ВЕРНУТЬСЯ

    Жүрсің неге жармасып Елбасына,

Жеткен кезде егеулі ер жасына.

Көзі тірі арыстың берілмеген

Қол созғаның емес пе ерте асына.

Құдай
сенің қарай ма тілегіңе,

Кісен салам десе егер білегіңе.

Атылдың-ау оқ болып Елбасының

Операция жасалған жүрегіне.

Жатқан кезде Елбасы төсек тартып,

Тас та атып жанықтың,кесек те атып.

Ел-жұртыңның
келгені аз ба саған

Арман-мұңын өзіңдей есекке артып?

Кезікпейді кім жойқын жиі өткелге,

Бұра берме артыңды сыйы өткенге.

Күтпеймісің әліптің артын бағып,

Итсіңдер ме, таласқан сүйектерге?

Мысық тілеу әзірге
сенетінің,

Ертелі-кеш белгілі сөнетінің.

Heгe сонша
жанықтың?

Біле тұрып

Күні ертең-ақ өзі
де өлетінін.

Тал бойыңда қызынып тасып қаның,

Сырқат жанды бұның не жасытқаның?

Тірідей-ақ Елбасын емес пе бұл

Қара жерге жерлеуге асыққаның?

Қарымасын отына тозақ-жалған,

Сыр деп мұны қабылда дос ақтарған.

Әлде елмен тағдыры қосақталған,

Сырқаттарды Ресейдің әдеті ме,

Лақтыратын шишадай босап қалған?!