ВЕРНУТЬСЯ

     Жаралыны жалмаған

Жалмауызымсың сен менің.

Қаралыны қармаған -

Қанды ауызымсың сен менің.

Туған елдің бағына

Туған жандар

Ар - намыс боп тулаған.

Кете барған етіп жаудың жағына

Сендей
ездер ата жолын қумаған.

Қилы шақта өз халқынды сатқаның

Жұмбақ жарық жалғанда,

Өз ананды қоса көздеп
атқаның

Жау жағадан алғанда.

Ух, оңбаған!

Ерме деуші ем еңселі,

Қателескен екенмін.

Әке сенде болмаған,

Жолдан туғам мен сені.

Жастайынан саналы
өскен білікті ер

Туған халқын сара жолға бастаған.

Жолдан туған сен сияқты шіріктер

Жолға анасын тастаған.

Тірі өліксің!

Дұшпан түтіп жүндесін,

Қауіп - қатер өз басыңа төнгенде.

Суық көр де қабылдамай
жүрмесін

Кейін сені

Шырақ отың сөнгенде...

Іштен тынып жыламай,

Тағдырына күн кешті ме кектеніп.

Сатқын ұлдың күйігіне шыдамай

Ақ шашты ана сол заматта кетті өліп.

Өріде биік, төріде

Ана еді, шіркін,
өркеуде.

Туған жердің суық қара көрі де,

Сатқын ұлы
өлгенде, -

Қабылдамай денесін,

Ит-құстарға
лақтырған.

Құзғын біткен неге қаузап жемесін,

Өлексе іздеп тақ тұрған.

Атасына мәңгі айналған өрліктің,

Азғынына балаған деп шың-құздар.

Көзін ойып жей бастаған өліктің,

Сатқындығын көзге шұқып құзғыңдар.