ВЕРНУТЬСЯ

     Жабырқап жалғыз жүргенде,

Пір тұтам, айтшы, кімді елде?

Қиылып кете жаздағам,

Қатыбас қилы күндерде.

Өз басы жүрген жөнделмей,

Алдымды кессе жол бермей.

Мен неге қарап тұрайын,

Басына қазан төңкермей.

Күншілдіктен таза арылмай

Кім жүрсін тыныш қағынбай.

Құрымай іштің тарлығы

Тұра ма дүние тарылмай.

Өзгені кекеп кеміткен,

Жаралған жан көп желіктен.

Ананың тап-тар
құрсағын

Ақылы жоқта кеңіткен

Адамға ақыл кіргенде

Үдеден шықпай ел күткен.

Кең дүниені сонша тарылтып,

Жанығатыны неліктен?!.

Арайлап атқан ақ танда,

Қалмаймын деме ақпанда.

Сұмдықтың бәрі - ақылдан

Сумаңдап шығып жатқанда.