ВЕРНУТЬСЯ

     Жасамайсың жақсылық халыққа ақыр,

Тыныштықты ойласаң, табытқа кір.

Қай кезде де бұл қазақ жарымаған

Елдің
қамын ойлаған алыпқа бір.

Жер де налып күйзелген,елден алып,

Қулық-сұмдық барады етек алып.

Қарға-қүзғын аспанға самғай ұшып,

Сұңқар
құстар сорлаған жерде қалып.

Қара жерге жұрт қанша қарап қалған,

Азамат ер қайда жүр жарақтанған?!

Ел жақсысы айналып көк бөріге

Халық қойдай түп-түгел тамақталған.

Айырылып төрт
түлік малдан түгел

Ауыл қанша саусағын санап қалған?!

Шөмеледей әр жерде шоғырланып,

Күн кешуде бұл
күні тобыр халық.

Жыртық шекпен
кедейге шын айналған

Қазынасы,байлығы
көп ұрланып.

Домбыра үні
естілмей күмбір қағып,

Өзен қанша өксіген сылбыр ағып?

Қай үйге де бұл
күні аштық-жылан

Кіріп келе жатқандай мың бұралып.

Аштық қысса ел-жұртта
мән бола ма?

Иттер жоқта шошқа үрген мал қораға.

Жерлене ме тағы да
қайран халық,

Жарық жалған айналып нән молаға.