ВЕРНУТЬСЯ

Асқақтама, айбарлым!

    Азаматтық ерге өлшем,

Шығам деме төрге сен.

Қиын болар жағдайың,

Бөтен елді тәуелсіз ел көрмесең.

Өз халқыңды талай жерде жерлесен,

Барыс жүрек ұқсайсың ба ерге сен?

Аттап баспа өлкеме,

Тәуелсіз ел деп келмесең.

Бейбіт елді қырғызғаның,қырғаның -

Солдаттарды өлімге айдап,

Ажалға мойын бұрғаның.

Ұмытылсаң
да күні ертең,

Ұмытыла ма

Тіршілікті шаштан тартып жұлғаның?

Тулама, мейлі, тулағын,

Жалған емес жарық мынау жалғанда

Қан шеңгел деп туғаның.

Барыс жылы

    Күннің нұрын
төксең де сай-далаңа,

Ерлік рухын сіңірдің қай балаңа?

Көретінім ылғи да ез бен есер

Қарасам да қай жаққа,айналама.

Барыс жылы
барысқа айналмаған,

Қоян жылы барысқа
айнала ма?

Түк бітірмей жұрт
түгел шай ішетін,

Жарық жалған-Көк
зәулім шайхана ма?

Жау санаған
жақынын жақын көрмей,

Сан адасқан жүзі ашық жарқынға ермей.

Қазақ, саған не айтам?Ішіп-жеуден

Келе жатқан бәйгенің
алдын бермей.

Өкіметке шуақтап жылынды
кім?

Таудағы жекпе- жек

-          Қаныңды ішем! - деп солдат тұра ұмтылған,

-          Мен де ішем!
- деп сарбаз да тұра ұмтылған,

-          Тізеңді бүк
алдыма, - деді солдат,-

Таудың ұлы
болсаң да қыран туған.

Қарсы ұмтылып
ұлы елге ұрынғаның -

Қанға бөгіп қынадай қырылғаның.

Ажал болып

Аңсаған азаттығың

Көрмейсің бе тауыңа
бұрылғанын?

 Сөзі де өктем ереді,
қолы да өктем,

Сарбаз кенет солдатты соғып өткен.

-Шерлі өлкеме кеп қапсың ажал айдап,

Сендей талай доңызды соғым еткен.

Отқа жанған сиырлар

     Кім асырсын жалғанда
елден күшін,

Өлім сепкен жан түгел өлген мүсін.

Самұрық
құс - вертолет бомбалаған

Бейбіт жатқан селоны ертеңгісін.

Туған ба ана оларды қанға малып?

Қан ішеді,

Жейді ылғи нанға жағып.

Бомбы түскен жерлерден нұрлы өмірдің

Сынықтары ұшады жаңқаланып.

Жерден,

Көктен,

Бар тұстан
оқ бораған,

Оқ бораған,

Селоны отқа ораған.

Бірге жанды жалынын аспанға атып,

Мал шыға алмай өртенген көп қорадан.

Үйлер жанған,

Мал жанған,

Ойхой, дүние-ай!

   Қу дүние - боз қырау қылаңдаған,

Кейде сұлу келіншек сылаңдаған.

Құшқым келіп, қусам да ұстатпайды,

Құйрығындай түлкінің бұлаңдаған.

Жер ортасы жастан да асып барам,

Мені алдамай
түлкі - өмір кімді алдаған?!

Күндер зулап өтуде ескен желдей,

Мен де бір күн жоғалам
өшкен белдей.

Алыс-жұлыс тірлікпен күн өткіздім,

Ғұмырымның тозарын мен де ескермей.

Жұртта қалған жалғыз
үй секілдімін,

Өз жұртынан қап қойған көшкенде ермей.

Ойхой, Дүние-ай,тазыдай зымыраған,

Страницы