ВЕРНУТЬСЯ

    Азаматтық ерге өлшем,

Шығам деме төрге сен.

Қиын болар жағдайың,

Бөтен елді тәуелсіз ел көрмесең.

Өз халқыңды талай жерде жерлесен,

Барыс жүрек ұқсайсың ба ерге сен?

Аттап баспа өлкеме,

Тәуелсіз ел деп келмесең.

Бейбіт елді қырғызғаның,қырғаның -

Солдаттарды өлімге айдап,

Ажалға мойын бұрғаның.

Ұмытылсаң
да күні ертең,

Ұмытыла ма

Тіршілікті шаштан тартып жұлғаның?

Тулама, мейлі, тулағын,

Жалған емес жарық мынау жалғанда

Қан шеңгел деп туғаның.

Кісі болсаң да
құндыз бөрік, жағалы,

Кісі емес екенсің саналы.

Қателігіңнің арқасында бір сенің

Бүкіл өлке жаралы.

Албыратып ару құшар жасында

Боздақтары ажал
құшқан,

Ана қанша қаралы?!

Асқақтама, айбарлым!

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Қарасаң да қанша заңғарға.

Он сегіз мың ғаламда

Мәңгүрттен өзге сау бар ма?

Топыраққа айналып құм болған

Атойнатып жеткен жауларда.

Зауал туса,жермен-жексен күл болған

Асқақтаған небір асқар таулар да.

Талғамай жұтқан қоңызды,

Арғы атаң сенің доңыз-ды.

Қанша жақсы болсаң
да,

Жақсыға қоңсы қонсаң да,

Тұрмассың тартпай
негізге.

Аспанға атқан толқынын

Тартылған терең теңіз де.

Асқақтама, айбарлым!

Ізгілікті іздер болсаң,алайда,

Таулы өлкеден мені ізде.

Ата ерлікті іздер болсаң,қалайда,

Дауылды өлкеден мені ізде.

Итке тастасаң мұжымас

Шақша басыңа екі талай күн туғанда,

Құтылмастай боп тұтылғанда

Мені ізде босқа сарсылмай.

Жамандыққа - жақсылық

Еркісінікі,
білдіңбе?

Құтқарам
сені қайдан да,

Кетсемде өліп майданда,

Жайын ауыз жайдарлым!