ВЕРНУТЬСЯ

  Аң аулаған адамдар еріккенде,

Адам аулай бастаған желіккенде.

Кіріскендей адамды аулауға олар

Қызық көріп ақ бөкен еліктен де.

Бір-бірінің жүргенше артын ашып,

Күн кешпей ме туыс боп қатынасып.

Жауыздықтан аса алмай келеді әлі,

Адамдардың тұрса
да ақылы асып.

Жақсылыққа ұмтылмай
қадам басып,

Күн кешуде сескеніп, алаңдасып.

Жер бетінде жанығып
келеді әлі,

Қызыл қанын адамның адам шашып.

Жер-жаһанның жоғалып
шетіне асып,

Жамандықтан
қашпай ма бетін басып.

Көздерінің емес пе қарайғаны

Адам жесе адамның етін асып.

Керілгесін кербез
боп қасын қағып,

Алды ма
адам ажалды ашына ғып?!

Көңілдері,
ойпырмай , көншімей ме,

Бір - бірінің тұрмаса басын алып?

Кісілігін ту етпей
алаулаған,

Тіршілікте сұм қанша танаулаған?

Адам аулап көңілін көтереді,

Шын азғанда адамдар аң аулаған.