ВЕРНУТЬСЯ

    Бағын бұрған өзгенің,нуын бұрған,

Қоғам деп те қатерге ұрындырған.

Лермонтов ед тазалап кір-қоқыстан,

Ресейді алғаш өлеңмен жуындырған.

Тұла бойы
кір басып дуылдаған,

Содан бері бұл қоғам жуылмаған.

Тазартуға күш салып жатса арман не,

Өлең, жырым жүректен туындаған?

Жүзбегесін ағыңдап қырында арай,

Өзге ұлысты
жүрмейтін сығымдамай.

Тазара алмай
келеді Ресей әлі,

Ар-иман боп жетсе де жырым талай.

Тәннің кірін тазалап жуарсың-ау,

Кетіресің жанының кірін қалай?

Тербетіліп шаң басқан құрақтайын,

Жануда әлі кір басқан шырақтайын.

Жаны қалай тазарсын бұл Ресейдің,

Қаны ащымен тазармай
бұлақтайын