ВЕРНУТЬСЯ

Думанның бір депутатына

    Жүрсің неге жармасып Елбасына,

Жеткен кезде егеулі ер жасына.

Көзі тірі арыстың берілмеген

Қол созғаның емес пе ерте асына.

Құдай
сенің қарай ма тілегіңе,

Кісен салам десе егер білегіңе.

Атылдың-ау оқ болып Елбасының

Операция жасалған жүрегіне.

Жатқан кезде Елбасы төсек тартып,

Тас та атып жанықтың,кесек те атып.

Ел-жұртыңның
келгені аз ба саған

Арман-мұңын өзіңдей есекке артып?

Кезікпейді кім жойқын жиі өткелге,

Бұра берме артыңды сыйы өткенге.

Қызыл үй (Төртінші бөлім)

      Шернияздың қаза болғаны жайлы
суық хабар бүкіл Талас өңіріне лезде
тарады. МТС-тың бас инженері әрі парткомы Иосиф Мюллер бұл жаманат жеткенде кеңседе
- қызметте еді. Алғаш
естігінде жүзі лезде қуарып, құп-қу боп кетті. Аздан соң есін жинап, тысқа атып шыққан бойда гудокты ышқына
үсті-үстіне безілдетіп беріп-беріп жіберді. Гудок та суық хабарды ел-жұртқа қайғыра жеткізіп, ішін тартып
кеңістік ауада боздап, шыңғырып тұрып алды. Қаралы үйге тұс-тұстан жұрт ағылып келіп жатты. Үйдің ауласы, алды иін

Жол үстіндегі жазулар

     Оқ атқанның оқ жетеді түбіне,

Өрт салғанның от жетеді түбіне.

Тұншықтырып кісі өлтірген жандардың

Су жетеді түбіне.

Егін ексең -кенелесің өнімге,

Өлім ексең - асыққаның өлімге.

Көрем десең құдай басқа салғанын,

Ей, жолаушым!

Өзің таңда қалғанын

Өр Алтай ,қайтем сенің биігіңді

    Жазушы Әлібек Асқаровқа

Өр Алтай, қайтем сенің биігіңді,

Өртеген баса алмасаң күйігімді.

Кеудемнен итермегін саған артсам,

Тірлікте шеше алмаған түйінімді.

Өр Алтай, бір жаманға неге бердің,

Басына ту қадаған биігімді?

Бас ұрып тірі жанға сыйынбаған

Уақыт у ішкізіп құйындаған.

Мен неге сыбағамнан құр қаламын,

Бейбақтай өз үлесі бұйырмаған.

Білмеймін заманнан ба, адамнан ба,

Халықтың қазынасын жиі
ұрлаған.

Өлем деп қорықпаймын, күн кешемін,

Мен әлі болашақпен тілдесемін.

Бұжыр томар

    Көп көрініп өмірден ала шағы,

Mice тұтпай күн кешкен аласаны.

Қалып қойған қасарып құм ішінде

Бүжыр томар-ауылдың қара шалы.

Айлығы да қолына жиі тимей,

Ғұмыр
кешті құйыңды қилы күндей.

Ырсиып-ырсиып ашылған қабықтары -

Жалба-жұлба көнетоз киіміндей.

Өкпе артпады сонда да тағдырына,

Көгерем
деп шомылып таң нұрына.

Бірер жылда орман
боп шыға келді,

Тұқым шашып айнала жал, қырына.

Қына
қоймай мезгілдің желіне ескен,

Толарсақтан бетбақтың шөлін кешкен,

Страницы