ВЕРНУТЬСЯ

    Төсінен жұлдыз
ағып, жымың берген,

Мөп-мөлдір көк аспанын тұнық көрген.

Күн мен түн -қос
палуан алып дене,

Бір-бірін алма-кезек жығып келген.

Ту болып желбіреген қанша аланда,

Шөкпей ме қажығанда нарша адам да.

Жығылды күн палуан кешке қарай

Күндізгі ит тірліктен шаршағанда.

Шығыстан қызыл күрең жанғанда арай,

Қатерге түн палуан барған талай.

Гүрс етіп құлап түсті

Күн палуан.

Жеңіске жетті,
әйтеуір, таңға қарай.

Бірі оның -сәулелерден
жебе тартқан,

Бірі оның -Қара
түннен перде жапқан.

Күн мен түн -

Қос палуан әлі күнге

Бір-бірін жеңісе алмай келе жатқан.