ВЕРНУТЬСЯ

I

     Бас имеген тағдырға кім бағынып,

Боранды түн,

Құтырған күн қағынып.

Шешен ана үйіне жалғыз ұлын

Кіргізбеді жеткенде түн жамылып.

Күмбірлеген күй болып шерін толғап:

Алтын жұмақ жатса да жеріме орнап.

Ұядан гөрі
қашып кеп тірі қалған,

Соғыста өлген ұл
артық елін қорғап.

 Өзгелерден жаныңды асық көріп,

Қүйдірдің-ау күйдіргі қашып келіп.

Сенен гөрі ит жақсы! деп жекіді, -

Көрсетпеген өлігін қашықта өліп.

Сәуле шашып көгінен күні күлген,

Жанның бәрі тірі емес тірі жүрген.

Жігіт жаудан қаша ма ?Заманда бұл

Қандай итте аттыға, іріге үрген.

Үстіне ілген қамқасын, пүлішін де,

Өлген жандар
қаншама тірісінде.

Сенде өлгенсің! -
деп ана қуып шықты,

Жалғыз ұлын
боранды түн ішінде.

I

Тел өсірген телпегін, тентегін де,

Тыныш жүрсе қайтеді ел тегінде.

Жерде налып, жерге сап тілдегені

Бір көршісі ананы ертеңінде.

Жаман еді, жан ана, сұрқың қандай,

Күнің бар ма жүрмеген құтын алмай?

Heгe қудың
баланды ?Сорлайсың ғой,

Бір әулеттен ол өлсе, тұқым қалмай.

Жүрегімді, -деді ана,
- тілгілеме,

Дұшпан
көпте болайын күлкі неге ?

Жауға аттанбай жалғызым жүрсе қашып,

Онда менің көгімнен күн күле ме ?

Кіл жасықты сендейлер жақтағаннан,

Жау шапқанда жұрт
қаны ақты алаңнан.

Халқым аман болмаса,

Бақыт қайсы

Бір әулеттің тұқымын
сақтағаннан.

***

Қарғыс айтып
соғысқа жиі егілген,

Жігіт еді өмірді сүйе білген.

Жаңа ұғынды не
істеп,не қойғанын,

Ана сөзі өткенде сүйегінен.

Өмір, өлім ұстасып арбасқалы,

Жарқылдауда
Ерліктің алдаспаны.

Жас жігіттің үйіне бас сауғалап,

Жаудан қашып барғаны  алжасқаны.

Есін жиып, түзеді бетін жауға,

Қанжығада кездесіп қандасқаны.

Соны сезіп жадырап сала берген

Мұңлы өлкенің ай жүзген арлы аспаны.

IV

Ғұмыр бар ма тірлікте шектелмеген,

Бір беті еді тарихтың беттелмеген.

Тұла бойы алапат күшке  толып,

Жас жігіттің кеудесін кек кернеген.

He сұмдықтың бәрін де жүре көрген,

Ердің, сірә, өлгені-жүрегі өлген.

Жау үстінен жігітті дөп түсірді,

Кавказ тауы намыс боп түрегелген.

Ата ерліктің көрсетіп өзге өнерін,

Автоматқа, - деп айтып,
-сөз беремін.

Таудан арқар атқандай жатты ұшырып,

Қалт жібермей
қайдан да көздегенін.

Түбіт мұрты жаңадан тебіндеген,

Жігіт жаудан
қашқақтап шегінбеген.

- Асыл ердің, - деп айтып, - арманы жоқ,

Отан үшін,ел
үшін жерінде өлген.

Кәсіп көрген жаулауды, мұра керген,

Жауын түгел оқ атып қыра берген.

Бір алпамса өзін
де ұшырды атып,

Қаптарыстан қапыда шыға келген.

Жылап, шулап қалсада
көк орманың,

Жігіт енді деді: -тау, жоқ арманың.

Жаумен жалғыз шайқасып мерт болғаның

Ерлік болып еліңе оралғаның.

Жүрегіңді туған жер суытпайды,

Кегіңді
алып, жауды да құрықтайды.

Қан майданда мерт болған ерлеріңдей ,

Сенде елің
ешқашан ұмытпайды.

V

Қыстың күні жылы жел есті белде,

Кінә артпады анаға ешкім елде.

Бозінгендей боздап бір аңыраған

Жалғызының қазасын естігенде.

Жаза басып, жаңылып нұрлы ағыстан,

Тіршілікте жан қанша жыра құшқан.

Ұлы қашқын атанса
қайтер еді,

Жылаған-ды сорлы ана қуаныштан.

Күн қысылып,

Көгінде ай қысылып,

Қызарса да,

Төбеден жай түсіріп.

Арсыз тірлік пендесін қуантады-ау,

Кейде осылай аяусыз қайғы ұсынып.