ВЕРНУТЬСЯ

Жазушы Марал Сқақбаевқа

  Ел ұмтылса жарыққа,самалаға,

Тығырыққа тіреліп
қамала ма?

Марал көзбен үңілген Дүниеге,

Бұған, сірә, не дейсің Марал аға?!

Азаттықтың атқанда жаңа таңы,

Heгe,

Heгe
сенеді қала шамы?

Жүгін артпай көліксіз
қалған елдің

Арпабектің қайда жүр сары атаны?

Суарылған қылыштай кекке айналып,

Кезің бар ма өтпеген ерттей жарып.

Ар-ұяты жоқ жандар

Сорлағандар

Үлестірген ұятың жетпей қалып.

Анаң сені албырап тумағанда,

Қалар ма еді қасиет нұрлы адамда.

Ар-ұят боп
жүгірдің қанға тарап,

Ар-ұятын адамның жырлағанда.

Олпы - солпы жаралған "Қайыркештің"

Сомдап соғып езің ең қырнаған да.

"Қияндағы қыстаудың" жайы қалай

Сұрқылтайлар билеген сұм заманда?!

Ұмытылып
қызуы жел-желіктің,

Бұл заманда
қалмады сенделіп кім?

"Пенде ғұмыр"
кешіп жүр қай бастықта

Ауылынан ұзамай
пенделіктің.

Дүние
сырын ел-жұртқа шын ұқтырмай,

Басшы біткен жүре ме былықтырмай.

Естеріне caп әлі
мықтылардың

"Дүние кезек" екенін ұмыттырмай.

Қасіреттің болса дамың арнасы,

"Жойқан төбе"
- ерліктің бір ағасы,

"Жойқан төбе"
шерлі өзен шежіренің

Көкке биік көтерген мұнарасы.

Ар-намыс боп қаншама тебінсек те,

Көкжиектен күн болып көрінсек те .

Ғашық бола білуді сен үйреттің,

"Ғашық болып көрмеген келіншекке".

Жын атанып жан қанша құтырғанда,

Іштен тынып күн
кештің тұтылғанда.

Дүрілдетіп той
жасап бір қуандың,

Әзірейіл көршіден құтылғанда.

Атқан таңдай алаулап көзге ажарың,

Тебірентіп ел-жұрттың
қозға жанын.

"Базартарқар" жазсаң да,Марал аға,

Тарқамасын жалғанда өз базарың.