! - деді саңқ етіп Әкім аға,

Страницы