ВЕРНУТЬСЯ

    Жалдамалы солдаттар,
жалдамалы,

Туғандар ма құштар боп қанға жаны?

Ол сұмдарға не дейсің?Ақша
үшін де

Жыртқыш боп та үлгерген аңнан әрі.

Кісі өлтіріп, құнығып беті ашылған,

Жалдамалы солдат
көп елі ашынған.

Қарақшыға айналған бұл ортада

Қаншама ердің тірідей еті асылған.

Қулық - сұмдық қуам деп құтаймаған,

Жандар қанша тұнықты лайлаған?

Жалданғандай құлдыққа,сұм соғысқа

Жалданар деп адамды кім ойлаған?!

Жетегінде жүргесін
кіл керістің,

Ойран-ботқа жотасы күнде өрістің.

Солдаттардың соғысқа жалданғаны -

Қамыма, әлде, кім білсін,
күн көрістің.

Адам неге жаңылды
санасынан,

Сұмдық қанша ел - жұрттың жаны ашынған?

Бұл қай заман ?

Зар заман,

Зарлы заман

Кісі өлтірген сұмдардың бағы ашылған.

Біркелкі өмір -

Бейбіт күн жалықтырған,

Солдаттарды кім
сонша жанықтырған?

Ақыл - ойын,

Санасын тұрмыс
билеп,

Неткен сұмдық
ақша үшін халық қырған?!

Көз алартып,
сұқтанып сар далама,

Жауыз қанша оқ атқан арлы Анама?

Адам сонша құлдырап
азбаса егер,

Халық қырып,соғысқа жалдана ма?!