ВЕРНУТЬСЯ

     Алшаң басып жүргендей айлы аспанда,

Азаматтың көздерін май басқан ба?

Қорықтым ба,ығыстым төмен қарай,

Иті келіп төріне жайғасқанда.

Құлаш ұрып жүрсем де өрге мен де,

Не істеймін?

Қайтпекпін көнбегенде.

Төмен қарай сырғанап тағы
ығыстым,

Және бір ит мені аттап төрлегенде.

Бұны көріп көңілің хош ала ма?

Боздағың кеп кетеді боздалаға.

Жайғасқанда кілең ит төрге келіп,

Шығып қалдым жаутаңдап босағаға.

Жүрген кезде кеудемді желге керіп,

Жігерімді құм қылды-ау
жерге көміп.

Heгe
өтпесін ғұмырың ит тірлікпен,

Жайғасса егер кілең ит төрге келіп?!