ВЕРНУТЬСЯ

    Елді де құдай жаратқан,

Жерді де құдай жаратқан.

Ер шешен ардан туғанда,

Мұжықтар
туған арақтан.

Туғаны қанды соғыстың,

Тарлығынан ба қоныстың?

Жынды арақ ішіп жынданған

Кесірінен бе орыстың?

Tap емес, байтақ қонысы,

Кінәлі емес Ресей орысы.

Таудағы қасап қан майдан,

Тиыннан тиын тудырған.

Бизнесмендердің соғысы.

Асыл ерді елден қудырған

Саясаткерлердің соғысы.

Жазылмай жердіңжарасы,

Қансоқта болса даласы.

Сөйлегенде сөздің сарасы,

Қайда жүр ердің данасы?!

Саясатқа соғыс айналса,

Азғаны емей , немене,

Адамзаттың баласы?!

Жер үсті түгел қан майдан,

Шырқырамасын жан
қайдан.

Торғайдай ұшып түсесің,

Оқтисе жазық
маңдайдан.

Селк ете түсем мен кейде

Бұлт көрінсе де шалғайдан.