ВЕРНУТЬСЯ

Он екі жыл өткен соң...

      Көктегі күннің бар нұры ұлы жерді елеп,

Шуағын шашып тұрғанда төмен ентелеп.

Жұмысы болып, баласын қолдан жетелеп,

Ақмарал бүгін көшеге шықты ертелеп.

Көңілі жайсаң
қызыққа шаттық батқандай,

Ақ таңмен бірге
арайлы таң боп атқандай.

Адымын кейде қарыштап алға тастайды,

Болашақ күнге асығып бара жатқандай.

Ақмарал, әне, жолына шырақ жағылып,

Барады жүйткіп жанары
күнмен шағылып.

Халықта бүгін келеді неткен бой түзеп,

Көшеге бәрі шығыпты ерен ағылып.

Ғалам - соғыстың алаңы ма!

  Жанарынан төгілген нұр моншақтап,

Соғыстарда шейіт болған құрбанды ақтап.

Кең дүние - ақ шәйнек шытынаған

Күллі адамзат құрсау
боп тұрған сақтап.

Дүниеде жан-жағын
құрсаулаған,

Аруана жүрекпін жыр саулаған.

Жүрегімді сорғылап жылан емсе,

Бір жағынан тартқылап кім саумаған?

Ажал оғын адамға туралаған,

Соғыс өртін жалғанда
кім қалаған?

Сұр ғаламда жапырақ- жүрегімді,

Құйын,Дауыл,Жел
қанша жұлмалаған?

Жүр ме айбар, сұсымның сесі жетпей,

Қай жаудың да ғаламға өші көптей.

Шешен халықы

    Шешен халқы -

Ғасырдың құрбандары!

Аз боп әлі келе ме қырғандары?

Таулар неге қорған боп атылмайды,

Тас қамал ма қалқайып тұрған
бәрі?!

Айдын көлдей мөп-мөлдір тұнық тұрған,

Дүниені кім сонша былықтырған?

Замандардан заманға көшкен сайын

Шешендерді шыбындай қырып тұрған.

Дүниенің бір бітпей былықтары,

Содан, бәлкім, барады құрып бәрі.

Шашыраған шешендер жер-жаһанға.

Ғасырлардың сияқты сынықтары!

Қанша дауыл соқса да ұлытқалы,

Шешен халқы ерлігін ұмытпады.

Мадридтің ойы

         "Мен бүгін Нартай кескен жазалымын,

Өртенген көк ормандай азалымын.

Дос деген қорғаушы еді жан жолдасын,

Қорғамады,қайтейін назалымын.

Үстіме Нартай болды өктем кірген,

Найза сап түндігімді
көктен түрген.

Күнтуса басын алам,обалы
жоқ,

Өзі ғой мені өзіне кектендірген.

Үйіме досым еді есіп кірген,

Өзі ғой түңлігімді кесіп, түрген.

Жолына жылан болып жатып алам,

Өзі ғой мені өзіне өшіктірген.

Ойында не жатқанын
кім біледі?

Әйтеуір ол сөйлесе Күн күледі.

Не мытая Россия...

    Бағын бұрған өзгенің,нуын бұрған,

Қоғам деп те қатерге ұрындырған.

Лермонтов ед тазалап кір-қоқыстан,

Ресейді алғаш өлеңмен жуындырған.

Тұла бойы
кір басып дуылдаған,

Содан бері бұл қоғам жуылмаған.

Тазартуға күш салып жатса арман не,

Өлең, жырым жүректен туындаған?

Жүзбегесін ағыңдап қырында арай,

Өзге ұлысты
жүрмейтін сығымдамай.

Тазара алмай
келеді Ресей әлі,

Ар-иман боп жетсе де жырым талай.

Тәннің кірін тазалап жуарсың-ау,

Кетіресің жанының кірін қалай?

Страницы