ВЕРНУТЬСЯ

    Көп көрініп өмірден ала шағы,

Mice тұтпай күн кешкен аласаны.

Қалып қойған қасарып құм ішінде

Бүжыр томар-ауылдың қара шалы.

Айлығы да қолына жиі тимей,

Ғұмыр
кешті құйыңды қилы күндей.

Ырсиып-ырсиып ашылған қабықтары -

Жалба-жұлба көнетоз киіміндей.

Өкпе артпады сонда да тағдырына,

Көгерем
деп шомылып таң нұрына.

Бірер жылда орман
боп шыға келді,

Тұқым шашып айнала жал, қырына.

Қына
қоймай мезгілдің желіне ескен,

Толарсақтан бетбақтың шөлін кешкен,

Жас шырпылар-жетілген маңайында

Ұрпақтары сияқты еніп-ескен.

Мұңды жылдар
жүрекке шер байланған

Артта қалып...

Бұл күні ен жайланған.

Бұжыр томар -

Жетім шал секілді
бір

Тамыр жайып бір рулы елге айналған.