ВЕРНУТЬСЯ

     Жүрегімнің түбіне жіті үңілмей,

Құрманғазы, өстім бе күтім білмей.

Heгe саған
жасымда дос болмағам,

Көңілімнің жүргенде
күні күлмей?

Көк аспанда көп тырна тыраулаған,

Көзімізден біздің де жыр аулаған.

Құрманғазы,
табыстық,кезде ғана

Басымызды боз қырау қылаулаған.

Түзу жолға бастаған өмір көшін,

Жүректесің,әрқашан
көңілдесің.

Жарыса аққан қос өзен секілденіп,

Туған елдің көзіне көрінгесін.

Қайда кетпе,сапарлап
қайда жүрме,

Жүрегімнің қашан да
төріндесің.

Жемісті елде,

Жүрген соң жүзімді
елде,

Көктем есіп тұрады жүзіңнен де.

Үкі тағып қайтадан сен жалғайсың,

Үкі таққан үмітім үзілгенде.

Қайық десін,

Ел сені кеме десін,

Құрманғазы, бәрінде сен сезесің.

Сен болмасаң, жалғанда кім жылытсын,

Қырау шалған жанымның терезесін.

Тіршіліктің толқыны,
жылы мында,

Енд і сендей дос таппан ғұмырымда.

Құрыш
достық болған-ды туғандарда,

Қырық үштің қаһарлы суығында.