ВЕРНУТЬСЯ

    Жазушы Қарауылбек Қазиевті

еске түсіру құрметіне

Аққуды атқан мезгілде, қыранды атқан

Көңіліңді сеніңде тұман жапқан.

- Бір керемет, - деуші едің, - той өткерем,

Қарауылбек! - деп шырқап ұрандатқан.

Қолдап, қорғап жүрседе көл жолдасың,

Кімді аясын атылған оқ қорғасын.

Көкжиекке сен сүңгіп кеттіңбе
әлде

Тежей алмай таланттың көк жорғасын.

Бір арғымақ жүр әлі
елге ұстатпай

Азамат ер өзіңдей
жоқ болғасын.

Көктем болып жүгірген
дала, белге.

Қатер төнбей тұрмаған саналы ерге.

Қара жерде жатайын
дедіңбе, аға.

Қаратқанда тірілер қара жерге.

Көкірегіне ар-иман ұялатқан,

Аунап түсіп жатқанда зиялы аттан.

Бір қияны бетке алып самғағаңда

Кете бардың қиылып қиянаттан.

Жақсыны аңдып
қолына шырақ алған

Опа кімге көрсетсін мына жалған.

Қасиет ең сомдалған құйын желде

Сен бар жерде қыңсылап тына қалған.

Жайсаңды аңдып қолына шырақ алған

Опа кімге көрсетсін мына жалған.

Мөлдіреген
жанарың мейірім еді

Айдын көлдей
далаңа тұна қалған.

Тойың күні  жер тарпып от табаным,

Сағынғаным - өзіңді жоқтағаным.

Сен аттанып сапарға бара жатып.

Жол-жөнекей бұл қалай соқпағаның?

О жалғанға тез жетіп жұрттан бұрын

Сұм ажалды
келді ме ноқталағың.

Жасыл белде жатырсың
көк төбеде,

Өмір сені әлі де от көре ме.

Түрегелген өр рухың шығар, бәлкім,

Құс тілді
орман жайқалған көктемеде.

-Қарауылбек! - деп аспан күркіреген,

Күміс шашып,ақ жаңбыр сіркіреген.

-Қарауылбек! - деп ақын жүрегінен

Толқын атып көк бура жыр түлеген.

Шудың соңғы барысы
өзің депте.

Тойың, аға, өтуде дүркіреген.

Қызыл Кеңес дайындап келтек кілең,

Арылмаған кезеңде ел тепкіден.

Атылғанда созылып ұшып түскен

Шудың соңғы барысы сен деп білем.

Айтқаныңа айбарлы жұртың көнбей,

Кезің жоқтын сарсылған сұрқың келмей.

Тойың тойға ұласып, барыс-аға,

Халқың барда жасайды рухың өлмей.