ВЕРНУТЬСЯ

      Тізгін тисе құныс ой, аласаға

Айналасың төсеніш - алашаға.

Шие бөрі секілді биікті өрлеп,

Ел басына қаптаған бала-шаға.

Бота тірсек, боз өкпе бір балауса

Ақыл айтса
әкеге,жараса ма?

Бозқасқаны жолына
құрбан қылып,

Көсем қайда көш бастар тыңнан тұрып?!

Бала-шаға ел билеп, ата жұртым

Балалықтан шыға алмай жүр малтығып...