ВЕРНУТЬСЯ

Профессор Жаңғара Дәдебаевқа

    Кең дала айналса егер Жаңғараға,

Мен неге сыр айтпаймын сардапаға.

Елуге келгендердің бәрі бірдей

Еліне бола алмаған сардар аға.

Бақ қуып, бақыт қуып азаптанған,

Көзінен қазақ қанша жас
ақтарған?

Елуге келгендердің бәрі бірдей

Егеулі найза да  емес шашақталған.

Ал, сенің жөнің бөлек, жан бауырым,

Соңына ерте білген бар қауымын.

Түтіні қай кездеде
түзу ұшқан

Бір өзің секілдісің талды
ауылым.

Төбеме бұлт жолатпай қуып айдап,

Бұрқанған сенсің бурақ  ақ дауылым.

Қызығын қатал тағдыр
бұлдағанда,

Ер  азба, ғұмыр кешкен шырғалаңда.

Тәңірде шыдай алмай бірге егілген

Дәдеңнің арман-шерін тыңдағанда.

Өмірге Жаңғара інім,
келместе едің,

Жасаған жар боп мойнын бұрмағанда.

Бір жұлдыз жанбас еді бұл ғаламда

Өзіңді Шымбике ана тумағанда.

Кімдерді айбар тұтам сен болмасаң

Қанымда ар-намысым тулағаңда.

Қаншама жыр жазсам да сүйікті елге,

Жетелеп асқар шыңға,биіктерге.

Арқырап ағыс болып сен жетесің,

Айналсам ағысы өлген тұйық көлге.

Сарсылған сұм замана-құнысқа еріп,

Ағаңды жүрсің бе әлі құрыш көріп.

Тынысым тарылғанда алаулайсың

Алқынған жүрегіме тыныс беріп.

Ақын деп кіргізетін елдің есін,

Жылытып жүрегімді
сендіресің.

Қасымнан қысылғанда сен табылып,

Қасымда қыдыр боп та сен жүресің.

Үнімсің-өшіреді
үнімді кім?

Тілімсің-кеседі өжет тілімді кім.

-Жаңғара! Жаңғара! - деп ұрандаймын,

Шабатын, көсілетін күнің бүгін.

Шоқ жұлдыз - көкке биік жайғасқаның,

Найзағай - зұлым күшпен шайқасқаның.

Шұғыла,
шуақ шашып туған елге

Жасай бер, жаса менің айлы аспаным!