ВЕРНУТЬСЯ

          О шеті мен бұ шеті ат шаптырым
іргелі ауыл - Ойықтың ауданға шыға беріс жол бойына орналасқан үлкен үйге жүгім
түсіріліп, сол қара шаңырақтың ендігі иесі өзім болам деп Жәмила әсте ойлап
көрген жоқ- ты. Бұрынғыдай қотыраш қоңыр тамның біріне бас сұғып кіретін шығармыз деген де
қойған. Күйеуінің қызмет дәрежесі өсіп, мерейінің үстем боп келе жатқанын іштей сезсе де, қызыл шатырлы
зәулім ақ шаңқан үйге еніп, ендігі жерде қызғылықты ғұмыр кешетінін және ойламаған. Жүктері де
онша көр емес-ті. Облыста күйеуінің бірге қызмет істеген азын-аулақ
дос-жарандары қала сыртына дейін шығарып caп, қыр үстіне газеттен дастарқан жайып, ізгі тілектерін алма-кезек
білдірісіп тост көтерісіп, қош айтысып жолға шыққанша едәуір уақыт өтіп кетіпті. Сөйтіп өздерінен бұрын жүктері жетіп еді. Бұлар келгенде
алдарынан жамырап шыққан ауыл жұрты жүктерін
түсіріп, үйге кіргізіп, реттеп қойыпты.  Күйеуінің
қызмет бабымен көшіп-қонып жүріп, кім көрінгеннің босағасында-
қысылып-қымтырылып тұрып келгендіктен бе, мына зәулім үй Жәмилаға шынында да
хан сарайындай боп көрінді. Абажадай-абажадай алты бөлмеге азын-аулақ
көрпе-төсек бөлінгенде үлкен аулаға шашылып қалған жүн-жұрқадай ғана сезіліп еді.
Төбесін темір шифрмен жауып, қызыл сырмен бояған, қабырғаларын күйдірген қызыл
кірпішпен қалап, сылап, әктеген үй шынында да биік еді. Осы төңіректегі үйлердің қай-қайсысынан да
иығы асып, алыстан сағым
көтеріп, асқақ көршіп тұрған тас
тұғырының өзі кісі кеудесінен келеді.
Есік алдына әспеттеп орнатылған әсем
баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп,
үйге кіріп шығып жүретінін сол сәт көзге елестеткенде Жәмиланың қуанышында шек болмады. «Алатауға
қарағандай зәулім үйлерге көз тігіп, ынтығумен-ақ жарты ғұмырым өтіп еді. Есік-терезелері биік, бөлмелері
жарық сәулетті баспанаға біздің де қолымыз
жетті ме, жоқ па» деп іштей тәубе жасаған-ды. Ол бір-ақ жерде қиналды. Кірген жаңа үйінің есік-терезелеріне
бұрынғы ескі перделерді тұта салмақ еді. Олардың бірде-бірі шақ келмей діңкесін
құртты. Жаңалап сатып алуға аяқ астынан қайдан ақша табыла қойсын. Айлыққа
дейін әлі біраз күн бар. Оған дейін үйінің есік-терезелері өстіп ашық-шашық
күйде жалаңаштанып тұра бермек пе. Жо...оқ, оның жөні енді бола қояр ма екен. Бұл
көше бойымен ағылып, әрі-бері өткен жүргіншілерден ұят емес пе. Жәмиланы қинаған шынында да осы еді. Көп ұзамай
оның да-орайы табыла кетті. Қай құдіреттің сыбырлап жеткізгенін кім білсін,
әйтеуір, ертеңінде түске  жақын ішке
екі-үш әйел баса-көктеп кіріп келді де, үйде қанша есік-терезе бар, сонша түсі
әдемі таза матадан перде тігіп әкеп құрып беріп кетті. Жәмила әдепкіде бұның
мәнісін жөнді түсінбей әрі шошынған кейіп аңдатып:

-        Оу,
жарқындарым, бұларың не? Мен ешкімге перде тігіп бер деп өтініп сұраған жоқ едім ғой. He істегелі жүрсіңдер
сендер? Айтсаңдаршы түге!-деп сақтық жасап шыж-быж болып еді,

-        Келін, бүйтіп кергіп бағыңа
орнаған бақты теппе. Өстіп шабалаңа берсең ырысың шайқалады. Берекең кетеді.
Бір-екі кез жаман шүберектен жыртығы бүтінделмей қалған елді көргенім жоқ. Онан
да көп сөзді қой да, өзің бас боп іске кіріс,- деп толықша, ет

жеңді келген әйел бұны одан әрі сөйлетпей тыйып тастаған.Бұл жөнінде күйеуі
де тіс жарып ештеме айтпады, Тек есікке құрылған қыжымдарды, терезеге тұтылған перделерді
көргенде:

-        Ым...м. Дұрыс болған екен.
Келімді-кетімді кісі бар дегендей бұның жөн енді, -Жәмила. Сондықтан ертелі-кеш
үйіңді таза ұстап, барыңды әзірлеп дайын отырарсың. Тоқсан жолдың торабына
орналаскан іргелі ауылдың ендігі үлкен үйі осы сенің отбасың болып жүреме, кім
біледі,-деген келіншегінің жүзіне барлай көз тастап, Бірақ ерлі-зайыпты екеуі
де бір-бірінен бұл перделік мата мен қыжымдардың қайдан, кімнен келіп құрылып жатқанын
сұрап білмеген еді.Жәмила ойлаған: әлгі әйелдерді үйге жұмсаған Шернияз болды
ғой, шамасы,- деп. Шернияз ойлаған: әй, менің келіншегім де сұңғыла кісі ғой.
Келімді-кетімді кісілердің көп болатынын алдын-ала сезіп, жоқтан бар құрап, осы
бастан үй ішін реттеп жатқанын көрдің бе!- деп. Әйтеуір, қалай десек те, осыдан
кейін қоңыр төбел тіршілік етіп келген жұпыны үйдің іші жаңарып, сән-салтанатқа
толып, қызықты, думанды шаққа ұласып жүре берген еді. Жәмиланың шынында да
ертелі-кеш үй тірлігінен қолы босамады. Шаруашылық аралай шыққан қай өкіл де
МТС-қа соқпай етпейтін еді де, солардың көбісі Жәмиланың қолынан дәм-тұз татпай
тағы аттанбайтын. Бір қонақты ырзалап шығарып caп «үһ» деп демін ала бергенде
тағы бірі төбесі қылтиып жетіп кеп тұрғаны. Бұлар кімдер, қайдан келіп жатқан
кісілер - Жәмила түстеп танып жатпады. Тек күтуді ғана білді. Күйеуі Шернияз да
«сен шаршап, сансырап жүрген шығарсың» деп аяп қонақ ертіп келгенін
үзілді-кесілді тоқтата қоймады. Қайта күннен-күнге үдете түскен сияқты көрінді.
Кейде бес-алты кісі ертіп келсе, кейде  он
шақты боп шұбырып бір-ақ сау ете түседі. Бұлардың бәрін күту - Жәмиланың
мойнына қиып салып қойған парыздай көрінетін де, томпаңдап жүгіре беретін. Tic
жарып күйеуінің бетінен алған жан емес-ті. Қайта «үйге туралап ат басын тіреген бірді-екілі қонақты шай-пай беріп, дұрыстап күтіп, жақсылап аттандырып шығарып сала алмасам онда несіне
бір азаматқа адал жар болып,
қазан-ошақ ұстап отырмын» деп әрдайым өзіне тоқтау салып
қоятын. Сондайда өзінің шаршап- шалдыққанын
да ұмытып кететін. Әйтеуір Жәмиланың
үйіне қандай кісілер келсе де алдымен Жарықбас жетеді. Жарықбастың екі өкпесін қолына ап алып-ұшқанына қарап Жәмила да
қонақтардың қандай дәрежедегі кісілер екенін танып, соған орай қам жасайды. Жарықбас астындағы атын
да қара тер ғып, өзі де қара терге малшынып, екі беті нарт боп жанып, жау қиратқандай ентігіп жетсе онда үйге түсетін кісі облыстан келген өкіл болғаны. Жарықбас астындағы
атын да қинамай, өзі де онша ақ тер, көк тер болмай желе шоқытып жетсе онда Жәмила жылы ұшырай қарсы алатын кісім аудан өкілі деп
түсінеді. Жарықбас атын сипай қамшылап жәй аяңмен келсе үйден шай-пай ішіп аттанатын кісі ауыл арасының
белді бір адамы немесе колхоз
басқармасы болғаны. Өстіп
Жәмиланың отбасы қара-құра кісілерден арылмай жүйкелеп жүргенде өлгені тіріліп,
өшкені жанғандай боп, арқа жаққа тұрмысқа шығып, содан хат-хабар болмай дерексіз
кеткен әпкесі ойда-жоқта қарақан басын әзер сүйретіп сүмірейіп келіп тұр. Өтірік
айтып қайтеді. Үсті-басы тозып, өрім-өрім боп жеткен  ұсқынсыз мүсәпір әйелді алғаш көргенде түстеп
тани алмай ел кезген дуана шығар деп қайыр-садақа беруге ішке беттеген. Әлгі
әйел Жәмиланың атын атап тоқтатып, жүгіре ұмтылып, ай-шай жоқ бас caп қүшып,
егіліп жылап жіберген.

-        Жәмила, шынымен мені танымадың
ба? Бағиламын ғой. Жылдар көмбесінде көміліп, әлдеқашан ұмытылған Бағиланың
есімін алғаш естігенде Жәмила селк етіп қалт тұрып қалып еді. Ұсқыны
кетіп, жүдеген бейтаныс әйелдің әжімді
көне жүзіне бажайлай қарап тұрып-тұрып
әлденуақта бір-ақ танып, тарпа бас салған.

-        Шынымен Бағиламысың? Көкем-ау, не боп кеткенсің? Адам танымас
кейіпке түсіп, осынша жүдермісің,- деп өзі де қоса егіліп жылаған. Күйеуі соғыста өліп, одан қалған
жалғыз бала бертінде созылмалы жіңішке аурудан қайтыс болып, тағдыр талқысына
ерте түскен Бағиланың бұдан кейінгі емірі де жақсара қойған жоқ-ты. Төрт
қабырғасы бірдей

сорайып ызғар шашқан суық үйде
сопайып жалғыз қалуы оның алдағы тірлігінен де там-тұмдап хабар бергендей еді.
Алайда ол бұған да мойынсүнбай күйеуінен қалған қара шаңырақты құлатпай
түтін түтетіп ел қатарлы отыра бермек-ті. Оған қойды ма түге. Күйеуінің ағайындары бұған таласып, қатын үстіне алмақ боп өзара қырқысып кетті...

Осыдан кейін-ақ Бағиланың соқа
басы ойға да, қырға да сыймады. Тентіреп ел кезіп кетті. Бәрібір одан да береке таппады. Соңғы кездері жиі-жиі
ауырып, төсек тартып жатып қала беретін болды. Бағиланың көкірегімде де әйелге тән бір өлермендік бар-ды.
Сол өлермендік оны Таластың жоғарғы жағындағы төркіндеріне сүйрелеп әкелгендей
болып еді. Онсыз да аз Сәлім жар басындағы балықшы ауылдай жел етінде
тұрып-тұрып, соғыс жылдарындағы ауыртпалықты көтере алмай шөгіп отырып қалғандай
екен. Бағиланы құшақ жайып емін-жарқын қарсы ала алмады. Ендігі бар кесапат ауыртпалықты
осыдан көрердей әлден-ақ бойларын аулақ алып қашқандай боп сырғақтап,
назарларын төмен caп бүгежектей берісті. Ақырында естияр бірі бұған тіктеп жүз
бұрып қарап:

 - Шырағым, Бағила, елім деп еміреніп келгенде дұрыстап қарсы алмады деп
бізді сөкпе. Қай босағада  көзінді сатып
телміріп отырмақсың. Жарты дәнді бөліп жерсің-ау бізбен бірге, бірақ дүниенің
тетігі онымен бітелер ме. Онан да жөн сөзді тыңда!-деп Бағиланың

көңілін өзіне аударып алды да
байлауын бір-ақ айтты,- Бір ананың омырауынан бірге емген Жәмила деген сіңлің бар емес пе. Соның
күйеуі Ойықта білдей директор
көрінеді. Қанша дегенмен қолы ұзын азамат қой.
Барса «кет әрі» деп, өңменіңнен
итере қоймас.

Бағила да сөзге түсінбейтін адам емес-ті.

-        Соның ығын
паналасаң деп отырсыз ғой,-
деп шап ете қалды.

-        Иә.
Енді кайтейік, бізден қайран.жоқ. Бірақ келмей жатып мені қуды
деп жазғырма,- деп әлгі қария шарасыз кейіпте егіліп жылап жіберіп еді.
Бағила да қосыла жылаған. Бірақ ол
осы көріністің өзінен-ақ бар мән-жайды түсініп үлгерген-ді. Сөйтіп
Бағиланың сіңлісін іздеп табуына ез төркіндері себеп болып еді. Арада бір жеті өткенде өңіне кан
жүгіріп, кісі санатына қосылып, аяғынан түрған Бағила сіңлісіне қолқа

салды.

-        Шерниязға
айтшы, Жәмила. Маған тауық қора болса
да бір баспана тауып берсін. Сонсоң МТС-тан ба, жоқ колхоздан ба, әйтеуір бір жұмысқа тұрып, өз күнімді өзім көрейін,- деді.

-        Осында
тұра бер, бәке. Бір сені
қанатымның астына паналата
алмасам онда несіне директордын, әйелі атанып
отырмын,- деп кергіп сөйлеген Жәмила әпкесінің көңілін caп басқан. Қызайым кемпір де бұған онша қарсы бола қоймады. Қайта:
«Жалғызымньщ бір тілекшісі боп үйде жүре берсін» деп аналық ниетін білдірген. Сөйтіп
Бағила сіңлісінің үйінде біржола орнығып қалып қойды. Бұл Жәмилаға да онша
жаман болмады. Қонақтарын күтісіп, өзімен бірге қосарланып шауып жүрді.  Күн артынан күн зымырап өтіп жатты. Ендігі мезетте
үйдің бүкіл тірлігі Бағиланың мойнына бірте-бірте ауыса берді.

II

Шернияз Сардарбеков Ойық МТС-ына алғаш директор боп бекіп келгенде гараж
ішінде қаздай тізіліп, қандай жағдайда да сақадай сай әзір тұруға тиісті ауыл шаруашылығы
техникаларының қазіргі түста бей-берекет шашылып, бұзылғаны бұзылып,
бүзылмағаны кейбір қажетті бөлшектері жоғалып, істен шығып, әр-әр жерде қаңқайып
босқа қаңтарылып тұрғанын аралап көріп, қаны басына теуіп, сұмдық күйінді. «Мынау
барып тұрған іске жаны ашымастық, қаскөйлік!» деп долырғанда көз алды көгіс
тартып, әп-сәтте жасылданып шыға келген. Жаңа директордың бет-өңіндегі бұл құбылысты
аңдаған ауыл жұртының арасынан былай шыға беріп: «Қан көрген адам оңсын ба,
сірә; соғыс басталған қанды қырғи жылы алдыңғылардың бірі боп майданға аттанып
еді; содан міне жүйкесі тозып, сүлеленіп енді келіп отыр; әйтпесе жоқтан езгеге
селкілдеп, дірілдеп, қалшылдап осынша ашуланатын не жөні бар еді» десіп, өзара
күңкілдескендер де табылды. Бірақ Шернияз
олардың бұл күңкілін естімеді де, білмеді де, Естіген күнде де оған көңіл бөліп жатуға мұршасы жоқ-ты. Әр күні
жылдан ұзақ, әр жылы ғасырдан
ұзақ кешегі қанды қырғын соғыста сұм ажалмен сан мәрте бетпе-бет келіп, кекпен суғарылып,
шыңдалып жетілген, сол жолда өзі сүрінсе де туы жығылмай туған
ауылына жеңіспен оралған оның бұл уақытта жан-жағы сым темірмен
құрсауланып, түртіп қалсаң ұшып түскелі тұрған сынық кеседей
тозғынданып бітуге, құруға
айналған МТС-ты аз мерзім ішінде
қайта қалпына келтіріп, қалай түзеп
жолға салып дөңгелетіп алып
кетерін білмей алғашқы әуре-сарсаңмен жанұшырып шырылдап жүгіріп жүрген кезі болатын. Өйткені МТС Талас өңірін жайлаған колхоздар мен бөлімшелердің
дүрсілдеп соғып тұрған алып жүрегі
іспетті көрініп, алда-жалда оның жұмысы дұрыс жолға қойылмай тобығынан
туралап тоқырап тоғысар болса, онда былайғы
шаруашылық та қоса тоқырап, күйзеліп
қалатындай әсер етуші еді  Шерниязға. Сондықтан оның уақытпен
санасып, арқасын кеңге салып,
беймарал жүруіне мүмкіндігі жоқ-ты. Трактор, машинаның тілін білетіндер соғысқа алынып, олардың орнын
ауылда қалған кембағал кісілер басып еді. Олар көзін тауып жұмыс істеп, күтіп ұстай-тын
қайбір жібі түзу жандар еді, тәйірі. «Боранды күні ит пен бала құтырады»
демекші, қолдарына тиген бір-бір көк темірді кермедегі аттан жаман қаңтарып қойып,
көз сүзген қыз-келіншектерді алыстан торуылдап, сонсоң мысықтабандап жақындай
түсіп, бәдіктей айналдырып, ақырында кабинасына салаң еткізіп салып алып,
трактордың сынған, бүлінгеніне қарамай ойлы- қырлы жерлермен кұйғытып айдап,
бұрандалы бөлшектерін жол-жөнекей шашып, түгесіп бітуге жақын қалып еді. Ендеше
ел басына түскен осындай аласан зұлматтың сол жылдары бастарына еу жұқпас жылмағай
жылпостарға бақыт, куаныш боп дарығандары және өтірік емес-ті. Таласопырдан
бергі өңір түгел қараған жалғыз МТС-тың сыңайы әлгіндей болғанда, сол төңіректі
жайлаған ауыл-аймақтың күйі одан да төмен еді. Мүйізі қарағайдай-қарағайдай
ер-азаматтарын соғысқа жөнелтіп, кемпір-шалға, қатын-қалашқа, бала-шағаға қарап
қалған жетім ауыл, шынында да, балапан тал, шырпыларын дауыл суырып, жұлып алып
кеткен құм өңірін құлазытып еске түсіргендей болатын; алайда әр-әр жерде кәрі
бұғының мүйізіндей арбиған-арбиған үлкен кәрі сексеуілдер сусыған қиыршық майда
құмды тамырымен байлап, құм көшкінін болдырмай апаттан сақтап тұрғандай
көрінсе, сол кезде жылдар салмағын көтере-көтере сұрау белгісіндей иіліп, қанша
еңкіш тартса да бәрібір қоңырқай, жүдеу тірлік кешкен жетім ауылдың шалқайған
шағын шаңырағын құлатпай тіреп аман сақтап қалған да сол ауыл қарттары еді. «Құмда
сексеуілдің жаны сірі, ауылда шалдардың жаны сірі» деген сөздің бір ұшқыны
кейде сол ауыр- жылдарда жатқандай сезілуі, міне, содан-ды. Шернияз Сардарбеков
әрі-бері ойлай келгенде алдымен қолда бар мүмкіндіктер мен ауыл шаруашылығы техникасының
есебін түғел алып, оның ішінде қаншасы бұзылып істен шықты, қаншасы жөндеуге
келеді - соның ұзын санын және есептеп шығарып, жүйелі хаттап, көңілге түйіп
барып соған орай шұғыл әрекет жасауды жөн көрді. Сөйтіп техникадан хабары бар
адамдарды алдына шақыртып, оларға мән-жайды түгел түсіндіріп, біреуін жаңа
құрылған комиссияның басшысы етіп бекітіп, ешқайда мойындарын бұрғызбай
солайымен гараж ішіне енгізіп жібере салып еді. Олар екі күн жүріп, гараждағы
темір атаулының есебін түгел алып бітірді де, оны хатқа түсіріп, директордың өз
қолына тапсырып жөндеріне кетісті. Жедел құрылған комиссия  қорытындысымен ыждаһатты танысып шыққан Шернияз
Сардарбеков осыдан соң-ақ көп кешікпей іске шұғыл кірісуді кездеді.
Өткен-кеткен кем-кетікті ойлап, жүйке кемірген сары уайымға салынып,
оқтын-оқтын ішін ұлытып сарыла бергеннен түк өнбесін сезді. Сөйтіп ел ішінде төбесі
қарайып көрінген тракторист пен  шоферларды
көзінен тізіп ойша шолып шығып еді. Қалай санаса да оларды жеті-сегізден әрі
асыра алмай сұмдық дал болды. Бұл мезгіл тәрт жылға созылған ұлы сүргін соғыс  жаңа бітіп, сол қырғын тажалдан аман
қалғандар енді-енді елге оралып, қаралы аспанынан қара бүлты біртін-біртін
сетінеп, ыдырай түскен қазақ ауылдары да еңсе көтеріп, қабағы ашылып, ептеп
жадырап күле бастаған жайма-шуақ түс еді. Күлкі елді ұмытқан, ел күлкіні ұмытқан
сұрапыл жылдар болды ғой ол кез - не айтары бар енді. Талас бойын қуалай
орналасқан қырықтан астам колхоздар мен бөлімшелерді Ойық МТС-ы трактор, машинамен
әр маусым сайын қамтамасыз етіп тұру қажет болса, ендеше сол қырықтан астам
колхоздар мен бөлімшелердің соғыстан аман-есен келген он шақты еркек кіндігі
қай жыртықты жамап-жасқауға жетеді. оның өзінде де олардың көбі бір аяғынан,
бір қолынан, бір көзінен айырылған, одан қалса о жер, бұ жерін оқ тесіп, жұлған
өңкей кембағал жандар болатын. Соғысты қара қағаз немесе осындай мүгедек
мүсәпір жандар деп түйсініп үлгерген ауыл жұрты осыған да шу-тіршілік етіп,
кәдімгідей айра-жайра болысып, той-томалақтарын жасап, оларды жақсылап қарсы
алысып  еді.  Шернияз ауыр күрсінді. Ауылдарына оралған
әлгі он шақты кісілердің ішінен трактор руліне отыруға жарайтын бірен-сараңынан
өзге қара-құра кісі таппай сарсылып отырып қалды. Оларды үй-жайымен көшіріп әкеп
МТС жұмыстарына жексе онда сыз жерден бауырын жаңа көтеріп, аяғын әлтік-тәлтік
басқан көтерем сиырдай теңселіп әзер тұрған шаруашылық жұмыстарын күрт төмен
түсіріп, ойда жоқта ойсыратып алардай көрді. Қанша дегенмен колхоздарға да
жұмыс күші аса қажет-ті. Ал жекпесе МТС жұмысы тез арада жолға қойылып,
өркендеп, өрістеп кете алмайын деп тұр. Бірақ басқа амал жоқ, қайткен күнде де
бұл түпсіз жылымнан жарға да соқпай, суға да батпай таза сытылып шығып кететін
тиімді жол қарастырғаны жөн. Әйтпесе өзін де, өзімен бірге қызмет істеп жүрген әріптестерін де ел-жұрт алдында ұятқа қалдыруы кәдік. Шернияздың бұлай әрі-сәрі хал кешіп, әуре-сарсаңға түсуіне
себеп те жоқ емес-ті. Әшейін араз ағайын секілді бір-бірінен алшақ жүретін
туыстардың қиын күндерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бәрі бір
жерге жиналып, тас түйін бекініп алатын әдеті барды. Сол дағдысына қайта басты
ма, немене, соғыс басталған жылы МТС-та істейтін ер-азаматтары майданға аттанғанда,
елде қалған жарлары үй мүлкін буып-түйіп, бала-шағасын шұбыртып,
туған-туыстарын сағалап жан-жаққа көшіп кетіп еді. Қазір солардың бір қатарының
еркектері майданнан оралған бойы сол әйелдері көшіп барған колхоздарда еңбек
етіп, біреуден кейін, біреуден ілгері, тату-тәтті тұрмыс түзеп, мамыражай тұрып
жатыр. Олар шын мәнісінде колхоздан гөрі МТС- қа аса қажет еді. Бірақ бұны ол
тұста Талас өңірінде   Шернияздан өзге
бірде-бір адам жөнді түсінбеді де, әрі тарт та бері тарттың шеке қыздырған
қарыспа ерегісі туып, содан даулы өрт шығып кете жаздап, әупірім дегенде әзер
басылған-ды. Соғыс жылы әйел, бала-шағасы әрбір колхозда тұратын күзірлі туыстарын
сағалап көшіп кеткен трактористерді үгіттеп көндірсе, оларды жіберуге колхоз
басқармасы көнбей, алда-жалда колхоз басқармасы көнсе, Олар көнбей әрі-сәрі
сергелдеңмен Шернияздың екі-үш күні өтіп кетті. Әрбір күні өстіп
мағынасыз күйкі тір-

лікпен ұйқы-тұйқы ақырын жылыстап
өте берсе бұның арты неге апарып
соғары бір өзіне аян: әйтеуір соңы жақсылықпен
бітпейді - бұл соны жақсы біледі. Шернияз Сардарбеков әрі-бері ойлана келгенде колхоздар мен бөлімшелерде
шашау жүрген бірен-саран трактористерді қайткен күнде де МТС-қа топтастырып жинап
алып, сонан соң бел шешіп іске қызу кіріскенді жөн көрді. Соның алғашқы
бастамасы секілді түйсініп, телефон құлағына жабысып отырып ап жанжақпен хабарласуды
ойлаған. Алдымен «Қызылжиде» колхозына звондап еді, басқарма шаруашылықты
аралап шығып кеткен болды. Телефон құлағын көтерген әйел сызылып  солай деді. Шернияз «жарайды» деп
естілер-естілмес

ақырын күрсініп алды да, келесі «Бірлік» колхозына звондауға кірісті. Бұл
колхоздың басқармасы Атантаев Нарқоспақ деген жуан бұжыр қара кісі еді. Трубканы
өзі көтерді. Даусы мұндай зор болар ма, «да» дегенде телефон құлағын жарып
жібере жаздады. Шернияз тіксініп қалды. Бірақ сыр білдіргісі келмеді де, түйінді
мәселеге бірден ойысып, мән-жайды кеңінен түсіндіріп өтті. Атантаев
Шерниязды бұрыннан жақсы
білмесе де

ел-жұрттың
сөзінен сырттай қанық еді. Қазіргі сәтте қоңыр даусын қоңыраудай қағып, әр сөзін шегедей қадап, жатық та әрі сабырлы сөйлегеніне қарап, оның осал кісі емес екенін жазбай таныды. Іле екі ұдай ойға шомған ол Шернияздың
сыйласқанмен сыйласып, ұстасқанмен ұстасып,
тістей жабысып айырылмайтын азу тісі бар,
оның үстіне беттілігі мен қасарыспа қайсарлығы бар өжет жігіт екенін және ойлап, тілегін бірден орындап, ісін
тындырып жібере салмақ болып бір оқталды да,
кенет есіне әлдене түсіп, ол райынан тез қайтты. Іле түсі де сұрғылт тартып, суып жүре берді. Осыдан бір- екі
ай бұрын өзінің директорлыққа өтпей қалғанын ойлағанда қызғаныштан іші тіпті қыж-қыж қайнады. Ал-

дында жатқан мүшелі мол сыбағасын
ойда жоқта Шернияз келіп қағып алып кеткендей көріп, оған деген өш- пенділік оты сәт санап қоза түсті. Сонсоң
«ондай маман тракторист саған керек болғанда, маған жұмыс күші қажет емес пе? Бұ қай сөзің
сенің?» деп сөз соңын кесіп айтып, телефон трубкасын сарт
еткізіп орнына тастай салды. Шернияз бұдан кейін оған мәймөңкелсудің онша қажеті жоқ екенін жіті
түсініп, басқа тәсілге көшкенді жөн санады. Жағдайын түсіндіріп
айтып, жылы-жұмсақ шығарып
салса оған сөгіс бар ма, тәйірі. Құдды қыр көрсеткендей суық ызбар танытып, өзімен жөнді сөйлесе
қоймағанына жыны ұстап, өз істегенін өзіне істеп, қайткен күнде де алдына бір
келтіріп, тәубесіне түсіріп қоймақ болды. Әйтпесе өзін асу бермес асқар тауға
балап, екі күннің бірінде жолына кесе-көлденең жатып алып, жұмыс істетпей
білгенін қоқсытып жүрер деп қауіптенді.  Ол
бұдан кейін де техника тілін меңгеруге икемі бар адамдарды іздестіріп,
қасқалдақтын, қанындай қағыстырып қарап, тапса қолқалап, Талас бойын сағалаған колхоздарға
әлсін-әлсін телефон соғумен болды. Бірақ оның бұл әрекетінен де түк шықпады.
Тек екі-үш трактористі құлағынан басып тұқыртып отырып «Қызыл жиде» және «Жаңа тұрмыс»
колхоздарынан шырылдатып тартып алғандай болды. Алғашқы мезетте бұл екі колхоздың
басқармасы да бұны маңына жуытқысы келмей олай бір,бұлай бір сынаптай сырғып,
жуық маңда жалынан ұстата қоймады. Алайда соңынан Шернияздың мінезін сырттай
да, іштей де жақсы білетін болғандықтан көп түлкі бұлтаққа сала алмады да,
айтқанын екі етпей сүрағанын беріп құтылардай қалып танытып еді.

Осы екі-үш трактористке екі-үш көмекші қосып беріп, біріңнің білгендеріңді
біріңе үйретіп, тәжірибе алмасыңдар деп бәрін сол бойда МТС гаражына сүңгітіп жіберген.
Сонысы таптырмайтын ақыл болып, мынандай қысталаң шақта директордың беделін бір
көтеріп тастады. Әлгі екі-үш көмекші арада бірер апта өтер-өтпесте кез келген
трактор, комбайнды бұзып, іле қайта құрастырып, еркін жөндеп жүргізіп айдап
кете беретін дәрежеге жетіп қалды.  Директор
сонымен бірге МТС жұмысын жақсартпай, оны жүйелі жолға қоймай Талас бойын
сағалаған колхоздардың дәулетінің артпайтынын, ал колхоздардың дәулеті артпай
халықтың әл-қуаты, тұрмысы жақсармайтынын бірден түсініп, сөзден гөрі іске жүгінгенді
жөн көрді. Ол үшін кейінгі жас өскіндерді және басқа

да саналы адамдарды. МТС-қа
көптеп тартып, бір жерге шоғырландырып, қауымды күштің отрядын құрап алғаны абзал-ды. Бұнсыз бәрібір жұмыс өрге баспақ емес. Шернияз Сардарбеков, бірақ, қанша
талап қылса да алғашқы тұстарда адам
тауып, техника мамандарын көбейтіп,
іске бірден жұмылдырып жандандырып кете алмады. Басына тартсаң аяғына
жетпей, аяғына тартсаң басына жетпей
зықыңды шығаратын қысқа, шолақ

көрпе секілді адам жарықтықтың да
күндердің күнінде анаған жексең мына жұмысқа, мынаған жексең анна жұмысқа жетпей кісіні әбден
әуре-сарсаңға түсіріп, мезі етерін кім білген. Алайда, ол бұның бірін де елең қылмады. Бірде кешкісін іргедегі «Бірлік» колхозына елеусіз аттанып
жүріп кетті. Бүкіл Талас елдіріне түннің қою қараңғылығы екі-

деп түсіп, төңірек түгел жым-жырт
тыныштық құшағына еніп, маужыраған тәтті бір мезгілде
Шернияз Сардарбеков әлдекімнің есігін ақырын қағып тұрды.
Сол сәт оның
ескі тамырына жолай соғып,
іле түн жамылып жорыққа суыт
аттанғалы тұрған ұры секілденіп көрінгені де өтірік
емес-ті. Іштен ұзын бойлы сары
кісі шығып есік ашты. Шернияз алдымен үй иесіне өзін таныстырып, сонсоң түнделетіп
бұлай не себепті жүргенін қысқаша түсіндіріп өтті. Үй иесі алғашқы кезде бұған
сенер-сенбесін білмей екі беті сәл қуқыл тартып, сазара түсті де өңін билеп ала
қойды. Сонсоң түн қатқан бейтаныс жолаушының жүзіне аңырып караған күйі «қазір
келем» деді де ішке асығыс кіріп кетіп, киініп қайта шықты. Аздан соң екеуі
ауыл сыртындағы қырға беттеп, жүре сөйлескен бойы ақырын әңгімелесіп келе
жатты...Осыдан төрт-бес күн еткенде «Бірлік» колхозындағы жиырма шақты неміс
семьясы орындарынан дүр көтеріліп, бір түнде түгел көшіп кеткені белгілі болды.
Бұл зауалдың қай тұстан түнеріп жеткенін алғашқы сәтте аңдай қоймаған колхоз
басқармасы Нарқоспақ ежелгі ожар мінезіне басып, жарты әлемді жайпап, жапырып
жіберердей боп сұмдық тулады. Колхоз активтерін алдына шүұғыл шақыртып алып:

- Көкке ұшса да жерге
кірсе де қаны бұзық бұл усойқыларды
іздеп тауып, көздерінен сорасын ағызып осында қуып айдап келіңдер,- деп оларды
жан-жаққа таратып, жүгіртіп жіберді. Әдепкіде активтердің бір белігі
Нарқоспақтың әлгі сезіне тіксініп, іштей қобалжып, тосылып тұрып қалысып еді.

- Heгe тұрсыңдар сілейіп түге. Өтірік пе усойқы екендері. Соны да көзге
шұқып дәлелдеп айтуым керек пе енді. Қайтсем екен сендерді?! Бұл сұмырайлар сойқанды соғыс
ашпағанда атан жілік азаматтарымыздан айырылып,
шаңқай түсте жерге қарап, аңырып отырып қалар ма едік, a?!-- деп ақырып оларды да қолды-аяққа тұрғызбай тысқа түріп айдап
шықты. Нарқоспақ тегінде оғаш
қимылдың, ожар мінездің шырық бұзар таяз, тентек адамы еді. Аузына
келгенді талғамай көпіріп, талғамай
жұтатын нағыз көк соққан-

ның өзі болатын. Жасыратын не бар енді, ел басына төнген соғыс бұлты Нарқоспаққа да өз жақсылығымен жайдарлы көрініп, қанша жайсыз кісі
саналса да төмендеген осал қызметі осы басқармалық боп қайта сайланып атқа мініп, айбынданып шыға
келіп еді. Әдепкіде колхоз тұрғындары ақылынан ашуы бұрын жүретін ожар кісінің бұлай аяқ астынан бағы артып,
жұтынып шыға келгенін не жақсылыққа, не жамандыққа
жоры-сарын білмей едәуір
дағдарысқан. Бірақ қайткен күнде де
«Бірлік» колхозына біреу
басқарма боп бекіп, мынандай қысталан шақта ел басқарып, тізгіндеп ұстау қажет
екенін және ойласып, өзара бір тоқтамға келгендей болып, жөнге көшкен-ді. Ертеде бір әйел абысын-ажындарымен
сырласып отырғанда күйеуін
жерден алып, жерге салып жамандаған құрбысына
бұрыла, қарап: «Бай таңдайтындай қайбір көркім оңып, жетісіп

тұр еді менің. «Тисең алам» дегесін ай-шайға қарамай етегінен ұстап тартып жүре берген жоқпын ба, мен бейбақ!» деп
ағынан жарылған екен. Сол айтқандай, «Бірлік» колхозы да ол тұстарда бастық
таңдайтын беймарал жағдайда емес-ті. Нарқоспақ осында алғаш бас-

қарма боп бекіп.келген күні
колхоз тұрғындары «әйтеуір берік киген еркек кіндік қой, шаруашылықты сүйретпеге салмай ерге тартып үйіріп
алып кете білсе болды емес пе» десіп,
тіпті тағдырларын да соған сеніп тапсырып,
іштей көнген, келіскен сыңай танытысып еді. Нарқоспақ
басқарғалы, шынында да, «Бірлік» колхозының шаруашылығы жаман болған жоқ-ты.
Қара бұжыр жүзікке ызғар жиып, елді ықтырып ұстаса да оларды іске жұмылдырып, жұмыс
жасата білді. Сөйтіп аз жылдың беделінде абырой-атаққа оңай жетіп, өзін төңіректеген
әлдекімдерден иығы асып жоталанып шыға келген. Оның үстіне ел-жұртта бұл уақта
ауыр жылдардың азап-мехнатын жан дүниелерімен жіті сезініп, өз-

ара ынтымақ қүрып, бір арнада қозғалысатын боп қалыптасып үлгеріп еді.
Басқарманың беделіне бұл жәйт те ырыс боп қосылып, мәртебесін бүрынғыдан да
биіктетіп жібергендей болды. Соғыс жылдарында ол Қызылкөл ауданына қоныс аударып
келген немістерді өзге колхоздарға бірін де бөліп бергізбей тізеге басып отырып
-ақыры ұзақ ырғастан соң жеке өзі жырып алып кетіп еді. Ондағы мақсаты:
ғайыптан пайда болған тың күшті колхоз жұмысына жегіп, шаруашылығын дұрыстап
көтеріп алмақ-ты... Осының бәрін ой елегінен өткізген басқарма жалын  күдірейтіп, өзін былайғы момын жұртқа қанша
айбарлы етіп көрсетуге тырысса да бәрібір абырой-атақтан жұрдай боп, желі
шыққан местей біртіп-біртін семіп, солып бара жатқанын осы жолы анық сезді.
Немістердің түлен түрткендей бір түнде қопарыла көтеріліп, әлдеқайда
буынып-түйініп тайып тұрғандарын және ойла-

ғанда өз жай-күйінің онша мәз емес екендігіне тағы да көзі жеткендей болды.
Бірақ «бөрі арығын білдірмес» демекші, Нарқоспақ та неге болса соған іштей
таусылып, мұжылып отырып қалғанды аса жөн көрмей бұрынғы өр қалпын қайта тауып,
сұстанып түнере түсті.

III

Ойық ауылы көшіп келген жұртқа жағдай жасауға шұғыл кірісіп кетісті. Семья
бас сайын дағарадай жеке үй тауып ұсынбағанмен өздерінің бір-бір бөлмелерін лезде
босатып беріп, ежелгі жұрағатындай жылы қабылдап, ашық қабақ танытысқан. Бұның
бәрі шындап келгенде Шернияздыц арқасы болатын. Әйтпесе қайда?.. Соңдарына ит
қосып түре қумағанмен бәрібір бүйтіп үстеріне баса-көктетіп кіргізіп қоймас
еді. Кешегі сұрапыл соғыстың ылаңы ұмытыла қойды деймісің- кім-кімнің
көкірегінде де сол сом жараға айналып қазірдің өзінде сыздап тұрған жоқ па.
Бірақ көңілге жалғыз жұбаныш: бұлардың тегінде аты неміс болғанмен заты бөлек
неміс екендіті еді. Сөйтіп оларға бір шама тәуір жағдай жасаған Сардарбеков
салғаннан қатал көрініп, жұмысты бұлтақ-салтаққа жол бермеуден бастаған. Істің
басы қатты болса аяғы тәтті болатынын түсіндіріп айтып, жеке-жеке жұмыс бөліп
беріп, бірінің үстінен бірін басқартып, қадағалатып қойды. Шернияз,

бірақ, бұнымен де тынбады. Іштеріндегі еті тірі пысық, білімді біреуін
МТС-тың бас инженері етіп тағайындап, өзі бар жайды содан сұрап біліп отыруды
ойлады. Сөйтіп бәрін қолмен қойғандай жайғастырып болып, соның әсерінен тәтті
қиялға жол беріп, өзімен-өзі оңаша жүргенде кенет гараж жақтан айқай-шу шығып,
әлдекімнің әддекімдерге жекіп ұрсып, әлдененің әлденелерге сарт етіп қатты
соғылып, жер-дүниені көшірген азан-қазан

оқыс дауыстары
естіліп, құлақ түбінен кетпей шыңылдап тұрып алмасы бар ма, Шернияз бұл жәйттің
тегін емес екенін тұла бойымен жіті сезініп, лып етіп тысқа ата жөнелген еді.
Екі өкпесін қолына ұстап жанұшырып алқынып жүгіріп жеткенде көрді - Нарқоспақ
бас-

қарма есік пен төрдей ұзын күрең қасқа атқа мініп апты да, шеберханада
машина, тракторлардың оны-мұны жерлерін шұқылап қарап, жөндеп жүрген
немістердің төбелеріне шаңқай түсте қамшы үйіріп, бөрліктіріп жүр екен. Аузына
ақ ит кіріп, көк ит шығып, қайдағы жоқты сайырып айтып, кісінің иманын
үйіргенде, айтпа - өзіңнің не істеп, не қойғаныңды білмей кетесің. Ә, сұмырайлар! Қанатымның астына алып,
ба-

ғып-қаққаннан өзге не жазығым бар
еді, а?! Соның бәрін ұмытайын
деген екенсіңдер енді. Әйтпесе әрқайсыңа жеке-жеке
бөліп берген жүмысты сол ашық-шашық күйінде қалай болса солай тастап, бастарың
ауған жаққа қашып кете берер ме едіңдер түге!- деп май-май қолын таза шүберекпен сүртіп, өзіне
тақап келе берген біреуін иықтан ала қамшымен тартып-тартып жіберді. Шернияз мына сұмдыққа көпе-көрінеу
тезбеді. Бауыр, еттен жаралған туыстарын әлдеқайдан can етіп өктем жеткен
қаныпезер біреу сойылдап, шетінен үрыгі түсіріп, ұшырып жатқандай көкірегін.
көк жойқын ыза кернеп, көз алды қанталап, қарауытып жүре берді. Одан ары не
боп, не қойғанын өзі де білмеді. Жанұшырып жүгіріп барған бойы Нарқоспақтың
жағасынан ала түсіп, ат үстінен аударып, жерге атып ұрды. Нарқоспақ денесі
ауыр, мол жаратылған сүйегі тым ірі, қара бұжыр кісі болатын. Тақыр жерге бар
салмағымен оңбай жығылып, жамбас сүйегі сырқырап, орны-

нан тұра алмай
қалды. Осы кезде жұрт та жан-жақтан жүгірісіп жеткен еді. Келген бойда ай-шайға
қарамай жамбас, белін сипалап, ыңырсып ортада жатқан Нарқоспақты бір-бір

теуіп өте шығардай кіжініп
жеткен-ді. Бірақ оларды Шернияз
бастатқан басалқалы кісілер еріктеріне жібермей ұстап
калысты. Әйтпегенде қандары қызып,.қызыл көзденіп жаланып жеткен өңкей
бейбақтар білегін сыбанып, бір сойқанды бастап жіберуі кәдік еді.

Түлен түртіп, аздап таяқ жеген Нарқоспақ
басқарманы сол жерде жүрген көз таныстары атына мінгізіп, «ендігі мезетте ешкімге ұрынбай, соқтықпай осы сыйыңмен ың-шыңсыз қайта ғой» деп,
тізгінінен жетелеп ұстаған
бойы гараж сыртына шығарып, жолға салып

жіберді.  Өмірінде
бұндай қорлық көрмеп еді. Соны ойлағанда, неге екені белгісіз, кенет көкірегі
қыжылдап қоя берді. Тұла бойы ызадан, намыстан өрт боп жанып, көкірегін аяусыз
тырналап жатты. Ертеде күйік көтерген әйел «аһ» ұрып аласүрып, басьш тауға,
тасқа соғып, езін елтіруге айналған сәтте қайғы-қасіретін ұмыттырып, сабасына
түсіру үшін күйеуі дойыр қамшымен жон терісін сыпырып сабайтын болған. Кенет
сол есіне түскенде ол шытырман өмірдің шырғалаң бір түйінін шешкендей бүрьгнғы
сабырлы

қалпын қайта тауып, алысқа ойлы көз жіберіп, қыбыр етпей қадалып отырып
қалды.

Нарқоспақ сонда ойлаған: бұрын төбелеріне үйірген қамшының зуылын елемей
нұсқаған жағына жоғалып, жұмыстарын тындырымды атқарып кете берген болса, ол
олардың момындығынан, жамандығынан, сорлылығынан туған жәйт емес екен ғой, оны
кім білген?!-деп. Және ойлаған: қолымдағы дойыр қамшымен кезінде біраз ағайынды
бастан тартып-тартып жібергенім барды; сонда олар тіс жармаған күйі тіпті
бұрылып та қарамай үн-түнсіз томсарған қалпы жөндерімен кете беретін еді; сөйтсе
тұщы етіне тиген ащы таяқты жанын жегі құрттай кеміріп жеген, өзегін өртеп,
күйдірген күйік отын аз да болса ұмыттыра түссін деп елемеген екен ғой,- деп.Нарқоспақ
сол сәт іштен құмыға тағы да ойланған: енді байқамаса болмайды деп; бірде
болмаса- бірде шарт етіп сынып, шытыр жеген түйенің қарны құсап бір-ақ жарылып,
бет-өңіріңді түгел қою жынға көміп жіберуі кәдік деп; ұлы Абай қазақ халқын
тегіннен-тегін жылқыға теңемеген, сәті келгенде жолындағысын таптап, жаншып өте
шығудан тайынбайды деп; ендігі мезетте былайғы жұртпен аңдап-аңдап сөйлесіп, жөнге
көшпесем болмас; күндердің күні туғанда мен де соның кебін құшпасыма кім кепіл
деп. Нарқоспақ қара бұжыр жүзін онан сайын қабартып,

сызданып аттанып кеткесін, Шернияздың өзі де бұл жерде көп аялдап тұра
бергісі келмей, МТС жұмысшыларын өз орындарына таратып, іле кеңсесіне беттеген еді.
Алғашқы ет қызумен не істеп, не қойғанын сонда барып бір-ақ түсініп, шарасыз
кейіп таныта амалсыз

күрсінді. МТС жұмысын жандандырып бастамай жатып, өзі бастап білек сыбанып, төбелеске сайланып шыққанын жоғарыдағылар
естісе, әрине, бұның маңдайынан

сипай қоймайды. Бұл Нарқоспаққа да оңай тимейді. Бірақ оның бұл қыспақтан
«бейбақтарды қанатымның астына алып, үй-жай беріп, оларға әкелері жасамаған

жақсылықты жасап бақтым, алайда жіліктеріне май жүгіріп, қоңданған келесі
мезетте колхоз жұмысын тастай қашып, қайдағы бір күлді бадамның азғырғанына
еріп, тайып тұрған опасыздығын көргенде төзбей кетіп, қамшымды көтеріп
қалғанымды білмедім» деп құтылып кетуі де ғажап емес. Сонда қармаққа ілінетін нағыз
шортан балық мына Шернияздың өзі болады - көр де тұр. Бірақ, қалай дегенменде,
таяқ жеген неміс- терге жақтасып, ашулы басқарманың тентек, оспадар қылығым
бетіне шыжғырып басқандай болып, ат белінен аударып, майлы құйрықтан аямай
теуіп-теуіп жіберуі сол орайда Шернияздың кім екенін, бауыр тартқан жаны игі
қауымды сырт көзден қорғап, жебей білер салауатты батыр кісі екенін таныта
түскені анықты. Шернияз жұмыс бөлмесіне келіп жайғасып отырған соң да өзіне-өзі
келе алмады. Ойына қайдағы-жайдағылар түсіп, миын шағып, шыңылдап тұрып алды. Әрі-бері ойлай келгенде өз ісінің жақсы
жақтары да, жаман  жақтары да бар екеніне көзі жетті.
Жақсы жағы: ертеде іргесі берік қаланған ойық МТС-ының соғыс жылдарында күтімі болмай машина-тракторлардың
бөлшек, жабдықтарының сынғаны сынып, сынбағаны
жоғалып, тозуға айналғанын ерте
түсініп, оны қалпына келтіріп, жұмысын
жандандырып, тез арада игеріп алып кетпесе  Талас бойын сағалаған
шаруашылықтардың қай-қайсысы да енді аз уақытта бауырын көтере алмай шөгіп отырып қалатынын және түйсініп, іштей
батыл қадам жасады, көрші колхозда ірге теуіп, орнығып
үлгерген немістерді үгіттеп, осында көшіріп алып келуі еді. Рас, колхозда да адам
күші жетіспейді. Алайда, бұлардың
колхозда жұмыс істегендерінен гөрі өздеріне етене
жақын МТС-та төбе көрсетіп қарайып
жүргендерінің әзі ел үшін

де, қоғам үшін де әлдеқайда
пайдалы болатын. Шернияз,  міне, соны өзгелерден бұрын ұғынып,
сол ойын жүзеге асырмақ боп жарғақ құлағы жастыққа тимей жанығып іске кіріскен-ді.
Әзірге, бірақ, бейнеттен өзге
сорды көре алмай тұр-ау, амал
қанша... Жаман жағы: қол астындағы адамдарын азғырып, үгіттеп өзіне қаратып алып, Нарқоспақты тақыр жерге аймандай ғып отырғызып кетті. Нарқоспақ та
мойнына сала құлаш галстук тағып, сықиып киініп, сызданып сөйлеп,
иығына шаң қондырмай сызылып жүрген
қазіргі дүмділердің бірі. Ол да қолда бар күшін жиып теріп, жұмылдырып,
шаруашылықтың қай саласынан да мол өнім
алып, жоғарыға жақсы көрінгісі келеді.
Осы күні «сенің атың тұра тұрсын,
менің атым жүре тұрсын»
дегенге болама, тәйірі. Шернияз
өткенде аудан басшыларының бір-екеуіне құлақ қағыс етіп түсіндіріп айта
бастаған еді. Аналар жер астынан жік көргендей көздері атызданып, ере түрегелісіп,
түлен тұтып едірейіп шыға-шыға келісті. «Ие деп тұрғаныңды білемісің, жолдас Сардарбеков! Бұл сөзіңді сол колхоздың бастығы
Нарқоспақ Атантаев естісб оның арты неге апарып соғатынын ойладын, ба?! Ол оңай кісі емес. Байқа, бала! Күлкіңді
тыя алмай жүрме. Оның үстіне қазір
шаруашылығы бір саты жоғары көтеріліп, соның арқасында ауданға сөзі жүріп

тұрған беделді адам. Иә, иә.... беделді адам!» десіп, Шерниязды әлденеден сақтандыра сөйлеп еді. Өмірде жақсы, жаманды бірдей көріп, керек десең
кешегі қанды қырғын соғысқа да қатысып, сан алуан дүние сырын көңілге құптап, соған өзі де қанығып, кезі де қарақты боп мезгілінен ерте жетіден жігіт ағасы аудан басшыларының әлгі
сөзінен онша ыға қоймады,-Содан келген кердің
қандайында жалғыз өзім керіп алдым дегендей сенімді
сыңай танытып, сол орайда өзі де іштей ширығып, қиғылық салып отырып  алып?
еді. Ақыры ұзақ ырғастан соң олар да кеп керіге бермей бір мәмілеге келіп көнген,
келіскен қалып аңдатқандай болды. Сонда да ашық кетпей «бұ жәйтті Ңарқоспақ
екеуің өзара ақылдасып шешіп, түйінді кесімін бір-ақ айтарсыңдар» деп, сөз соңын
жіңішкелеп, майдалап жібергендей көрінді:Шернияз бұның түп төркінін түсінбей
қалған жоқ, әрине. Алда жалда бұл істің соңы дау-дамайға, айтыстартысқа ұласып,
қиындап бара жатса тұтқиылдан зауал боп тенген бұндай пәле-жаладан қарақан
бастарын алдын-ала алып кашып, өздерінше сақтық жасап отырғандарын жазбай
таныды. Шернияздың намысын бұл қамшылай түскендей болды. «Шешінген судан тайынбас»
деп іштей тас түйін бекініп, алған бетінен қайтпастай боп қасарысқан ол ендігі
мезетте аудан орталығында бұлай босқа теңселіп жүріп, текке уақыт өткізгісі
келмеді. Дереу атқа қонған. Ондағы ойы: өзінің ауданда не себепті жанығып
шапқылап жүргенін Нарқоспақ естімей түрғанда «Бірлік» колхозына түн жамылып
жетсе де ертерек жетіп, олайғысын олай, былайғысын былай үгіттеп көндіріп,
сонсоң табанын жалтыратып тайып тұрмақ болып еді. Енді, міне, соның бәрі ойдағыдай
жүзеге асып, орындала бергенде ойда жоқта Нарқоспақпен қатты сөзге келіп қалып,
тіпті екеуі тамам жұрттың кезінше бір-біріне қол көтерісіп, жұдырықтасуға дейін
барысып, жоқ жерден пәле тілеп алғаны мынау. Білгенге бұл аз абыройсыздық  әкелмейді. Бірақ, қалай дегенменде,
Шернияздын, бұлай істемескеамалы қалмап еді.  Себебі, бұл сәт бұрынғы ожар бастығының
шеңгелді уысынан қашып құтылып, өзін папалаған бейбақтардың көңілдері сәл
нәрседен жабырқап, жүдеп отырып қалатын міскінді бір шағы болатыи. Қолы қарымды
нән басқарманың дырау дойырын қайтіп көтерсін, ерсіді-қарсылы екі-үш дүркін осып
өткеннің езінде біржола шөгіп, жасып отырып калмай ма қайта. Соны қас қағым
сәтте ойлап үлгерген Шернияздың әлгіндей бейбастақ іске көзсіз қойып кетуі
содан еді. Ол осындай ой үстінде оны-мұны қағаздарын реттеп, бұрыштама жазып,
қолын қойып, оларды бір шетке ысырып, қаттап тігіп отырған. Сол сәтте Иосиф
Мюллер бастатқан бір топ кісі қаусырмалы нән есікті айқара ашып, ішке сау етіп
кіріп келді де ай жоқ, шай жоқ абажадай бөлменің ортасына қойылған ұзын столды жағалай
жайғасып отырыса бастады. Директор олардың ашулы, сұсты жүздерінен бүның тегін
жүріс емес екенін аңдап, әліптің артын бағып, томаға-тұйық күйде сұлық отырып
қалды. Иосиф Мюллер директордың жанында тұрған орындыққа төбедей боп қона кетті
де, әрі-бері қозғалақтап, қыбыжықтап отырып, сонсоң ақырын жөткірініп:

-        Шернияз
Сардарбекович, бұлай болады деп кім ойлаған.
Амал жоқ, алдыңыздан өткелі жиылып келіп отырмыз.
Рүқсат етіңіз. Бұрынғы колхозымызға қайтадан көшіп бармасақ болатын емес енді.
Бір бүйірден қадалып түрған
Нарқоспақтың сұрқы жаман көрінді. Қанша дегенмен үйлі-баранды адамсыз ғой, бірде болмаса бірде кесірін
тигізіп, орға жығып кетіп жүре ме, кім біледі?!- деді таусыла сөйлеп. Иосиф
Мюллер сұңғақ бойлы, бет-пішіні мол жаратылған кесек тұлғалы ірі кісі еді. Бірақ,
иеге екені белгісіз, үнінен торығып, қажығандықтың нышаны сезіліп қалды. Оның
мәнісін жіті түйсінген Шернияз осы кезде сөзге араласып:

-        Оу,
Иосиф, бүның қалай күн жаумай жатып салыңның суға кетіп қалғаны? Жігіт адам да
өсте ме екен, тәйірі. Тас диірменге
салып тартсаң да жарылмай бітеу
шығатын қызыл бидайдай көріп жүрсем мен сені. Қой, ббныңды көрмейін енді,- деді түсін лезде суытып. МТС-та
қала берейін десе бір бүйірден қадалып, қабартып тұрған Нарқоспақтың қаһар, сұсынан
сескеніп, мұндағы жұмыстарын бітірмей сол ашық-шашық күйде тастай қашып, бұрынғы
колхоздарына табандарын жалтыратып тайып тұрайын десе оның есебін тағы таппай, сонымен
бірге аз күннің беделінде сырлас бауырына, қайырымды туысына айналып, өздеріне
жік-жапар боп құрақ ұшып жүгіріп жүрген Шернияздың көңілін және

қимай әрі-сәрі хал кешіп, аңырып отырысып қалып еді. Әсіресе, Шернияздың
көңілі бәрінен де қымбат көрініп, сол жолда олар нендей азап-мехнат тартса да
пейіл болатын. Сөйтіп директордың аузын баққан-ды. Ол не айтса соған ғана құлақ асып, одан арғысын кейін кере жатармыз
десіп шешкен. Директор бөлме ішінде
отырғандарды түгел асықпай шолып шықты. Бәрінің жүзінен сол сәт қайтпас қайсарлықты, табандылықты аңдағандай
болып:

-        Жолдастар,-деді
дауысы оқыс саңқ етіп,-қазақта «шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген мақал бар. Ендеше біз де Нарқоспақтың ожар
мінезінен қаймығып, бастап қолға алған ісімізді аяқсыз қалдырып, ед-жұртқа ұятты болмайық,-
деді әр сөзіне салмақ сала сөйлеп. Әңгімені осымен тамамдаса да болатын еді. Алайда директор немістердің
көкейін әлі де тани түскісі келіп:

-        Екі жақтың кай жағалауына
шығам деуге кім-кім де ерікті. Демек, алда-жалда Наркоспақтың ісін мақұл көріп,
соның қасынан табылам деушілер болса, осы бастан айтсын, бірін де ұстамаймын.
«Жолың әне» деп қайта жөн сілтеп жіберем,- деді.

Директордың бұл
сөзінен «осы жолы есігімді қатты жауып кеткендер кейін төрім түгіл босағамнан
да сығалай алмайды» деген сұсты көз қарасты аңғару аса қиын емес-ті.

 

Бұдан кейін бүлар да ойланып
жатпады. Үш-төрт жыл Нарқоспақтың қол
астында жұмыс істеп, онымен әбден
сыралғы боп қай тісінің түбі
сарғыш тартып, қай тісінің түбіне құрт түсті - соған шейін білісіп, үйреніскен олар алдағы
уақытта одан опа таппасын жақсы се-

зіп, содан көп балтай-шалтайды
койып, МТС-та тұрақтап
орнығып қалуды бәрі де іштей ойласып, мақұл көріп, отырған. Бірақ осы арада солардың бір-екеуі тіл қатып, топтың түпкі
адал ниетін жеткізбесе сөз, жөн білмейтін өңкей топас жандар секілді көрінетін
болды. Соны жіті аңдаған бас инженер Иосиф Мюллер тамағын қырнап сәл
жөткірініп, алға ұмсына беріп сөйлеп кетті:

-        Шернияз Сардарбекович, кеп
мылжыңдап басыңды ауыртып қайтейін. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол:
сіздің бізге қорған, қамал болмақ адал ниетіңіз бұрыннан бар-ды. Ендеше бізді
сол қамал ішіне жүйелі орналасқан алып механизм секілді күндіз-түңі

бір тынбай іске қосылып, жаңғырып, жаңара беретін өнімді қолқанат көріңіз,-
деді сенімді байлауын білдіргендей болып. Директор неміс жігітінің қазақша
жатық сөйлегені-             

не таңданған кейіп
танытып, аузын ашып аңырып қалып еді. Соны сезгсн Иосиф:

-        Шернияз
Сардарбекович, сіздер кісіні қазақша сөйлетпей
қоясыз ба?- деп зілсіз
әзілдеп күлді. Шернияз қоса күлді. Кенет
Иосиф директордың жүзіне аңырып қараған

бойы ол күтпеген тосын сауал қойды.

-        Шернияз Сардарбекович,- деді қоңырқай дауыспен баяу сөйлеп,- сіз қалай ойлайсыз? Нарқоспақ  Атантаев
ауданға шағым жасап, «аттандап» қуынбас па екен?
Өйтсе біздің күніміз не болмақ?!-деп әуелгі күдігін де жасырмай ағынан жарылып
айтып салды. Директор Иосифтід
сауалына тез әрі сенімді жауап беруге тырысты. Бірақ әдепкіде құрғыр тілі күрметіліп  жөнді шешіліп кете алмай сәл тосылыңқырап
іркіліп қалды да іле жазылып жүре бергендей болды.

-        Қор..р. Ыһі... қорықпа,
Иосиф. Танауының қанын сорғалатып шешесіне жүгіре женелген бала көремісің Нарқоспақты
сен. Оның қате. Білсең, бауырым, ол дегенің қара еменге қарсы біткен иір
бұтақ емес пе - қашаннан өз
соқпағын жөн санап, өзгенің сүйретпе сүрлеуіне ғүмыры аттап басып кермеген,- деді қарқ-қарқ күліп.- Білмейді екенсің сен оны. Алды тар
болғанмен соңы жайма-шуақ оның қақ шекеден түйіліп, түнеріп келген қою қара бұлт
секілді нөсерін төгіп-төгіп жіберіп, әп-сәтте шайдай ашылып жүре беретін туысы
бөлек  бекзатым ғой ол дегенің!-деп көл-көсір
жақсылықты

бір соның жеке басына үйіп-төгіп молынан бере салды. Иосиф директордың бүл сөзіне
сенерін де, сейбесіп де білмей аңырып отырып қалды. Сенейін десе: үш-төрт жыл
бойы қол астында жұмыс істеп, ожар мінезінен өзге жақсы қылығын көзі көрген
жоқ-ты. Содан оны кешелі кісі деп айтуға кұрғыр аузы бармай тұр еді. Сенбейін
десе: Талас өңірінің бүкіл жұрты өтірік айтса да  Шернияздың өліп бара жатса жалғыз ауыз жалған
сөйлемейтінін жақсы білетін. Әдетте,
теңіз суының дәмін білу үшін оны
шелектеп ішпей-ақ бір ғаңа тамшысын татып
көрсе болды емес пе. Сол сияқты Иосиф та Шерниязды алғаш-көргеннен оның кім
екенін, қандай кісі екенін, тіпті
жалғанға жаны қарсы ақ көйлек адал азамат екенін бірден танып, аз уақыт
беделінде онымен тонның ішкі бауындай
боп достасып кетіп еді. Сонда қалай?!
Ендігі жерде о да сүйкей салмаға бой ұра бастағаны ма?! Жо..оқ!  Иосифтің
бұл ойын да Шернияз жазбай таныды.Сонсоң оған бүкіл тұлғасымен еңсеріле
бұрылып, жүзіне барлай көз тастап қадала қарап отырды да:

- Бауырым, жақсының бойынан жаман қасиет табу - ол кез -келген кісінің
қолынан келе беретін шаруа. Ал жаманның бойынан жақсы қасиет іздеу, бұл тегінде,
ер кісіге тән өр мінез екенін ұмытпа!:-деді бойын суық ұстаған бойы оны
әлденеден сақтандыра сөйлеп. Ол директордың нені мегзеп ескертіп өткенін бірден
түсінді - түсінді де қасындағы серіктерін шұбыртып ертіп, жайдарлы көңілмен
тысқа шығып кетті.

IV

Нарқоспақ пен күйеуінің қабағы жараспай қалғанын Жәмила естісе де оған онша
мән берген жоқ-ты. «Қызмет бабы, жұмыс барысында бүгін шекіседі, ертең қайта
табысады, еркектердің тірлігіне сына қүсап кірісіп нем бар» деген де қойған. Оның
үстіне күйеуі өзі-

білетін Шернияз болса - ол өз
ісіне жан баласын араластырмайды
және ешкімге ақысын да жібере қоймайды. Сондықтан ены ойлап онша бас қатырып
жатпап еді. Тек
Қызайым енесі ептеп тіксініп қалған. «Балам келмей
жатып осындағылармен жуз шайыса бастады

ма, қалай?» деп бүныц өзінен сыр
тартып сұрап көріп еді. Жәмила ашылып
бәрібір ештеме айтпады. Жатса тұрса тілеу тілеп, шыбын жаны жалғыз
баласының үстінде жүретін қарт ананың
көңіліне күдік caп қайтем деп ойлаған. Алайда енесі өз ниетінен қайтпады. Бірде кешкісін жатар
алдында Шерниязды бөлмесіне оңаша шақыртып алып:

-        Балам, келмей жатып бүның не?
Бейбіт жатқан колхозға бүйідей тиіп, қол күшін азғырып көшіріп алғаның қалай? Бүның_
кісілікке жата ма? О да өзін, сықылды азамат емес пе? Жерге қаратып кеткенде не
түсті?-деп бірден дүрсе қоя беріп еді.

-        Апа, сөзіңізді
қате дей алмаймын. Бірақ ендігі жерде
елді бұрынғы тәртіппен басқара беруге тағы болмайды. Түсініңіз.

-        Е..е, түсінбей
маған бірдене көрініп пе.

-        Жоқ. Түк
түсініп отырған жоқсыз, апа.- Анасы ұлының жүзіне жарқ етіп жалт қарады.

-        Heгe?- Шернияз енді мән-жайды жайлап
түсіндірін өтпек болды. 

-        Жер жыртпай, егін екпей елдің көсегесі
көгере ме, апа?

-        Жоқ.

-        Ендеше сіз немістердің МТС-та жұмыс
істеуіне неге қарсы боласыз.

-        Қім қарсы бопты. Мен бе?

- Иә, сіз.

-        Тәйт әрі. He тантып тұр мынау,- деп
Қызайым  шошып кетті.- Ел басқарған екі
азамат өзара тату болыңдар дегеннен басқа нге жазығЫм бар менің. Әйтпесе жұмыстарыңда
шаруам қанша.

-        Е, бәсе, сейдемейсіз бе
маналы бері. Бір азаматтың қабағына қарап бүкіл елді жерге қарата алмайтынымды
үғынсаңыз болды, апа. Одан өзгенің маған да қажеті жоқ.

-        Тірлігіңе ел разы болса
бопты, ұлым. Бірлі-жарым азамат өкпелеп қайда барушы еді, тәйірі,- деді Қызайым
кемпір де ұлының жай-күйін жаңа түсініп. Содан кейін ол жұрт тіліне еріп, ұлының
жұмысына қол сұққанды қойды. Оның есесіне келіні Жәмила екеуі үйге келген
кісілерді жақсылап күтіп, құрметтеп шығарып салып түрмақ болды. Сонда
ғана бірі - ұлының, бірі - күйеуінің айналасынан дос-жарандары
кетпейді

деп осыған іштерінен екеуі де пәтуә жасасқан еді.

V

Шернияз ертеңгісін үйінен асығыс
киініп шығып, көше жолына түсіп,
ілгері жүре бергенде ойда жоқта мектеп
оқушыларымен үшырасып қалды. Олар жапатармағай сәлемдесіп, тұсынан сапырылысып етіп бара жатты. Шернияз табиғатында балажан еді.
Көк өрім балғындарды көргенде жүрегі біртүрлі елжіреп, жүзі бал-бұл жанып, әп-сәтте нүрланып шыға келгендей болды. Балалардың
бір-екеуін қолынан ұстап
тоқтатып,

Маңдайынан сүйіп, сипап дегендей
қамқорлық көңіл танытып, айра-жайра боп солай түрғанда соңынан МТС- тың механигі куып жетіп еді. Сол бойда
екеуі қол алысып амандасып, қауқылдасқан күйі ілгері қозғала берген. Кенет. арт
жақтан шыққан оқыс дауысқа жалт бұрылып қарағанда анадай жерде
қаршадай бір баланың аспанға тік шаншылып ап әлдекімге тілінің бар нәрін аяусыз төгіп
түрғанын аңдады. Бала бұның бәрін кімге қадап айтып тұр деп айналасына асығыс көз жүгіртіп ашулы қарап
еді. Құдай төбеден ұрғанда ол теңіректен өздерінен басқа тірі жанды көре алмай дал болды. Сол сәт қалқан құлағы да шыңылдап тұрып-тұрып ашылып
кеткендей көрінді. Баланың шаңқ-шаңқ етіп
не гөйітіп тұрғанын да анық естіді.

-        Ей,
Фриц! Қызыңды мектепке
жіберме деп қашанғы ескертем. Айтқан сөзді ұғасың ба, жоқ па? А!? Сен немене, бізді намысы жоқ жетесіз жетім
көресің бе?! Байқа! Ол ойлағаның бола
қоймас!-деп тістенгенде механикті
шайнап-шайнап жұтып жіберетін тажал секілді көрініп кетті. Бейтаныс Жас баланың бейбас қылығы
Шернияздың

жүрегіне октай қадалды. Тебесіне
біреу суық суды сар..р еткізігі құйып жібергендей іле тұла бойы мұздап сала берді. «Ойпыр-ай, не деген сұмдық еді
бұл?! Қаршадай балаға бұндай пәлені
үйретіп, миын улап жүрген қандай
сұңғыла сұм болды екен, ә!»
деп күңіренгенде маңдайынан шып-шып суық тер бірге шықты. Сасқаны ма, әлде қысылып үялғаны ма, кім білсін,
әйтеуір әлгінде өзімен жолай кезігіп, емен-жарқын
амандасқан механиктің сұрғылт
жүзіне қайта-қайта жаутаңдап көп қарағыштап кетті. Алайда ол жас баланы жазғырарын да, жазғырмасын да біле алмай назарын төмен
салып тұнжырап, үн-түнсіз сазарған қалпы табан
тіреген жерінде тістеніп сүлық түрып қалған немісті көргенде өз-өзінен ыңғайсызданып жаман күйзелді.
Қапелімде не істерін білмей тағы
амалы құрып, үяттан, намыстан
екі беті алаулап жанып, шыбын жаны
тыздықтап кетіп еді. Осындай
жанарпалыска кезіккен тұстa өзінің не істеп, не қойғанына есеп беріп үлгермеген
ол бейбас балаға қалай екіленіп жетіп барғанын да аңдамай қалды. Сол бойда ашу
үстінде қызынып барып желкесінен байқамай нұқып-нұқып жіберіп еді. Кейін
осының өзі пәле

боп жабысатын жыбысқы дерттей көзіне елестеп кетті.

-        Миғұла болмасаң неміс пен
фашисті ажырата алар жасқа жеттің емес пе, сен зәнталақ!- деп қалш-қалш етіп
одан әрі сейлей алмай тығылып түрып қалып еді. Сол сәт баланың қарысқан жағы
кенет ашылып жүре берді де, көл-көсір сөз тізбегі шүбырып, көмейінен ытқып шыға
бастады. Үлкен кісінің өзі, әдетте, өйтіп шешен әрі орнықты сәйлей алмас еді.
Мынаның не пәлесі барын ит білсін бе, әйтеуір аспанға тік шаншылып

ап тілін бүрап
сүйрелеңдетіп аға жөнелгенде кім-кімде оның қасында жіп есе алмай құр босқа
далақтап орта жолда аңырып калардай көрінді.

- Бізге соғыс ашқан елді неміс десек те, фашист десек те бәрібір. Одан
келер-кетер пайда жоқ енді. Еңдеше менің әкемді атып өлтірген фашист болса да - сол неміс, неміс болса да - сол неміс,
білдің бе?! Оның несіне бас ауыртамыз,
аға!-деп сызылғанда тіпті үлкен
басымен Шернияздың өзі де әдепкіде не
айтарын білмей едәуір абдырап тұрып
қалып еді. Бірақ сол сәт сөзден
тосылып үнсіз томаға-түйық кете беру, түптеп келгенде, уәжден ұтылу
сияқты нәрсе көрініп, амалсыз қайыра
сөйлеген. Бәрібір ұтысқа
шығып кете алмады. Айтқан
сөзі, кеңесі ерсілеу естіліп, жалаң үгіт секілді қатқыл сезіліп, көңілсіз әсер
етті ме, ңемене, баланы иландырып тоқтатудың орнына оны одан сайын өршіте  түскендей болды. Сонсоң:

-        Солай,
шырағым. Немістін. де немісі бар,- деп тынысын
ауыр алып күрсінген бойы бүрылып жүре берген-ді, таңдайы тақылдаған әлгі бала
жеңінен тартып тоқтатып:

-        Аға,
ендеше сіз маған мынаны айтып түсіндіріп беріңізші,-
деді көздерінде жалт-жүлт етіп ұшқын
ойнаған бала бүл жолы да байыпты сөйлеуге тырысып. Кірмелерге кіріптар болатындай басыңызға не күн
туды?

Мына сөз
Шериияздың жүрегіне оқтай қадалды. Көзінен ызалы от шашырап:

-        Жап аузыңды, иттің баласы!-деп ақырып жіберді.

-        Жапсаң өзің жап, білдің бе?!
Неміске сатылған бұралқы ит!- деп бала да жеркенішті кезбен Шерниязды ата
қарады.

-        Тһү!..

Бұдан кейін оның «ойпыр-ай, неткен безбүйрек бала еді» деп іштен тынып,
жөніне бұрылып кете беруден өзгe шынында да айла-шарғысы қалмап еді,

VI

Шернияз кеңсесіне ашулы кірді. Жұмыс бөлмесіне өтіп бара жатып, секретарша
қызға сәл бұрылып тоқтап, «мектеп директоры мүмкін болса маған келіп кетсінші»
деп өтініп сұрап, ішке еніп кетті. Сол бойда жұмыс столына жайғасып отырып алып
кешелі бері жинлып қалған қатынас қағаздарды, мәлімет қағаздарды және
есеп-қисап қағаздарын шүқшиып қарауға кірісіп еді. Көңілі әлденеге алаңдап, іші
әлем-жәлем боп қызынып, өз-өзінен мазасызданып бітті. Жұмысқа да зауқы соқпады.
«Біз - бедері кеткен кешегі торқа болғанда, қаптап; құлпырып, жайнап өсіп келе
жатқан қазіргі жауыннан соң дүр көтерілген жауқазын гүл секілді жас буын
өкілдер.і бек тоқылған бүгінгінің бөздері емес

пе. Ендеше манағы баланы бек тоқылған бөз дейім бе, жоқ еңку-еңку жер
шалып, еңіреп туған ерден қалған ез дейім бе - не дейін, айтшы, кәне?!» деп
өзіне-өзі тосын сауал қойып, сарсылып отырған... Сол бала жарық  дүниеге енді ғана күліп қарай беріп, удай ащы
өмірге тап болса, тілі удай болмай қайтеді?! Жар дегенде жалғыз әкесін соғыс  жұтып, көкірегін ащы запыранға толтырса,
көзінен запыраннан да ащы жасыл жас сорға-

ламағанда қайтеді?! Ол ол ма? Жар
құшағына жаңа ғана еніп, түн қызығын
бірге бөлісіп, құс төсегіне жатар-жатпаста оның бар жылуын, бар қызуын әлдеқайдан суырып соққан қара
дауыл сыпырып-сиырып жиып алып кетіп, содан суық тізесін қүшақтап аңырап

қалған анасы көкірегі зар шеменге
толып-толып кеткенде көз жасын көл етіп төгіп, қосағынан айырған фашисті
қарғап-сілеп: «Қара орманың күл боп өртеніп, жетпей қалғыр қу неміс! Көктей
солғыр сұм неміс!»-деп дүниедегі бар пәлекетті солардың бастарына
үйіп-төгіп тілеп, боздап
жылап отырса - бұл
сай-сүйегіңді сырқыратпай қайтеді?!
Со...н...ноу Адам-Ата,
Хауа-Ана жаратылып, көңіл қосып,
жер-жаһанға ұрпақ шашып,

аспан астын ұлы тіршіліктің ұлыстарына
толтырып, мәпелеп өсіріп, жан-жаққа
таратып жібергелі жібі түзу ұрғашы
атаулының жар құшудан, бала сүюден өзге көксеген арманы болып па еді. Ендеше оттан
ыстық жар құшағының қызуына елітіп жылынып үлгермей жатып
одан мәңгіге біржола айырылып, қайраңға шығып қалған балық
секілді жантәсілім тыпырлап, жесірлік ғұмырдың суық өтінде мұздап, тоңып,
аңырап қалғанның несі жақсы дейсің, тәйірі. Бүның езі, түптеп келгенде, рахат
бір дүние есігін айқара ашып, әмір осын-

дай қызық болады екен-ау деп
қарап, қайта жылы жауып қоя салғандай сұмдық суық нәрсе емес пе. Шолақ дүниенің
өзі секілді о да бір шолақ бақыт екен: біреу шекерінен татып үлгерді, біреу татып үлгермей жатып сол бойда аяқ астынан бұрқ етіп жер-көкті түтас
қaптaп, жайлап алмақ болған соғыс деген тажалға жұтылып кете барды.

Осындай оймен әрі-сәрі боп басы қатып сарылып отырғанда кеңсені басына
көтеріп, шаптыға айқайлап, манағы баланың көк долы шешесі жетіп еді. Бұл - күйеуі
соғыста өліп, оның үстіне өзі көп сырқаттанып төсек тартып жатып, жалғыз баласы
Жеңісбек екеуі

біраз таршылық көріп, тағдырына ептеп ашынып, соны қарғап-сілеп жүріп соған
аузы үйреніп, әдет алып кеткен шайпау тілді Алтынкүл болатын. Оның кейде аузына
түскенді талғамай айтып-айтып жіберетіні міне содан еді. Соны бұрыннан жақсы
білетін секретарша түсі ерт сендіргендей әлем-тапырық боп алқын-жұлқын жеткен
Алтынкүлді көрген бойда ауызғы бөлмеде басып отырған машинкасын тоқтата қойып,
орнынан лып түрегеп, аяғының ұшымен қалқып сырғып келіп, жолын кес-кестей бөгеп
кейін қайырып жібермек болды. Тал шыбықтай бұратылып, майысқан жас қыздың
аузынан сыздықтап шыққан әлжуаз сөзге кұлақ асса, онда Алтынкүл Алтынкүл бола
ма. «Шернияз Сардарбекович, қазір ешкімді қабылдамайды, қолы бос емес» деп шыр-шыр
етіп безілдегеніне де қарамады. Жолына кесе-көлденең қалқайып калқып, тұра
қалған қуыршақтай кішкене немені былай шетке үйіріп ысырып жіберіп, сол бұрқыраған
бойы ішке енді де кетті. Сыртқы, ауызғы бөлмеден естілген шаң-шұң дауыстардың
қандай айқай-шу екенін қапелімде ажыратып, жемді түсініп үлгермеген Шернияз
Сардарбековкч назарын жоғары көтеріп, есік жаққа тіктеп зер салып қарай бергені
сол еді. Сол мезетте ішке жұлқынып кіргеп Алтынкүлді керіп, бар мән-жайды
әп-сәтте ұғына қойды. Сосын ішінен: «Әлгі көк соққан бала шешесіне жылап барып,
шағым айтқан болды ғой» деп ойлап, шегіне кірпі кіргендей тыжырынып, жиырыла
қалды. Бірақ сыртқы айбарын жоғалтпай Алтынкүлдің жүзіне тіктеп, суық қарап-еді.
Алтынкүл оның бүл сұсынан
онша

ыға қоймаған қалып танытты. Шаптығып келген бойы директордың столын жұдырығымен екіленіп
қойып-қойып қалып:

- Әй, шырағым, көп күлтелемей
ашып айтшы осы. He істемек
ойың бар маған?! Әкесі мен күйеуін пәшіс өлтірген жетім-жесірге көрсетер кырың
болса, айт ендеше. Естіп, құлағымның құрышы қансын бір...- деп тұл-дана
долырды. Алтынкүлдің бұл келісі тегін емес екейін ақ көз ашудан екі беті нарт
боп жанып, әп-сәтте домбығып ісініп шыға келген алау жүзінен аңдаған директор дәл
қарсы беттен өзіне төнген осы зауалдың алдын қайтсе

де алуды ойлап, өз ішіне үңілген кісінің кейпін аңдатып, үнсіз отырып қалып
еді. Алтынкүл білдей ел басшысының бұл кіржің кейпін менен ығысқаны, ығыма оңай

жығылып, опынып мүләйімсігені деп түсінсе керек, тіпті бұрынғыдан да өршіп,
өршіп түсті.

- Ит жоқта қораға шошқа үреді деп бұның не, шырағым? Сәбет өкіметі сені
мына орынға қызметке әкеп қойғанда жетімді желкелеп отыр, жесірдің көзіне көк шыбын
үймелетіп сорлатып, жылатып отыр демеген шығар. Десе айт, кәне?! Әкесін Герман соғысына бергені болмаса,
жазығы не еді баламның?!-деп көзіне түйір жас
алып, оны орамалының шетімен сүртті де оқыс терең күрсініп қалып, іле тағы сөйлеп кетті.- Күні кеше ғана емес пе еді сенің де... тұқымы түздай
құрып, көктей солғыр со пәшістермен толарсақтан қан кешіп жүріп соғысып қайтқаның.
Соның бәрі бір күнгідей болмай ұмытылып
өте шыққаны ма, солай, а?!
Басқа ұмытса да сол қырғын-сүргінді сенің ұмытпауың керек еді,

амал қанша?! Енді кеп, міне, со
сұмырайлардың сойылын соққаның ба, немене, бұндағы тұқым-жұрағатына ара түсіп,
жік-жапар бола қапсың. Қайтейін енді?! Кейін сен өлгенде бұл
жақсылығыңды ескеріп басыңа кек тас
орнатқанын көрерміз солардың!- деді өз-өзінен күйініп әрі тістене сөйлеп. Директор қанша долы, көк айыл әйел
десе де Алтынкүлдің: «Басқа ұмытса да сол қырғын-сүргінді сенің ұмытпауың керек
еді, амал қанша?!» деген сөзін өтірік дей алмас еді... Кенет оның көз алдына
сол жылдардың қаралы бір бейнесі бұлт секілді жөңкіліп, елестеп өткендей болды.
Соғыс басталған жылы аудандық комиссариатқа қызметке ауысқан ол қанша әділ, ақ
көйлек жан болғанымен бәрібір біраз ағайынға жүріс-тұрысына шейін сөлекет
көрініп, онша ұнай қоймады. Себебі Қызылкөл ауданына қарасты колхоздар мен
белімшелерде қаптап өріп жүрген мүйізі қарағайдай-қарағайдай атпал азаматтарды
көзінен тізіп, ажал аузына - соғысқа біртіндеп жөнелтіп, түгесіп жатқан соның
өзі секілді көрініп, оның үстіне былайғы көлденең жұртгың біразының жасылданған
көздерінен бүған деген өшпенділік отын және аңдап, комиссариаттың кәдуілгі
қызыл креслосында емес, тікен-инелері арбиған-арбиған шомбал шекгелдің үстінде
отырғандай бүртүрлі қыбыжық қағып ыңғайсызданып бітуші еді. Оның бұл жайын
біреу түсінді, біреу түсінбеді. Түсінгенді - маңдайынан сипап өзіне жақын
тартпады; түсінбегенді - шетке итеріп, бетке қақпады; бәрін бірдей көрді;
оларды бір-бірінен алалап, бөле-жарып қарамады. Сондай қаралы күндердің бірінде
қаладағы әскери

әшелонға жөнелтілетін бір топ жауынгерлердің әні-мұны қағаздарын реттеп,
оларды жеке-жеке қарап, қаттап тігіп отырғанда дода-додасы шығып осы Алтынкүл
ішке кіріп келіп еді. Шернияз назарын тіктеп алға қарап үлгергенше болған жоқ,
Алтынкүл аяғын апыл-

ғұпыл асығыс
басып келіп, өзінің қарсысына қаз-қатар тізілген орындыктың біріне «уһ» деп
сылқ етіп бар салмағымен гүрс егіп отыра кетті. Сосын бұған бүкіл кеудесімен құлай
бұрыла ұмсынып:

-        Қайным, жеңгелігімді алға салып саған
арнайы келіп отырмын. Сөзімді жерге аяқ асты ғып тастамассың, сірә,- деп әуелі
нөкерлене күліп алды да, сонсоң оның жауабын тоспастан тағы да суйреңдей
жөнеліп еді. Бүл жолғы- сөзі катқылдау естілді. Бірақ ол неде

болса жеңге сөзін бастан-аяқ тыңдап
шықпақ боп бекінді.

-        Осы
Қызылкөл ауданына қарасты өңірдің еркек кіндігін
кезінен тізіп түгел көгендеп
майданға жөнелтіп жібере бергенде саған түсер пайда бар ма, жоқ, па?!-
деп Шернияздың алабұртып өрт боп жанған алау жүзіне барлай қараған.
Бірақ оның жүзіндегі қызыл жалын бұл құбылысты «бұ да
болса кайнымның менен ептеп ұялғаны, қызарақтап кысылғаны» деп түсінген ол алда өзі» нендей зауалдың күтіп тұрғанын тап сол
арада сезіп, білмеп еді. Сөйтіп одан онша қарсылық көрмегесін
іркілмей тағы есіп сөйлеп жәнелген-ді. Шернияз ашулы әйелдің ашынған, ащы сөзі арқылы өзі туралы
ел-жұрттың не ойлайтынын, әсіресе қазіргі уақытта сыртынан не деп пыш-пыштап,
гөй-гөйге

басып жүргенін
естіп біліп алмақ болып, әңгіме тыңдап отырған кісінің ажарын байқатып, сол
томаға-тұйық күйде құлақ түрген.

-        Қайным,
айтты не, айтпады не енді?! Оқта-текте ел ішін өстіп
жылан жалағандай етіп ер-азаматтардан тазартып, сыпырып алып кетіп тұрмасаңдар іштерің  кебе ме, түге. Сонау сиыр жылғы ұлы сүргінді
кім ұмытады, айтшы, нақа бір есі ауысқан миғүла біреу болмаса, Co жылы да өстіп
небір жақсы меи жайсаңдарды көз жастарына қарамай шеттерінен теріп, жиып алып тып-типыл
ғып кетіп еді ел ішін. Солардың алпамса де-

нелері ақ сүйек боп кеуіп әлдеқашан қурап айдалада қалмаса қайда қазір?!
Қайда?!-деп өксік ата ызалы сөйлеп келіп сәл кідірді. Шернияз сол сәтте шайпау
тілді мына Алтынкүлдің бұнымен не айтқысы келгенін тусінбей, түсінсе де оның
бүл қай сасқан қылығы екенін және сезінбей әрі-сәрі екі ұрық хал кешіп, тосылып
қалған-ды. Алтынкүл оның бұл қапысын да қалт жібермей жіті пайдаланып,
ойындағысын ірікпей төгіп-төгіп айтып салды.

-        Енді міне Керман соғысын
сылтау етіп алға тартып, бетке ұстар ер-азаматтарды қидай сыпырып, екі күннің
бірінде топ-тобымен қызыл вагонға тоғытып, тоқтаусыз жөнелтіп жатсыңдар...
Жөнелтіп жатсыңдар... Қараң қағыр, қашан бітеді бұ зауал?! Дүниені жайлаған
зілзала. болса да ендігі құлағынан төмен тұқырта басып, тізеге caп жаншып, жоқ
қылатын мезгілі жетпеп пе еді солардың. Анадан еркек боп тумаған

шіркіндер ме, немене өздері?!-деп сөз арасында майдандағыларға да күйінішін
білдіріп өтіп, «енді негізгі әңгімені неден бастасам екен» деп іштей аз-кем
үнсіз ойланып алды да, іле тағы да сөйлеп кетті.- Айналайын қайным, өзің болғасын
арнайы келіп отырмын. Әйтпесе кім керінгеннің алдында тілін безей беретін мені бір
сөз сүйегіне сіңген шешен деймісің, тәйірі,- деп бір тоқталып, аздап жөткірініп
алды да, сөзін қайта сабақтады. Өзі Шерниязға таман орындығын сырғытып жақындай
түсіп, ақырын сыбырлай сөйледі.- Өзің білесің, қайным, көшкен жұртта да
дүние-мүліктің қоқыр-соқыры шашылып калып қойып жатушы еді ғой. Сол сияқты ана
біздің үйдегі жаман ағаңды әскерге алатындардың іспіскісінен -«ыспысат» етіп
сызып тастай салсаң болды. Кім біліп жатыр мұны. Әуелі соның бары не, жоғы не - саған
бәрібір емес пе, қайным. Сол жаман-жәутік
неме әскерге барғанда кімге тұтқа болады дейсің, тәңір алғыр. Тышқақ лақты алып соғып жыға алмайтын әлжуаз сорлыны қай
немістің табаны астынан іздеп жүреміз кейін,- деп майдалап, бөлме
ішін сырлы құпияға бөлеп, акырын
бопсалап келе жатыр еді, Кенет құлағының түбінен саңқ етіп оқыс шыққан ашық, жуан дауыстан шошып, сөзін кілт
үзіп ала қойды. Әйтпегенде әлі де талай қырқаның басын шалып, сықпырта берер ме
еді, әлде қайтер ед!.

-        Бұ қай сөзің сенің? Сонда
немене... сенің жаман байың шыбын жанын оққа байлаған соңау боздақтардан артық
па, а?!- деп оқыс дауыс көтеріп жеңіл, тыйып тастады. Алтынкүлдің сүйегіне
сіңген бір қасиеті - онда сөзден, уәледен тосылып, ұтылу деген атымен
болмайтын. Бұл жолы да сонысына басты. Көк езуі көпіршіп, шаптығып сөйлегенде
қай-қайдағы ұтқыр сөздерді тауып сөйлеп, өзіңді бір сілейтіп соғып-соғып
жіберетінін көрерсің тағы.

- Әй, қайным!- деді ақшыл жүзі бедірейіп.- Жаман байымның майдандағылардан
жаны артық па, жоқ па - оны таразылап жатар уақыт па қазір. Онан да мен дейтін
болсаң жөн сезге көш. Андағы іспіскіңнен Кебекбай ағаңды сызып таста. Қойдан
жуас қоңырым

еді. Ең болмаса сол тірі жүрсін
де елде... Ажал аузына еркек біткенді
қойдай тоғыту - құдайдан
сұрап алған еншің бе еді, әлде?!-деп екі көзін Шернияздан алмақ қадалып тұрып алды. Шернняз дүйім елге
бетбақтығымеи, көк долылығымен әйгілі болғам көк айыл қатыннан қалай құтыларын білмей
қапелімде қатты сасып еді. Мән-жайды түсінді-

ріп айтайын десе «көкейіңді таныдым, ендігісіне әуре болма, жағыңды босқа
ауыртып қайтесің?!» деп одан әрі сөзіңді тыңдамай бір отырып, бір тұрып тыздық
қағып кетеді; ұрсып, жекіп кабинетінен қуып түріп айдап салайын десе оның
есебін тағы таппай сарсылады; тілі мен жағына сүйенген қу мүйіз қатын «әй,
қайным, бастық болған кісі ақырып бола ма екен, бұның қалай? Қатын-қалашқа
көрсеткен қырың ба әлде бүл!» десе, бұның өзі білгенге таза өлім емес пе.
Қайткен күнде де сойылдың бір басы өзінің шекесіне тиердей көрініп, содан арба
да сынбайтын, өгіз де өлмейтін тиімді жол қарастырғанда алдымен еске түскені
Алтынкүлді алдап-сулап үйіне қайырып жіберу болды. Бірақ Алтын-

күл оған да көнбеді.
Азырақ тауып сөйлейтін, азырақ қауып сөйлейтін ежелгі мінезіне басып, малтасын
езіп ұзақ отырып алды. Әлден уақта шаршап, жалықты білем орнынан сүметіліп тұрып
кетуге айналды. Кетіп бара жатып та жағына жиналған соңғы уын бұрқ еткізіп
шашып жібергендей көрінді.

- Әй, қайным, айтқан тілді алып, андағы іспіскіңнен «ыспысат» етіп,
Кебекбай ағаңды сызып таста. Әйтпесе обалына қалып жүрерсің. «Аттың сыры иесіне
мәлім» деген. Co неме көр де түр-жау шебіне жетер-жетпесте-ақ қаңғыған оқтың
біріне кезігіп, қылжиып

жатып қалады әлі,- деп сәуегейлік
жасап еді. Алтынкүлдің сол
сөзі кейін айна-қатесіз деп келіп, Кебекбай майданға
ұрыс салып кірдік деген күннің ертесінде-ақ қаза болғанын хабарлап, іле «қара кағаз»
да жымырайып жеткен-ді. Сол қаралы қазаны естіртуге ауыл-

дың ақсақал, карасақалдары жиылып үйіне келіп төpгe шығып жайғаса бергеннен
әлдесұмдықты тұла бойымен жіті сезінген Алтынкүл кос
бүйірін таянып ақыраған бойы
жүресінен жерге отыра кетіп еді. «Айт..па..ап..па..едім со құр..р..рырдың бара салып жер жасталатын»
дел аузын арандай ашып
аңырағанда үйдегілер қосылып түгел жылады. Кебекбайдың осылай
болатының күні бүрын сезіп
жан дүниесімен шыр-шыр етіп егілген Алтынкүлдің асыл жүрегіне риза боп көңілдері босады ма, жоқ майданға аттанғандардың
қай-қайсысынан да түбінде өстіп
«қара кағаз» келмей тынбайтылын ойлап, соған қамығып көздеріне жас алды ма, немене,
әйтеуір сол жолы ағыл-тегіл аңырасып көп жыласып еді. Аузына түскен сөзді кейде олай сапырып, кейде былай сапырып
ел ішін дүрліктіріп жүретін кәнігі Алтынкүлді жай күні қалай десе де күйеуінің
артын дұрыс күтіп, жалғыз баласын бауырына салып есіріп, бір үйдің отын сөндірмей
жұрт қатарлы түтін түтетіп отырғанын көргенде кім-кімнің де тілі байланып қалғандай

болушы еді. Кек айыл, кек беттігі үшін оны қандай жек көрсе, марқүм болған
күйеуінің орнын жоқтатпай ары күзетіп отырып калғанын зор кісілікке сайып, сондай
жақсы көретін. Ауылдың тұштаңдаған бір-екі пысықайы уағында түн жамылып кеп есік
какқан екен. Ертеңінде тамам жұрттың көзінше әлгілерді жерден алып, жерге салып
тілдеп, қайтып өкше ізін аңдып, есігін торуылдамастай етіп тыйып тастапты.
«Байсырап өліп

бара жатсам күйеуімнің, тер иісі сіңгеп көне құс жастықты құшып құшақтап
үйықтармын, бірақ сонда да сендерді еркек санап төсіме шығара қоймаспын» деп тетесінен
бір-ақ тартыпты. Бұдан кейін оған кім жоласын - өлген-тірілгенін білмейтін
жанкешті біреу болмаса,.. Енді ойласа, Алтынкүл мен Кебекбай уағьнда ерлі-зайыпты
адам секілді бір шаңырақтың астынан еріп тұрғанымен,
асылы, олар бір-бірін жақсы түсініп, тату- тәтті семья құрып, соның
кызық-шыжығын бірге татып, қызықты дәурел сүрмеген секілді көрінеді. Кебекбай еркектік
қасиетті әйелді басқа, көзге төпеп сабап, тізгіндеп ұстау деп білсе, Алтынкүл
шаптығып, шабаланып сөйлеуді ежелгі әйел мінезіне сайыл, жатса-тұрса

соны ұстанып
өтуді мақсат тұтыл еді. Оған болды  түге.
Отырса - көк желкесінен құрық, тұрса - сырық кетпегесін: онсыз да шайпау тілді
көк долы әйел оңсын ба, сірә. Арада екі-үш ай өтті ме, етпеді ме, немене, әйелінің
тілі мың пәлелі қысыр жыланның тілі секілденіп

сумаңдап шыға бастады. Осыдан кейін-ақ тұщы етіне ащы таяқ батып тиген сайын
Алтынкүлдің тілі де аяқ, астынан өткірленіп шыға келді. Оның үстіне тиген жерін
күйдіріп, ойып түсердей у татып тұратын болды. 
Бірде жұмысты бірге істейтін куақы жолдастары Кебекбайды шапқа түртіп,
бастан, көзден соғып, теуіп жатқанда әйелінің тіл тартпайтын көк беттілігін
айтып, «оны тыйып, жөнге сала алмаған сен де еркекпісің, тәйірі» деп үйіне жанып-жанып
жібергені бар-ды. Қыздырманың тіліне еріп, үрленген местей терісіне симай тырсылдап
кешкісін ызалы жеткен Кебекбай үйге кірер-кірместен әйелін тыстан дауыстап
шақырып алып:

-        Әй, қатын!-деген түсін
суытып.- Бұдан былай қанша соғып, ұрып жатсам да «қыңқ» деп дыбысыңды шығарушы
болма, білдің бе?!- деп алдын-ала ескерту

жасап, сонсоң оны
сынап көрмек боп иықтан ала қамшымен тартып-тартып жіберіп еді. Жон терісі
сыпырылып, дызылдап удай ашыған әйел байыз тауып қалай тыныш тұрсын - сөз
дегенің аузынан түйдек-түйдегімен ытқып шығып жатты.

 

-        Мені үрдың ғой, ә. Ендеше
құдай сені ұрсын, білдің бе?! Маған көтерілген қолыңды қарғыс оғы жұлсын,
білдің бе?!-деп көздерінің алды көгіс тартып, жасылданып шыға келіп еді. Соны
аңдағанда Кебекбайдың ішіне ұйтқып дауыл енгендей болды.

-        Тарт тіліңді, қу сайқал!-деп
қолына білемдей қысып ұстаған дойыр қамшыны ашулы сілтеп қалды.

-        Тартпаймын. Ал қайтееің?!-
Шекесінен жылғаланып аққан қызыл қан көрінді. Алтынкүл оны да елек қылмады. Қанын
ішіне тартып, қүп-қу боп сұрланып, бедірейген қалпы сазарып тұра берді. Мына сұмдық
көрініске жүзі шыдап қарап түра алмаған Кебекбай ақыры шарасыз кейіп танытып:

-        Әй, қатын, қасарыспай андағы шекеңнің
қанын сүрт,-деп қамшысын әлдеқайда лақтырып тастап бұрылып жүре берген еді.

-        Сүртпеймін. Менің қаным кімге керек еді,
Ақсын!- деді онан сайын долырып.

Кебекбай мен Алтынкүлдің күнара өстіп кергілесіп, сілкілесіп тұрмыс құрып
тұруы - үйреншікті кәсіп секілді қалыптасып, қабылданып үлгеріп еді. Оған ел
де, өздері де мойынсұнып, әбден көніп болған. Сондықтан ыдыс-аяғы сылдырап,
қағысып сынбаған күні олардың іштері пысып, қабақтарын көк мұнар мұң торлап, кәдімгідей
күйзеліп отырып қалатын секілденетін. Сол дағдыны ұстанып,
әдеттеніп үйренген ол әйелінің әлгі

долырғанын да елеусіз қалдыра алмады.
Жаңа әзірде әлдеқайда серпіп лақтырып
жіберген дойыр қамшысын қайта
тауып алып, көзі шапыраштанып қанталаған бойы әйелінің қасына екіленіп жетіп барды.

-        Әй,, қаншық
ит! Тіліңді тартасың ба, жоқ па?!

-        Тарпаймын. Ал
қайтесің?!  

-        Ендеше сүйрелеңдеген сол қызыл тіліңді
суырып алам,- деді Кебекбай өз күшіне сенген қалып танытып.

-        Ер екенінді білейін, кәне, суырып кер
тілімді,-деді Алтынкүл де қыңбай.

-        Сонда
немене... мен сеніңше ер емес, езбін бе, а?!

-        Ез емей енді
кіммін деп ең? Дәмең зор-ау,
сорлы!

-        Әй,
қатын, тіліңді тартып сөйле. Әйтпесе
мынау дырау төбеңде ойнап, шаңыңды
қағып жүрер,- деді қолындағы дойыр қамшыны көзіне көлденең тосып көрсетіп.

-        Сонан басқа сүйенерің бар ма, сен
жазған құздың. Қит етсе қамшыңды
ала үгіресің кісіге. Өйтіп еркек
болғаныңа түкірдім сенің,- деді басына пәле тілей сөйлегенін сезсе де қайтпай
қасарысып.

-        He тантып түрсың, сен қатын!- деді еркегі дауыс көтеріп.

- Қатын де, деме, бірақ саған қарағанда ермін, еркекпін деп тұрмын.

-        А! Сен бе еркек?!-
Кебекбайдың қос көзі шарасынан атызданып аларып шығып бара жатты.

-        Енді қалай деп
ең?!

-        Мә,
ендеше!- іле қолындағы дырау
Алтынкулдің төбесінде ысылдап ойнай женелді.- Қатынмын де.Бұл кезде Алтынкүл де өшігіп,
әбден қасарысып алып еді. Кебекбайдың
қамшысынан, сұсынан сескене қоймады. Көзінен суық ызғар шашып тістене сейледі.

-        Жок, еркекпін.

-        Қатынмын де

-        Жок, еркекпін.

Көкірегін ыза кернеген
Кебекбай Алтынкүлге «қатынмын деп айтқызам, ал алда-жалда
айтқыза алмасам онда езім
қатын болғаным»
деп тістене ойлап, шынашақтай әйелін жерге жығып салып, итше тепкіледі. Бірақ сонда да құрғыр әйеліне тілін
тартқыза алмады.

Сол сөзде әкесінің құны бардай «еркекпін, еркекпін» деп тістей қатып
көкбеттеніп ерегісіп жатып алғанда әуелі керек десең Кебекбайдың өзі не істерін
білмей қатты састы. Ұра-ұра шарасы таусылды, Бүйте берсе жаман қатынын шаңқай
түсте өлтіріп алып, жұртқа күлкі болатынын сезді. Сосын: «Әй, көк соққан-ау, қатынмын
деп айта салсаң нең кетеді, өлтіріп қоятын болдым ғой сені!» деп көзіне түйір
жас алып жалынып та көрді. Алтынкүл оған да көнбеді. «Өлтірсең өлтір, бірақ қатынмын деп айтпаймын, ал қайтесің?!» деп қанта өзіне шаптықты. Кебекбайдың көкірегін ыза кернеді. Ендігі.
жерде

бұлай итіс-тартыс салғыласып,
босқа уақыт өткізіп жатуды артық санады. Дереу басқа тәсілге көшті. Әйелінің шашына шылбыр әкеп жалғап оны
есік алдындағы құдыққа тастап, суға
батырып жіберді. Сосын қайта тартып алып «қатынмын деп айт!» деді
ақырып. Алтынкүл «жоқ, еркекпін» деп одан сайын өршелене түсті. Кебекбай суға тағы батырып жіберді,
Аздан соң салаң еткізіп құдықтан және суырып алды. Алтынкүл бұл жо-

лы да райдан қайта қоймады. Кебекбай сол түнерген күйі суға және батырды.

Алтынкүлді құдыққа бір батырып, бір шығарып осылай азаптап отырғанда арада екі сағаттай
уақыт әлгі әйелін суға сүңгітіп тілін
тартқызам деп ақ тер, көк тер болып жанталасқан Кебекбай да
шаршады, суға қайта-қайта тұншығып
Алтынкүл де өлуге айналып еді. Әйелінің бет-жүзінен қан қашып, көз алды көгіс тартып, ерні кезеріп сұлық
қалғанын аңдаған Кебекбай ендігі мезетте «осы жаман немені жеңге салам деп жа-

нығып жүргенде
өзін өлтіріп алып, ел аман, жұрт тынышта басым арылмас таза масқараға қалармын»
деп қауіп ойлап, іле құдықтан тартып суырып алды да, астына құрым, киіз төсеп,
соған әкеп әп-сәтте сұлатып жатқыза қойды, Сол орайда тағы бір сынап көрмек бо-

лып «қатынмын де» деп қүлағының тубінен және айқайлаған. Құрым киіз үстіне
шалқалай сұлаған әйелі «жоқ, ер..р» деп ьңырсып тістенген күйі шақша басы бір
жағына аунап сылық құлады. Осындай қара дауыл ұйтқып соғып еткен күннің ертеңінде
айтса да, айтпаса да Кебекбай, сөз жоқ, ертеңгі шайдан қағылар еді. Бауыр, бүйірі мұздап ағаш тө-

секке жалғыз ұйықтап шыққан ол ерте түрып, киініп тысқа беттейді. Жолай шелек, легенді
салдыр-гүлдір  еткізіп әдейі қағып өтеді. Онысы: әйеліне тұрып, шай қоймайсың ба дегені. Кеше соққыға жығылып,
басына қолына іліккен жыртық, кепе киімдерді жастанып, бүк түсіп сұлық жата
кеткен әйелі айылын жиып, түрегелу былай түрсын тіпті қыбыр етіп қозғалғанды
білмейді. Өлген жылан құсап қисайған жерінде бүктетілін жатқа-

ны жатқан. Есік алдына шығып төңірегін сәл-пәл қоюлғындап қарағыштаған үй
иесі қаусырмалы есікті салдыр-гүлдір ашып ішке қайта кіреді. Алтынкүл бәрібір тұра
қоймайды. Үй ішін әрі-бері кезіп, әлденелерді тape-түpe соғып, даң-дүң дыбыс та
шығарып байқайды. Алтынкүл оған да міз бақпайды, тіпті дем алғаны білінбей сұлық
жатып алады. Сосын Кебекбай жолындағы шелек, легенді тағы да салдыр-гүлдір
еткізіп амалсыз тысқа беттейді, Бүгін де солай болды. Кебекбай ергеңгі шайын
өстіп іше алмай сүметіліп жұмысқа кеткенде «ә, бәлем, қалай екен қатынмен
ерегіскен!» деп іштей айызы қанып, орнынан тұрып еді. Тысқа шығып беті-колын жуып
келіп айңаға қарап көгерген оны-мұны жерін саусағымен сипап карап отырды да,
кенет көкірегін кере оқыс күрсініп калды. Артынша «ана жазған сорлы бүгін тағы да
жүмысқа аш кетті-ау!» деді домбығып ісініп кеткен қалың дурегей ернін сылп
еткізіп. Қанша итше тепкілеп, елімші етіп сабаса да бұл жалғанда Алтынкүл үшін
Кебекбайдан артық еркек жоқ та, ал көк бет долылығын қанша жек көрсе де бәрі-бір
Кебекбай үшін шайпау, шақпа тілді Алтынкүлден еткен сұлу әйел жоқ еді... Осының
бәрін аз уақытта жіпке тізіп көз алдынан өткеріп үлгерген Шериняз Сардарбекович
Алтынкүлді баласына ара түсіп, бұрыс болса да соның сөзін сөйлеп, ашу үстінде
ашынып айтқан манағы ащы әрі суық сөздері үшін жазғыра да, жазалай да алмасын
жақсы сезді. Құдай қосқан адал жарын құшып-сүйіп, ерлі-зайыпты өмірдің қандай
тәтті болатынын сезіп білер-білместе күйеуін соғысқа жөнелтіп, сонсоң одап көп
ұзамай «қара қағаз» алып қара жамылып аңырап омалып отырып қалса, бейбіт елге ажал
оғын құстырып жеткен неміс жендеттерін карғап-сілемегенде кайтеді. Сол зоба-

лаң зауалдың кімнен, қай тұстан, қандай елден қаптап жеткен алапат
кайғы-қасірет екенін баласының санасына сіңдіріп, үғындырып айтпағанда қайтеді.
Әкесін кім өлтірді, неге өлтірді - соны біліп, осы бастан жауға кектеніп, тас
түйін боп жетіліп өссін десе, оның иесі  айып!
Олардың қандай қанішер, жауыз екенін майданда соғысып жүргенде өзі де талай куә
боп түңілген. Сонда оларды сондай тағылық қылықтары үшін ит етінен жек

көріп, өлердей өшігіп, сұмырайларды аямасқа ант-су ішіп, кылша мойнын оққа
байлағаны қайда?! Енді міне солардың жортып өткен жолдарынан жойқын-жойқын әлемет
сұмдықтар қалғанын шынымен ұмытқаны ма, а? Санасына сіңіп, өмірі ұмытылмастай,
өмірі өшпестей боп мықтап орнығып қалғаны кайда?! Кенет бұның көз алдына сұмдық
бір сурет елестеп калқып тұра қалды,,, Қаһарлы қырық үшінші жыл еді. Сталинград
түбің-

де  қатты соққы тиіп, тұмсығы
бұзылып, беті қайтқан жау әскері кейін шегінген. Алайда жаралы қасқырдай өте
ашулы әрі ызалы болатын. Олар жай күннің өзінде дарға адам аспаса көңілдері көншімейтін
көк жендеттер еді. Мынадан кейін тіпті кім-кімді де аямасы

анық-ты. Бірде Шернияздың
батальоны шағын бір деревняны жаудан азат етпек болып келген, тірілгендеріне қарамай «Уралап» жапа-тармағай алға өре
түрегелісіп тұра ұмтылысқан. Сол арқыраған бойы жолдарында мылтық
кезенген жау әскерін қырып-жойып, деревняға тұс-тұстан қойып-қойып
кетісіп еді. Кенет бәрі де адам жүзі
шыдамас аса қайғылы қанды
оқиғаның үстінен дөп түсіп, ток соққандай есеңгіреп сілейіп түрып қалысты... Білгенге
сол жолғы сұмдығының өзі
Шернияздың ғұмыр
бойына жетерлік зілзала қасірет
болатын. Ертеректе жауыз бір қолбасшы «жеңіске жету жолында тұтас тайпа елдерді
жер бетінен жойып жіберген кездеріміз де болды, бірақ үрім-бұтағымен косып, қынадай қырып салғанды көріп отырғанымыз осы, бұ неткен сұмдық еді» деп таңырқаған көрінеді. Сол айтпақшы, Шернияз
да соғыс басталғалы талай зауалды бастан

өткеріп еді, алайда тап мынандай қанды қасап қырғынды көрмек тұрмак тіпті естімеген-ді... Иә, ол сол соғыста фашистердің адамдарды тірідей отқа
лапылдатып жағып кеткенін көрді, тірідей
жерге көміп кеткенін көрді, жазықсыз жандардың жалаңаш денесіне бес жұлдыз
қыздырып басқанын көрді, ана жүрегіне оқ атып өлтіріп кеткенін көрді, сұлу жас
қыздардың емшегін инемен шабақтап азаптап, қорлап сұлатып кеткенін керді -
бәр-бәрін көрді. Бірақ сол Шернияз Сардарбекович бұл жауыздардың бүкіл бір
деревнядағы қызыл шақа сәбилерді
анасынан айырып, ажыратып алып, үй орнындай нән апанға шырылдатып тірідей
лақтырып, үстіне бензин құйып өртеп, тып-типыл жойып жағып жібергенін бұрын-соңды
естіп білмеп еді. Осы жолы оны да өз көзімен көріп, жынданып өліп кете жаздады.

Басқаға барса да тап мына сұмдыққа қолы батып бара алмас деп ойлап еді. Мың
жерден қанішер боп жаратылса да елдің мүйізі қарағайдай ер-азаматтарын қылыштай
қырқып, баудай түсіріп жойып жібергенмен, айналып келгенде, қызыл шақа
сәбилеріне оқ ата қой-

мас деп сезінген. Сөйтсе оның
бәрі бекер болып шықты. Олар, сірә, сол жолда, қанды қасап қырғын жолында сыңсыған қара орманнан емен,
қарағайын кесіп, қиратқаннан гөрі жас шыбықты шыңғыртып жұлып алған анағұрлым ауыр кунә болатынын былай кісі боп бір сәт ойлап көрді ме екен?! Әдетте үлкендердің нала-қайғысынан гөрі жас
нәрестенің көз жасы анағүрлым ауыр екенін және сезіп білді ме екен?! Әй,
қайдам?! Кемеңгер Карл Марксті дүниеге әкелген, өмірге Шиллер мен Гете сияқты екі ұлы ақынды сыйлаған өрісті елден де осындай тағылық шығады деп кім ойлаған.
Сол сұмдық сурет бұның
санасына қашаннан сіңісті боп берік орнап, бар шындығымен шыңғырып айқайлап, әлі күнге дейін ұмытылмай келеді емес пе. Кей-кейде сол ұлы қасірет
есіне түскенде жүрегі қысылып, аузына тығылады. Ендеше оны неге ұмытады?! Жо..оқ! Неге ұмытсын, ол ешқашанда ұмытылмайды. Ол тарих көкірегін мәңгі-бақи сыздатып,
ауыртып тұрған сыздауық сом

жара емес пе. Ұмытылуға тиісті нәрсе ме ол?! Шернияздың журегі шаншыды. Сол жақ
кеудесін алақанымен басқан күйі қабағын тыржитып сәл түйіліп қалды. Сосын
ентігіп аз-кем тынысын ауыр алып отырды да әйелдің сұрғылт жүдеу жүзіне қадала қа-

рап, сөйлеп кетті.

-        Жеңгей, фашисті мен де жек көрем. Ләйім аулақ қылсын о сойқанның бетін. Тіпті көргім де келмейді. Жалғыз мен емес, бүкіл ел солай- деді даусын қатқыл
шығарып.- Бірақ неміс халқына тіл тигізуге болмайды. Осыны бұдан былай жадыңызға мықты ұста-

ңыз, жеңгей. Балаңызға да соны ұғындырып айтыңыз.Алтынкүлдің құлағыыа
бүл сөз бәрібір кіріп жарытпады.

-        Әй, қайным,
пәшіс-мәшісіңді білмеймін,- деді о да
қатқыл сәйлеп.- Ал күйеуімнің неміс оғынан өлгені өтірік емес.- Ол көне, көк бешпетінің омырауын абыл-

жұбыл ашып жіберіп, ішкі төс қалтасынан сұр извещениені суырып алып
директордың көзіне тақады,-
Өтірік  десең, мына сұр қағаз
не? Aл осы сұр қағазды толтырып маған жолдаған көмәндір Көрскі
(Курск) түбінде немістермен болған
улы шайқаста-күйеуіңіз қаза
тапты деп жазған жоқ па, а?! Сенбесең, міне, өз көзіңмен оқып көр. Мұнда неміс деп жазылған, неміс оғынан өлді деп жазған,- деді мыжылып, тозуға айналған сұр извеще-

ниенің майда, ұсақ жазуларын көзге шұқып көрсетіп. Сосын
жүзіне ызалы мысқыл жиып:- Әлде бұ көмәндір өтірік жазып отыр ма? Олай
болса шынын сен айт, қайным. Қорықпа. Жазған басым неге көнбеді, неғе мойынсұнбады. Құдай аямаған бейбақты адам аяп бақытты еткенді о заманда, бұ заман естіген емеспін, білдің бе?!
Естіген емеспін. Ендеше сен
де аяма. Айт!- деді қалшылдап. Директор қысылды білем, мандайынан
шып-шып суық тер шықты.

-        Жеңгей, қазақтын да жақсы,
жаманы бар емес пе. Сол сияқты ел болғасып олардың да шетке шыққан, бұра тартқан қияс-қияңқылары бар,-деп сөзін әріден салмақты бастап сыдыртып өте шыкпақ еді,
директордың бұл
толғамын да жақтырмай:

-        Қайным,
сасқан үйрек артымен жүзеді деп бұ қай сөзің? Бүкіл жарты әлемге ажал оғын сеуіп, қырғын
әкелген қараң кағыр қара бет немісті жүзі жарқын қазаққа теңегенде қай үшпаққа
шығам деп ойладың, а?! Қазақ қазақ болғалы көршісіне қылыш сілтеу бы-

лай тұрсын тіпті көз алартып көрдіме, сірә. Шіркін-ай, десеңші! Айрандай
ұйып, ұжымын бұзбай келе жатқан ата жұрт ел едік. Ана соғыста (Азамат соғысы)
бір селдіреп, мына соғыста (Ұлы Отан соғысы) бір селдіреп, аңырайып отырып
калдық емес пе түге. Айналдым сол: момындығынан, аздығынан жазбаса тентектігінен,
телпектігінен жазған жері жоқ еді ғой бұ қазақтың?! Қайтейін енді?!- деді бүкіл
қазақтың бүкіл қасірет-

қайғысы бір соның мойнына салмақ болып түскендей көкірегінен ақ жалын ата
күрсініп.

Шернияздың бүған күлмеске шарасы қалмап еді. Бірақ олай етсе көк айыл
жеңгесін тағы да шамдандырып алатынын сезіп, іштен қанша булығып тұрса да күлмеді.

-        Бү да біздің жаңа жұрағат,
жаңа туысымыз,- деді Шернияз.

-        Төгілген қанымыздың, шейт
болған боздақтарымыздың боздауына келген дейсің ғой баяғы- деп Алтынкүл
Шерниязды жанды жерден ұстап шағып алды.

- Жеңгей, бізге соғыс ашқан неміс халқы емес, олай деп ойлауыңыз мүлде
қате,-деді жүзіне ызғар жия сөйлеп.

-        Сонда кім?- Әйел өңін бермей
сазарып әлі отыр.

-        Гитлер. Гитлершілдер.-
Шернияз ұғынықты болсын деді ме, осы сөзді нық, қадап айтып жіберді.

-        Ендеше солай десең бұ
сайтанның сапалақтары неге соғысқа бармады?! Кетлер ме еді, кім еді
әлгі?..

-        Гитлер!-деп
Шернияз жеңгесінің, сөзін
түзетті. Жеңгесі қайнысын жаңа
көргендей сол сәт жүзіне аңырып қарады. Гитлер деп айтуға бәрбір
тілі келмесін се-

зіп:

-        Кім
боса о босын. Қылышынан каи тамған жауыз екені анық қой, әйтеуір. Ендеше соған
мылтық кезеніп, неге майдан ашпады сол сен жақтаған неміс жұрағаты, а?!-деді
даусы шаң-шүң етіп.

-        Соғысты,
жеңгей. Соғысты,- деді Шернияз сенімді жауап беруге тырысып.

-        Немеие?
Соғысты деймісің?! Қашан, қай уақта?! Шыққыр мына кәзім талай көрді емес пе.- Ол сұқ саусағымен көзін шұқып
мегзеді.- Here өтірік айтасың?! Отарынан бөлініп, жырылып қалған ағал-сағал ұзын
серкелер құсап бойлары серейіп-серейіп ауылда жүріп  алғандары кәне?!-Иә, иә... жүріп алғандары
кәне жұрт  көзіне шыққан сүйелдей боп
түге!- деп қалшылдағанда кішкене шақша басы қоса қалтылдады.

Шернияз мына көріністен соң-ақ жамағайып жеңгесінің ешнәрсенің байыбына
жетпей, түсінбей бостан-босқа иісі неміс атаулыға кектеніп, сұмдық жауығып алғанын
жазбай таныды. Әйтсе де жеңгесін иліктіре, жұмсарта түсуді көздеп:

-        Жеңгей, болар іс болып, бояуы
сіңді емес пе. Жоқтан өзгеге ашу шақырып, босқа шаршап қайтесіз? Бұрын қалай
десекте қазір сол немістермен дәм-тұзымыз жарасып, бір құдықтан су ішіп отырған
жоқпыз ба?! Тату-бірлігімізді бұзбайық енді. Сондықтан бұдан

былай... кішкене әдеп сақтап, бізбен соғысқан әлгі қара жүрек жөйттерді
фашист деп атағанымыз жөн болар. Айтқанды үғыныңыз, жеңгей!- деп еді, тағы
пәлеге

қалды. ,

-        Ау, шырағым-ау!-деді Алтынкүл
шап етіп.-Өзің ұғынып отырмысың айтқан сөзді, Біресе пәшіс дейсің, біресе піріс
дейсің, қай сөзіңе сенеміз сонда?! Әлгі бойы серейген немістің бірін Піріс деп
айқайлап айтқаны үшің жетім екен деп аямай топты баланың кө-зінше жалғызымды
желкелеп-желкелеп қуып жібергені кәне мана ертеңгісін. Ол жазған құлдың заты
ғана емес, аты да Піріс болса енді не деп айтпақ еді балам!- деп қызып
сөйлегенде ілеке тамырлары көкпенбек боп білеуленіп адырайып-адырайып шыға
келді.

Шернияз жеңгесінің мына сөзіне ептеп тіксініп қалқандай көрінді. Оларды
көрші колхоздан бұл ауылға көшіріп алып келгеніне небәрі екі жеті ғана болып
еді. Сөйтіп өзі біресе ойға шапқылап, біресе қырға шапқылап қауырт, қарбалас жұмыстардан
қолы босамай жаңа қоныс иелерімен жүз ашып жөнді танысып үлгере алмай жатқан. Фриц
болса Фриц шығар деп ойлады Шернияз.
О қурғырдың аты-жөнін бұрын кім сұрап біл-

ген деді. Сосын:

-        Жеңгей,
сөзіңізді бүрыс дей алмаймын. Әйтсе де балаңыздың
бойында ептеген қияңқылықтың
бар екені өтірік емес. Ол мана
ертеңгісін механик неміске Фриц деп
дауыстап айкайлағанда басқа нәрсені көздеп айтқан-ды. Оны дәлелдеп жатудың қажеті қанша енді. Бірақ
бұл балаңыздың қияңқылығы,
жеңгей. Содан арылса не
керек, жалғызыңыз жарық дүниені жарып ұшқалы тұрған тас түлек қой шіркін!-деп тамсанып сыдыртып ала жөнеліп еді. Заты жалаң мақтау жеңіл кісіні бойын ұйытып, буын-буыннан ұстап, әп-сәтте масайтып тастай
ма, кім білсін. Бастық
қайнысының әлгі жылы сөзіне «сенейін бе, сенбейін бе» дегендей жүзіне аңтарыла қарап сәл тұрды
да:

-Рас айтасың ба?!-деді жұлып алғандай даусы жарықшақтанып.

-        Жеңгей-ау,
о не дегеніңіз... Сізге жалған сөйлеп мені
сонша жын ұрып па?!-деді өп-өтірік көлгірсіп. Бұл Шернняздың
Шернияз болғалы адам баласына бірінші рет өтірік көлгірсуі еді. Бейбіт елге
қанды қасап қырғын салған қарулы жауға да жанын жалдап

жағынып көрмеген-ді. Енді міне
шайпау тілді әйелдің қайдағы-жайдағы
сөзілен сескеніп, кабинетінен ақырын жылыстатып жылы шығарып салғалы отыр.
Былай қарағанда дүниенің төрт бұрышынан айбынып жеткен қай палуанмен де
белдесуге жүрегі шайлығып көрмеген атақты Қажымұқанның жердің құртындай боп
домаланғал сасық тышқаннан қорыққаны секілді бірдеңе... Сонда қара күштің иесі
бола түра тышқан керсе жас бала құсап зыта жөнелетін көрінеді. Әулие болмаса сөйтер
ме еді жарықтық...

Шернияздың, .директор басымен жұдырықтай баласына жылы лепес білдіре
сөйлеуі Алтынкүлді кәдімгідей райландырып тастап еді. Ендігі жерде маналы бері ішке
жиыла-жиыла қордаланып, ісініп жарылғалы тұрған ашу-ызасы кенет желі шыққан
местей өз-өзінен босап сала берді.

-        Қайным-ау, жалғызыма қол
көтерді деп сені жазғырып қайтем. Ұрсаң ағасы емес пе едің о жазған құлдың!-деді
көзіне жас алып. Сосын дымданған көзін орамалының бір шетімен сүртіп:-
Кекірегін уайым құрты кемірген шикі өкпе болса да о неме... ана жаман

ағаңның өкшесін сүйретіп басып жүріп босағасына шапшып, қадап кеткен шыбығы
емес пе. Несін жасырайын сенеп. «Байдың қызығын көрсетпесең де, баланың қызығын
көрсете гөр, о алла!» деп казір соның тілеуін тілеп, бетіне жаутаңдап қарап
қалғаным жоқ па?!-

деді қатқыл тіл қатып.

-        «Орнында бар оңалар» деген,
жеңгей. Балаңыз соқталдай азамат боп өсіп қолыңызды жылы суға малып отырасыз
әлі.

-        Айтқаның келсін, айналайын. Ондай
атты күн болса кәнеки... Бірақ көк өзек көктемнің күрпілдек мұзы секілді шұрқ
тесік көңілім бар... Жете алам ба, жоқ па - қайдан білейін. Осы күннің езінде
сүйретпеге түсіп, әрі-сәрі хал кешіп, «шықпа жаным, шықпамен» отырған ұсқыным
мынау!-деп жылап жіберді. Директор орындықта байыз тауып отыра алмай кетті.
«Бұныңыз не, жеңгей? Жыламаңыз» деп асты-үстіне бірдей түсіп, жік-жапар болды да қалды. Аздан соң Алтынкүл көз жасын сүртіп жылағанын қойды. Шернияз кенет ойға шомды.
Ойлай келгенде әлденеге көзі жеткендей болды, Мана ертеңгісін тентек қылығы үшін желкесінен өзі нұқып
жіберген баласына ара түспек болып
Алтынкүлдің бұлай не себепті
шаптығып жеткенін жаңа сезініп еді.
«Тұрмыс жағдайы онша мәз болмағаны-ау, шамасы!» деді үнсіз қиялданып, Сонсоң Алтынкүлдің
жүзіне тіктеп қарап:

-        Жеңгей, шыныңызды айтыңызшы,
хал-ахуалыңыз қалай өзі? Тарығып жүрген жоқпысыз?-деді,-

-        Е...е, қайным. Ел (шінде
қанша отырмыз десек те, айналып келгенде, бір аштықтың бір тоқтығы, бір тоқтықтың
бір аштығы болмай тұрмайды екен. Аурусырқауға қараған үй қашан оңып еді, Сенен
немді жасырайын, қайным! Үйімде үнем қалмады. Сенсең тіске

басар туйір дән жоқ,- дегенде шыдай алмай тағы да ағыл-тегіл егіліп жылап
жіберді.

Шернияз бұдан кейін көп ойланып жатпады. Алтынкүлді олай деп, былай деп
жұбатып, қасына ертіп алып МТС дүкеніне бармақ боп орнынан қозғалып түрегеле берген.
Сол кезде ездері әлгінде сөз еткен Фрид есікті салдыр-гүлдір асығыс ашып бойы
серейіп ішке кіріп келе жатты. Директорға керегінің өзі осы еді. «Бұйымтайыңды жол-жөнекей айтарсың» деп оны
да қасына ертіп алды. Алтынкүл мен Фриц директордың
кабинетінде алғаш бір-бірін кезіктіргенде бірі ит, бірі мысық көргендей тыжырынып
қалысты. Кешеде болса бір-біріне көз алартып суыт өте шығар ма еді, өлде қайтер
еді. Бірақ бұл жолы екеуі де өйте алмады.

-        Есенсіз бе?- деді кішілік
танытып амандасқан Фриц казақ тілінде таза сөйлеп.

-        Шүкір аллаға!-деді Алтынкүл
де үнсіз қалудың ретін таппай. Екеуінің бір-біріне деген суық көз қарасы осы
бір жалғыз ауыз сөзден соң-ақ өз-өзінен еріп, жоғалып жүре бергендей көрінді.
Алтынкүлдід көңілінде тоң боп қатып, щеменге айдалған тас түйінді Фрицтің
«есенсіз бе?» деп таза казак, тілінде амандасуы ультра сәулесіндей бірден қиып
түсті ме екен, кім білсін, әлде Фриц сол жолы қазақ әйелінің ұлы жүрек соғысын қапысыз
танып, сол әйелдід орнында өз анасы болса о да осы жәйтті бәрібір бастан
өткермей қоймайтынына көзі жетіп, бәр-бәріне кешіріммен қарады да екен, кім
білсін. Әйтеуір, қалай болғанда да, екеуінің бұлай аяқ астынан оңай түсінісіп,
көңілдерінің   соңғы күндей жадырап, шүғыл ашылуы тегін
емес-ті.Үшеуі дүкенге келді. Іпіте оны-мұны сатып алуға кезекте тұрған
азын-аулақ ауыл адамдары бар екен. Директор олармен бас изесіп лоңқы амандасты
да екі ортаға көлденең орнатылған жалпақ тақтайдың есік секілді кішкене
белдемшесін көтеріп, келесі бөлмеге өтіп кетті. Оныд бұл жолы да тегін келмегенін
осы суыт жүрісінен жазбай таныған сатушы тірлігін қоя салып, сүметіліп соңынан
ерді. Өздері кірген бөлменің есігі ақырын жабылғанда сатушыға бұрылып:

-        Алтынкүлді білесің бе?- деді
келген шаруасына бірден көшіп.

-        Білем.- Сатушы бәрібір
«білмеймін» дегенмен түк шықпасын сезді.

-        Онда тіпті жақсы. Соған бір қап
үн берсең деймін. Ақшасын менен ұстарсың кейін. Үйімде үнем қалмады деп
зар еңіреп отыр бейшара әйел.

-        Шернияз
Сардарбекович, мен оны қайдан тауып берем,-
деп сатушы бағжаң етті.

-        Әй,
шырағым!- Директор сатушы жігітке суық қарады,--
Қылтың-сылтыңды білмеймін
мен. Нәйеті бір қап ұн тауып бере
алмасаң онда несіне дүкен ұстап отырсың мұнда.
Давай! Жерден қазсаң да сол әйелге ұн тауып бер. Және
оны аз десең, ана Фриц екеуің сол ұнды үйіне жеткізіп беретін болыңдар,- деп есікке беттеп кетуге айналды.

Сатушы өзінің ендігі қарсылығынан ештеме өңбесін сезді де, Фрицті қасына ертіп дүкеннің түкпіргі
бөлмесіне кіріп кетті. Аздан соң бірі қазақ, бірі неміс -
екі жігіт жалғыз

мөшек ұнды алма-кезек арқалап, ауыл шетіндегі Алтынкүлдід үйіне ақырын кетіп
бара жатты.

VII

 

Шернияз Сардарбекович бұдан кейін кеңсесіне бармады. Осы ауылда қанша түтін
бар солардың бәріне де жеке-жеке бас сұғып кіріп, тұрмыс-тіршілігімен жүйелі
танысып шықпақ болды, Күн керісі қиын кемтарларға қолма-қол көмек жасау да
ойында жоқ емес-ті. Сол оймен көшенің басындағы үйден бастап түгел аралап кіріп
шығып еді, жағдайларының онша мәз емес екенін көзбен көріп, көңілі пәс болып
қалды. Сұрапыл

дауыл соғып өткел өңір қандай болса, төрт жылға созылған соғыс қасіретін
тартқан бұл ауыл да сондай жүдеу еді. Бірақ қанша жүдеу болса да жүні жығыла қоймаған-ды.
Жерлестерінің жанар отынан соны  бaйқaған
Шернияз осыны дәтке қуат етіп, көңіл бірлегендей болды.
Ол кеңсесіне келген соң да басын торлаған қалың ойдан арыла алмады. Соғыс
жылдарында қирағаны қирап, сынғаны сынып, сынбағаны көрінген жерге шашылып
жоғалған МТС-тыд кұрал-жабдықтарын таяу мерзім ішінде тауып, орнына қоспаса
онсыз да баурыи сызға төсеп, шөгіп жатып қалған шаруашылықты одал сайыл
күйзелтіп аларын бүкіл тұла бойымен сезгенде, соның бәрі ендігі мезетте төске
соққан балғадай миында зыңылдап тұрып алып еді. Бұл тұста  ору науқаны барлық жерде қызу жүріп жатқан.
Осы жағдайды ескерген МТС директоры өздеріне қарасты колхоздардың әрбіріне үш-төрттен
агрегат бөліп беріп, ұлы істің ұйтқысы болғандай көрінген. Алайда қысқа жіп
күрмеуге келмей біріне жеткізе біріне жеткізе алмай әбден сарсылған кездері аз
емес-ті. Соііы ойлағанда Щернияз Сардарбекович өз ісінің дұрыстығына тағк да
көз жеткізіп, іщтей тоғайып қалды. Қазақ көрмеде ұстаған жалғыз жүйрік атын
қалай баптай білсе, бұл немістер де кек темірді солай баптай білетіндёй
көрінді. Осында көшіп келгелі қай-қайсысы да МТС гаражында қаңтарылып тұрып
қалған машина дейсің бе, трактор дейсің бе, комбайн дейсің бе... бәр-бәрін
жөндеп, іске қосып, сақадай-сай әзірлеп, тыным

таппай жанығып жүр. Соның
нәтижесінде қазірдің өзінде колхоздар
мен бөлімшелердің сұратқанын көзінен тізіп
жөнелтіп жібере беретін дәрежеге де жетіп қалды, алайда
Шернияздың көңілінен бір күдік жатса-тұрса кетпей-ақ койды. Ол - күні кеше ғана
МТС гаражынан өзі бастап түріп айдап қуып шыққан Нарқоспақтың «Бірлік»
колхозынан көшіп кеткен жаңа жұрағаттың бау-бағынан түскен өнімді иелеріне қайтсемде
бергіз-беймін деген қияңқы кылығы еді. Нарқоспақ сол мақсатпен ауыл шаруашылық
басқармасы бастығына арнайы кіріп шығыпты. «Кешегі қырғын жылы бала-шағасын,
кемпір-шалын, семьясын түгел шұбыртып, қарауыма келген мүсәпір босқындар еді.
Үрген итке де сүйек тастайтын ата салтты казақ емеспін бе, мен бейбақты суыққа ұрынған
торғайдай дір-дір етіп, ұсқыны кеткен со немелерді жаным ашып, қанатымның
астына алып жылытып, колхоз жерінен жер бөліп беріп, әкелері жасамаған жақсылық
жасап едім, енді міне, жіліктеріне май жүгіріп, ел қарасына қосылып еді. Көлденең
киліккен көк аттының азғырынды тіліне еріп «шу, қара-құйрық қайдасың?» деп бір
түнде бәрі ере көтеріліп,

көшті де кетті. Бұл опасыздарға
кісі сеніп болған ба, тәйірі. Бұ мұндар ма?! Бұ мұндар әлі талай сойқанды бастайды - көр де түр. Бірақ қашан айтты
демеңіз, Шөребек Шілтекбаевич, сол сүмелектерге огородтарынан бір
түйір дән бергізсем, онда менің бүйтіп жер бетінде қалқайып тірі жүргенімнен өлгенім артық» деп біраз тепсініпті. Басқарма бастығы не десін, істің байыбына барып, кімнің ақ,
кімнің қара екенін тексеріп, көз жеткізудің орнына «Алдағы жетіде аупарткомның
бюросы әтпек, Соған мықтап дайындал. Мейманасы тасып, кісімсіген жапалақ
сарының әуселесін сонда көрейін» деп Нарқоспақтың сөзін сөйлейтінін білдіріп,
қолтығына дем бүріккендей бопты.

Шөребек пен Нарқоспақтың оңашада келіскен бұл мәмілесі де айна-катесіз сол
күйінде өзгермей, мәнін жоймай кеше кешкілікте Шернияздың құлағына да жетіп
еді. Осыны жеткізген бейбақтың жымысқы ұры көзінен оны өзіне кімдердің жұмсап
отырғанын да жазбайтаныды. Сол сәтте көгілдір мұнар арасынан «ә, пәтшағар, енді
қайтер екенсің?» деп кекесін күліп тұрған Нарқоспактың кәрі сиырдың желініндей
қатпарланған бет-әлпетін көргендей болды. Шернияз, алайда, оны аса кауіп
көрмеді. Шөребек пен Нарқоспақтьщ, тағы сол сияқты шолақ белсенділердің оңашада
өзара ауыз жаласып, бір пәтуаға келіп, бүны сүріндірмек болған арсыз
әрекеттерінен де сескенбеді. Бірақ оның мынандай кысталаң шақта елді босқа
дүрліктіріп, берекесін кетіреді-ау деп көңіліне күдік алғаны анық-ты.  Шернияз, бірақ, бұлай бостан-босқа қол қусырып,
сарсылып отыра бергенді жөн көрмеді. He де болса еліспей беріспеуді ойлады.
Соғысқа да өлім үшін емес, өмір үшін барған жоқ па еді. Ендеше ел ішінің әлгіндей бірлі-жарым қыздырмасына бола бастаған
игілікті ісін аяқсыз калдырмақ па. Жо...,оқ, ол бола қоймас. Шернияз шүғыл сергіді. Сергіген сәтте мана өзі үй-үйге кіріп, аралап керіп шыққан ауылдастарының қазіргі жүдеу кейпі көз алдына елестеп
қалқып тұра қалды. Жүрегі осы түста бір шым ете түсті. Директор өзіне-өзі келген
келесі мезетте коммутатор кыздан маған «Бірлік» колхозын жалғап жібер деп өтінді.
Телефон трубкасын Нарқоспақтың өзі көтерді.
Қысқа амандық-саулықтан соң:

-        Нареке,-- деді ол бірден
бітімге шақыра сөйлеп,- ана біздің жігіттердің әйелдері огородтарының арам шөптеріп
отап, суғарып қайтуға колхозға барған екен. Сен оларды түріп айдап қуып
жіберіпсің, Оның жарамаған, Нареке.

-        Шернияз Сардарбекович,- деді
Нарқоспақ ресми жауапқа көшіп,- ол жер оларға колхозда жұмыс істеп жүрген қездерінде
берілген. Оны өзің де жақсы білесің.- Шернияз сөзін бөлді.

-        Сонда қалай?- Қазір колхозда
жүмыс істемейді. Сондыктан оларға колхоз жерінен мандай терлерін төгіп өсірген
огородтарының өнімі кайтарылмайды демекпісің. Бұл өктемдігің заңға қайшы
келіп жүрмей кейін. Ойлан. Әлі де кейін емес түсінген кісіге.

-        He
ойлайтыны бар. Ендігісін алдағы жетіде өтетін бюро шешеді,

-        Ендеше
былай,- деді Шернияз көп күлтелей бермей төтесінен бір-ақ тартып,- олар
колхозда істесін, істемесін - бірақ
күзде өз огородтарының өнімін өздері жиып алып, игілігін көруге тиісті. Егер осыдан кейін де қиқаң-сиқаңды қоймасаң, онда менен жақсылық күтпе,- деп телефон трубкасын ерсілене тарс
еткізіп ашулы тастап жіберді.

Нарқоспақ жалған намыстың
жетегіне еріп Шернияздың қытығына тиіп алғанын сезді. Күнделікті күйкі тірліктің ырың-жырыңымен бұдан кейін де өстіп жолына кесе-көлденең
түра берсе өзін аямасын, бүл жолда өзінің
де аянып қалмасын және сезді. Бірақ түп-тү-

бінде бұл жеңіске жете ала ма, жоқ па. Шернияз басқарма бастығы екеуінің
алдын-ала құрған тұзағына оңай шырмала кететін қыр елінің аңқау
қазағы емес. Алдымен соны ойлап, ақыл таразысына салып барып, сонсоң іске
кіріскен жөн. Әйтпесе өздерінің мүрдем кетулері ықтимал. Бойы мен ойын қатар
күтіп, әрдайым тізгінін жинақы ұстап үйренген, көрген, білгені мол көшпелі кісі
атанған Шернияз Сардарбекович, сайып келгенде, сенің анау-мынауыңнан сескеніп,
жағынып жығыла қоймайтыны белгілі. Ол оңай кісі болса, кім көрінген көкірегімен
қағып-соғып өткенде қыңқ деп дыбыс шығарып көрмеген алжуаз болса кез-келген бұрышта
үйілім, аяқ асты боп шашылып жатқан темір-терсектің,

басын қурап, жоқтан бар жасап, қираған МТС жұмысын қайта жаңғыртып,
деңгелетіп алып кетер ме еді. О, бауырым, оңай көрме - қос қолы алысқанның
алқымында, жағаласқанның жағасында кететін нағыз көкжалдың өзі емес пе ол
дегенің...

Нарқоспақ оқыс күрсініп қалды. Сосын «суға салсаң батпайтын, отқа салсаң
жанбайтын қандай неме еді өзі» деп және күрсінді. «Жастық қызулықтың әсерінен
бе, жоқ үйде де, түзде де қолтығына жел беріп көтермелеген көп шуылдақтың
көпірме қошаметінен бе, әйтеуір уағында қызмет билігін қолындағы жуан дойырдай
көріп, оңды-солды сілтеп, талайдың иманын үйірген кездерім де кеп болып еді.
Енді, міне, сонық бәрі өзіме Зауал боп төнетін күнге де жақындап қалғаным-ау,
шамасы. Шернияздың жаңа әзірде сым үшьшан естілген өктем үні соны сездіргендей
ме, қалай?» деп қамырықты. Марқұм әкесі екі сөздің бірінде үнемі айтып отыратып
еді: балам, кеңседе шіреніп отырғаң қызыл столды астыңдағы жүйрік атындай
көрме; қусам жетіп, қашсам жеткізбей кетем деп тағы ойлама; бұ өкімет ел басқарған
кісінің қылтың-сылтыңын онша көтере бермейді; оқтын-оқтын үлкен орындарда
отырған өзің сықылды көк етікті әкімдерді көк желкесінен қысып ұстаған бойы
жоғары көтеріп дауыл соққандай сілкіп-сілкіп қалатыны болады оның; сондайда
кім-кімнің де істеген ісі, кылмысы қас қағым сәтте ашылып, етіктің қонышынан
ақтарылған күміс теңгедей саудырап жерге бір-ақ түсетіні белгілі. Сол секілді
сені де кезегі келгенде бір тексеруден өткізіп алмасына кім кепіл бұ өкіметтің.
Ендеше кісіден қиянат көрмейін десең өзгеге қысастық жасағаныңды қой.
Абырой-атаққа арлы ісіңмен жетсең де өзгені сүріндіру арқылы жетпе,- деп. Енді
ойласа, марқұм әкесі санасында сәулесі бар кісінің жетесіне жетерлік ақыл
айтыпты. Бірақ ол кезде әкесінің бұл кеңесіне құлақ аспайын деп және ойлаған
жоқ-ты. Күтпеген жерден ауаткомның председателдігіне оңай көтерілген
Нарқоспақты сол дәрежедегі сыйлы қауымның мәртебелі қызу тіршілігі, үлкен өмірі
өз арнасына жаққадай салып алып, арқырап ағып кете барды да, алды-артына
байырқалап қарауға шамасын келтірмеді. «Тырнадан қарауыл қойсаң құлағыңнап қиқу
кетпес» деген сөзді ел ұмытқалы біраз уақыт болып калып еді. Нарқоспақтың ойда
жоқта мына қызметке жоғарылап келуі, шынында да, сол сөзді ел есіне қайта
түсіре бастағандай болды. Ертеде ит жоқта қораға шошқа  үрген шығар, бірақ азаматтың орнын азғын, аяр
басты деген не сұмдық?! Бұның езі, түптеп келгенде, көктегі ақ сұңқар құстардың
тұқымы құрып, аспанға қара қарға толдының кері емес пе екен, кім білсін... Бірақ
бұны түсініп жатқан Нарқоспақ болмады. «Осы қызмет дәрежем де  біраз дүниенің тұтқасын бұрап сындыруға
жарайды» дегендей аспанға шырт түкіріп отыратынды шығарды. Майданда ысқырып ұшқан
оқ елден аттанған ер-азаматтардың маңдайына тіміскіп, іздеп жүріп қадалып  жатса, ендігі жерде елде қалған Нарқоспақтың
сілтеген қамшысы да қайдағы жетім-жесірдің төбесінде от шашып ойнайтын болды. Соғыстың
үшінші, төртінші жылдарында бірен-саран ер-азаматтар қалды қасап майданнан да
тірі орала бастап еді. Әдепкіде кілең «қара қағаз» алып қара жамылып үйренген
ауыл бұған да шүкіршілік етісті, Елге тірі жеткен сол азын-аулақ солдаттың
өздерін қанша мүгедек болса да, қанша кембағал болса да жеңістің алғашқы
қарлығаштарындай көріп, біртүрлі бауырларына 
жақын тартып, төбелеріне көтеріп дүрілдетіп алып кетіп еді, Әйтеуір,
арты жақсылықка көрініпті. Елге тірі оралған шолақ қол белді бір жігітке көп ұзамай
қызмет орнын босатып берген Нарқоспақ дауыл айдаған кемедей боп шетке ығысып
шығып қалды. Күні кеше ғана топ-тобымен майданға аттанған ер-азаматтардың
қатары сиреген сайын Нарқоспақтыц тіккен орда туы биіктен желбіреп, аудан
төріне айдын асырып қол артқан болса-; ендігі мезетте майданнан ел азаматтары
тірі келе бастаған тұста Нарқоспақтың да жүрер жолы тарылып, аудан төрінен
ығысып шығып, колхозға қарай ақырын жылыстап кете барған еді. Сонымен қалай
десек те, «Бірлік» колхозына баскармалыққа тө-мендетілген Нарқоспақ өткен
өміріне ойлы көз жүгіртіп, жіберген қателігі мен кемшілігі қайсы - соларды  сарапқа салып, әділ таразылап көрмеді де,
ауданда жургізген өктемдігін ауылда да жүргізе бастады. Қудай алатын кісісін
өстіп қойқаңдатып барып бір-ақ алады деуші еді, Нарқоспақтың, түптел келгенде,
күндердің күнінде дәл соның кебін құшып жүрмесіне кім кепіл. Ол қазіргі
жай-күйін әрі-бері шотқа салып, салмақтап көргенде жағдайының онша мәз емес
екенін жазбай таныды. Өмір айдынына салған желкенді көк кемесінің ерге тартудың
орнына дауыл тұрмай, жел соқпай кері қарай жүзіп, кіші-гірім бір аралға тұмсық
тірей тоқтап, кайраңдап тұрысы мынау: айдын бетін сәл

сызып жел тұрса болды, жағалаудан бір-ақ шығып қалайын деп түр. Сонда.!.
сонда деймін-ау ендігі күні не болмақ?! Нарқоспақ ойланып қалды. Содан сезіп,
түсінгені мынау болды: кезегі келгенде Нарқоспақ жайына қарап тыныш
жүрсе де басқармалықтан кетеді, тыныш жүрмесе де кетеді. Оған себеп: іргесінде
көк темірді құрап-сұрап, содан ырзығын айырып тауып жеп отырған МТС директоры
Шернияздың көзін бүл өңірден құртпай бәрібір оған жақсы атақтың жоқтығы еді,
Шернияз барда оның істеген қай ісі де оңға баспайтындығы еді. Соны жер түбінен
таныған Нарқоспақ қалайда Шерниязды орнынан түсіртіп, орнына өзі құнжия қалуды жатса-тұрса
көксейтін болды. Марқүм әкесі: «Балам, кеңседе шіреніп отырған қызыл столды
астыңдағы жүйрік атыңдай көрме» деп дұрыс айтқан екен ғой. Кезегі келгенде
жоғарыдан суыт жеткен әлдекімге езің-ақ ор-

ныңды босатып бере салады екенсің - өйтпеске амалың қайсы?! Соған кезінде
аздап ой жүгіртіп, аздап толғап көргенде мынандай пұшаймен халді бастан кешер
ме еді, кешпес пе еді. Бірақ ол тұста оны саралап, салмақтап ойлап жатуға уақыт
болды ма. Әйтсе де соны зерделеп түйсінуге бүл жазғанда зейін болды деймісің, тәйірі.

 VIII

Дүкенге кеп қант-шай, өрік-мейіз
алып тысқа қайыра беттегенше
күн батыс құбыладан туырлыктай көкала бұлт әп-сәтте тас төбеге ойнап шығып, тұтаса қаптап, түнеріп үлгерген
екен. Жәмила күн жаумай ертерек үйге
жетіп алмақ боп аяғын асығыс басып, жедел жүріп кетті.  Әйтсе де көкірегі бір жауын тілеп келеді. Жер-
дүниені суға бөктіріп, нөсерлетіп қүйып өтсе дейді. Бірақ жуық арақта күн жауа
коймады. Ойық ауылынын тас төбесіне тұтаса қаптап келді де, мені көрдіңдер ме дегендей
қорғасын ауыр салмақпен ер бауырлап үйіріліп тұрып алды. Жәмила тегінде ырымшыл
жан емес-ті. Бірақ мына ауыл үстіне үйірілген көкала бұлтты
жақсылыққа жорымады. Елден ерек өз үйінің төбесіне төніп келе жатқан кесапаттай қабылдап еді. Нарқоспақ пен
Шернияздың өткенде немістерге
бола жүз шайысып қалғанын есіткелі
бері, неге екені белгісіз, көңілі әрнәрседен секем ала беретін болғам. Жеттім бе, жетпедім бе дегенде бір құдірет тұтқиылдан төніп келіп, аузындағы ырзығын жырып алып кететіндей көре ме, кім
білсін.

Оның үстіне ауыл әйелдері де қайдағы жоқты
айтып бұған маза бергенді қойды. «Ойбай, Шернияз қайным ана сұмман сақ болсын,
орайын тауып оп-оңай сүріндірмек боп жанығып жүр» деп бірі, «жоқ, оны қойшы, етігін сірісінен басып жүрген тобан аяқтының  қолынан не
келеді; онан да ана сұңғыладан іргесін аулақ салсын, оған сеніп қап босқа
арандап жүрмесін» деп екіншісі кетеді. Одан құлағына әлденелерді құйып-құйып үшіншісі
жөнеледі. Әйтеуір, қайсысын тыңдасаң да бұның күйеуін оңдырайын деп .жүрген жан баласы табылмайды, өздеріне сенсе: тек өздерінің
күйеулері ғана Шерниязды
бәле-жаладан желеп-жебеп
сақтандырып жүргендей көрінеді. Сонда.,, сонда деймін-ау, бугінде ел басында
отырған азаматтардың кім болғаны? Күн ашықта бүйтіп бірінің төбесіне бірі бұлт үйіріп, қырғи қабақ боп бұртиып
жүрсе кім болғаны?! Жәмила үйіне келген соң да осы сауалға жауап тап- пай
сарсылумен болды. Ақырында тапқандай көрінді. Сөйтсе ел тізгінін ұстап отырған
азаматтар өздерінің жеке бастарының мүддесі жолында бір-бірін беттен алып,
теске шаппайды екен. Қызмет бабы, жүмыс барысында өзара пікір таластырып,
сарапқа түсетін секілденді. Соны желбуаз қатындар жел көтерген қаңбақтай дөңгелетіп
ап келіп, өйтіп-бүйтіп сүфілеп бұның көкірегінен әрі өткізіп жібереді. Ондағы
мақсаттары да белгілі. Жәмилаға жақсы атты
көрінсе болды - дүниенің

тұтқасы өздерінде түрғандай
сезінеді. Директордың әйеліне жағынып, көзіне түсіп, көңілін тауып ауласақ одан асып күйеуі қайда барады деп ойлайды. Осы
бақай есептің түпкі
төркіні қандай үлкен диірменнің
де астыңғы тасы мықты дегенге саяды. Жәмила қазір, міне, осыны ұғынды. Ертеректе жасы жеткен дана бір
қария дәл үзілер секундте тіл қатып: «Менің ақылым- жаңа толысып келе жатыр
еді. Әттең дүние-ай, оған мұрша бермеді-ау»,- деп арманды өкінішпен көз жұмған
көрінеді. Сол айтпақшы, Жәмнла да өмір сырын енді-енді түсініп келе жатқанға
үқсайды, Соны үғынудың өзі неге тұрады.

Жәмиланың кенет санасы ашылып, көңіл аясы кеңіп сала берді. Бұрынғыдай жылы
сөйлеп, жымиып күліп келетіндердің бәрі бірдей өздеріне дос-жар, тілеулес
жандар емес екенін аңғарды. Күліп келіп күңірентіп кететіндерін түсінді. Сандай
сыптығырдың тіліне ерем деп ойда жоқта арандап қала жаздағаны бар. Қазір сол
есіне түссе үяттан екі беті өрт боп жанып, дуылдап қоя береді. Науқан кезінде
ойдан, қырдан шапқылаған өкілдердің өңмеңдеп қаптап кететін әдеті емес пе. Жәмила
бірде солардыд бір тобын жаңа ғана жөнелтіп, ыдыс-аяғьш салдыр-гүлдір жуып
жатқан. Ішке үры итше аяғын ақырын
басып Жарықбас кіріп келе жатыр. Жәмиланың жақтырмай тыржың еткенін де елең қылмады.

- Жеңеше-ау,- деді сол бойда
жорта шошынып,- мынау сұмдық қой. Kісі күтуден қолыңыз тимеді. Шаршаған жоқпысыз.- Жарықбастың жалған жанашыр жылы сөзіне Жәмила майдай еріді,-     Шаршағанда қайтем, ыдысымды біреу жуып бере ме?

-        Heгe жуып бермесін, береді.-- Жарықбастың сөзі сенімді шықты.

-        Кезі ашық оқыған қайнымсың.
Тілің мен жағыңа сүйеніп, жердің жыртығын жамағанда алдыңа қара салмайсың. Немене,
қолыңнан дүниенің бәрі келгенде маған қолқанат тауып беру келмей ме? Әлде ол
менің маңдайыма жазылмаған ба? Жарықбас ағысты қиял кешті. «Ым,- деді ішінен.- Жеңгеміздід
өзі өстіп тіленіп түрғанда жұмыс сұрап кеңсе жағалаған келіншектердің бірін
тұмсығынан жетелеп осында жібере қояйын. От жақтыра ма, отын шаптыра ма - не істетсе де өзі білсін. Кейін сәті туғанда «Шернияз үйіне қызметші әйел ұстайды, бұрынғы ескі дәуренді көксейді» деп
жоғарыға домалақ арызды топырлатып айдап жіберуге оңтайлы болады». Жәмила, бірақ, Жарықбастың бүл
жымысқы ойын сезбеді. Ол жіберген жас келіншекті жайдарлы қабылдап, бүкіл шаруа
жайын түсіндіріп айтып, жұмысқа сүркілдетіп салып қойған. Өзі де
қол-аяғы жеділ пысық

жан көріиді. Таңның атысы, күннің
батысы тьшьім таппай қүйрығы жер иіскемесе де қабақ шытып сыр білдірмеді. Жәмиланың көңілдегісін жазбай танып құрақ ұшып жүгіріп жүрумен
болды. Қолы тиген жердің бәрі айнадай
жарқырап жатты. Арада апта
өткенде күлін шығарып, от жағып, тамақ істеп жүрген жас келіншекті көріп Шернияз
жатып кеп-тулады.

-        Жәмила, мынандай сұмдығыңды бұдан
былай көрмейтін болайын,- деді түсін лезде суытып.- Ана келіншекті тез үйіне
қайтар. Ата-бабаң істемеген рәсімді бастап бұның не? Бір үйдің тірлігін ауырлап
жүрмісің әлде.

-        Жоқ,- Жәмила капелімде абдырап қалды.
Аяқ астынан бұлай бола қояды деп кім ойлаған. Аузына «жоқтан» өзге жөнді сөзде
түспеді.

-        Ендеше мына қылығыңды қалай
түсінеміз. Қайта МТС-қа жұмыска кіріп, ел қатарлы еңбек етудің орнына ертеңнен
қара кешке дейін үйде бос ерігіп отырып қызметші ұстау деген не сұмдық! Бұныңды
ел естісе ме дейді? Жәмила жөн сөзге тоқтағысы келмеді, Өз ісін түзік санап, үй
шаруасына мәттақьш жас келіншекті қайтсе де қолдан шығармаудың амалын қарастырып  баққан.

-        Құдайдың құтты күні үйің қонақтан
арылмайды. Соларды күту үшін де бір кісі керек шығар,- деп шаптықты. Шернияз
келіншегінің сөзін жүре тыңдады.

-        Дені дұрыс қай қазақтың үйіне
қонақ түспеуші еді. Соны
да сөз деп айтып тұрсың-ау.
Қайтейін енді...- деп шытынды. Құдай кісіні адастырып, алжастырам десе қолында

тұрған шаруа көрінді. Күйеуіне ерегіскен Жәмила әлгі мәттақым жас келіншекті үйіне кайырып
жіберді де, ертеңінде
күні бойы қырсығып бүк түсіп жатып
алды. Керек десең қаназасын
жарып шыққан жалғыз жас балаға да тұрмады. «Қарным ашты, тамақ бер» деп қыңқылдап
жылап келіп еді. «Жылаған олай емес, былай» деп жағынан бір тартып, отадай
боздатып, өздерінің бөлмелерінен тысқа итеріп шығарып жіберді. Бала өкірген
бойы әжесіне барды. Ауызғы бөлмеде ұршық иіріп отырған Қызайым кемпір калтасынан
үлкен шаршы орамал ап немересінің көз жасын сүртіп:

-        Сірә, бұл адам болмас. Тамақ сұрап алдына
барған баланы ұрып жылатып  ібергені
несі!-деп қатты кейіді.

Сол екі ортада тыста шоланда тамақ істеп жатқан Бағила ішке кіріп қалып
еді. Бекмұраттың жылап, өксігін баса алмай түрғанын о да көріп:

-        Кім тиді, ә. Қой, жылама.
Дап-дардай бала да жылай ма екен,- дел оны маңдайынан, шашынан синап, аймалап
жұбатып:- Мә, нан жейсің бе? Ыстық нан. Қазір ғана оттан алдым,- деп таба
наннын, шетінен үзіп қолына ұстата салды. .Қызайым мен Бағнла екеуі Бекмұратты
естіп жұбатып ортаға ап қамалап отырғанда екі-үш кісіні ертіп

Шернияз
сау етіп түскі үзіліске келе қалды. Үй иесінің алдымен сұрағаны:

-        Жәмила қайда?- болды. Бағила бүгежектеген
күйі жауап бермей тым-тырыс

тысқа шығып
кетті. Қызайым анасы естімеген кісіше немересіп алдына алып жұбатып үнсіз отыра
берген. Шернияз қайыра сұрағанда шыдай
алмай тарс жарылды.

-        Немене, сағынып қалдың ба? Емешең
езіліп бара жатса... бар ана бөлмеңе. Сонда жатқан да жау түсіріп келгендей боп. Менен неменесін сұрайсың
оның?! Шернияз анасының ашулы
жүзіне жалт етіп бір қарады да, бүкіл мән-жайды заматта түсіне қойды. Үндемеген
күйі бұрылып шығып кетті. Ол енді жатын бөлмеге кеп басына көрпе бүркеніп

өтірік ұйықтап жатқан
келіншегін қолымен ақырын тербетіп оята бастады.

-        Жәмила,
тұр. Басыңды көтерші кішкене. Үйге кісілер
келді. Тұр.

-        Келсе қайтейін.-
Жәмила бүркеніп жатқан жерінен қозғала қоймады.

-- Тұрып
шай-пайыңды тездетіп қамдап жібер.
Тұр енді. Келгең кісілерден ұят болады.

 

-        Қонақ
күту де жұмыс боп па. Оны-мұнысын дайындап, біржолға
өздерің-ақ жөнелте салыңдар, Басым ауырып
жатыр. Шернияз келіншегінің
жорта қырсығып жатқанын қапысыз таныды. Басындағы көрпесін жұлып ап, өзін шықпыртап
сабап, төсектен жұлқып тұрғызуға да болар еді. Оған төргі бөлмеде отырған
қонақтардан ұялды. «Сенімен кешке қызметтен келген соң дұрыстап сөйлесермін»
деп тістеніп сазарды да қалды. Қонақтарды әл-кадырынша тәуір күтіп аттандырып салған
Бағила аяғын ақырын басып сіңлісінің бөлмесіне өтті. Үйде. кімдер кетіп, кімдер
қалды - бәрін көрпе астынан үнсіз бағып жатқан Жәмила әпкесінің өзіне беттегенін
көріп, басын жастықтан көтеріп тұрып отырды.

- Жай ма?

-        Қайдан
жай болсын. Бұ қай кесірлігің сенің? Есіл ерді
жерге қаратқаның жарамады, Қасындағы кісілерге сыр білдірмеген болды. Бірақ
қызметіне түтігіп кетті. Бұның
арты немен тынарын бір құдайдың
өзі білсін. Жәмила әйелдікпен
түңғыш рет әбестік жіберіп алғанын жаңа мойындағандай болды.

-        Бағила, төрелігін өзің айтшы?
Сенен басқа кімім бар бұ ауылда. Түсте тәсектен тұрмай қырсығып жатып алғаным
шынында әбестік болды-ау, ә.

-        Енді қалай деп едің?

-        ЬІм..м. Солай де.-Жәмила оқыс күрсініп
қалды. Бағила оған жақындай түсіп, айтар сөзін құпиялап құлағына сыбырлап:

-        Бүйте
берсең, айналайын, қашан айтты деме. Күйеуіңнін көңілін
қалдырасың. Келіншегінен көңілі
қалған. еркек төсегі суығандай өзіңнен
безініп шыға келетінін ұмыт
па,- деді. Бағила ұзақ сөйледі.
Шернияздай азаматты түсінбеу үлкен күнә екені, оның көлеңкесінде  жүріп-ақ көпке жетуге болатыны, оны жалғыз өзі
емес, бүкіл исі қазақ пана тұтатыны - бәр-бәрі шебер тілмен әсерлі баян етіліп
еді. Жәмила өз күйеуінің кім екенін жаңа андағандай болды.

-        Әпкетай, ғүмыр бойы құлың боп
өтейін,- деді Бағилаға жалынып.- Құрғыр Жарықбастың жылымшы тіліне еріп, босқа
арандап қалғанымды жаңа ұғынып отырмын. Осыдан кешке келгенде қайтсең де бір
амалын тауып, Шернияз екеуімізді қайтадан жарастырып жібер. Мүмкін одан кейінгі
тұрмысымыз шорланып біткен сүйектей бұрынғыдан да жымдасып бекемдене түсер. Бір
түстік қонаққа бола Шернияз өзін үйден қуып жібере қоймасын жақсы біледі. Әйтсе
де Жәмила кеңілде дақ қалмасын деп әдейі Бағилаға қолқа салып отырған. Соңғы
демі үзілер сәтте: «Өмірде өкінішіңіз бар ма?» деген сауал койылғанда, жауатар
батыр: «Бар. Түтін мен түтінді косып ем. Оқ пен оқты қоса алмай арманда
кетіп барам. Өкінішім - сол!» деп ойланбай
жауап берген екен. Ата-бабасынан ырыс боп ауысып келе жатқан сол қасиет Бағиланың бойында бар еді. Бағила -қырғи қабақ
екі елді жарастыра алмағанмен екі кісінің арасын дәнекерлеп жалғап жіберуге шебер-ді.
Бар айтқаны:

-        Жарайды. Кешке
қызметінен келсін,- деген жалғыз ауыз сез ғана болды.

Келіншегінің өз кінәсін түсінгенін жүзінен танып үндемеді
ме, жоқ Бағила «күйеу бала, бір жолғы ашуыңды маған қи, ұрыспай-ақ қой
оған, өзі де опық жеп жүр» деп алдын алып қойды ма, әйтеуір
кешкі шай үстінде екеуі қайта жарасып кетті. Содан былай Жәмила күйеуінід
бетіне тік келмейтін болды.

IX

Аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде қаралатын негізгі мәселе -
жазғы шөп шабу, дайыидау жұмыстарын ойдағыдай бітіріп, сонсоң күзгі егістік жерлерді
жыртып, түқым себу науқанына әзірлікті осы бастан күшейту еді. Алайда,
бұл күн тәртібінде белгіленген кезек күттірмейтін басты
мәселе бола тұрса да, неге екені белгісіз, журдім-бардым аталып өтті де, хатшы кабинетіне жиналған бюро мүшелері
жұрт күтпеген оқыс қылық
танытып, Ойық МТС-ның директоры Шернияз Сардарбековичтің жеке басын сөз
етісіп, соны мыжып кетісті. Шернияз
бұл бюрода өзінің де сөз болатының алдын-ала жақсы білгенмен, тап бұлай жеке өзіне арналады деп әсте ойламаған, Бюроны басқарған -аупарткомның бірінші хатшысы  Шалахметов жолдас еді. Шөребек пен Нарқоспай

өзінен бұрын жетіп, шегедей сіңіріп ұғындырып үлгерген бе, алма-кезек
суырылып сөйлеген шешендердің сөздерін ұйып тыңдаған кісінің сыңайын аңдатып,
суық отырды да қойды. He ана екеуін, не бұны қостайтынын қас-қабағымен болса да
сездірмеді.

Шернияздың «Бірлік» колхозында ірге теуіп, орнығып калғай немістерді
ешкіммен келіспей жылы орнынан қозғап, бір түнде көшіріп алуы әуелгі кезде
хатшыға да өрескел көрінген. Ішінен: «Келмей жатып Шернияздың бұнысы несі?
Сірә, өзімшіл біреу болды-ау» деп күдік ойлаған. Бірақ бюрода Шерниязды тыңдай келе
ол райынан біртін-біртін қайта бастап еді.

-        Құрметті жолдастар, сіздер
қалай ойлайсыңдар! Ауданды бір ғана колхоздың жетістігі көтере ме, жоқ бар
колхоздың табысы өрге сүйрей ме? Қайсысы?- деп Шернияз бюро мүшелерін байыппен
жағалай шолып шықты.

-        Әрине, ол түсінікті нәрсе
ғой, Қайталап айта бергенде бірдеңе түсе ме?-деп Шөребек ыңырана ырғатылып
орьшдықтың арқалығына сүйеніп шалқайыңқырая қайта жайғасты.

-        «Бірлік» колхозынын. біраз
жаңа тұрғындарын азғырып көшіріп алды» деп мені көптеген жолдастар жазғырады.
Себебі, олар ертеңгі күннің талап-тілегіне терең үңілмейді. МТС жүмысы
жанданбай, жолға қойылмай аудап шаруашылығы артпайтынын жіті ескермейді. Мюллер
бастатқан мамандар тобы жұмысқа қызу кіріскелі өткен жылдан жөнделмей тот басып,
қаңырап, қаңтарылып түрып қалған техиикалардың көбісі іске қосылды. МТС-та жаңа
станоктар орнатылды, Бұның өзі, жолдастар, ұсақ-түйек қажетті бөлшектерді өзімізде
дайындап шығара береді деген сөз. Механизаторлар енді сымған не бүлінген
жарақтарын іздеп, ауданға, облысқа шауып сабылмайтын болды. Шернияздың сөзі
хатшыға орнықты әрі дәлелді көрінді. Іске жаны ашитын кісі ғана осылай тиянақты
сөйлер болар деп ойлады. Шөребек пеи Нарқоспақтың тіліне сеніп, оны қызметтен
босатып жібермек те болып ед». Асығыстық жасамағанына қазір іштей қуанып

отырған.

-        Айта
беріңіз, жолдас Сардарбеков. Тағы қандай жұмыстар
атқарылды?- деді жайдарланып, -            Механизаторлардың ескі бөлшектерді
жаңа запас бөлшектермен айырбастап
ала беруі үзілді-кесілді тоқтатылды. Бүл техниканы жөндеу және сақтау үшін

бөлінген қаржының үнемделуіне көп мүмкіндік жасады. Бригада қысқы, көктемгі
трактор жөндеу жұмысында ғама он бес мың сом қаржы үнемдеді. Жанар май жөнінде
де осыны айтуға болады. Бір маусымда екі тоннадан астам жанармай МТС
цистернасында сақталынып қалды.

-        Бұ айтқандарыдыз ұсақ-түйек
нәрселер ғой. Бұдан гөрі күрделі істеріңіздің болмағаны ма, жолдас Сардарбеков?-
деп Шөребек кекеткендей боп миығынан күліп қоқан ете түсіп еді, хатшы оған ала
көзімен ата қарап тыйып тастады.

-        Жұмыстың үлкен-кішісі болмайды, жолдас Шілтекбаев.
Қай үлкен іс те алдымен осындай ұсақ-түйектен басталады. Шөребек
аузына кұм күйылып сазарып отырып қал-

ды. Хатшы енді директорға көз тоқтатып қарады.

- Алда не істемексіз? Қандай ұсыныс-тілегіңіз
бар бізге айтатұғын,- деді.

Шернияз кідірмеді.
Жұрттың -көңіліне қозғау салмақ боп көптен өзін мазалап жүрген қордалы бір жәйтті осы жерде айтып жіберді.

-        Жаңа
оқу жылының басталуына аз
ғана уақыт қалды. Бүның өзі,
сайып- келгенде, бір сәт болашағы-мызды да ойлайтын кез жетті деген сөз. Жұрттың
арасынан сыбыр-күбір естілді. Мәжіліс ұзаққа созылып, қапырық бөлмеде пысынап
отырған кісілер орындарынан қозғалақтаса бастады. Шернияздың сөзін жақтырмай:
«Мынау не деп кетті? Қайда тартып барады өзі? МТС-ын жөндеп алып, енді мектеп
оқушылары қалып па?» десіп, бөлме ішін гуілдетіп алып бара жатқан. Хатшы стол үстін карындаштың түбімен

ақырын
тықылдатып ескерту жасау етті. Жұрт сабыр сақтап тынышталып сілтідей тынып
қалысты. Шернияз сөзін ілгері жалғады.

 

-        Ауданда бес орта мектеп бар. Екі-үш
жылдың беделінде бұл мектептерді сан жүздеген оқушы бітіреді. Ал сол оқушыларды
бүрынғы ескі сарынмен оқыта беpyгe бола ма? Жоқ. Оларға политехникалық білім
-беретін мезгіл жеткен жоқ па.

Мәжілісте отырғандар Шернияздың ойын жаңа ұқты. Бұл жолы сөзін бөлмей үнсіз
тыңдауға ден қойысты.

-        Калуга облысы, Барятино
ауданындағы Барятино орта мектебінің оқытушылар коллективі сондағы МТС жанынан
тракторды және басқа да ауыл шаруашылығы машиналарын үйретіп оқытатын үш үйірме
ашып ұйымдастырған. Оған жоғары класс оқушылары да қатысатын болған. Ендеше бұл
бастаманы біз неге қолдамаймыз. Бүгінгі жас өскін ұрпақтарымыздың болашақ
мүддесін көздейтін болсақ бұны жедел қолға алып, іске шұғыл кіріскеніміз жөн.

-        Оған біздің мумкіндігіміз жете ме?

-        Here жетпесін. Жетеді,- деп
Шернияз нық сейлеп сенімді жауап -беруге тырысты.- Ауданымыздағы Шолақтау,
Ойық, Қызылжиде орта мектептері ірі өндіріс орталықтарына орналасқаны өтірік
емес. Ендеше бұл жерде де кен шығатын, оны ұнтақтайтьш түрлі машиналардың,
электростанциясының тетіктерін үйрететін үйірмелерді ашуды, оған жоғары класс
оқушыларына іс жеткіншектер тартуды, оларды үздіксіз экскурсияға шығарып тұруды
ұйымдастыру қажет. Мектеп оқушыларының политехникалық білімін жетілдіру, әйтеуір
кейін жүзеге аса жататын жұмыс қой деп ендігі мезгілде жайбарақаттықпен жүре
беруге болмайды, Бұл - кезек күттірмейтін аса құрметті іс. Сондықтан бұған халықағарту
қызметкерлерінің өздері бірден-бір ини-

циатор болулары
керек.

-        Шернияз Сардарбекович, кісіге
жақсы ой салып отырсыз. Бірақ сол жақсы ойыңызды туйіндеп, түйдектеп айтып
келдіңіз де, бәрін жиып-теріп халықағарту

қызметкерлерінің
мойнына бір-ақ арта салғаныңыз қалай? Жауапкершіліктен қашқаныңыз ба бұл,- хатшы
директордың ақ сары жүзін сынай қарады.

-        Жоқ. Кеңес Шалахметович, жақсы бастама
бір  орталықтан өркендеп, өрістесін
дегенім еді.

-        Дұрыс. Ал, өздерің бұған
нендей үн қостыңыздар.- Шернияз бұл жолы да қысылмады. Көңілінде жұптап жүрген
жауабын іркілмей айтып салды.

-        Қазірдің өзінде МТС жанынан
тракторшылар даярлайтын бес айлық курс ашыльған, оған қырық бес адам
қабылданды, Олар жатақханамен де қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта бұл курс
кеңейтілмекші, Ол  кезде бұнда жалпы ауыл
шаруашылығы механизаторлары даярланып шығатын болады. Курсқа мектеп оқушыларын
да көптеп тартпақ ойымыз бар.

-        Курсті-кеңейту неге қажет?- Хатшы
жорта сұрады.

-        Қазір
бізде шофер тракторды, тракторист комбайнды, комбайнер машинаны жүргізе
алмайды. Қысқасы бірін білсе
бірін сезбейді. Ал кеңейтілген бұл курсты
оқыған кісі жоғарыда аталған техника бойынша маманданып шығады. Өзі
- шофер, өзі - тракторист, өзі -
комбайнер... Бұл кімге жақсы емес. Біріншіден бұл адамның өзіне пайдалы болса, екіншіден еңбек өнімділігінің артуына жағдай жасайды.
Әйтеуір, қалай

десек те, көктемгі егісте
тракторист, егін орағында комбайнер жетпей сорлататын кезең тумайды. Жастарға, жалпы ауылшаруашылығында жұмыс істейтін
адамдарға политехникалық білім беру дегеніміздің өзі, міне, осы. Шернияз қайда салсаң да батпай қайқаң қағып өте шығатын жел қайық
секілді көрінді. Ойлы сөзімен, орнықты ісімен хатшыдан бастап бюро мүшелерін
түгел баурап, өз жағына назарын аударып тартып алып кете ме деп іштей қауіптенген
Шөребек пен Нарқоспақтың жүндері жығылғандай кабақтары салбырап төмен түсіп
кетіп еді. «Осы мәселе жөнінде кімде қандай сауал бар?» дегенде екеуі қайтадан
еңселерін тік көтеріп алысты. Бір-бірін көзбен ұғысып, қарсы дау айтып, жарыса сөйлемек
болды.

 

-        Жол..дас,.тар.-
деді Шөребек даусын көтере созып.- Жолдастар. Сардарбеков өте әдемі сөйлеп, кім-кімді де ұйытып жібергенге ұқсайды.
Өйткені осында отырғандардың көбісі үнсіз бас шұлғып,
ұсыныс-тілегін құптағандай сыңай аңдатып капты. Бұған мен де қарсы емеспін, алайда Сардарбеков біздің қазіргі экономикалық әл-қуатымызды,
ішкі резерв-мүмкіндігімізді есептеп, көңілге қаттап түйіп ап барып өз
ойын ортаға салуы керек еді, Сұлу сөйлеп сусылдағаннан басқа түк бітірмеді, Құрғақ сөз елге тамақ бола ма?
Күш-қуат бола ма?

-- Шілтекбаев жолдас, кісінің арына тимей сөйлеңіз.- Хатшы түсін суытты.

-Кешіріңіз.- Шөребек үлкен кісіге
жаутаңдай қарап мудіріп қалып еді.
Ол сөйлей бер дегендей жылы қабақ танытты. Біздің қазіргі басты міндетіміз- деді Шөребек тамағын
қырнап,-мал басының өсімін арттырып, егістен мол өнім алу боп табылады. Ол үшін
не істеу керек?- Шөребек Шерниязға бұрылып ақырын көз тастап өтті.- Жаңа осында
әдемі сөйлеп, бәрімізді жылы әсерге бөлеген Сардарбеков міне осыған кеңінен тоқталуы
қажет еді. Ол бұған соқпай айналып өтіп кетті. Себебі, Сардарбеков бүл мәселе
жөнінде әлі бас қатырып ойланып көрген емес.

-        Here?

-        Мәнісін түсіндіріп айтайын.-
Шөребек термелеп тізе жөнелді.- Сардарбеков малшылар кауымын аралап көрмейді. Олардың
тұрмыс-қаракетімен жіті таныспайды. Малшылармен тілдесіп, пікір
алыспайды. Жайлымдарды
суландырып, жеміс, тамырлы екпе шөптер өсіріп,
мал азығының берік қорын жасаудың перспективті мәселелерін терең зерттемейді.
Қарауындағы бас мамандарға
қадау-қадау міндеттер жүктеп, орынды талап ете білмейді. МТС-та қанша трактор
бар, қанша комбайн бар, канша құрал-сайман бар - соларды суратқан
колхозға уақтылы беріп тұрсам
болды деп есептейді.

-        Шілтекбаев жолдастың ащы әрі әділ
айтылған сөзіне мен де қосылам,- деп Нарқоспак
сыбайласының сөзін жедел колдап іліп алып кетті.- Шернияз Сардарбековтың директор боп бекіп келгелі нақтылы іске көшудің орнына «мен ананы бүйткелі жатырмын, мен мынаны сүйткелі жатырмын» сықылды жалаң қызыл сөзбен бізді қарық қылып, жайбарақаттыққа салынып жүргені өтірік емес.

-        Атап
айтқанда...

-        Атап
айтқанда дейсіз бе?-деді Нарқоспақ қойылған сауалды қайталап.- Жерге қар түсіп,
күн суыта бастағанда қолымызға
бір-бір шанамызды ұстап,
ойғақырға сүйретіп, шөп іздеп шапқылайтынымыз бар. Арғы жылы дәл солай болып еді. Өткен жылы да сол айна-қатесіз кайталанып, тағы
сорлатып кетті. Ал, бұл мәселе
Сардарбековты өмірі
толғандырып көрген емес. «Мал
шаруашылығына жауап бермеймін» деген желеумен желіп жүре береді, Қоғамдық мал
басын өсіріп адал еңбек етіп жүрген ардагерлерден өзін жоғары ұстайды. Өтірік
десе өзі айтсын. Алайда, оның Мойынқұм шабындығын орып, мал азығын дайындау жүмысына әлі
күнге дейін- кіріспей отырғаны міне осыны дәлелдейді.

-        Сардарбеков,
жауап беріңіз? Атантаев жолдастың
айтып тұрғаны рас па?-хатшы енді Шерниязға қадалды. Биылғы көктем жауын-шашынды боп шөп бітік шыққан.
Таластың қай тоғайына тұмсық тіреме - тұнып тұрған шабындықты көресің. Алдымен
осы өңірдің шөбін шауып, жиып алуды діттеген Шернияз Мойынқұмға онша асыға
қоймаған. Ол жердің шабындығына орақ салмаған себебі міне содан-ды. Ауыл
іргесінде жайқалып шабындық өсіп тұрғанда сонау жер түбіне ат арытып қайтеді. Сардарбеков
осы жәйтті байыпты түсіндіріп өткенде, хатшы да одан әрі қазбалап көп сұрамады.

-        Ендеше бұ жердің шөбін қашан шауып
бітесіңдер?- деді де қойды.

-        Келесі жетіде. Сонсоң шөпшілер көп кешікпей
трактор, агрегат, құрал-саймандарын алып, Мойынқұмға жеделдетіп жүріп кетеді.

-        Онда дұрыс
екен. Бұған алып-қосарың жоқ қой.

-        Әлбетте,
солай. Екеуі осы байламға тоқтағандай болды,

Әңгіме енді мақта егісінің биылғы
шығымына, арам шөбінің
оталып, тазартылуына ойысқанда Шөребек қайтадан сөз
алып, орнынан көтерілген. Бюрода Шepниязды қайтсе де сүріндіріп, құйрығына шала байлап жіберуді көздеген ол бұл заматта неден болса да тайсалмастай еді.
Сол жолда ар-ожданын да құрбанға шалып жіберуге бар-ды.

-        Мақтаны
егу, баптау, арам шөптен
тазарту және жинау жұмыстары үнемі кешіктіріліп
жүргізіледі,--деді Шөребек жанығып.МТС механизаторлары құрамының
сапасы нашар, олардың
мамандығы үздіксіз арттырылып
отырмайды. Сонымен бірге мақта шығымдылығын жақсарту ісінде елеулі маңызы бар -шөп танапты ауыспалы егіс тәсілін осы уақытқа
дейін меңгере алмай келеміз. Бұған жауапты кім береді? Әрини,

МТС директоры Шернияз Сардарбеков жолдас беруге тиіс, -деп түкірігі шашырап, азем шашалып
тосылып тұрды да, іле қайта
сөйледі.- Плантацияның арам шөбін
машинамен жинау жұмысы да
жете бағаланып, ертерек қолға алынуы
керек еді. Бірақ бұл игі жұмыс әлі сол күйінде қозғаусыз жатыр. Шөребек бір нәрсені толық ескермеді. Осыны өз науқанында көзінен тізіп баян
еткенде, несін айтасың, бұдан
гөрі сезі әлдеқайда ұтымды
шыққан болар еді. Өткен
жылдың мақта жайлы қорытындысын және Шернияздан бұрынғы кемшіліктерді жалпылама айтып шұбырта жөнелгендіктен
бұның бәрі жәй әшейін айдалаға
атылған оқ секілді
кабинеттегілерге онша әсер ете қоймады.

-        Кеңес
Шалахметович, мені дұрыс түсініңіз,- деді Шөребек хатшы жүзіне тағы да
жаутаңдай қарап.- Буның бәрін
мен тегін айтып отырған жоқпын. Өткен жылдың кемшілігін Шернияздың да қайталауы
ғажап емес. Сондықтаи назарына сала кетейін деп бұ мәселеге арнайы тоқталған
едім. Кешіріңіз,-деп жалтарды.

-        Иә,
Шөребек Шілтекбаевич, дұрыс
айтады,- деді Нарқоспақ бір
жақтан қопаңдай көтеріліп.-
Ойық МТС-ның жерді жал қалдырып,
немесе саяз етіп, сапасыз жыртатыны өтірік емес. Директоры жұмыстын сапасы үшін емес, тек жоспар саны орындалуы үшін күресіп келген еді. Соның салдарынан өткен жылы колхоз мақтадан
өнімді аз жинап, межелі
биіктен көріне алмады.
Ал осы кемшілікті тұп-тура Шернияз қайталаса ше? Бұ өскенімізді көрсете ме, жоқ өшкендігімізді көрсете мё, қайсысын?.- Нарқоспақ сыр аңдағандай кабинеттегілерді жағалай сүзіп шықты.
Отырғандардың бірі:

-        Онда
директорға жарыған екенбіз
да,- деп кекесін жырқылдап
күліп еді.

- Жарығанда айтпа,- деп Нарқоспақ әлгінің қыжыртпасын оп-оңай іліп алып
кетті.- Бұрынғы директор жерден жал
қалдырып жыртқызса, жаңа директор шабындықты ала-құла орғызады. Сонда бұлардың бір-бірінен айырмасы қайсы?  Шернияз ақтала алмады. Нарқоспақтың сөзі түгел өтірік болғанмен
шындыққа жанасымды тұстары да жоқ емес-ті. Өткен жетіде Талды тоғайын орып біте бергенде агрегаттың
белтемірі сынып, үй орнындай қолтықтың шөбі орылмай сол
күйінде калып қойған. Нарқоспақтың
жерден жеті қоян тапқандай қуана баян етіп
тұрғаны міне сол еді. Кеңес Шалахметович Қызылкөл
ауданына жаңа хатшы боп сайланғандықтан шаруашылықпен әлі жете таныс емес-ті. Кімнің
кім екенін де әлі жөнді білмейтін. Қазір де кімнің уәжіне тоқтап, тиянақты
табан тірерін білмей әбден сарсылып отырған.

-        Бір уыс дән, бір бау шөп үшін баспен
жауап беретін қазіргі кезеңде бұны қалай түсінуге болады?-деді түсін суытып. Шернияз
шөбі орылмай қалғап әлгі қолтыққа агре-

гат жібермейін
деп ойлаған жоқ-ты, отыз шақырым жердегі MTС шеберханасынан агрегат жөнделіп
жеткенше қыруар уақыт текке кететін болды. Оның үстіне таздың басындай
ақтаңылтақ қолтықтың шөбі өте сирек еді. Ат арытып барған еңбегіңе
тұрмайды.Шернияз соны түсіндіріп айта бастап еді.

-        Сонда қайсыңызға сенеміз?- деді хатшы
екеуіне алма-кезек көз тастап.

Шернияз ақталып
одан әрі сөйлегісі келмеді. Түсін суыққа салып сазарып отыра берді. Нарқоспақ бұл
сәтті де қапы жібермеуге тырысты.

-        Маған сенесіз де, әрине,- деп
даусы жарықшақтанып орнынан ұшып түрегелді. Қарауындағы жұмыс адамдарынан бір
айырылып, шабындық жері шала орылып тағы зардап шегіп соры қайнаған мені текке
шырылдап отыр дейсіз бе, әлде. He жаныма зор кепті,- Ол аңдысын аңдағандай боп
хатшы кескініне бір қарап қойды,- Жаңа әзірде өзіңіз айтып өткендей, қадірлі
Кеңес Шалахметович, қазір бір уыс дән қандай кымбат болса бір бау шөп те сондай
қымбат. Соғыс  жылдарында арық- атыздарда
аңдаусызда орылмай қалып қойған жалғыз-жарым масақты теріп, үйдегі жарты құрсақ
жас балаларына қуырып бергені үшін кісіні жауапқа тартып соттаушы еді. Ендігімізге
не жорық. Мойнымызға жал бітіп, тойындық па әлде. Жалғыз тал шөпті
көлденең желге ұшырмай жиып-теріп алудың орнына тоғай сайын шабындықтың жартысын орып, жартысына қылау
түсірмей сол күйінде қалдырып кете берсек, бұның арты неге соғады - осыны бір сәт ой таразысынан өткізіп, салмақтап, саралап көрдік пе.- Ол
отырғандарды жағалай көз жүгіртіп
шолып шықты,-Жоқ,-деді сосын екіленіп.-. Жоқ. Бүгінгі бір бау шөп күні ертең қыста бір малдың тағдырын шешпесіне
кім кепіл. Айтшы? Кім кепіл?!

Алғаш өткізіп
отырған бұл бюрода хатшының бір байқағаны - манадан бері суырылып сөйлеп жатқан
кісілердің ақпа шешендігі болды. Қайсысы сөйлесе де айтқан сөздері орынды көрініп,
Қеңес содан кімге сенерін білмей сарсылып, бәрін тыңдауға бел буған. Шөребек, Нарқоспақ
бастаған топтың сәт санап бел алып бара жатқанын және аңғарған.

Қеңес әңгіме желісіне қадалып қанша үңілсе де бәрі-бір жалғыз нәрсеге көзі
жетпеді. Ол қатар жүрген жігіттердің көбі Шерниязға неге жабылып, не себепті
оны жек көретінін түсінбеді. Шернияз сонда қолынан іс келмейтін құр айқай, сөзі
көп күрғақ басшының бірі болғаны ма? Жо..оқ, ол мүмкін емес. Шернияз жылтыр тықырға
атымен ұқсамайды. He де болса бұның астарында мен білмейтін бір пәле бар. He
болды екен, ә? Кеңес жұмбақ түйінді шешпек боп тамырлы тынысын ақырын іздей
бастаған. Бюроның алғашқы кезегінде Кеңес Шалахметович Шерниязды тыңдап, әр ұсыныс-тілегіне
жете мән беріп,

жылы ажар танытып отырған-ды.
Ендігі мезетте түсін одан сырт салып
өзін салқын ұстай қапты.
Қайта көп жағдайда ана екеуінің
лебізіне ден қойып отырғандай сыңай байқатады.

Бұған Шернияз да түсінбеді.
«Жұмыс болғасын кемшілік
кездеспей тұра ма, сірә.
Тырнақ астынан кір іздеп, шарқ ұрып жанығып сөйлеген жылымдарды
қостасаң өз еркің, бірақ не болса соған қызынып, басымды
арашалап, босқа арамтер боп ақталудан аулақпын» деп тістеніп іштей суынып беки түсті. Шернияздың ес білгелі көңіліне
түйіп ұстаған бір нәрсесі - ол кісі колымен әдейі біле тұра жасалған қиянаттан,
қысастықтан онша қорқа қоймайтын, бірақ оның есесіне білмей, сезбей жасалған
қиянат, қысастықтан жаман қорқатындығы еді. Соның мәнісін сұрағанда: «Ой,
шырағым-ай, не түсінбейтіні бар еді оның. Әдейі кісі қолымен жасалған қиянат,
қысастықтан онша қорықпайтын себебім: оны өзім де, маған киянат, қысастық жасап
отырған кісі де жақсы біледі; кейін ондай адаммен жұмыс барысында өара
түсінісіп, табысып кетуге болады. Ал соңғысынан қорқатын себебім: ол қиянат,
қысастықты жасап отырған адамның топастығы, түйсіздігінен туған жәйт еді.
Өйткені ол өзінің топастығы арқылы өзгеге қиянат, қысастық жасап отырғаның

жер бетінде тіршілік еткен жұмыр басты пенде атаулының ешқайсысы да жүйесін
тауып оған түсіндіріп бере алмайды; қайта ол өз ісін жөн, өз ісін дұрыс санап,
сенімен өле-өлгенше кектесіп ұстасып етеді. «Өзің білме, білгеннің тілін алма»
деген, міне, осы. Дүниедегі ең ауыр сөз де, ең ауыр қарғыс та осы» -деп ойлы
жүзін саған тіктеп бүрар еді. Оған қарағанда мынау не, тәйірі. Бюро мәжілісінде
өзін қаралап та, жазғырып та сөз сөйлеген жолдастардың аужайын тани келе
Шернияз Сардарбекович екі ұдай ойға шомды. Әшейінде қасынан табылатын көп
шуылдақтың біразын қазір жыға тани алмай қалып отыр. Бұны көшкен жұртта елеусіз
ұмыт қалған ескі бұйымдай көріп, бәрі Шөребек пен Нарқоспақтың жағына сытылып
шығып кетіпті. Тіпті кейбірі қызынып, елеуреп сөйлегенде Шерниязға біздей тілін
сұғып-сұғып алып «өстіп бір айызымызды қандырып қалайық» дейтіндей көрініп
кетеді. Ұлы Абай заманында «сөз түзелді, тыңдаушым сен де түзел» деп құдайдың
зарын қылып еді. Енді, міне, тыңдаушы түзелген тұста сөз айтар адамның сиқы
әлгіндей болып, ауыл арасының өсек-аяңын теріп, тепсініп отырғанын қайтерсің.
Тыңдаушы түзелгенмен, сайып келгенде, сөз айтар адамыңның бас терісі келіспесе
оған істер шараң қайсы? Қысылыс таппас жерде қысылмай, қиналмас жерде қиналмай өтем
дермісің, сірә. Жаңа әзірде сөз сөйлеген жуан қара біреу тіпті «Шернияз Сардарбековтың
мейманасы тасығаны сонша... әсіресе, соңғы «кездері ол өзі білермендікке
салынып,  машина-тракторларды жеке меншік
аттарындай көріп, МТС гаражына қаз-қатар қаңтарып ұстайтын әдет тауыпты» деп
буынсыз жерден пышақ ұрғандай боп соғып қалды. Бүған Шернияз мырс етіп күліп
жіберді, күлмеске де амалы қалмап еді. Шөребек ала көзімен атып  қарап:

-        Шернияз Сардарбекович, неге
күлдіңіз? Соның мәнісін мына жолдастарға түсіндіріп айтыңыз,- деді жүзіне ызғар
жия сөйлеп. Шернияздың бір қасиеті - соғыста төбесінен оқ асырған шығар, бірақ
ғұмырында басынан сөз асырып көрген кісі емес-ті. Соғыста бұғынып қалып жауған
оқты басынан асырып жіберіп отырса онда ол оның қоян

жүрек қорқақтығы емес. Өйткені, ол соғысқа өлу үшін емес өмір үшін барған-ды. Ал басынан сөз
асыру... жо..оқ, атама. Ол онда барып
тұрғаң жасықтық, қоян жүрек қорқақтық
болып табылар еді. Шернияз жүзіне
суық ызғар жиып, сол өзі жайғасқан орындықта тіктеп отырған күйі Шөребектің
көзіне қаймықпай шаншыла қараған. Мәжіліске жиналғандар мына суық көз қарастан
бір сойқанның көп ұзамай басталатынын алдын-ала жазбай танып, тыныстарын ауыр алған
бойы бұғынып-бүғынып отырып қалысты.Шернияз, бірақ, оларға көз қырын да
салмады. «Күн жауғанда қойнымда, күн ашықта мойнымда болатын көп шіңкілтектің
айбар-сұсын қайтем» деп іштей түйіліп сәл

отырды да,
көмейіне оралған сөзді кері жұтпай тысқа бір-ақ атып жіберді.

-        Шөребек Шілтекбаевич, бетке тік
айтқанның ешқандай айыбы жоқ шығар, Ол үшін алдын-ала сізден кешірім сұраймын.

-        Оқасы жоқ. Шөребек төңірегіне
сұс танытқандай боп жөткірініп, тіктеп столға жайғасып қайта отырды. Онысы:
Шернияздың да мысын басамын дегені еді. Бірақ оның сөзі ел күтпеген басқа
тұстан өрбіп, жүрегін жай оғындай оқыс тіліп, күйдіріп өтіп жатқандай сезілді.

-        Шөребек Шілтекбаевич, сіз
бізге мына жәйтті түсіндіріп айтып беріңізші... егер артық деп санамасаңыз.-
Шернияз Шөребектің  жүзіне қадала қарады.
Шөребек те оның сұсты кескініне ызғар шаша ашулы қарап:

-        Айтыңыз,- деді домбығып.

-- Айтсам, аудандық партия комитеті бюросының мәжілісі мені емес және сонымен
бірге менің күлкімді емес жазғы шөп шабу науқанын жемісті аяқтап, күзгі егістік
жұмысына әзірлікті осы бастан күшейту мәселеріне кеңінен тоқталып, талқылауды
кезекті күн тәртібіне қойып отырғаны көне әлгінде. Ендеше сіздің бюрода «маған
неге күлдің?» деп өктем сауал қойғаныңызға жол болсын. Шөребек Шілтекбаевичтің,
шынында да, бұл күтпеген тосын сауалы еді. Қапелімде аузына жөнді сөз түспей
едәуір абдырап қалды. Бірақ сонда да ішін алдыртқан адамдай болмайын деп бар
түгін сыртына теуіп, әп-сәтте ызғар шашып, қабартып шыға келді. «Иттің көзінқарашы,
кісіні ішіп-жеп барады ғой түге» деп Шерниязды іштей бір түйреп өтті.

-Бюро сенің мәселеңді талқыласа - оған да мен айыптымын ба?

-        Енді қалай деп ойлап едіңіз,-
деді Шернияз кел бұлтаққа сала бермей.

-        Қалайша?-
Шөребек орнынан ұшып тұрып. Шернияздың
жүзіне аңыра қарады.

-        Оның
қалай дейтіні бар енді. «Бірлік» колхозының басқармасы Нарқоспақ Атантаевтың
жылымшы тіліне еріп, бюро мүшелерін
маған қарсы айдап салын отырғаныңды
мен білмейді дейсің бе.

-        Оу,
шырағым, өзің не тамтып кеттің. Кісінің ойында жоқ көр-жерді сапырғанда жүзің жанбайды екен тегі. Кімді кімге айдап салып отыр екенбіз. Ол
қай сөзің сенің?-деп сөзінің басын сәл қожыратып бастады да, артынша әлдене
ойына түсіп, бойын лезде жиып ала қойды. Шөребек осыдан кейін-ақ Шернияздың
соңына шырақ алып түсіп, отырса опақ, түрса сопақ етіп біраз  зықысын шығарып байқастап көрмек болды. Кей-кейде

қаны басына шапқанда: «Әттең не
керек, Шалахметовтың орнына өзім
хатшы боп сайланғанда көзіне көк шыбын
үймелетіп, қызметтен баяғыда
түріп айдап шығатын едім» деп
тістене қалшылдайтын. Сондайда көз алдына
көк мұнар мұң коса қалқып шыға келіп, қайдағы жоқты есіне салып,
өзегіне құйылған от секілді көкірегін қыжылдатып тұрып алатын болды. Жоғарыда отырған жақсы таныстарын көңіліне медеу тұтқан Шөребек
Шернияздың басына үйірілген қара бұлт боп қанша төнсе де, қанша үйіріліп
айналып соқса да бәрібір оны тұқыртып мұқата алмады. Бертін келе мұқата алмасын
өзі де сезді. Бірақ көкірегін жайлаған пендешілдік сезімі жайына қарап тыныш
жүруге ырық бермеді де, маңдайын апарып жарға бір-ақ, соқты. Шөребектен өзге есі
түзу кісі болғанда «осы тойтаңдағаным да жетер» деп ендігі алды-артын ойлап, сабасына
түсер еді. Оған Шөребекті, өресі жетпеді де, алда-жалда Шернияз ойына түсе
қалса тар арнадап атылғап

судай шапшып, бетке соғылатын жаман әдет тапқан-ды. Бұған Шернияздың қыры да сынбады. Қайта
жүзін  толқын жуған тік жартастай түгі
жылтырап, орныққан үстіне орныға
түсті. Содан былай да төңірегіне
айбынданып көрініп тұратын болды. Көп ұзамай жұрт арасына «ойбай,
анау бүйдегенде мынау сүйдеп, мынау сүйдегенде анау бүйдеп бір-бірін сұмдық
қатырыпты; дегенмен екеуі де жігіттің сұлтандары емес пе; бір-біріне беріспепті»
деген қауесет сөз тарады. Сөйтіп ел іші гу-гу әңгімеге толып жүре берген. Бірі
Шөребектің үстінен құс ұшырғысы келмей ісініп ісенсе, бірі Шернияздыя
мәртебесін көтеріп сөйлегенді хош көріп қапты. Бірақ бұл тұста ішкі есебі мықты
қалың жүрттың, қалай болғанда да, бір жағына бел шешіп ауытқып шығып кете алмай
әрі-сәрі халде жүргені анық еді. Осыны ойлағанда: «Екі жағынан екі ит
тартқылап, жұлқылаған қара терідей ырың-жырым болған қайран жұртым-ай!-деді
Шернияз ауыр күрсініп.- Бүйтіп

әкімдердің қабағын бағып
әуестенгенше бұдан гөрі дүниенің қабағын бағып үйренсең етті. Сонда көңіл көк-жиегің кеңейіп,
елдігің арта түспесе кемімес
еді. Енді, міне, елдің екі білдей
азаматын жоқтан өзгеге «ырит соқ» деп қыл көпір үстінде жолықтырған
екі  екендей бір-біріне айдап caн
тірестіріп қойғандарың мынау.
Қашан бір-бірін көпір үстінен сүзіп құлатқанша енді екеуі  де тыным таппайды... тыным таппайды... тыным таппайды.
Осы да өнер болып па, осы да қызық болып па. Көрген жұрттан, естіген елден ұят емес пе бұл». Әрі-бергіні бағдарлай келгенде Шернияздың көзі әлденеге жеткендей болды.
Ол - қазіргі заманда өзі білмейтін, бірақ білгеннің тілін алмайтын қиямпұрыс жандардың
көбейіп бара жатқандығы еді. «Көбеймегенде қайтеді... Елдегі бар жақсыны соғысқа
соқтыртып айдап қырып алса... Тек!» Шернияз тілін тістеп ала
қойды. Сөзімді біреу естіп қоймады ма екен деп төңірегіне асығыс көз жүгіртіп қарап еді. Алайда тілін қанша
қыршып тістесе де әлгі жалғыз ауыз
сөздің астарында өттей ащы шындықтың
жатқаны өтірік емес-ті. Пәлі, сенбейсіз бе? Сенбесеңіз: жіпке тізіп санап көріңіз - сонда маңдайы-

ңызға
біткен андағы қисық көзіңіз бірден жетеді. Шөребек Шілтекбаевич жақсыны да, жаманды да топ-тобымен талғамай жұтып,
сөйтіп елдің де, ердің де түбіне жетпек болған кешегі қанды қырғын соғысқа жас жанын
жалау етіп жалындап барды ма? Жоқ. Heгe?

Жұрттың бәрі кезек-кезегімен сапқа тұрып,
лек-лек, толқын-толқын болып соғысқа
аттанып жатқанда атыңнан айналайын Шөребек Шілтекбаевич, қай құдіреттің жа-рылқағанын кім білсін,
әйтеуір денсаулығы жарамсыз деп табылып,
ат арқасынан сыпырылып түскен
ер-тоқым секілді елде ығысып калып койды. Ал Нарқоспак Атантаевич ше? О да барған жоқ. Heгe? Оны біз қайдан білейік. Әйтеуір
дүние төңкеріліп асты үстіне айналып түсіп кетсе де соғысқа алынбайды деген
қойны мен қолтығына қысып ұстаған
броны бар көрінеді. Сол бронь оны жатса-тұрса әлдеқайдан ысқырып ұшып
жеткен оқтан да, әлдеқайдан бықсып
жанып жеткен оттан да қорғап, өзін бір алынбас камал етіп жібергенге ұқсайды. Ол ол ма. Үйде де,
түзде де береке тауып, бет-пердесін өмірі ажарлы ашып көрсетіп кермеген Көкжасық Көкшені айтсаңшы. «Түйеге мінгеннің қолы құдайға бір табан жақын» деген. Ендеше Шөребек пен Нарқоспақтың қолы броньға жетсе оның қандай сөлекеттігі
бар. Ал, бірақ, Көкжасық Көкшенің соғысқа қалай бармай қалғанына калай ойласа да
Шернияздың миы бәрібір жетпей-ақ қойды. Зады, бұлар қай түстан қандай жел соғатынын алдын-ала біліп отыратын сұңғыла жандар болмаса
неғылсын., Оның не айтары бар енді. Ойда жоқта Көкжасық Көкше трактор руліне құнжиып отыра қалды. Содан көп
ұзамай «оу, сенің бұндай мамандығың да бар ма еді, кім білген бұрын» деп сыр тартып
таңырқай сұраушылар да табылып еді; әшейіңде

аузын буған ала өгіздей ертелі-кеш салпақтап аңырап жүріп алатын Көкжасық
Көкше емес пе; жо-ок, ол бұл жолы олай болмай шықты. Күні бүгінге дейін құрметіліп
келген сүйріктей қызыл тілі оқыс өнер шығарып, аяқ астынан шешіліп жүре берді.
Тіпті ұтқыр сөйлейтін боп апты. «Партия қайда жұмсаса, біз сонда баруға
тиіспіз» дейді бес гектар беті бүлк етпестен. Ой, сұмдық-ай! Мұндай сұңғыланы да
шыққыр көзіміз көрді-ау... Көрмегенде қайтеді... құдай көрсетіп тұрма... Шернияз күреңіткен
бойы қалың ойдан әлі арыла алмай отыр.  Көкжасық
Көкшенің трактор руліне "жарқанаттай жарбиып неге отыра калғаны көп үзамай
белгілі болды. Сөйтсе, ол ендігі жерде трактористерді соғысқа алмай-

тынын күні бүрын біліп алыпты да, әлдекімнің соған оп-оңай ауыса салыпты. Түсінікті
тілмен- айтқанда, бүның өзі зілзала апат болатынын ай жарым уақыт бұрын сезіп,
содан басқа жаққа жандармен қоныс аударып үлгерген құрт-құмырсқа, бақа-шаян
секілді бірдеңе. Білгенге бұл сөз жоқ, қаны тамып тұрған сорақы қылмыс емеспе. Әдетте
майданнан қашқан қоян жүрек сорлыларды «дезертир» деп соғыс трибуналына беріп,
аяусыз. жазалап жатады. Олай болса Көкжасық Көкшенің жіңішке жолдардың ізін қуалап
тракторист боп бромь алып, соғыска бармай елде қалып қоюы, оның сырт жаудан өз

Отанын қорғаудан бас тартып, бұғынып қалуы емес пе. Әшейінде елім деп
еңірегенде етегі жасқа толушы еді сабаздың, енді не көрінді оған?! Елін, жерін
шын сүйген болса қынабында сұлық жатқан намыс қылышын көкке жанып, көптің бірі
болып жарақты қалың жауға жасанып неге аттанбады, а!? Қайта ол бронь алу үшін ойда
жоқта тракторист боп шыға келген жоқ па. Сол қылмысын жасырып «партия қайда жұмсаса, біз сонда

баруға тиіспіз» дейтінін қайтерсің тағы. Бұны жада заманның жаңа адамының ойлап тапқан жаңа сқұмдығы емес деп кәне кім айтады?! Иә, кәне кім айтады?! Сол кездегі жағдайға байланысты аса
қажетті мамандардың үлесіне бекітіліп берілген бронь бойынша

сол адамдардың
өздері қалып, елде жұмыс істесе оған кім қарсы болар еді. Бірақ мәселе бар
жерде солай шешіліп, броньмен қалатын қалып, майданға баратын кісі майданға
суыт аттанып кете барды деп ойлаймыз ба?! Ендеше Көкжасық Көкшені дүниенің қай
жыртығына жапсырып жасырып қоямыз. Ол өзіне тиісті емес броньді әлдекімнің
көмегі арқасында оп-оңай қолға түсіріп алды да, соғысқа бармай елде қалып
қойды. Бронь ба-

йырғы тракторист Әубәкірге тиісті еді. Ол болса «түйенің
үлкені көпірден таяқ жейді» деп ақкөңіл аңқаулықтың арқасында адаспас жерде
адасып, әлдекімнің жұмсақ азғырынды тіліне еріп, тракторын Көкжасық Көкшеге берді де, өзі соның орнына майданға аттанып кете барды. Бұл
оның Қөкжасық Көкше баратын
ажалға өзін байлағаны еді. Ақыры,
несін айтасың, солай болды да. Асылы, қалай десек те, сол Әубәкір де жұмыр басты көп пенденің бірі
болатын. Іле-шала өзінің шын алданғанын сезіп, мойнын астына алып, бұрқан-талқан
боп біраз тулап еді. Бір бүйірден қабан қанжардай қадала түскен әлдеқандай суық
сөзді есітіп, мойнын ішке алған бойы жым болды. Ол: «Туған сүйікті Отаныңды
сырт жаудан қорғаудан кашқақтап түрғаның ба бұл» деген суық сез еді. Сөйтіп ел-жұрты
алдында қара бет болғысы келмеген жаны жайсаң сорлы Әубәкір сұм соғысқа

аттанып кете барған-ды. Енді
қайтсін... Ал керісінше... Көкжасық
Көкше сол Әубәкірдің орнына тракторист боп жұмыс істеп, сол Әубәкірге тиісті
бронь бойынша елде қалып, қатын-баласының қасында аман-есен ойнап-күліп жүріп
жатты. Осы да әділдік
пе?! А! Көкжасық   Көкше табар ажалды құлын жүрегі өмір деп бұлқынған жігіт сұлтаны Әубәкір неге табады? Әубәкір
көрер қызық, Әубәкір кешер бақытты
емір езінің қатын-баласынан езге тірі жанға шуағы түсіп көрмеген адам сорлысы
Қөкжасық Көкшеге неге бұйырады?
А? Кәне, айтшы?! Әдетте бұның жүйелі жауабын
Көкжасық Қөкшенің өзі бермесе өзге кім берсін. Көкжасық Көкшені жұрт жүріс-тұрысына,
қимыл-қозғалысына, тіршілік-қаракетіне қарап, қолынан түк келмейтін бір бейшара
жан деп ойлап, түбегейлі жылы жауып қойған-ды. Көкжасық Көкше шынында да солай ма
еді. Білсең, айтшы?!

Шернияз бүған тағы да жауап таба алмай іштен құмығып, құлазыған бойы құлықсыз
отырып қалды. Сөйтсе ел басына қатер төнгенде қара бақыр тиын құрлы құны жоқ
қарақан басын күйттеген пенде атаулы да өн бойын алдын-ала жинақы ұстап, ойға
да, қырға да шыбын жанын шырқыратып алып қашып, сол шыбын жанының амандығы
жолында қандай нені де ойлап тауып, не сұмдықтарға да ойланбай батыл барады
екен

ғой, оны кім білген?! Тіпті Көкжасық Көкше сияқты аузын буған өгіздердің
аяқ астынан тілі шығып, керек десеңіз, іштен тулап, ширап, ширығып, аз күннің
беделінде пісіп-жетіліп кететіні, міне, содан болса керек-ті. Ендеше Көкжасық
Көкшенің қазіргі тірлігіне қарап оны ешкім де бұрынғы Көкжасық Көкше дей алмасы
хақ. He ісінде, не тірлігінде, не сөзінде береке-бітім, пәтуә жоқ бұрынғы
Көкжасық Көкше жоғалып, оның орнын қазір үйретілген тайдай қолға үйіріліп
түрған елгезек Көкше, бүгін кешкісін құбылаға қарап тұрып ертеңгі күннің
аужайын жазбай танып, соны хаттап айтып бере алатын сұңғыла. Көкше, теңізге
малып алсаң да үстіне су жұқпайтын сұмырай Көкше басты десең бұл құдайға жазып өтірік
айтқандық боп табылмас еді. Міне, сол Көкшенің қай дөңге қуалап айдасаң да, қай
қырқадан құлдыратып жіберсең де сайлап мінген кұла аты бәйгенің алдын бермей әлі
шырқап түр. Және сонымен бірге жер бетінде ол білмейтін тетік жоқ. Сейлегенде
хатқа тізіп, қолмен қойғандай етіп бәрін жатқа соғады. Соғыс басталған жылы
трактордың құлағына алғаш құнжиып отыра қалғанда; «Оу, шырағым, бұ немеңнің
тілін білуші ме ең» деп таңырқай сұрағандарға: «Партия айтқасын білмесең де біліп
шығасың ғой» деп ежірейе жауап бергенін бүгінде кім ұмыта қойды дейсіғң. Көкжасық
Көкшенің сол жауабы кім-кімнің де көкірегінде көрік қайнатып әлі ұмытылмай
келеді емес пе. Ендеше оның да замана тәйіне түскен соқталы сомдай шорланып, бітіп,
жылдардан жылдарға ұласып, ел есінде жаңғырығып бірге жасай берері сөзсіз. Сол
Көкше бертін келе мүлде әзгерді. Көк темірді көрсе арқасы кұрысып, жыны қозып
дегендей түнімен  шошынып шығатын болды.
«Трактордың дырылдаған дауысын естісем қос кұлағым бірдей шыңылдап, миым солқылдап
шекемнен шығып кете жаздайды» деп біраз күн күңкілдеп жүрді де, ақыры
болмағасын көк темірді өткізіп, жұмыстан босап шығып кетті. Содан бері үйінде
бос жүр - салпы етек сары катынының кірген, шыққанын  жырбиған жыртық көзімен аңдып, ұзақты күн ұзынынан
түсіп сұлық жатады да қояды. Шернияз осы Көкжасық Көкшенің өз ісін өзіне істеп,
МТС теңірегінен оған қолайлы жұмыс тауып бермей әрі-сәрі сарсаңға түсіріп, бос
сандалтып жүргізіп қоймақ та болды. Бірақ оның шиеттей балалы-шағалы кісі екенін
ойлап, қайтсе де соңғы екі-үш күннің беделінде

жұмыс тауып беріп жамылмай таптыруды көздеп еді. Соның орайы енді келгенге
ұқсайды. Сөйтіп әрі-бері салмақтап көргенде оған МТС аттарын бақтырып қойғаннан
өзге берекелі жұмыс жоқ екеніне көзі жетті. Сол оймен үйіне адам жүгіртіп
Көкжасык Көкшені әлденеше шақыртқанда барып, ой, несін айтасың, үстіне ауыр жүк
артқан кәрі інгендей ыңыршағы айнала ыңыранып әрең келді. Қазақ: «Кедейдің
кербезінеи құдай сақтасын» де-

генді міне осыған қарап айтқан-ау шамасы. Оған жұмыс тауып беріп жарылқап
отырғанда ол осынша кердек қағып көкірейеді, ал алдына жағдай билеп жалынышты тілек
айтып барғанда қайтеді - онда таң атып, күн шықпайды десеңші. Ертеде біреу:
«Елдің ақсағын көрсең бүкең-бүкең етіп ертеңнен қара кешке дейін бүкшиіп жүргені,
ал біздің ақсағымыз болса иығына Алатауды артып алғандай адымын созып тастап,
кең толғап көсіп тастап аяғын алшаң-алшаң басады. Соған карағанда біздің
ақсағымыз да осал емес-ау» деп мақтанып ісініп-кепкенде бұтына жіберіп қоя
жаздаған көрінеді. Сол бөспебай айтпақшы, бұ елдің Көкжасық Көкшесі сияқты, кедейі
де кербез. Бұған не дейсің енді. Көкжасық Көкше сәлемдесіп алдына кеп жайғасып отыра
бергенде Шернияз оның бүкіл өн бойына жіті көз жүгіртіп ақырын байқастап шолып
қарап шығып еді. Сонда аңдады: Көкжасық Көкше жұмыстан босап біраз күн үйінде қаракетсіз
отырып қалғалы екі көзі ішіне кіре шүңірейіп, едәуір жүдеп қапты. Енді сәл
кешіккенде ел аман жұрт тынышта Көкжасық Көкшені аштан өлтіріп ап досқа күлкі,
дұшпанға таба бола жаздаған көрінеді. Құдай оңдағанда оған кісі жүгіртіп,
қалбаң қаққызып алдына шақыртып алғаны мұндай жаксы болар ма, сірә. Бұл уақта Көкжасық Көкше де соны сезгендей
Шериияздың жүзіне барлай көз тастап өткен-ді. Онсыз да бүкіл иманы жүзіне
үйіріліп тұратын жігіт ағасының қазіргі жылы кейпіне қарап, өзін осында тегін
шақырмағанын сол сәтте біле қойды. Сосын жоқтан өзгеге  орынсыз елпек қағып, бағасын төмендеткісі
келмей құйрық тіреген орындыққа бар салмағын сала нығыздала жайғасып отырды да,
іле Шерниязға басын көтеріп суық қарады. Онысы: «Енді кергімей шақыртқандағы шаруаңды
айт; әйтпесе орнымнан тік көтерілғен бойы алды-артыма бұрылып та қарамай
есіктен сып етіп шығып кете барамын; себебі ертелі-кеш сенің жалғыз аузыңды бағып
жалықпай отыра беруге уақытым жоқ» дегені еді. Бұны Шернияз да түсінбей қалған
жоқ, әрине Себебі ол еңкейсе осы күнгі біраз жұрттың шалқайып, шалқайса еңкейіп
елпең қағатынын жақсы білетін.

Сондықтан да олай істемейтін. Оның әлгінде: «Көкжасық Көкшенің қылығын
көрдің бе, өзіне жаным ашып пейілімнің шындап бұрылғанын жер түбінен иіскеп
біліп, нағашысының төрінде отырғандай шалқайып шіренуін берекесіздің» деп. бір
сәт ойға шомып үнсіз отырып қалуы, міне, содан еді. Ол тағы да ойға шомып:
«Алда-жалда айналамдағылардан бойымды суық, аулақ ұстап, кабинетімде отырғанда
есікті тарс жауып, қаптаған қалың тобырды үстіме кіргізбесем қайтер еді» деп қиял
кешті. Бүл ойы көңіліне түрпідей тиіп, жүрегін шабақтады ма, немене, жазық кең
маңдайын тыржитып, әп-сәтте күренітіп шыға келді. «Онда қайтуші еді, тәңірі
деген,- деді ызалы мырс етіп,- Нағыз кесір, кесапат сонда болар еді. Қолы, күші
жеткендер онсыз да сенің алдыңнан сүбелі сыбағасы сыпырып-сиырып бәрібір жеп
кетіп тұрар еді де, оның есесіне былайғы қалың тобыр кеңсеңе кіріп, дидарыңды
бір көріп, өтініш-тілегін айтуға зар боп өтер еді

бұл өмірден. Сонда Шернияз кім үшін тер төгіп, кім үшін жанын жалдап қызмет
істеп жүрген болды. Асылы екі күннің бірінде шолақ байталдың құйрығындай шолтаңдап
қайта-қайта көзге түсе беруге кұмар белсенділердің мүддесін көздеп пе, жоқ
қойдан момын қара қазақтың қамын ойлап па - осы екеуінің қайсысы үшін отқа
жанып, суға түскені жөн оның. Бүл сауалға да, сайып келгенде Шернияздың өзі
жауап бермек болды.

«Асылы аздың азаматы болғаннан гөрі көптің көпірі болғанға не жетсін. Енді
ойласа, осы сөз жатса-тұрса да Шернияздың жадынан бірде-бір шығып көрмепті. Оған,
әдетте, жарық дүннені жаратушының өзі келіп: «Оу, Шернияз, ойлануға екі-ақ
минут пұрсат берем. Қы-

сылмай шыныңды айт. Өзіңнен қайта сомдап екі түрлі нәрсе жаратып ұсынғалы отырмын. Дүние
көзін жаулаған алтын етіп шығарайын ба, жоқ арпа, бидай етіп құяйын ба?» десе
сонда ол ойланып бас қатырып жатпастан:
«Алтын болып аздың басына бақ боп қонғанша, арпа, бидай боп барша
жұрттың, барша халықтың өңешінен өтіп, өзегін жалғағаным артық» деп бірден кесіп айтар еді. Бұл,
асылы, сан сапалақ зар заманды бастан өткеріп,
жақсыны да, жаманды да бірдей көрген қара қазақтың
алтын, күмістің де, арпа,
бидайдың да қасиетін танып, қадіріне ерте жеткендіктен бе, кім білсін. Ендеше
Шернияздың да өзім ішкенше елім ішсін демеске, өзім кигенше елім
кисін демеске хақысы жоқ-ты. Өйткені өмір оларды солай үйретті, солай тәрбиеледі. Олар елді де еркелетіп ұстады, ерді де еркелетіп төбесіне
көтере білді. Сонан ба баз біреулердің есерлікті еркелік деп танып, басшы
кісілерге дауыс көтере сөйлеген кездері де болды. Көкжасық Көкшенің жаңа әзірде
Шернияздың алдында майлы тоқ ішектей түгі жылтырап айбынды отыруының сыры міне
содан еді.

-        Көке,- деді әдден уақта құлаққа жағымды
қоңыр дауыспен.- Көке?!

Шернияз «көке»
деген сайын Көкжасық Көкше дүненің жалғыз тірегі өзім екенмін деп ұғынып қалса
керек, кеудесін кере аз-кем тыныстап алды да, орындықтың арқалығына шалқалаған
бойы жантая кетті.

-        Көке, неше жыл серік болған сыралғы
досыңыз - қара тракторды қазақтың қай жырасында тырапай асырып тастап кеттіңіз?

-        Әй, шырағым-ай, сол сайтанның сапалағын
несіне емешегің езіліп іздей қалып ең. Оталдырсаң көксау болған кісіше
күрк-күрк жөтеліп, түтін құсып кім-кімнің де зықысын шығарғаннан басқа өнері
жоқ тұлдыр бірдеңе екен өзі. Жатыр, әне, «Жынды» сайда төрт аяғы аспаннан
келіп. Шернияз «Жынды» сайда сорайып «қаңғып» қалған трактордың қаңқасын осыдан
бір жеті бұрын МТС гаражына сүйретіп әкелгізіп, оны әп-сәтте жөндетіп, сырлатып,
жүзіктің көзінен өтердей етіп жалтыратып қойған-ды. Ал Көкжасық Көкшені сұрақ-жауапқа
алып тергеуі оның берекесіздігін бетке басып, ұялтқысы келген-

дегі сыңайы еді.
Сонымен бірге оның пиғылын, ниетін білмек-ті.

-        Көке, бұныңыз жарамады енді. Қоғам
мүлкін өстіп кез келген жерге шашып тастап кете бере ме екен кісі деген.

-        Енді қайт дейсің маған. Жүрсе
- тоқтамайтын, тоқтаса - жүрмейтін сол көксау теміріңді езің өлгенде көк тас
етіп басыңа қой демесең ол екеуміздің ырың- жырыңымыз жетті емес пе.

-        Көке-ау, аттың сыры иесіне мәлім деп
өзіңіз көп айтатын едіңіз. Әлде бірдеңе ғып жөндеп қатарға қосарсыз сол көксау
тракторыңызды. Әйтпесе былайғы көлденең жұрт не дейді сізге.

-- He десе о
десін. Жетті енді - көрмегенім трактор болсып деп отырмын.

-        Heгe?

- Бұ сайтанның сапалағы бойын күткен біздей сыпа кісіге қол емес екен. Тұла
бойың тершіп ертеңнен қара кешке дейін қара май сасып жүргеннің несі жақсы дейсің,
шырағым.

Көкжасық Көкше әскерден осы қара май сасыған көксау трактордың арқасында
аман қалғанын енді бір жола ұмытқан сияқты. Шернияз, алайда, соны сезбеген кісінің
ажарлы кейпін аңдатып, онымен -емін-жарқын сөйлесіп, қытығына тимей қайтсе де
жұмыс істетуге, сөйтіп адал еңбегімен күн керуге көндіруді ойлады.

-        Көке, былай болсын,- деді даусын жұмсарта
сөйлеп.

-        Қалай?

-        Сізден немді жасырып, немді
аяйын осы. Қажет көрсеңіз өз
орнымды да бұлданбай бере
салар едім. Оған өзім көнгенмен
жоғарғы жақ бәрібір келіспейді. Бүгін бүтін
тракторды бөлек-салақ етіп жіліктеп, пәршек-пәршегін шығарып көрінген жерге
шашып тастап кете берген
адамда қандай береке болушы еді, тәйірі. Оған сенім артып бола ма енді. Ендеше
тату-тәтті тірлігін бұзбаған бүтін елді басқартып қойсақ та, қашан айтты

деме, қара да түр, беті бүлк етпестен сол жазған заңғардың күні ертең оны
да солай жіліктеп, тоз-тоз етіп, жан-жаққа ыдыратып, құртып жібермесіне кім
кепіл деп кісіге жылы пейіл бұрады деймісің. Онан да сізге де сөз келмейтін,
маған да сөз келмейтін, бірақ оның есесіне бүкіл үй-ішің боп қолдарыңды жылы
суға малып отыратын жеңіл-желпі бір жұмыс тауып берейін. Соған қалай қарайсыз?

-        Қалай қараушы ем. Көкжасық Көкше ойланып
қалды. Сәлден coң еңсесін тіктеп көтеріп орындыққа қайта жайғасып отырды да
Шернияздың жүзіне сынай қарады. Ойпыр-ай, мына бала бүгін неге болса да пейіл бұрып тұр екен.
Қандай қызмет сұрасам да «е, жарайды»
деп қиналмай қолыма ұстата салар ма екен, қайтер екен, ә... Кешегі қолда өс-

кен өзіміздің
бала емес пе. Құдайға
қараса... неғыпты сақалды басыммен сүметіліп алдына жеткенді тұқыртып жерге қарата қоймас. Нартәуекел! Көкжасық Көкше ақырын жөткірінді.

-        Шырағым, өзің
де елде жоқ баланың бірісің. Елде жоқ
қолқа айтсам. «Мына жаман шалдың қалақтай болып ап дәмесін қарай гөр» деп
сөкпессің.

-        Оқасы жоқ.
Айта беріңіз.- Шернияз басын изеді.

-        Қаласам
астындағы жалғыз атыңды түсіп беретін нағыз азаматымсың. Бірақ айтайын
дегенім бұл емес. Аузыңа құдай салды ма, кім білсін,
әлгінде өз орнымды да бере салар едім. Өзім көнгенмен бәрібір
жоғарғы жақ келіспейді деп
бостан-босқа тегім айтпаған шығарсың.

-        Әлбетте,
әлбетте.- Шернияз шалдың сөзін қостап, бұл
жолы да басын изеп қойды.

-        Ендеше
былай болсын, шырағым. Жер ортасы жастан
асып, бүкіл тамам елге ақсақалдық жасап отырған абыз шағымда сенің орныңды
қалап алып, қадір-қасиетімді жоғалтып неғылайын. Бірақ бұның бодауы ретінде хатшылық қызметіңді
қолыма шиыршықтап ұстатсан, деп отырмын. Шал
хатшылық қызмет дегенде МТС-тағы партком

секретарлығын сұрап отырған
жоқ-ты. Оның түсінігі бойынша
хатшылық алып кел, шауып келде жүретін, келген қатынас қағаздарды қол қойдырып алып қалатын курьерлік
жұмыс еді, оны Шернияз да білмей отырған жоқ, әрине. Көңілді дауыстап күліп жіберді.

-        Ой, көке-ай, жасыңызға жетпей
алжасайын дедіңіз бе, немене? Кеңсе мен кеңсе арасына секектеп жүгіріп хат,
қағаз таситын жас қыздардың жұмысын сұрап бұ не еткеніңіз.

 

-        Әй,
шырағым-ай, не дейін енді саған. Қалауым сол
- хатшылық қызмет еді. Көп көріп
түрсың ба, әлде қимай тұрсың ба, кім білсін.- Шал қоңырайып жасып қапты. Сөзі де
тереңнен қыстырлығып әзер шықты.

-        Ой, көке-ай,
сізде айтады екенсіз де. Қимай
тұр дейсіз бе мен соны.
Қайта қыз-қырқын атқаратын
татымсыз сол жұмыс сіздей ел ақсақалына лайық емес-ау деп қиналып тұрғаным жоқ
па, мен бейбақ!-деп директор кәдімгідей қынжылыс білдіріп өтіп еді, нағыз емнің дауасы сол болды. Көкжасық Көкшеніц өзі іле-шала құрулы түрған тұзаққа
оп-оңай өздігінен іліге кетті.

-        Ендеше ит айдатып, ирек қамшылатсаң да
бір жұмыс тауып беріп, жөніме жіберші, айналайын. Мына аядай қапырық бөлмеңде
тынысым тарылып, маналы бері өлетін болдым.

-        Көке, әлгінде сіз хатшылық қызметті
қолқалап сұрап едіңіз,- деді директор сөзін салмақты бастап.- Ол өзіңіздің
ақсақал басыңызға лайықсыз болды да, содан сізге басқа қызмет қарастыруға тура
келді. Ғажабы сол - соңғы күндері оған да таласушылар көбейіп кетті. Соны
ешкімге бермей өзіңізге деп сақтап қойып едім, айлығы да, абыройы да жаман емес
өзінің. Бұл сөзді естігенде шалдың көзі қайта күлімдеп, жымың-жымың етіп,
жайнап кетті.

-        Қандай жұмыс.

-        Атшылық.- Енді сәл кідірсе, директор
әдепкі сөзінен айнып кетердей көрінді ме, қалай.

-        Болсын,- деді жұлып алғандай.
Бірі МТС директоры, бірі әртүрлі болбыр қылығымен Көкжасық Көкше атанған, сөйте
тұра әрнеден үміті бар дәмегөй шал - осы екі кісі ақыры осыған пәтуаласқандай,болып,
қол алысып орындарынан түрегеле берісті.

«МТС-тың жемге тойған кілең жуан торысын алма-кезек ерттеп мініп, көше
бойына аяқтарын билете бастырып, ел аралап қыдырып жүрсем жаман ба, айтшы» деп
былай шыға Көкжасық Көкше насаттанды. Қарақетсіз күйкі тірлігімен үйге де,
түзге де сүйкімі әбден кетіп болған кержалқау шалды қытығына тимей ақырын
ілдалап ақыл-айламен иіп әкеп, атшылық жұмысқа көндіргеніне, сосын оның ендігі
мезетте ел қатарлы тұрмыс түзеп, күн көріп кететінін ойлап, соған іштей қуанған
директор өзінің сол жолғы ісінің дұрыстығына, қалай десек те, көз жеткізіп көңіл
бірлегендей еді.

X

Heгe екенін қайдам, Шернияз Сардарбекович әсіресе соңғы күндері өз ішіне
көбірек үңіліп, кейде осылай өзіне-өзі есеп беріп, кейде сарсылып қиял кешіп,
сарылып ұзақ отырып қалатын болып жүр. Мәнісін сұрасаң: «Соған өзім
түсінбеймін. Қалғыған қайдағы көк мұнар ойлар ғана қарт кісіні қасқырша
торуылдайтын еді. Менікі не жорық екенін бір тәңірдің өзі білсін. Әйтеуір
ертелі- кеш ереуілдеп ой кешетін әдет таптым» деп одан әрі

ішін ашпай сырт бұрылып қозғалып жүріп кететін. Жұрт сонысына қарап кейде:
«Бірдеңенің шалығы тигеннен сау ма өзі, немене» деп өзара күңкілдесе күңкілдескен

шығар, бірақ сыртынан ғайбат сөз айтып өмірі керген жоқ-ты Алайда, ол естіп
сарылып ой кешкенде рахат бір дүниені көз алдына елестетіп, сол рахат дүниенің
кеңістік-биігінен бүгінгі ел-жұрттың әлеуметтік тұрмыс жағдайына ойлы көз
тастап, жетістік, кемістігі неде? Соны көңілге қаттап түйіп, сосын соларды өзара
іштей салыстырып қарап отыратын. Сол ой, сол қиял, несін айтасың, бұның тұла
бойын ысытып, мұз астындағы өжет ағыстай қанын тасытып, әлдеқайда жетелеп
асықтыра түсетін. Сондайда «бұл асығуым, сірә, ажалыма асыққаным емес пе екен,
кім білсін» деп кейде езі де шошынып қалатын. Бірақ оның өмірге деген
кұштарлығы, ел-жұртына деген махаббаты бәрін жеңіп, арда туы көкте бәрібір
желкілдеп, желбіреп тұратын еді. Жер бетінде махаббаттан күшті нәрсе жоқ дегенді
Шернияз міне осыған қарап ұғына түскендей болатын. Өткенде Шернияз орынбасары
Жарықбаспен сөзге келіп қалды. «Қоймадағы бар мүлікті ауылдағы жетім-жесірге
түгел үлестіріп тауысып біттің; соларды қайта тауып орнын толтырмасаң, қашан
айтты деме, Сардарбеков жолдас, ісіңді сотқа тапсырып, өзіңді темір торлы абақтының
ар жағынан көзіңді көкшитіп бір-ақ шығарам» деп Жарықбас ойда-жоқта кісі
күтпеген оқыс қылық аңдатып жарылып кете жаздады. Бұның тегін нәрсе емес екенін
Шернияз сезсе де сезбеген болды. «Ой, Жарықбас-ай, бала күніңде дәл осындай күйгелек
сорлы едің... сол қүрғыр қылығың әлі қалмапты. Қашан көрсең де «ел көшті де,
жау шаптылап» байбалам салып әлек-шәлегімізді шығарып жүргенің. Бұның не сенің?!-
деді ішкі қынжылысын білдіре сөйлеп. Сосын:- Оу, жарқыным-ау, бір қора отар
малдың ішінде бірен-сараң  ақсақ-тоқсақ
та қоса жүретінін осы кезге шейін ойлап білмегенің бе сенің, андағы бұғы
мойныңа кептеп жалғай салған бас па, немене өзі?! Бас болса жоғарыдан алқын-жұлқын
ентігіп жеткен өкілдің тышқан көзі алдымен малдың шетінде шойнаңдап жайылып
жүрген  ақсаққа түсіп, содан қуқыл жүзіке
лезде суық ызғар жиналып «мынау не?» деп шопаңға шаншылып зіркілдейтінін ендігі
үғар едің-ау, сен жазған!-деп көкірек қыжылын сәл басып алды да, соңын жаймалап
жібермек болды:- Сол секілді ел іші болғасын бірлі-жарым үй жоқ- жітімге
ұшырамай және тұрмайды. Оларға қол ұшын созбасаң, қоймадан астық бөліп жағдай
жасамасақ онда біздің азаматтығымыз қайсы?! Сен әуелі қойманы құрттың деп зар
қақсайсың. Бұның, бір себептен жөн де шығар. Алайда сен мынаған ден
қойып көрдің бе? Қойма не үшін қажет,
айтшы? Міне, айта алмайсың.
Әлгіндей жоқ-жітімге ұшыраған жүдеу семьяларға көмектесу үшін қажет. Асылы бірде-бір мүлкі,
бірде-бір асыл заты адам игілігіне
жұмсалмаса, адам мүддесіне жаратылмаса онда ол қойманың құны көк тиын, білдің бе? Қойма да, қойма ішіндегі қазына-байлық та адам барда ғана қажет,
ал адам жоқта ол кімге тұтқа
болмақ» деп тағы  сол сияқты ұзын-сонар әңгіме айтып,
жайлап түсіндіріп өткен-ді. Санасына
сәуле дарып бірдеңе ұқты ма, жоқ па,
қайдам, әйтеуір содан бері қос жағына кұрт салып  алғандай екі ұрты салбырап үнсіз
жүр. Көктемнің көк өзек шағы туғанда мұз астын тесіп шығатын қызыл судай о да
өз кезегін күтіп жүр ме, кім білсін. Бірақ, қалай десек те, оның әлденеге іштей
дайындалып жүргені өтірік емес-ті. Шернияз оның ішкі пиғылына көңіл бөліп
жатпады. «Осыдан келген көрді уақтысында көре жатармын» деп күнделікті күйкі
тірліктің толқынды арнасына түсіп алып алды-артына да бұрылып қарауға мұршасы болмай
тартып кете барған еді. Тұмсығын жартасқа соққанда барып, қасында қарайып төбе
көрсетіп жүрген орынбасарының кім екенін, қандай кісі екенін сонда бірақ білді.
Оған дейін шылғауын сүйреткен сол жазған құлдың қолынан бір жамандық келеді-ау
деп әсте ойлап көрмеген-ді. Сөйтсе жамандық та, қысастық та кө-кірегі көр соқыр
жуантаяқ адамдардың қолдарымен қат-қабат жасалады екен ғой, оны кім білген. Шернияз, бірақ, соны білмеді деймісің - білді ғой, білсе де
адамдарға деген сенімін жоғалтқысы келмеп еді. Кім-кімге де сеніммен қарап
үйренген жазған басы күндердің күнінде оңбай опық жейтінін о тұста ойламап еді.
«Өйткені біз адамбыз ғой...» дейтіп еді, әдетте, сенім жайлы алда-жалда қызу әңгіме
қозғала қалғанда. Енді не дер екен?! Бірде ол орынбасарын шұғыл шақыртып
алды да, қысқа-қысқа нұсқаулар берін, қалаға асығыс жүріп кеткен. Жұмысы бітпей
онда екі-үш күн аялдап қалғап. Содан қайтып келсе сенген орынбасары өзіне
тапсырған  жұмыстардың бірде-бірін
орындамай танауы астынан  міңгірлеп отыр
екен. Шернияз сұмдық ашуланса да сабыр сақтап, шаруа жайын әр сала бойынша
жеке-жеке атап сұрап, соның қаншасы орындалды, қаншасы орындалмады - әуелі
есебін біліп алмақ болды.

-        «Жаңа тұрмыс» колхозының басқармасы
қалған бір агрегатты шөп оруға қолқалап сұратып еді. Соны өзіңе қадап айтып
кетіп ем ғой. Қалай, жеткізіп бере алдың ба?

-        Жоқ.

-        Heгe?

-        Сол.

-        Әй, есің дұрыс па сенің?! «Солың» не
сөз?!-Онсыз да ашулы еді, мынадан кейін тіпті түтігіп кетті.

-        Шераға, мәселенің өзі былай болды,- Жарықбас
жарамсақтанып жай-жапсарын кең толғап түсіндіріп айта бастады,- Сіз қалаға
жүріп кете салысымен іле Нарқоспақ телефон соқты.

-        Ие. Ол не
деді.

 

-        He десін. Тез
арада шөп оруға деп тағы да агрегат тауып жібер. Әйтпесе ауданға айтып төбеңнен
кұдық қаздырам дейді.

-        Сөзінің
түрін... Аузынан кісі боп жылы лебіз шықса түғырдан таярдай көре ме, немене?!-Шернияз Жарықбастың жүзіне сынай қарады.- Сен не деп
жауап бердің оған?

-        Мен
не дейін. Агрегаттардьщ бәрін колхоздарға бөліп-бөліп
беріп койған жоқпыз ба. Содан жөндеуде тұрған бір агрегат бар еді. Оны да
қазір «Жаңа тұрмыс» колхозына жібергелі отырмыз,- деп едім.
Сол сол-ақ екен, Нарқоспақ түлен
түртіп аспанға шапшып шыға келді.

-        He істемедің
деп.

-        Сұраған агрегатымды жөпелдемде
жібере қоймадың дейді.

-        Сенен бұрын «Жаңа түрмыс» колхозының басқармасы сұратып қойып еді. Соған бергелі отырмыз.
Әйтпесе ұят болады деп
қайталап түсіндіріп айттың ба?

-        Айттым.

-        He деді.

-        He десін.
Өйтіп сендер төңірегіңде жақын
отырған шаруашылық басшыларымен жең ұшынан жалғасып, ауыз жалғасқандарыңды қойыңдар. Алда-жалда сөзіме құлақ аспадыңдар бар ма. Онда менен жақсылық күтпендер түге.
Ауданға айтып, төбелеріңе құдық
қаздырам деп зіркілдеді.

-        Не. Сонымен не істедің?

-        He
істеуші едім. Қолда бар агрегат біреу, сұратқан колхоз екеу. Қайсына
берсем де екеуінің бірі өкпелейді. Сосын «ойбу, несін айтасың, әлгінде жіберген
механигім сүметіліп қайтып келіп отыр. Агрегатты гараждан сүйретіп шығара бергенде
әлденеге соғып, дөңгелегін cындырып
алыпты» деп ыңғайы келіп тұрғаcын оң жамбасыма
оп-оңай аунап қиcая кеттім. «Аш құлақтан тыныш кұлақ жақсы» деген. Оның үстіне сіздің жайы-

дызды ойлап ем кейін сөз келіп жүрмесін деп.

-        Бар бол сең.
Бар бол!- Қос өкпесін  қыскан ақ-көз ашудаң тұтығып қалды ма, жоқ қапелімде аузына басқа сөз түсе қоймады ма, әйтеуір
директордың бар айтқаны осы болды.

-        Енді қайт дейсіз маған. Қалай тартсам да
сырықтың бір басы сізге деп
тиетін болған жоқ па. Соны ойлап...

-        Ойлағанда
кісіні мұншалықты ұятқа қалдырып отырсың.
Ал ойланбасаң ғой... онда күйдіріп өлтіретін сыңайың бар.- Директор тұла бойы қалш-қалш етіп бөлме
ішін әрі-бері кезіп жүріп кетті. Орынбасарының мына қылығына қарадай күйіп, не
істерін білмей сұмдық дал болды. Бұл мезетте Жарықбас өз бастығына жарамсақтанып
керемет жақсылық жасағандай болып, соңысын міндет етіп бұлдап, арқасын кеңге
салып бейғам отырған, Шернияздың аузына әлдеқалай айтылған суық сөзді естіп
шошып кетті.

-        Кабинетіңнің кілтін
секретарша қызға берерсің. Енді мұнда қызмет істемейсің. Қазірден бастап боссың,-
деп кесіп айтты да, іле ойына әлдене түсіп, жүзін тіктеп Жарықбасқа қайта бұрды,-Айтпақшы,
Алтынкүлді қоймаға ертіп барып, сұраған керек-жарағын жылатпай бер деп едім
ғой. Бердің бе?-деді түсін суытып.

-        Жоқ.

-        Heгe?

-        Сол.

«Солдан» басқа сөзің құрып қалған ба, немене? Ал, ендеше, сол болса...
Қызметте жоқсың,- деп орнынан ашулы атып тұрып, есікке асығыс беттей бергендей жолын
бөгеп Жарықбас қалт тұра қалды.

-        Айналайын Шераға, сабыр
сақтап сәл тоқтай тұрыңызшы. Айтар сөзім бар еді. Тым болмаса соны тыңдарсыз.

-        Ал тыңдадым.

-        Мүмкін менікі дұрыс емес шығар. Бірақ
мен сізге жақсылық жасамақ болдым ғой. Ниетім ақ, адал еді ғой. Ал
сіз болсаңыз...

 

-        Иә, айта бер.
Қысылма.- Шернияздың іші сәл босап қалғайдай көрінді,

-Сіз болсаңыз маған қиянат жасап отырсыз, Қалайша?

-        Қызметтен
қуып...

Төбеме ту етіп қадап қоймақпын ба, а?!

-        Тапсырған  істі орымдамасан қумағанда қайтем.

-        Олай деп тұрған жоқпын.

-        Енді қалай? Өстіп екеуіміз тар жолда
кезіккен қос қарақшы секілденіп
алма-кезек сөзбен қамшыласып, бір-бірімізді
қажап, тұра береміз бе, жоқ ың-шыңсыз жөн-жөнімізге тарап кетеміз бе?!

-        Құлың
болайын, Шераға! Өтініш-тілегімді
аяғына дейін көңіл койып тыңдацыз.
Сосын түсінесіз менің бұлай неге істегенімді. Содап кейін жаман ініңізді асасыз

ба, атасыз ба - өзіңіз біліңіз. «Қой» деп ара түссем неғылсын,- деп өлердегі сөзіп
айтып жатты да жабысты. Шернияз
орнына қайта жайғасып отырды.

-        Сіз мені дұрыс
түсініңіз,-деді Жарықбас директордың ашулы жүзіне жаутаңдап қайта-қайта қарап:-
Агрегатты сіз айтқан «Жаңа тұрмыс» колхозына жөнелтіп жіберсем «туысының
абыройын ойлап, оған қол ұшын созды, ал маған қарайласпақ түгіл көз қырын да салмады»
деп Нарқоспақ төбемізге әңгір-таяқ ойнатар еді. Ал Нарқоспаққа берсем «Шернияз
қорыққанын сыйлайтын бопты. Бөлістен қалған жалғыз агрегат бар еді. Оны да
Нарқоспаққа ұстатып жібере сапты» деп «Жада тұрмыс» басқармасы тулайды. Сонда
жалғыз агрегат осы екеуінің қайсына жетеді... Оның үстіне Нар-қоспақты жақтыра
бермейтін едіңіз... бір себептен соны да ойладым. Әйтеуір, не керек, кездескен
жерде қамшыласпасаңыздар да кайшыласып қалатындарыңыз өтірік емес қой...

Шернияз столды
сарт еткізіп қойып қалды.

-        Жә, жетер... енді түсінбейтін
ештеңе қалған жоқ сияқты,- деп орнынан созбалана сүйретіліп тұрды да, Жарықбастың,
қара сұр жүзіне тіктеп қарап:- Ертеде бір миғүла сиырды алғаш көргенде оны қуып
жүріп ұстап алыпты да «мына жарықтықтың төбесіне кім қазық байлап жіберген» деп
екі мүйізін табанда қағып тастаған екен,- деп директор салауатты бір әңгіме
бастап келе жатыр еді, Жарықбас оның сөзін бөліп:

-        Ойпыр-ай, неткен сорақылық
еді -бұл!- деп таңырқап бас шайқап сәл аңырып тұрды да:- Бұны жаны ашымастық,
барып тұрған тағылық десеңші онан да,-

деді ызбарланып.

-Жо-оқ, жаны ашып солай істеген.- Директор өз сөзін шегелеп ұқтыра
түскендей болды.

-        Ойпыр-ай,
ә! «Естімеген елде көп» деген осы екен де.- Жарықбас аузын ашып таңырқаған үстіне
таңырқай түсті. Әлдененің ұшығына жете алмаған қалпы қайта-қайта бас шайқап, таңдайын қаға берді. Кенет құлағының түбінен:

- Жақсылық істемек боп отырып та
зұлымдық жасауға болады тегінде. Ендеше
сенің әлгіде маған көрсеткен жақсылығың да, сайып келгенде,
жаны ашып сиырдың мүйізін қағып тастаған әлгі миғұланың ақымақ тірлігіндей бірдеңе. Бұны
сорақылық десек те, тағылық десек те соның дәл өзі, ұқтың ба?!-деп аяғын асығыс басып тысқа шығып кетті, Жарықбас «ұқтым» деуге
шамасы келмей сол аңырған бойы шөгіп, омалып отырып қалды. Шернияз
былай шыққасын да өзіне-өзі келе алмады, Тұла бойы қалш-қалш етіп, оталмай
тұрған мотордай селкілдеп кетті. «Ойпыр-ай, жер басып жүргелі талай сұмдықты
бастан өткеріп едім. Мына кәззап солардың бәрінен асып түсті-ау. Неткен сүңғыла бейбақ
еді. Бұған қолдан келер шара бар ма?» деп қалай күрсінгенін өзі де аңдамай
қалды. Ол осында директор боп бекіп келген күннің ертесінде-ақ Жарықбастың
жүзіне әлдеқалай тіктеп қараған. Жарықбас жада бастығының алдында өзін көргенді
санап әдепті ұстағысы келді ме, жоқ өткір сұсынан ығысып бүгежектеді ме,
әйтеуір ол жүзін лезде тайдырып, назарын төмен салған күйі басын жерден бір
көтермеп еді. Директор көңіліне күдік алып қалған. «Мына жазған қайтеді. Кісіге
тіктеп қарауды білмейді ғой езі. Тегі жүзі куйген жан болмасын!» деп ойласа да
артынша ұмытып кеткен-ді.

 Енді, міне сол күдігі күл астында көмулі жатқан қызыл шоқтай көкірегін
қарып, қыжылдатып алып барады. Оған себеп те жоқ емес-ті. Арада біраз күн
өткенде Жарықбастың жай-жапсары белгілі бола бастады. Желкесінде отырып
қадағалап айтып тұрмасаң тапсырған жұмысты жүрдім-бардым орындап, немесе өзінше
ойлап істемек болып бүлдіріп тынатын берекесіз қылығы сезіліп қалды. Ол ол ма,
бас болмасам да басты ұстап түрған жуан мойынмын ғой деп ойласа керек, кейде Шернияз
қалаға асығыс жүріп бара жатып: «Бірлік» колхозына екі-үш трактор босатарсың» десе,
«Ләппай тақсыр!» деп соңында бас изеп сипаң қағып қала береді де іле ойына
әлдене түсе ме, жаңағының бәрін лезде ұмытып, тракторларды сұратпаған басқа
шаруашылыққа маңдай қаратып, қаңғытып жібере салады, Ондағы ойы: директор жоқта
сол шаруашылықтшы басшысымен жең ұшынан жалғасып, ауыз жаласып, жақсы
карым-қатынас жасап үлгеру еді. Шернияз әдепкіде оған қатты кетпей
жайлап ескерту жасаған. Ол түсінген
болып тып-тыныш жүр еді. Бертін келе қайта өзгерді. Уын жағына жинаған оқ жыландай
басын кақшитып, кейде Шерниязға зор шашпақ болып қарсы ұмтылатынды шығарды.
Сондайда ол «өзіме де обал жоқ, ер-азаматын соғыс селдіретіп, құртуға айналған
ауылдың ендігі бас көтерер еркек кіндігі осы Жарықбас қой деп қасыма алып
баулып, қатарға қосып едім. Енді, міне, өзімді катардан шығарып тастамақ болын
жанын салып жанығып жүр. Ой, сорлы ақымақ-ай, тас соқты деп тау құламайтынын
неге үғынбайды» деп қынжылғаны болмаса оған бәлендей қысастық көрсетпеген-ді. Бірақ
бүгін қатты кетті. Табақтай қағазға табақтай бұйрық жазып
қызметтен босатып қуып шықты. Алайда,
ол Жарықбастан құтыла алмасын сол тұста ойға алып көрмеп еді. Сөйтсе одан бұл
жалғанда құтыла алмайды екен ғой, оны кім білген?! Жарықбас өзіне тиісті
қызметті ел қатарлы атқарып, «сен тимесең мен тимен бадырақ, көз» деп жайына
қарап тыныш жүрсе кісінің о да не шаруасы бар. -«Семіздікті қой көтереді» демекші,
орынбасарлык қызметті зор мәртебе көріп жүр ме, қайдам, әйтеуір осы күні
қолынан келсін-келмесін Шернияздың жолына кесе-көлденең жатып алып оны бір
сүріндіруді жатса-түрса көксейтін болды. Heгe? Сонда оған бірдеңе түсе ме?! Шернияз, енді ойлап көрсе, жолында
кесе-көлденең жатқан тастардың небір дәу түрін де жардан оп-оңай атып төмен түсіріп
кете берген екен. Ал, бірақ жолын байлап бүк түсіп жатып алған Жарықбас сынды
домаланған борсық тасты шетке ысырып, серпе лақтырып

тастай салу бәрібір қолынан
келмепті. Heгe? Шернияз әрі ойлап, бері ойлап
ақыры шешімін таба алмағасын жайына қарап тыныш отырмақ та болды. Беу,
дәурен-ай, оны кім тыныш жүргізетін еді. Бір бүйірден Шөребек, бір бүйірден Нарқоспақ, қалған үшінші бір бүйірден Жарықбас түртіп, намысын шабақтап, мазасын
алып біткен жоқ па түге... Бірде
Шернияз түс көрген. Шыдамы таусылған
ол кайта-қайта аяққа оралғы боп жүргізбегесін Жарықбасты жағадан алып, жол
жиегіне лақтырып тастап
ілгері жүріп кетпек болған. Жарықбас та осы
мезетті күткендей екен. Шернияздың кеңірдегіне сақпандай атылып барып сарт етіп жабыса кетті. Шернияз аяқ астынан
аласұрды да калды, Алқымын сығым-

дан қысқан әлдекімнің карулы жауыз қолын кейін қайырып, өзін айырып алмақ болды.
Жарықбас кенет шыңғырып айқайлап
жіберді. «Өлтірді! Ойбай, өлтірді мені!»
Шернияз абыл-ғұбыл есін жиып алға қарағанда өгіздей
өкіріп жылап жүрген
Жарықбастың қос шеңгелі өзінің кеңірдегінде
тістеуіктей ендеп кіріп, жабысып, ұстасып
калғанын көрді. Сол сәтте көкірегін ыза-кек жайлап,
әбден долырып алған жігіт ағасы бұл жолы кім-кімді
де аямастай еді. Көзіне қан толып,
қарайып алған-ды. Басын оқыс шұлғып, серпіп
қалғанда Жарықбастың қолы кңірдегінен босап өзі әудем жерге
қалқып ұшып бара жатты.

Сәлдең соң көйлегінің омырау түймесін салып,
үстібасын қағып, киімін дұрыстап
ретке келтірген Шернияз: «Ойпыр-ай,
мына Жарықбас неткен сұм еді.
Жылап жүріп кісіге зұлымдық жасай ма қайтеді. Қеңірдегімді қиып ұстап түрып «ойбай, өлтірді!» деп өгіздей
өкіргенін көрдің бе әлгінде. Зады, кісі елтірсе де соны өзіне жауып, құтылып кететін нағыз занталақ қой
ол дегенің» деп екі ұрын халде таңырқай қамырықты. Түсінде көрген осы сұмдық оқиға
жатса-тұрса да Шернияздың есінен бәрібір шықпай-ақ койды. Жарық-

басты көрген сәтте осы көрініс те қылаң беріп, санасында жаңғырып тұра қалатын болды.

 

Сонымен ол  Жарықбастан
қайтсе де құтыла алмады. Кеше
түс әлетінде «қызметтен босадың» деген сезді естіп директордың кабинетінде
меңдуана жегендей мәңгіріп отырып қалып еді. Содан қай мезгілде, қай кезде
жолға жиналып жетіп үлгергенін кім білсін, әйтеуір, кешкісін ауданнан звонок
түсіртіп миығынан күліп тұрды.

-        Жолдас Сардарбеков, жазықсыз
адамды шырылдатып жұмыстан неге шығарасыз,- деді сызданып сөйлеген Шөребек
аман-саулықты мүлде ұмытып.

-        Қімді?-Директор
білсе де әдейі сүрады.

-        Жарықбасты.

-        Айтылған істі
орындамағаны үшін.

-        Орындапты ғой.
Енді қалай істеуі керек еді оның?

-        Мен айтқандай.

-        Сен айтқандай.

-        Оның бола қояр
ма екең?

-        Не. Мен айтқандай.

-        Heгe болмасын.- Шернияз бүл жолы тік
кетті.

-        Сонда
қалай, жолдас Сардарбеков!-деді Шөребек оны одан әрі сөйлетпей сөзін бәліп.- Жарықбасты сен,., Кім көріп жүрсің о да өзің сиқылды
МТС-тың бір басшысы. Ендеше қандай
жағдайда да МТС жұмысына сенімен бірге жауап беруге
тиіс. Шөребектің Жарықбасқа
ара түсіп, не себепті оны қызғыштай қорғап, үстіне шық жуытпай отырғанын жіті түсінген
Шернияз онымен одан әрі сөз жарыстырып, босқа арам тер болғысы келмеді,

-        Шөребек Шілтекбаевич, сонымен не
айтқыңыз келіп отыр,- деді түпкі ниетін әлі де біле түспек болып.

-        Жарықбасты қызметіне қайтадан тағайындап
қоясың.

-        Шөребек Шілтекбаевич, оның жөні енді
келе қояр ма екен. Бәріміз де анадан бір-ақ рет туған едік қой.

-        Әй, өзің
айтқанды орындайсың ба, жоқ па?!

-        Орындамасам
ше?..

-        Мен
айтсам да ма?- Шернияз Шөребектің өте ұсақ, майда адам екенін осы жолы аңғарғандай болды. Бірақ оньыңқызмет дәрежесінің үлкен
екенін сыйлап,  телефон арқылы онымен сөйлесіп
отырғаны болмаса көңілінде бәлендей енжарлық жоқ еді. Кенет оқыс сілкініп
еңсесін тіктеп қайта отырды да Шөребекке тоқ етер ойын айтып, одан біржола
арылып құтылмақ болды.

-        Иә, сен айтсаң
да.

Директор телефон трубкасын сарт
еткізіп ершігіне қоя салды. Іле екі
иіні селкілдеп қайта шырылдап еді. Қырсығып көтермей қойды. Оның сұсты жүзінен сол сәтте сен басқарма
бастығы болсаң қайтейін, мен еменге қарсы біткен бұтақпын - шарт сынсам да
солқылдап өміі көрмеген» деп қасарысып отырғанын аңғару қиын емес-ті.

XI

Ертеңінде суынып
кеп азанғы шайға жаңа отыра бергенде ауылдың бетке ұстар үш-төрт шалы сау етіп үстіне
кіріп келді.

-        Ассалаумағалейкум.

-        Алейкумсалам.

Үй иесі келген
кісілердің қолын жағалай алып сәлемдесіп шықты.

-        Дені-қарың сау ма, шырағым?

-        Үй-іші,
бала-шаға аман-есен бе?

-        Кемпір шешең қуатты ма, қалай?-десіп,
шалдар терге шығып жайғасып  отырған соң да амандық-саулық сұрасып жаты.

-        Ә, ол кісі кейінгінің біз
секілді бор кемігі деймісің, тәйірі. Бұрынғының бек тоқылған торқасы емес пе. Бос жіберген құр
аттай шауып жүр.-Кеше қырдағы елге қыдырып
кетіп еді. Содан әлі қайтқан жоқ. Ертең, бүрсігіні келіп қалар,-деді Шернияз
кариялардың үй ішін көздерімен тінтіп кемпір шешесін
іздестіргенін сезіп. Шалдардың бірі Шернияз сөзін бітірсін деп күтіп отырса
керек, ол сөзін тамамдай бергенде:

-Асылы, жігіт адам өмірдегі өз орнын не төрден, не ерден қарастыратын еді.
Сен, немене, шырағым, ұлық болсаң кішік болдың жөні осы деп өзіңді қашанғы темендете
бересің. Анадан алып туатыны рас болса, сені тапқан Қызайымға мың да бір
рахмет. Сенің ығытыңда бүкіл Ойықтың баласы паналап отырған жоқ па бүгінде,-
деп ажарлы пейілін танытып өтті.

-        Жөн, жөн,- деді оң жақ шетте
отырған екінші шал иегіндегі шоқша сақалының ұшын ерніне қымқырыш, тістелеген
қалпы үнсіз ойға шомып. Шернияз қадірменді қарттардың суыт жүрістерінен олардың
бұл үйге ертелетіп тегін бас сұғып отырмағанын жазбай таныды. Бірақ сабыр
сақтап сөз кезегін тосқан қалып аңдатып аз бөгелді де:

-        Мінекей, шай алыңыздар,- деді
Жәмила. Ұсынған кеселерді бір-бірлеп алдарына қойып жатып. Сосын:- Иә,
қариялар, топтанып жүріп қапсыздар. Жайша ма?- деді сұраулы пішінмеи жүздеріне
бұрылып қарап. Қызмет бабында жүрген кісінің үйінде шалқайып шай ішіп текке
уақыт алмайық деді ме, жоқ үй иесінің көңілді ажарын аңдап, бұйымтай айтар
ұрымтал тұсты қапы жібергілері келмеді ме, әйтеуір, ауыл ақсақалдары екі-үш
шыныдан артыққа еңмендеп қол созбады. «Қандық, рахмет» деп кеселерін алдарына төңкеріп-төң
керіп қойысты. Ертеңгі шай ішіліп боп дастарқан жинала бергенде

төрде - екі шалдың ортасында айналасындағылардан иығы асып, айбынды отырған
сұңғақ бойлы, қапсағай денелі ірі кісі - Атамқұл деген қария жөткірініп,
тамағын кенеп ақырын ишара жасағандай болды. Онысы: «Бүйтіп калғып-шұлғып отыра
бермей келген шарауамызға көшейік» дегені еді. Іле мақал-мәтелдеп сөйлеп те
кетті.

-        Аққу кұс көлінен жеріп ұшып
кетер ме еді - көлі жақсы болса, қүлан қағынан жеріп безіп кетер ме еді - жері
жақсы болса, ел жаман болайын деп ойлай ма төбесіне ту ғып көтерген ері жақсы
болса. Уа, Сардарбектің, сарабдал сара баласы, мерген қисық ақшитып, дымы
кепкен кәуек басымды қақшитып, сары жез сары сақалымды сапситым мен алдыңа
келер ме едім, келмес пе едім қара шаңырағыма төнген бір қатер бұлты болмаса,-
деп термелетіп, төгіп-төгіп жібергенде сырылдаған кәрі көкірегі жалынға толып
қалғандай көрінді. Іле:

-        Көкке
түлетіп ұшырған қыран құсы қанатын өрт шалып, мертігіп жерге құлап өліп, сосынғы тірлігі қарға құрқылға
қараған біздей кәрі-құртаңның
күні осы болмай қайтеді. Табанының бұдыры кетіп, басынан бақ тайғанда ботасы өлген саулы інгендей екі көзің бірдей сора-сора боп суланумен өтеді де осылай!-деп
Атамқұлдып. Оң жағында
отырған жұдырықтай шалдың кеп кемсең  деді.
Бұл Атамқұлдың туған інісі, біреуге зұлымдық жа-

сау былай тұрсын зұлым деген сөзді ауызға алып айтуға қорқатын жаратылысы
момын Жолдыбай деген қария еді. Әлгінде аға қасіретін бүкіл тұла бойымен сезіп, біліп отырған кісіше өз мұңын қоса үстемелеп аңдата сөйлеуінде сондай туыстық сыр бар-ды.
Ағайынды екі қарттың сөздері
өте ұтқыр айтылып үй иесін
тәуір-ақ ойландырын тастады. Өйткені
бүл сездердің арғы астарында
қариялардың көңілін суытып үлгерген
әлдекандай салқын

лептің жатқанын аңғару
қиын емес-ті. Шернияз шалдардың бұйымтайын тыңдап, қолынан

келсе табанда
орындап жібермек болды.

-        Қайран кәрі боз тарландарым-ай,
тілдеріңнен зәр төгіліп тұр ғой тегі. He болды сонша?! Тыныштық па, әйтеуір...
Е, тыныштық болса өңгесі ретіне қарай орындала жатады ғой,- деп өздері үшін
неден де тартынып қалмайтынын естіп сөз ыңғайында байқатып өтті. Бұған
шалдардың іші кәдімгідей арайланып қалды. Өзге біреу болса «жолдарыңнан қалмай
жүре беріңдер, өзім-ақ тындыра салатын шаруа екен ғой» деп бұларды сөзбен қарық
қып ендігі үйлеріне қайтарып жіберер еді де, кейін анау деп, мынау деп өздерін
әрі-сәрі күйге тусіріп қояр еді. Шернияз, әсілі, ондайға бармайтын бастық

көрінді. Шалдарды жарылқап уәде де бермеді, жоқтан өзгеге тарылып көңілдерін
де қалдырмады, тіпті баз біреулер секілді «көрерміз...» деп уәде беріп ап қашан
өзі көрге енгенше сол «көремізбен» кісіні сүйретпеге салып, күреңітіп жүріп
алғысы да келмеді. «Е, тыныштық болса өнегесі ретіне қарай орындала жатады ғой»
деп беймаралдық танытты да қойды. Соның өзі шалдар үшін Қан тауын аударып,
төңкеріп тастағаннан кем болған жоқ.

Зады сүйегі асыл кісінің болмысы осылай мығым, маңғаз жаратылса керек-ті. Атамқұл
ұзын бешпетінің етегін тізесінің астына басып, жөнделіп тіктеп отырды да:

-        Шырағым, тырнадан қарауыл
қойсаң басыңнан қиқу кетпес деген бұрынғының сөзі бар емес пе. Қазір тырнамен жекжат,
құда болсаң да соның кебін таза киеді екенсің,- деп сөзін жүмбақтап бастап
айтып келді де, артынша қатпар-кыртысына шейін жарқыратып ашып тастады,- Ісің
сенің бүрыс еді деп өлсем айтармын ба? Бірақ бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрған
кәрі ақақсал шағымда екіге жарылып отырмын, шырағым. Сөзіңді пір тұтып ұстансам
да, тағдырдың бүл шарасына амал бар ма, кеше ғана өзің қызметтен қуып жіберген жетесіз
Жарықбасты жарылқап ара түскелі келдім. Тау боп үйілген қызыл
қырманның арасында не жүрмейтін еді.
Азар болса соның ішіндегі бір арпа дәніндей боп о

да жүрет те. Сөзіме
құлақ ассаң қызметіне қайтып ал сол жазғанды.

-        Қайран кәрі
бозым-ай, бүрын бұндай
мінезіңіз жоқ еді. Шынымен қартаяйын дегенсіз бе, қалай? Буынсыз жерден пышақ ұрып тұрсыз,
қайтейін енді?- деп қиналғанда Шернияздың мандайынан шып-шып суық тер де шығып
кетті.

-        Енесі тепкен кұлынның еті ауырмайды
деуші еді бұрынғылар. Мен сенің енең болмасам да арыңды әрлеген ағайындас атаң
емеспін бе... Әлде атаңның қолқасын

ауырлап отырмысың.

-        Жо...оқ, ол не
дегеніңіз. Атамқұл қабағын шытып,
ыңыранып қалды.

-        Бұрын біздей- шал-шауқанды корғап
қазақтың жауынгер жігіттері оқтың өтінде, найзаның ұшында жалындап жүретін еді.
Қазір, міне, боркемік туған бозбастарын қорғап біздей кәрі-құртаңдар отқа да,
суға да жалпылдап түсіп жататын бопты. Амал қанша, бұ да

біз көруге тиісті бір зауал
шығар. «Буынсыз жерден пышақ ұрып тұрсыз, қайтейін енді?!» деп
сен бір қиналсаң, мен екі қиналсам, қазір тап содан түсер пайда бар ма?.. Ендеше азаматтығына сеніп абыройсыз бір іспен алдыңа желпініп келіп қалған екенмін, алды-арты осы болсын, жерге қаратпа мені. Жер шетіне таяп, санауды ғана күнім қалғанда сол күйіңді көзбен
көріп, күңірентіп отыру маған оңай деймісің,
тәйірі. Қайта шыбын жаным-

ның шырқырап кәрі кеудемнен қалай шығып кетпей жүргеніне қайранмын, Балықшының
ауындай тозған дүниені   жамап-жасқаймыз
деп-ақ өзіміз де тозып біттік емес пе, түге- деп күңірене күрсініп барып
тоқтады. Шернияз бар мән-жайды лезде түсіне қойды. Атам-

құлдың мұнда не себепті келгенін, оны кім жібергенін айқын сезді. Атамқұл -
жалғыз баласы соғыста қаза тауып, келіні мен кемпір үшеуі сол жалғыздан қалған
жалғыз ұлды алданыш етіп, «орнында бар оңалар», «ат тұяғын тай басар» деп өз
көңілін өзі жұбатып жүрген жетім шал болғанда, Жарықбас сол жетім шалдың мың
жылдық құдасы еді. Тақымы тозып, тұқым бермес қартайған тұста ел-жұрттың кас
қабағынан гөрі келінінің қас-қабағын көбірек бағып үйренген қадірменді қарттың
сөзі бір кезде жалғыз баласының жан жолдасы болған Шерниязға әлі де жүретінін
ойлағанда Жарықбас көктен іздегені жерден табылғандай сұмдық қуанды. Шөребектің
званогын қаперіне.ілмеген айбынды бастыққа ара ағайын ғып осы Атамқұл құдасын
салуды көздеген. Өйткені Атамқұл арқылы ісі оңға баспаса ендігі мезетте мүлдем
құритынын өзі де жақсы сезгендей еді. Алайда, ол өзге жұртқа қадірсіз болса
қадірсіз шығар, қарындасына касиетті қара емендей сом көрінері даусыз еді.
Әкесінің кіндігінен өрген балалардың ішінен мойны озық туып,, осы ағасы ғана
атқа мінер тәуір қызметке тұяқ іліктірген-ді. Сонанба ағасы не айтса қарындасы
да соған тақ тұрып, әбден жаман үйренген еді. Соны діттеген Жарықбас қарындасын
үйіне оңаша шақытып алды да, әлденелерді қүлағына құйып, іле жүгіртіп жіберген.
Одан арғысы Жарықбасқа бес саусақтай белгілі. Атамқұл өліп-тірілсс де келінінің
тілегін орындамай тынбайды. Алда-жалда келіні: «Ата, ана аспандағы жұл-дызды
алып берші» десе, «оны қайтесің, шырағым?» деп 
сұрап жатпай-ақ орнынан созбалана түрған бойы көктегі жұлдыздарды қалай
кағып жерге түсіру керек екенін ойлап, амал қарастыра бастар еді. Себебі
майданда қаза тапқан жалғыз баламның жылы төсегін суытпай орнын күзетіп отырып
қалған ерке келінімді алда-жалда ренжітіп алсам, онда иесін айтасың, онсыз да
өткен-кеткен бұларға көз сүзіп, бұйдасын үзгелі жүрген жас буыршын  әлгіге өкпелеген боп төркініне тайып тартып тұрмасына
кім кепіл» деп қатты қауіп қылатын. Бұны  Жарықбас бұрыннан жақсы білетін - білгесін де
құрықты осылай

алыстан орағытып тастап отырған жоқ па, Ауыл тұрғындары Жарықбасты «есебі
терең сұңғыла» деп те, «қазақ халқына тән аңқаулық, ақкөңілділік онда атымен
жоқ» деп те, «қашан көрсең де шымыр есілген қыл арқандай ширақтығынаң бір
танбайды» деп те құсталап, сыртынан қаралап сейлеп отыратын еді. Бақса оның
сыры тереңде жатыр екен. Есебі кісіні есеңгіретуге, ширақтығы кісіні сирақтан
қағып, ұшырып түсіріл жатса оның несі жақсы дейсің,-тәйірі. Енді, міне, соның бәрі
жайына қалып, ұялмай-қызармай ендігі мезетте Шернияздың басын бәдіктей
айналдырып, шырмай бастаған жоқ па. Кімді кімге салып, нені неге соғу
керектігін іштен оқып туған ба, қалай? Бұл жолы да құдды шахматтың жүрісіндей
шым-шытырық жүріс жасап келді де, қалай қисайса да мыңқ етпей бастығы «мат»
алатындай ғып тығырыққа апарып бір-ақ тіреп қойды. Үрім-бұтағы өсіп, кең далаға
молынан тарап, ауқымды жайылып алшақтаған сайын алыстай түсудің орнына қайта мәртебесі
артып біріне бөле боп, біріне жекжат боп, біріне нағашы-жиенді боп өзара бауыр
басып жақындасып кете баратын қарға тамырлы қазақтың осы туысшылдығы кейде
кісіні көңілжықпастыққа жетелемей тынбайтын еді. Бұл көңілжықпастық Шерниязда
жоқ болса жоқ шығар, алайда оның қыбын тапсаң колп етіп оқыс түсе кететін
көңілшектігі де жоқ емес-ті.«Қең болсаң кем болмайсың» деп жүріп кейде опынып
қалатыны және өтірік емес-ті. Асылы өмірді теңіз десек, сол теңіздің бетіне
замана толқыны шайқап шығарған өлерімен сұңғылалар әшейінде тоғыз қабат тас
қамалды бұзып-жарып ішіне кіре алмаса да, ал өз бас пайдасы жолында қулық- сұмдықтарының
арқасында тоқсан қабат тор қамалды  бұйым
кермей тесіп өтіп кете барады. Сондай сұңғыланың бірі осы Жарықбас болғанда, ал
оған езінен гөрі өзгеге көбірек шуағын төгіп үйренген Шерниязды айналып өтіп
кету бұйым боп па.  Осыны ойлағанда ол
екі ұрын халде аңырып отырып қалды. Жарықбасты қызметіне қайта қойып, елге сыйлы
қарт Атамқұлдың тілегін орындап жіберерін де, жоқ  бастапқы бетінен кайтпай қасарысып отырып
аларын да білмеді. Әйтеуір, қай жағаға тартса да бұның туы желбіреп, желкілдеп
тұрмасы белгілі еді. Жарықбасты қызметіне қайта қойса өзі сорлайды. Ол
қателігін түсініп, бұдан былайғы жерде қызметін адал атқарса жақсы, атқармаса
ырың-жырың тірліклен. күні тағ.ы өтеді. Жарықбасты алайда кек желкеден үнемі
бақылап, бетімен тым еркін жайылтып жібере қоймас. Ол әрі-беріден соң бұдан
асып қайда барады. Азар болса балағына жармасып, балтырын тағы тістелеп,
балалық жасап ойнап, сосын мауқы басылғасын жөніне кетер - онда тұрған не бар.
Қазақ халқы тегінде ата жұрт болғанмен, оның бойынан балалығы кетпеген әлгіндей
еркек кіндіктері әлі жоқ емес-ті. Ендеше жетпістен асып онсыз да жерге қарап отырған
жетім шалды жылатқанда не түседі? Нәйеті бір бастыққа сөзіңді өткізе алмадыц
деп баласьпі  көтеріп келіні төркініне
тайып тұрса ол шал сорламағанда кім сорлайды. Оны айтасың, жер үстінің қызығын кемпір
екеуі енді қашанғы көреді дейсің - ит мұжыған жіліктей қысқарып, ғұмыры да
әжептәуір кетіліп, желініп қалды емес пе. Бүгін болмаса да ертең, бүрсігіндері  сонау құба жонға иек артып, ендігі құтты
орнын содан  сайлап, айналасын түгел
топырақпен қымтап, жылы оранып мәңгі ұйқыға кететін қаралы шаққа да тақап қалған
жоқ па. Қасіреттің үлкені де, міне, содан соң басталады. Жеті атасы түгел
жетпіс атасынан бермен қарай құламай келе жатқан киелі қара шаңырағы керегесі жиылып
сол күні-ақ құлайды. Сол күн қалай десек те Атамқұлдың да шын өлген күні боп
саналады. Осы көңілсіз жәйт Шерниязды өткен күннің қаралы бір суретіне жетелеп
әкеп, сүңгітіп жібергендей болды. Ертеде екі жолаушы алыс елден асығыс оралып
суыт жүріп келе жатыпты. Олардың бірі Әлібек есімді қарт би де, екіншісі сол
бидің баласы Төле екен. Бұл- үш жүздің баласына билік айтып өткен атақты Төле
бидің бозбала шағы болса керек. Жолда олар қаралы бір ауылдың үстінен шығып,
қазақ рәсімі бойынша көңіл айтып аттанбақ боп аттарынан шүғыл түсе-түсе қалады.
Қызмет жасап жүрген жігіттер олардың аттарын байлап, өздерін қаралы үйге бастап
алып жүреді. Аз-кем жөн сұрасып, танысып біліскен соң үй иесі мал алдыртып сойып,
әкелі-балалы екеуін жақсылап сыйлап, құрметтеп күтіп жібермек болады. Бүған
дана би Әлібек те, бала

би Төле де қарсы келе алмай сол
күні жолдарынан қалып, ауылға қонады. Ертеңінде екеуі аттарына қонып, ауылдан қозы көш жер ұзап шыққанда Әлібек би баласын сынамақ
болып: «Балам, кешелі бері не аңғардың? Марқұм болған кісі өз елінің кімі екен, сұрап білмедің бе?» деп Төленің
жүзіне барлай қарапты. Сонда бозбала Төле: «Жоқ, сұрап қайтейін, оны өзім де
біліп отырған жоқпын ба» деп таңдайын тақ еткізіпті. «Білсең, айтшы?» дегі әкесі қайта қарапты. «Марқұм болған кісі өз елінің жау-жүрек
батыры екен, Оны найза ұшына қара қыл байлап, сегіз қанат ақ үйдің белдеуіне
іліп, аза тұтып қойғанынан білдім» деп іркілмей тез жауап беріпті. «Дұрыс» деп
әкесі басын изепті. Сәлден сон, баласына тағы да жүзін бұрып: «Жаңағы каралы үй
ме, жоқ қазалы үй ме - соның қайсысы?» деп және сұрапты. Ес біліп, етек жапқалы
ел аралап, сөз ұстап, көзі қарақты бола бастаған Төле: «Қаралы үй» деп тағы да
іркілмей жауап беріпті. «Оны қайдан білдің?» дегенде, «Төрге ұстаған кілемнің
орта тұсындағы кереге басына сабын

күмістеткен бұзау тіс қамшыны төмен салбыратып іліп қойыпты. Ал сол қамшы
марқұм батырдың соңында өсіп жетіліп келе жатқан болат тұяғы, кетілмеген
семсері барын кім-кімнің де есіне салып, айбар-сұс танытып-тұрғандай көрінді.
Сондықтан да бұл үй қара жамылған қаралы үй аталып, біраз уақыт аза тұтады.
Кейін бәсіре қамшының иесі ер жетіп, атқа мініп, тізгін тартуға жарағанда сол
үйдің туырлығы қайта желкілдейді. Ал та-

қымынан тұқым өрбімеген тұл еркек қайтса шын өлім деп міне соны айтады.
Онда оның үйі қасірет-қайғы көтерген нағыз қазалы үйге айналып, сосын жер
бетінен оталып, құрып кеткен түл тіршіліктей атсыз, атаусыз қалып, бір күні о
да мәңгіге жоғалар еді» деп сөз соңын ауыр сезіммен түйіндеп бітірген екен.
Әкесі риза болып: «Қазақтың кең байтақ даласында тегін тумаған екенсің. Алла
жазса, алыс көкжиектерге үңіліп, алдағыны тап

басып, болжап біліп отыратын өрісті өрең бар көрінеді. Өркенің өссін,
балам!» деп батасын беріпті. Сонымен осы секілді жәйттерді әрі-бері ойлап
келіп, салмақтап көргенде оның алғашқы райынан қайтпасқа шарасы болмады.
Себебі, қай кезде де елдің айдын-айбары бола білген қадірменді қартты қайдағы
жабы-жақыбайға бола жерге қаратып, жігерін жасытқысы келмеп еді. Солай
еткені өзіне де, өзгеге де дұрыс көрініп, кенет еңсесін тіктеп көтеріп шалдарға тура қарады.

-        Жарықбасты
қызметтен босату, асылы, оны ел ішінен
аластап, мүлдем қуу деген сөз емес-ті. Оның үстіне үшеуіңіз бірдей топтанып
келіп қапсыздар. Лебіздеріңізге құлақ аспасқа шарам қайсы?.. Ақсақал,- деді сосын Атамқұлға жүзін бұрып,-
келініңізге сәлем айта барыңыз. Бұдан былай сізге салмақ салып,
сіңіріңізді созып көрінген бастықтың
алдына алқындырып жұмсай бермесін.
Естіген ел, көрген жұрттан ұят
емес пе. Бұл жолғысын білместігі шығар деп кешіруге
болар. Ал келесіде олай істемесін.- Шернияз түсін суытып, сұс танытып ескерту жасап еткендей болды.

-        Ал,
шырақ, құдай бетіңнең жарылқасын.
Абыройсыз іспен алдықа сүйретіліп келіп калып едім. Әйтеуір жаман шалды
жерге қаратпадың. Жауырды
жаба тоқып, жарылқап жіберген сыңайың
бар. Оныңа мың да бір рахмет. Анадан
ер туса, соның өзі мына сенен артық та емес
шығар. Сенен артықты өзім де осы ғұмырымда көрмедім ғой, тегі,- деп ризалығын
білдіріп есікке беттеді. Қасындағы
екі шал да сол сәтте орындарынан қозғалып, жеңіл көтеріліп тұра бастады. Бұл
шақта шалдардың әжімді жүздерінен сергек

көңілдің сенімді
де жарқын ажарын байқау аса қиын емес-ті. Соны аңғарғанда үй иесі қоса жадырап
шыға келгендей болды.     

Шериияз киініп
кеңсесіне келгенде қабылдау бөлмесінде таң азанңан бері өзін осында тосып,
күтіп отырған Жарықбасты көрді. Ол орнынан ұшып тұрып қос қолын алға созып бұған
тұра ұмтылды.

-        Ассалаумағалейкум. Қалай, Шераға,
жайлы жатып, жақсы ұйықтап тұрдыңыз ба? Бәсе, бәсе... көрініп тұр. Қабағыңыз сондай
ашық...,- деп жылмаңдай күліп директорды колтықтап алған бойы ішке кіріп кегті.
Сырт қарағанда Жарықбас кабинет иесі де, Шернияз соның қабылдауына келіп күтіп
отырған кісі сияқты. Директор орындыкқа жайғасып жатып: «Құдай бұны оған жеткізбесін.
Жеткізсе бұл ештеңеден тайынбайды. Талайдың бақа бас төбесіне ойып тұрып құдық
қазатын нағыз сойқанның өзі болады - көр де тұр» деп қумыға ойлады. Жарықбастың
аузы ішке кіргесін де самбырлап сөзден босамады. Апандай аузы ақ жалын кұсқан автоматқа айналып кеткен бе
дерлік еді.

-        Шераға,
қадіріңізді білмей жүр екенбіз. Қызметті қойшы...
Тірі адам тірлік етпей тұра ма.
Қыр асып жуа теріп кетсек те
күнімізді көреміз-ау. Ал, бірақ,
несін айтасыз... жарты күн төбеңізді көрмегенге... ой, сізді сұмдық сағынып
өліп кете жаздадым. Сенсеңіз: қасыңызда қалқайып
жүрудің өзі үлкен мөртебе ексн
ғой, оны кім білген?!- деді ұры
тазыдай жылмың қағып.

-        Ой, маладес!
Сағындым дейсің бе-ей. Ха... а..а!- Директор
көңілді дауыстап күліп жіберді. Жарықбас та тісін ақситып қоса күлді.

-        Сағынбағанда...
Сіздей кісіні сағынбаудың өзі үлкен күнә емес пе,- деп артынша
алға ұмтылып екілене сөйледі. «Хһі...»
Директор жөткірінді. «Жарты күн төбеңізді көрмегенге
сұмдық сағынып өліп кете
жаздадым» дейді. Қарай гөр қуын,
Кімді алдап, кімді ақымақ қылғысы келеді.
Соған мені сенеді деп ойлай ма екен. Бұл жылымшы сөзге кім сенеді? Сосын:
«Қасыңызда қалқайып жүрудің өзі
үлкен мәртебе екен» деп құйрығыңа көпшік тастай
сөйлейтінін қайтерсің тағы. Ой, сұмдық-ай, мұндай да сұңғыла
болады екен-ау, ә! Сен атқан оғыңды көздеп
жүзіктің көзінен өткізе алмауың мүмкін. Ал Жарықбас атқан оғын да, оқпен бірге
өзін де бір емес, жүз жүзіктің көзінен өткізе алатып нағыз сұм көрінді.-Шернияз бас шайқап, таңырқай ойға шомды.- Мен оның аузынан шыққан қай сөзге де сенер едім-ау, әттең не керек, егер де ол төрт жыл соғыста
жүріп елге аман есен тірі
оралғанымда қуанып:«Алда айналайын Шернияз ағаекем-ай, жаман ініңді қатты
сағындырың ғой» деп арсалаң қағып алдымнан алқынып жүгіріп шыққан да, Жұрттың
бәрі шешесіне қайырлы болсын айтып кеп бұның үйіне топырлап кіріп-шығып
жатқанда керек десең ол ат ізін салуға жарамап еді. Енді, міне, сізді сағынып
өліп кете жаздадым дегенде екі беті шылп етпей суырдың айғырындай суырыла
жөнеледі. Сенейін бе, сенбейін бе? Хһ «- Шернияз тағы да жеткірінді,- сонда Қызайым
анасы өз-өзінен қапаланып: «Ана Жарықбас жамағайыңды көрдің бе? Жасында етігін
қонышынан басып, шұлғауын сүйреткен көп боқ мұрынның бірі еді. Қазір, міне, кең
пейіл жарқын заманда атқа мініп адам болдым деп жұртқа көз қырын салғанды
қойды. «Шеше балаңыз кеп көзайым болып жатырсыз ба» деп куанбаса да төбе
көрсетіп жұртпен бірге үйге кіріп шықса қайтетін еді. Тағынан тайып ұшып
кетпейтін еді ғой, әйтеуір, Құдай біледі, сол жаман неме сенің соғыстан
аман-есен келгеніңді кере алмай қанына карайып үйінде омалып отыр» деп бірде
қайдағы-жоқты соғып қалғаны бар-ды. Қан майданнан тірі оралып, ел-жұртымен жаңа
қауышып айра-жайра боп жүрген қуанышты жігіт ағасы  ол тұста анасының әлгі сөзіне онша мән беріп
жатпады. Олай істеуге, шынын айтқанда, уақыты да жоқ-ты, Енді ойласа, анасының
сол сөзінде өттей ащы шындық жатыр екен ғой, оны кім білген?! Жарайды,
ол кезде бірі-бірін жөнді бағаламаған
шығар. Ал, енді ше? Қаланың
ауруханасында сырқаттанып бақандай екі ай бойы төсек тартып
жатып қалғаны өткен жылы ғана
емес пе еді. Оны ұмытуға бола
ма, сірә. Соңда да сағындым деп соңынан ат ізін салып іздеп келуге жарамап еді.
Қайта Шернияздың өзі ауылға қатынаған кісілер арқылы кейде ауызша сәлем айтып
,кейде қағаз жазып жіберіп хабарласып, оны-мұны тапсырмалар беріп түрған. Сонда  Жарықбас жақтан тырс еткен бір дыбыс болмап
еді. Енді, міне, директор өзін кеше қызметтен босатып қайқайтып қуып жіберіп
еді, содан бері төбесін көрмегенге өлердей сағынып капты. Екі көзі боталап
тіпті «сағыныштан» жылап жібергелі тұр. Шернияз мырс етіп кекесін күлді. Сосын
байқап, көріп алайын деген кісіше Жарықбастың қарақошқыл кене кескініне
аңтарылып ұзақ карады. Әрқилы ойға шомып

бет-өңірін көзбен
тінтіп, түгел шолып шықты. Жарықбасты жүзі қалай десек те осы жолы
шыдамады. Екі беті ұят, намыстан от
боп жанып күйіп бара жатты. Сонда да
шыдап бақты. Назарын төмен салған бойы бір ауыз ләм-лим демей сұлық
отырды да қойды. Бұл оның қайтсең де кабинетіңнен бір қызметтің құлағынан ұстатып шығарасың, әйтпесе
осы сазарып отырғаным отырған  деген
өлермендігі еді. Шернияз
өлген қойдың көзіндей

бозарған
кейпінен соны аңғарып, ішін жиып қалды.

-        Жәке,
бұрынғы орынбасарлығымды
қайтып бермеді деп өкпелеме. Бірақ оның есесіне одан бір
мысқал кем де емес, бір мысқыл артық та емес белді бір қызмет ұсынғалы
отырмын,- деді директор әлден уақта сөзін салмақты бастап. Жарықбас омырауына құлаған
ауыр басын шұғыл көтеріп алды. Шернияз қайтер екен деп жүзіне үңіле қарап еді,
екі бетіне аздап қан жүгіріп, жылып қалғанын көрді. Табиғаттың құбылысына қарай
түрлі-түрлі желдердің болып тұратынын, бірақ соған қоса қай желдің қай кезде
және қай тұстан екіленіп соғатынын жастай сезіп, соған өзі де әдет алып
үйренген Жарықбастың бұл таланты бертін келе тарлан ашып, кемелдене түскендей еді.
Әлі сол дағдысынан жазбапты. Директордың жүзіне жалт бұрылып бір қарады да, оның не айтқалы тұрғанын және өзіне қандай қызмет ұсынғалы отырғанын сезе қойды.

-        Шераға,
өмір жасыңыз ұзақ болып, қызықты да бақытты
ғұмыр кешіңіз. Төбеммен жорғалап жүгіріп жүрсем
де сізге адал қызмет істеп, әр уақытта да сеніміңізден шығуға тырысамын. Міне,
осы жолғы сөзіме құдай куә,- деп
көкке қолын жайып, жалынышты тілек етті
де:- карғыс бұйрығын жазып қызметтен қуып қорқыта білген,
алғыс бүйрығын жазып қызметіме қайта алып
қуанта білген құдіретті қолыңнан айналдым!-деп директордың қолын өзіне тартып тілімен жалап шөпілдетіп сүйе
бастады. Шернияз Жарыкбастан басқаны күтсе де тап осыны күтпеп еді. «О, Жәке, бұның
не? Бала болып кеттің бе, немене?» деп тыжырынып қолын тартып алды.
Бірақ бұл оның кәперіне де кіріп
шықпады.

-        Алғысымды
айтып жатқаным ғой, Шераға! ренжімеңіз,-
деп үлкен басымен ыржалақтап күлгенде ит аяқтай
ауызы жайыла түсті. Шернияз тыжырынып, теріс бұрылды. Сәлден соң Жарықбастың жүзіне көзін
тіктеп қайта қадап:

-        Жәке, МТС-тың завхоздығын
қабылдап алсаңыз деп отырмын. Есеп-қисапқа жетік адамсыз ғой, техника бөлшектерін
шашау шығармай қаттап ұстарсыз,- деді арі сөз соңына салмақ салып, әрі сеннен
сізге көшіп. Жарықбастың күткені де осы қызмет еді. Тілегін құдай бергендей боп
қуанышы қойнына сыймай қаңғалақ қағып қалды.

 - О не дегенің. Айтқаныңды екі етпей орындап
отырам дедім ғой әлгінде. Сені ұятқа қалдырып өзім де жер басып тірі жүрмей-ақ
қойдым ендігі тұста. Ойына әлдене оралған директор жаңа ғана МТС-қа завхоз етіп
қызметке тағайындаған Жарықбастың жүзіне жымиып күліп қарап отырды да:  - Айтқан сөзіңізде қапы жоқ, Жәке. Бірақ
кейін

сөзіңіз бір жаққа тартып, өзіңіз бір жаққа тартып, екі ортада әрі-сәрі хал кешіп, шуын жия алмаған әйел құсап етегіңізге
көміліп омалып отырып қалатыныңыз жаман
да,- деді әлдеқандай бір сырдың
ұшығын шығарып.

-        Айтқайым айтқан.
Жарықбастың сөзі сенімді естілгендей болды.

- Бүгінде уәдеге жомарт боп бара
жатырсыз ба, қалай? Оның үстіне сіздің айналайын деп- отырып кісіні алқымынан ала түсетін алапес кылығыңыз да
жоқ емес еді... Оны енді пышақ кескендей caп тыятын шығарсыз. Әйтпесе ол сіздей үлкен кісінін, бойына жараса бермейтін
жұғымсыз нәрсе ғой. Одан арылғанымыз жөн, Жәке.

-        Шераға-ай,
енді не дейін. Tap жерде жаман ініңді ұялтып, екі бетін қызартып күлдіретіп жібердің-ау. Ол ит қылықты да тастадым. Міне уәдем,- деп
орнынан

сүметіліп тұрып кеп директордың қолын ақырын қысып қойды. Бұл - оның «енді сөзімде тұрамын,
еліп кетсем де берген уәдемнен
айнымаймын» деген сертті байлауы еді.

-        Сенбеймін.-
Директор басын шайқады.

-        Бүкіл үрім-бұтағым, қара орманыммен ант етем. Сен сөзіме. Енді қайталасам қолың сынсын.- Жарықбас Шернияздың жүзіне жалынышты тілекпен жәудірей қа-

рады.

- Жәке, «сен» деп,
«сенбеймін» деп екеуміз дауласып, босқа уақыт өткізбейік. Мен сізге бір әңгіме
айтып берейін. Соның мән-мазмұнын түсінсеңіз болды. Маған со да жетіп жатыр.

-        Мен түсінбейтін сөздің астары бар ма,
тәйірі. Айтыңыз.-Жарықбастың жүзі жадырап, алға ұмсына түсті.

 

- Ертеде бір
таспақа мен бір сары шаян ғүмырлық дос бопты. Бірақ сары шаян басына қатер
төнгенде таспақаға келіп жалынып-жалпайып қолтығына кіріп бәле-жаладан аман
құтылады екен де, ал күн ашықта маңынан жүрмейтін көрінеді. Қайта оны сыртынан
жамандай, ғайбат сөздер айтып, талай мәрте сатқындык, жасапты,- деп әңгімесін
Шернияз енді бастап айта беріп еді, етірік-шыны екенін кім білсін, әйтеуір
Жарықбас;

-        Ой, сұмдық-ай, мына сары шаянның бәлесін
қарай гөр,- деп шошынып таңырқаған сыңай танытып қалды.

 - Бірде дариядан өте алмаған сары шаян
таспақаға келіп, өлердегі сөзін айтып, жалынып тұрып апты. «Мені арқалап жүзіп
мына дарияның арғы жағалауына жеткізіп сал, ағатай. Бұ жалған түгіл о жалғанда
да жақсылығыңды ұмытпаймын» деп қиылыпты.

-        Мынау шаян емес нағыз сұмпайы сұңғыла
ғой өзі. Көрдің бе, аяқты қалай-қалай ойнатып тастайды,- деді Жарықбас әлденеге
мәз болып. Шернияз, алайда, оған мән беріп жатпады. Әйтеуір Жарықбас осы
сұқбаттан иненің жасуындай болса да сыр ұқса екен деп соған бар зейін салып,
ңгімесін жалғап айта берді.

-        Сонда таспақа: «Айналайын сары
шаяным-ау, жаздым-жадылдым, өткенді ұмыт, енді қайталасам жер-көктен аласталып
қуылып кетейін, қайтейін көмегің керек болып түр, қол ұшын бере гөр» деп
жалынып-жалпайып өлердегі сөзіңді айтып салып ұрып келесің де, ал пайдамды көріп
болған соң «сен кімсің?» дегендей сырт айнала беріп жалаңаш мойнымнан шағасың
кеп. Міне, көр... мойнымнан шаға-шаға сау жер
қалдырмадың, енді

шақсаң өзім
де өлетін шығармын. Сондықтан мен тірі жүрсін
десең менен аулақ бол, айналайын» деп азар да безер бопты. Осы мезетте:

-        Ойпыр-ай, мына
сары шаяның құп-құйттай болып aп сұмдық жауыз
екен ғой,- деп Жарықбас шыдай алмай өз ойын айтып салды.

-        Бірақ
сары шаянда да қазіргі өзіміздің кейбір жігіттер секілді өлермендік бар еді. Түп
етектен ұстап айрылмай «осы жолы шақсам анамның қанын ішейін» деп жатып кеп жабысқанда жаратылысы момын сорлы таспақа өзінің қалай тез көнгенін білмей де қапты.

-        Алда
жазған-ай, қайтсін енді, Көңілшек байғұстың көрген күні осы да, тәйірі.

Шернияз мына сөзге аздап тіксініп
қалса да оған жөнді мән бермеді.
Жарықбастың түйсіксіз келбетіне көңілсіз бір сәт көз тастап өтті де, одан әрі
әңгімесін жалғап айтып кетті. Содан таспақа арқасына сары шаянды
мінгізіп  алып дарияға қойып кетіпті.
Тарамыс арық мойнын алға созып жіберіп, толқынға бір батып, бір шығып,
өлген-тірілгеніне қарамай жан дәрмен жүзіп келе жатыпты. Үстінде отырған сары
шаянның көзі кенет таспақаның ұзын мойнына түсіп, қызығып кетеді. «Шақсам ба
екен, шақпасам ба екен» деп әрі-сәрі хал кешеді. Шағайын десе - өзін арқалап
жүзіп келе жатқан таспақаның суға батып өлетінін, онымен бірге өзінің де мерт
болатынын ойлап және оның үстіне «осы жолы шақсам анамның қанын ішейін» деген
уәдесі есіне түсіп, сәл тартынып

қалғандай бопты. Ал сол уәдесінде
тұрып, шақпайын десе - желкесінен суға батып кетем, созылған ұзын мойнына қызығып, аузынан сілекейі шұбырып, өліп кете жаздап келеді. Әйтсе де сабыр сақтап «қой,
менің бұным жарамас. Өзіме жақсылық
жасап, дариядан өткізіп салмақ боп терең суды жалдап жүзіп келе жатқан байғұс таспақаны шаққанда қай мұратқа жетем» деп
аракідік ойлап та көрген екен. Бірақ
ауру қалса да әдет қалған ба, тәйірі.
Жағаға жете бергенде таспақаны мойнынан шағып,
оны суға батырып өлтіреді де, өзі
секіріп жағаға шығып құтылып кетеді.

-        Ойпыр-ай,
мынау мен естімеген сұмдьқ нәрсе екен. Жақсылыққа
жамандық... қой, бұл барып тұрған зұлымдық қой білген кісіге. Бірақ
ондай опасыздығы болмаса сары шаян
сары шаян боп жаратылмас та еді ғой.

-        Иә. Өйтпесе ол сары шаян болар ма
еді.- Шернияз үнсіз ойға шомып сәл отырды да, Жарықбастың жүзіне тіктеп бұрылып қарады.- Жәке, осы әңгімеден не түсіндіңіз?

-        He
түсінейін,- Жарықбас назарын төмен салып, қыбыжықтап
қалды. Ал Шернияз болса сұрғылт тартып, сазарған күйі Жарықбастан көзін алмай:

-        Жәке,
былай карағанда кішіге аға, үлкенге іні бола
білетін белді ел азаматы екендігіңізде дау жоқ. Ал істеп жүрген тірлігіңіз өнбес дауды қаузаған арзан қылықтай бірдеңе. Әйтсе де және бір сынап байқастағалы өзіңді тағы да
кызметке қойып отырмын. Кейін екеуіміз әлгі таспақа мен сары шаяндай болып
жүрмесек жарар еді,- деп сөзін біттіге сайып орнынан түрегеле беріп еді,
Жарықбас құйрық басып отырған жерінен ұшып тұрды да Шернияздың қолынан
жалма-жан ұстап сүйіп:

-        Пірім
болған Шернияз-ай, ол не дегенің. Саған қысастық
жасап мені жын соғып па. Олай етсем қысыр жыландай
түк көрмей өтейін тумысымда. Ол аз десең туған анамның қарғысына ұшырап қанын ішейін,- деді барынша
таусыла сөйлеп. Жарықбастың соңғы
сөзі директорды қақ төбеден салып қалғандай болды. «Ойпыр-ай, туған анасын
ауызға ала сөйлеуін мына зәнталақтың!» деп қинала ойлағанда тұла бойы
тітіркеніп, дір ете түскендей көрінді. Маңдайынан қыстығып суық тер де шығып
кетті. Сасқанынан «жұмысыңды қабылдап алып, ың-шыңсыз істей бер» деді аузына
басқа сез түспей. Есіктен күжірейіп шыға берген Жарықбастың күдірейген желке
шашын көргенде Шернияз тағы да тіксініп қалды. Ол бұған тентек бала қораздың
мойын жүніндей тікірейіп, дөң айбат көрсетіп бара жатқандай болды. Кенет
әлгінде өзі айтып өткен әңгіме есіне түсті. Сол сәт тысқа шығып үлгерген
Жарықбас Шернияздың көзіне судан өтіп алғасын таспақаны шағып өлтіріп жағаға
секіріп құтылып кеткен сары шаян секілденіп көрініп кетті.

XII       I

Ол оянып көзін ашқанда күйеуі қасында жоқ еді. Қызметіне әлдеқашан киініп
кетіп қалған-ды. Бүгін қайтсе де ертелеп түрып, күйеуіне ыссы шайды өзі
қайнатып бермек еді. Оның жөні келмеді. Қара басып тағы да ұйықтап қапты. Жәмила
дел-сал күйде біраз жатты. Әдепкіде не істерін білмеді. Түрегеп киінуге
кежегесінен әлдене кейін тартты да тұрды. Жата беруге тағы болмады.
Жата-жата жамбасы сыздағасын ақырында
тұрып киіне бастады, Осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығып
үйренген Бағила әдеттегідей шайын
ысытып дастарқанын жасап қойып ауызғы
бөлмеде күтіп отырған. Ертелі бері үйге кім
келіп, кім кетті, не боп, не қойды... бәрін жіпке тізіп баян ету - Бағиланың қанға сіңген күнделікті жұмыстарының бірі еді.
Қазір де сол дағдымен бүгінгі жай-жапсарды әдемілеп айтып өткенде Жәмила
«күнделікті жай нәрсе екен ғой» деді
де қойды. Қойдың кезегіне кеткен енесінен өзге үйде үлкен
өзгеріс жоқ секілді көpiнді. Шернияз директор боп дурілдегелі
ғұмырында мал бітіп көрмеген осы үйдің ауласына бірлеп, екілеп қозы, лақ, ешкі,
тоқты байланатын болған. Біреу кемпірдің сыбағасы деп, біреу Шерағаңның
кіндігінен өсіп, өрбіген Бекмұраттың бәсіресі деп мойнына жіп тағып жетелеп алып
келеді. Енді біреу бүл екеуін былай ысырып, тура өзіне ұмтылады. «Қара-құра
кісі ертіп жүрмесе Шерағаңның көңілі көншитін бе еді, сірә. Сондай қарбалас шақта
тіске басар түйір ет таппай сарсылып қала ма деп өзіңе арнап әдейі алып келіп
отырмын бұ малды. Қонақты киіміне карап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салатын
қазіргі заманда бар ауыртпалық әйелге түседі. Білдің бе?» деп өңгеріп жеткен
көтерем тоқтысын бұлдап, қолына ұстатып кетеді. Әйтеуір, алмасына жанын қоймайды.
Арғы-бергіден дәлел, мысал келтіріп, тігісін жатыстыра сумаңдап сейлегенде
қарадай отырып Жәмиланың өзі ұялып қысылып қалады. Содан есік алдына әкеп
көгендеген малды ризалығын білдіріп алып қалу

ата жолының ісі деп ойлап, көп жайда оған қарсы да бола бермейді. Жәмила
тек ала бергенді мақсұт тұтқан әйел еместі. «Алаған қолым береген»
демекші, қарымтасын еселеп

қайыра білетін жомарт та еді.
«Сен - маған, мен - саған» деп қайдағы жоқты езіп, есептесіп жатпайтын. «Қайда қалмаған қасқа сиыр» деп
көзді жұмып тартып жіберетін кесек мінездің адамы болатын. Ол Таластың жоғары
жағын сағалаған кедей ауыл Сәліктің, жаутаңкөз жалтақ қызы еді. Әке-шешесі
бірдей колхоз жұмысына жегіліп, еңбегіне жалынған шаруа кісілер болса да қашан
бойжетіп, тұрмысқа шыққанша иығы жылтырап көрмеген-ді. Қызайым кемпірдің үйіне келін
боп түскелі жоқ-жұқаналықтан құтылып, аршылған жұмыртқадай өңі жылтырап,
жұтынып шыға келген. Соны білетін кәнігі жұрт: «Бұ неме де кісі боп ел қатарына
косылды-ау. Әйтпесе күні кеше ғана емес пе еді... Өз үйінің бес-он лағын қайыра
алмай жылап жүргені. Бақ, шіркін, жұмыр басты пендеге қонам десе қиын емес екен
ғой өзі» деп Жәмиланың қазіргі мол, жақсы тұрмысын күндеп, сыртынан үнемі сөз
етісіп отыратын. Жәмила бұны естісе де елең қылмады. «Құдіретің жетсе  сен де асып-тасып отыр, кім қолыңды байлап
жүр» деп онан сайын айбындана түсетін. Төркінінен табан тірер тұрақ таппай
жүдеп-жадап жеткен әпкесіне қамқор боп, алты бөлменің бірін жеке өзіне босатып
беріп, өзіне қызметші етіп алғалы Жәмиланың қолы үй тірлігінен босап, езі сол
үйдің еркетотай бойжеткен қызына айналып бара жатқандай еді. Дастарқан жасалып,
тағам-дәм орны-орындарына қойылып, бәрі әзір болғанда ғана Жәмила төбе
көрсетеді, қонақтарға да сол кезде келіп сызылып есендеседі. Сөйтіп дастарқан
шетіне сыпайы жайғасып, кесені кесеге соқпай, ауыстырмай, сылдыратып дыбыс
шығармай шай құюға кіріседі. Содан қонақтар қашан рахметін айтып, риза боп аттанып
кеткенше сол биязы қалпынан бір танбайды. Күтуден және жалықпайды. Ыдыс-аяқты
да өзі тасып, өзі жуады. Тек қонақтың қарасы бұл маңнан ұзады-ау дегенде барып
ауызғы бөлмеге бас сұғып, Бағилаға «дастарқанды жинап, үй ішін қағып-сілкіп,
тазалап қой» деп келте бұйрық береді. Бағила да сіңлісінің ажарына қарап бар
мән-жайды

лезде түсінетін болған. Есік сықыр етіп ашылғаннан орнынан ұшып түрегеп
жеңіл қозғалып төргі бөлмеге тұра ұмтылады. Жәмила сонда да директордың ақылды,
білгір, қонақжай әйелі атанып, атағы мол дабыра-дақпыртпен бүкіл Ойық жұртына
жайылып, қазірдің өзінде кеңінен тарап үлгерген-ді. Себебі, үйіне кім түспесін,
кім ат басын тіремесін, қай кез, қай уақытта келмесін бәрі-бір сырт киімін
шешіп, төрге төрт қабат қалың төселген көрпе үстіне құйрығын басып жайғаса
бергеннең екі иінінен дем алып буы бұрқырап сары самаурын қаздиып тұра қалады.
Одан кейінгі дәм де, тағам да қонақтың ретіне қарай пісіріліп келіп жатады.
Асығыстары жеңіл-желпі-қуырдақпен, уақыты барлар асықпай ет жеп, соңынан
жаңалап шай ішіп, тоғын басып барып содан кейін жолға жиналады. Әйтеуір, қалай
болған күнде де риза көңілмен аттанар еді. «Осының бәрі ана үйінде жүрген
әпкесінің арқасы ғой. Ертеңнен қара кешке дейін зыр қағып шаруа істеп, жүгіріп
жүрсе де, ойпыр-ай, несін айтасың, шаршадым деп қабақ шытқанды бір білмейді-

ау, сабазың!» деп ауыл арасынан Бағиланы көтермелеген алда-жалда біреу табыла
қалса, оған екінші біреу қарсы шығып: «Мейлі де... отымен кіріп, күлімен шықса бөтені
емес, бір кіндіктен тараған өз сіңлісінің үйі. Жәмиланың аркқасында өзі де
ішпегенді ішіп, кимегенді киіп, иіні жылтырап жүрген жоқ па. Осында алғаш сүметіліп
келгенде қандай еді? Қазір қандай? Аш өзегінe түсіп, көзі үңірейіп, әзер сүйретіліп
жеткені кәне?..Ендеше Жәмиланың кісілігін ұмытуға бола ма? Жәмила басшылық
жасап, «ананы бүйт, мынаны сүйт» деп қадап айтып, қадағалап отырмаса қайда?!»
деп бәрібір Жәмиланың мерейін үстем етіп көрсетіп құлшынып бағатын. Бұл тұста,
қалай десек те, Ойық жұртының Жәмиланың үстінен құс ұшырмай, өздерінің жалғыз
бойжеткен қыздарындай көріп, әлпештей дәріптеп отырғаны анық-ты. Соған орай
Жәмила да қайрымды болды. Бұйымтай

айтып алдына сұңқылдап жеткен кісінің бірде-бірін
мүмкіндігінше ренжітпеуге, мәселін қайтармауға тырысатын. Сол ажарын жер түбінен таныған ауыл
жұрты бертін келе тіпті алдын босатуды қойды. Бірі қант-шай, бірі екі-үш пұт
үн, бірі көйлек-көншек сұрап үздік-создық қыңқылдап келеді де тұрады. Нақа
болмағанда «самаурынға салатын сексеуілім таусылып қалып еді, үш-төрт жігер
бере тұршы; тезектің шайы тез суып, жылымшы су

ішкендей болады екенсің» деген өтінішпен жетеді. Бұған не дерсің енді?
Жәмила бәрібір меселін қайтармайды - сұрағанын қолына ұстатып, есік алдында қош
айтысып, жайдарлы қалыппен күлімсіреп қала береді. Қабақ түйіп бұртиғанда не
түседі. Жұрт та Жәмиланың қандай әйел екенін жақсы біліп алған. Сонсоң ғой оны
төңіректеп, үйіне кіріп шығып жүргені. Әйтпесе «не бар?» деп қарасын көрсете
ме. Жәмила осындай ой үстінде ертеңгі шайын сәскеде ішіп, кесе-шәйнегін жаңа
жинай бергенде есікті салдыр гүлдір ашып, тыстан Жарықбас ентігіп жетті.

-        Жеңеше, қамданыңыз тез. Түсте кісілер
келеді осында,- деді екпіні тау құлатқандай болып. Күнделікті жай болғасын
Жәмила асыға қоймады.

-        Кімдер екен келетін кісілер? Ауыл
арасының сыпалары ма?     

-        Білмедім. Әйтеуір Шерағаң «үйге барьш
тез хабарла» дегесін ай-шайға қарамай қос қолымды қанат қып ұштым емес пе. Жәмила
осы сөзден-ақ түстеніп
аттанатын кісілердің

салмақты дүмділер екенін аңғарды.

- Бара бер. Түскі
үзіліске бәрі әзір болады де.

-        Құп.
Ләппай тақсыр!- деп Жарықбас та осыдан кейін
көп аялдамай жөніне жөнеп берді. Іле Жәмила да орнынан жедел көтерілді. Тыста шоланда нан пісіріп жүрген
ағилаға барып ақылдасып, оған арнайы тапсырмалар беріп, шаруасына шұғыл кірісіп
кетті. Алдымен үйден ет алып шықты. Бұрнағы күні сойылған
семіз тоқтының жарты еті тұр еді. Соны бұзғызып, жуғызып, қазанға түгел салғызды. Көп ұзамай нән сары самаурын да
ішіне су құйылып, оттығына шоқ салынып,
есік алдына о да қаздиып тұра
қалды. Апалы-

сіңлілі екеуі екі жақтағанда не
шақ келсін - дүниенің тірлігі еңсеріліп жүре берді. Әп-сәтте
бәрі дайын болды. Төргі
бөлмеге жайылған дастарқанды да Жәмиланың өзі жасады. Бүрынғыдай Бағиланы бұл жұмысқа
жекпеді. Жарықбастың сөзіне қарағанда бүгін үйінен түстік ішетін кісілер не
ауданнан, не облыстан арқырап жеткен өкілдер болды. Ендеше барымды алдарына
тосып, мен де әзірленіп бағып көрейін деп ойлады. Төмен етек ұрғашының аты
асылы осындай мол дастарқанмен шықпағанда енді немен танылмақ еді.

Түскі үзілісте екі-үш кісісін ертіп Шернияз жетті. Жәмила киім киістерінен,
жүріс-тұрыстарынан күйеуінің қасындағы сыпалардың ауыл жақсылары екенін таныды.
Ертерек қамданып, бар өнерін салып, дастарқанын мол етіп жайнатып жасап
қойғанына қуанды. Қонақтар бас шұлғысып амандасқан бойы төргі бөлмеге озды. Алдымен
шай бермек болды. Шайға арнап жайған дастарқанның өзі мол, берекелді көрінді.
Жент, май-қаймақ, май құрт, ірімшік, тары дейсің бе... көздің жауын алып, бәрі тұнып
түр. Дастарқанда ине шаншар орын жоқ-ты. Іле буы бұрқырап ыстық қуырдақ келгенде
дастарқанның да, отырғандардың да өңі кіріп, бір түрлі жайнап кетісті. Шай
үстінде Шернияз қонақтарды келіншегіне жайлап таныстырып өтті.

-        Мына менің қасымдағы ақ сары
жігіт,- деді жүзі жылып.-«Жаңа тұрмыс» колхозының басқармасы. Әкесі үлкен
тілекпен есімін Нарболсын қойыпты. Қазір нар болған кезі. Бүкіл бір
колхоздың жүгің  жалғыз артып ілгері тартып келе жатқан жайы бар,- деп мәртебесін көтере сөйлеп еді.

-        Ой,
ағасы, сіз де айтады екенсіз да. Аты Нарболсынның заты да соған сай нар болады
деп ойлайсыз ба? Көңіліңіз түскесін
көтермелеп отырсыз ғой жәй әшейін.

Әйтпесе
қайдағы нарлық... Көпшіліктің
арқасында тай» лақ құсап тайраңдап
жүріп жатсақ болды да,- деп
сыпайылық жасап жайдарлана күлді.

-        Ал, төбе бидей төрге оқшау
жеке жайғасқан ақ басты кісі де басқарма. «Қызылжиденің» қазіргі бетке ұстар
жалғыз азаматы осы. Есімі - Бозтайлақ. Аты тайлақ болғанмен бұның
да заты нар!-деді Шернияз қулана жымиып.- Шашының ақтығына қарап бұ
кісіні жамбасы жерге тиіп, жантайып
жатып қалған қария екен деп ойлама.
Жемісті бастардың кейде өстіп мәуелеп гүлдейтін
шағы болады.

Бозтайлақ түсі жылып, көтеріліп қалды.

-Жеңіне қара май жұққан МТС
директоры емес, сен,
сірә, сөз сүйегіне сіңген жадігер жазушы боларсың. Қамшы салдырмай ағып тұрсың ғой тегі,- деп Шерниязға ажарлы
пейіл танытып өтті. Үй иесі Бозтайлақтың сол жағына сәл төмендеу жайғасқан нән
бұжыр қараға ойысқанда жөткірініп ептеп іркіліп қалғандай болды да, іле сөзін
кайта жалғаған.

Екеуінің арасын бұрыннан жақсы білетін Нарболсын да, Бозтайлақ та бұны
қалай таныстырып өтер екен дегендей әдейі Шернияздың аузын бағып аңырып қарап қапты.
Шернияз соны сезгендей ендігі мезетте кідірмеді.

-        Қара шойыннан
сомдап бір-ақ құя салған мына азамат
«Бірлік» колхозының атақты басқармасы Нарқоспақ Атантаев жолдас!-Шаруашылығын өркендетіп атақты боп жүр ме, жоқ оғаш қылық, оқыс мінезімен атақты боп жүр ме - ол жағын ашып айтпады.
Сонан «атақты» деген сөзді қай
мағынада ұғынарын отырғандар
жөнді түсінбеді. Үй иесі оны аңдамаған сықай байқатып ілгері сөйлей берді.

 

-        Тұлға-тұрпатынан өзің де көріп отырған шығарсың,- деді
келіншегіне жүз бұрып қарап.- Жүргенде Қаратау
қозғалып келе жатқандай көрінеді.
Отырысының өзі кім-кімге де соны аңдатып түрған жоқ па. Нарқоспақ қошамет сөзге дән риза боп «алпамса боп

жаратылғаным өтірік пе» дегендей көкірегін кере дем тартып, екі иығын
қозғап, ыңыранып нығыздала түсті. Бозтайлақ пен Нарболсын бір-біріне көздерінің
астымен қарап, жымың етіп қалысты. Оны Нарқоспақ аңдамады. Жанарын олардан
асыра тастап, өзінің артықшылығын танытып, маңғазданып қойды. Жәмила жөн
білмейтін, сөзге түсінбейтін әйел еместі. Осының өзінен-ақ біраз жайларды
аңғарып отырған.Қызметте қатал, дастарқан басында өздерін тату, көңілді ұстай
білетін азаматтардың қазіргі әзіл-қалжыңын, жарасымды сыйластығын арқаланып:

-        Басқарма біткеннің есімі
үлкен түлікке жанастырылып қойыла берген бе, немене?-деп шын таңданысын қалжыңмен
аңдатып өткенде көзінде жеңіл әзілдің күміс

күлкісі таң шапағындай шашырап
тұрғандай еді. Бірақ әдеп сақтап
күлмеді. Өзгесінен қысылмаса да төрде отырған
Бозтайлақ басқарманың жасын сыйлап еді. Бозтайлақ Жәмиланың осы ибалы қылығын қабағынан танып, оған іштей разы
болып:

-        Бәрекелде, келін. «Әзілің
жарасса атаңмен ойна» деген. Бүгінде заманы бірдің өздері құрдас боп жарастықты
көңілмен қалжың айтысып отыратын болған жоқ па. Сен де, шырағым, ойыңды ірікпей
ашып айта бер, Оның, еш айып-шамы жоқ,- деп жетелей түсіп еді. Жәмила, бірақ,
одан әріге табандап баспады. Нарқоспақ бұл екі ортада әңгімеге мұрындық боп онша
араласа қоймап еді. Онсыз да жуан қарнын 
бір сипап қойып, дастарқан үстіндегі тағам-дәмнің барын ішіп-жеп,
тамағын алаңсыз тойдырып алмақ болды. Жеңіл-желпі әзілге содан кейін де
үлгеремін ғой деп ойлаған. Ол жаңа түс әлбетінде осы үйге қипақтап шыннан келгісі
келмеп еді. Оған Шернияз да, қасындағы серіктері де «жүр-жүрлеп» қыстап
болмады. Нарқоспақ Шерниязға ыңғайсызданып жаутаңдай көз тастап еді. Ақ сары
жүзінен бәлендей күдікті ешнәрсе таппады. Өткенде

мәжілісте болған дүрдаразтықты
елемеген, ендігі ұмытып кеткен қалып аңдатып, ажарлы пейілмен үйіне түстікке шақырған. Бұдан кейін Нарқоспақ та көп көpiнe алмады. «Осындай ыңғайы кеп түрғанда отбасын көріп, өзімен түс ашып сөйлесіп, бетімді
ашып алайын» деп ойлап, үйіне еріксіз
еріп келген-ді.  Қазір ойласа, жаза баспағанға ұқсайды. Сүт
қатқан күрең қою шайды сораптап ішіп, маңдайы шып-шып терлеген сайын іштегі
тоңы қоса жібіп, жадырап қабағы ашыда түскендей болды. Қасындағы екі басқарма
бұдан гөрі басқа бір жәйтті жіті көздеп еді. «Шернияз бен Нарқоспақты кыстап
қол алыстырғанда не түседі; онанда екеуі жұмыс барысында өзара жақындасып,
татулассын; сонда ғана олардың достығы қайта бітіп жымдасып кеткен сүйектей мықты
әрі баянды болады» деп ойласқан.  Бүгін
жүз шайысып, сөзге кеп қалған адамына ертең біржола тастүйін боп кектеніп бетін
көрмей кету Шернияздың табиғатында жоқ қасиет еді. Қасындағы екі серігін
түстікке шақырып, өткен мәжілісте сөзге келіп қалғанын желеу етіп, Нарқоспақты
қалай бөліп тастап кетеді. Онда бұл кісілікке, адамгершілікке сая ма. Онда Шернияздың
кім болғаны? Сірә, битке өкпелеп, тонды отқа тастауға бола ма. Міне,
негізгі мәселе осында. Ендеше Шернияздың Нарқоспақпен жүз шайысып қалғақын бетке ұстап, кайдағы-жоқты тізіп, торсаңдап оны үйіне шақырмай және тұра алмайды. Онда, сөз жоқ, кісәпір атанады. Жәмила басқа күйде болды. Күйеуі мен Нарқоспақ арасындағы
кикілжіңді елемеді. «Жақсы болсын, жаман болсын
қай-қайсысы да бір-бір елдің бетке ұстар сүлей азаматтары ғой; бүгін шекіседі, ертең қайта татуласады; араларына сына құсап кірігіп қайтем - онсыз да көңілдеріне сызат түсіп жүргенде» деп қайта екеуінің арасы  жымдасып, жарасып кетуін тіледі. Сөйтіп барын алдарына
тосып, өнерін салып жақсылап
күтті. Әттең бір бір-бір шыны
шай ішіп қонақтар асығыс жүріп кетті. Бас-аяғы бір-екі сағаттың ішінде шайын
да, қуырдағын да, етін де беріп үлгерген Жәмила өзгесіне назар жығып жөнді
қарамап еді. Олардың қандай сезіммен төрінен суырылып түрегелгенін кім білсін, бірақ
Нарқоспақ басқарманың қара бұжыр жүзі жылып, Жәмилаға дән риза боп аттанғаны
анық-ты. «Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» деген. Ендігі жерді  Шерниязбен байқап-байқап сөйлесетін шығар деп
ойлаған Жәмила. Бірақ ол тап сол арада асыңды ішіп текеметіңді тіліп отыратын
сұңғылалардың аздап болса да қылаң беріп қалғанын аңғармап еді. Тіпті кейбір
үлкен кісілердің үялмай-қызармай еркек басымен соған баратынын қайтерсің тағы.
Бұл өсер елдің есті азаматына лайық нәрсе ме? Қайдан лайық болсын-ау... кұдай
кежегесінен кейін тартып, сорлатып қойғасын амал бар ма. Қызайым енесі ел
арасының анау-мынау қыңқылсын,- қылын көріп түңілгенде «соғыстан кейін-ақ ел
азып, ұсақтап кетті. Ұсақтамағанда қайтеді - аптал азаматтары соғыста қынадай
қырылса...» деп іштен тынып мұжылып отырып қалушы еді, Сол рас болмаса
неылсын... Еңсесін ауыр ой езген Жамила орнынан сүлеленіп көтеріле бергенде
аяғын ақырын басып ішке Бағила кірді.

- Жайша ма? Қалың
төселген құрақ көрпе үстіне қайта жайғасқан Жәмила әпкесінің жүзіне сұраулы
кескінмен ажырайып қарап еді. Ол назарын төмен жығып, бүгежектеп өңінен ештеме
байқата коймады. Көмейіне кептеліп тас тұрып қалғандай тек жұтқыншағы екі-үш
дүркін бүлк-бүлк етіп қалды. Жәмила содан-ақ әпкесінің өзіне тегін келіп

тұрмағанын сезді.

-        Айтсаңшы, құдай-ау... Кісінің
өті жарылып кетсе де... Шауып алатын мені бір әзірейіл көремісің.- Жәмиланың
шекесі шытынып, тамырлары білеуленіп шыға-шыға келді. Директордың жұбайының
бірге туған әпкесі екенін білгелі ел ішінің анау-мынау дөйлері де Бағиланың
лебізін жерге тастамайтын болған. Бұның қасында дүкен ұстаған, тиыннан тиын
сауған сатушы кім, тәйірі.

-        Дүкенге жаңа әзірде жүгіріп
барып түсіп жатқан түсі оңды жақсы матадан көйлектік кездеме тықтыртып қойып
едім. Соны енді алайын десем ақшам болмай тұр-ғаны,- деді Бағила күмілжіп. Жәмиланың
шытынған қабағы жаңа жазылды. Соны аңдағанда Бағиланың жабыққан көңілі де
орнына caп түсе бастап еді. Ұрыспайтынын білгесін біржола батылданып кетті.

-        Осы үйге келгенде үстімде
жалғыз көйлегім бар еді. Оның өзі жуыла-жуыла әбден іріп тозып, бітті,-деді. Бұны
естігенде Жәмила екі беті ұяттан қызарып жерге кіріп кете жаздады. Көр-жерді
сылтауратып, ақталғысы келмеді. Дереу орнынан лып етіп көтеріліп жатын бөлмеге
тұра ұмтылды. Ондағы шағын шабаданның аузын ашып, түп жағына жасырған ақшаны
суырып алып, сұрағанын әпкесінің қолына жалма-жан ұстата салды.

-        Рахмет, айналайын.
Бала-шағаңның қызығын көр.- Бағиланың жүзі қуаныштан бал-бұл жанып алаулап
кетті.  Аздан соң еңселі шатырлы үйдің
нән терезесінен тысқа көз салып еді. Көше бойымен ебіл-дебіл боп дүкенге қарай
құстай ұшып жүгіріп бара жатқан Бағиланы көрді. «Бірге туған әпкем болса да
өмірде бағы жанбаған мүсәпір жан ғой. Бір қуанғанының өзі неге тұрады» деп күрсінгенде
Жәмиланың көзінен бырт етіп екі тамшы

жерге үзіліп
түсті. Ауыр мұң арқалаған қорғасын жас еді. Жәмиланың бойы біртүрлі жеңілейіп
қалды.

XIII

Күзге қарай жиын-терін біте бергенде Шернияз МТС-та істейтін жігіттерді
Таласқа шұбыртып ертіп барды да ау салып балық аулауға шүғыл кірісті. Ала
жаздай терең суда емін-еркін жайылып, түңғиық иірімдерін жайлаған сазан
балықтар ересен семіріп,  тайдай тулап, толқын
біткенді қақ жарып ағып, ойнақ салып құтырынып тұрған бір шақ еді. Шернияз
бастатқан оншақты кісі өзеннің екі-үш қойнауын жүрдім-бардым сүзіп шық-қанның
өзінде дүниенің балығын көл-көсір ғып жағаға әкеп үйіп тастады. Көптен бері
еріндерінің ыстық сорпаға тимегенін ойлағанда әрқайсысы таңдайларының суын жұтып
тамсанып қалысты. Арада біраз уақыт өткенде қолы епті ұзын бойлы неміс жігіті
жағадағы балықтан уха пісіріп ортаға қойғанда әуесқой балықшылардың - жүздері
жайнап кетісті.

- Молодец! Жарадың Фриц!-деп Иосиф Мюллер екі алақанын бір-біріне ысқылап
жанып келіп, ыссы сорпаға қасығын салып жіберіп, ақырын үрлеп іше бастады.
Шернияз қабағының астымен өзгелерге де көз жүгіртіп жайлап барлай қараған еді,
алдарындағы бір-бір темір табаққа олардың асығыс бас қойып үлгергенін көріп,
үнсіз ойға шомып тұрып қалды. Танауларының ұшы жіпсіп тіпті табақтарынан бас
көтерер емес. Теңіз сауыт

өскен ел болмаса жалпақ қырда қыраулап жылқы қайырып үйренген дала
казақтары бұрын су астын сүзіп, балық аулауды кәсіп етіп кәрді деймісің,
тәйірі. «Басқа түссе баспақшыл» деген. Бүкіл ырзық-қызығын жер астынан емес,
жер бетінен іздеп еткен қайуана қазақ түгіл көзі ашық, оқыған ел азаматы деген
Шернияздың қанша дегенмен қасына шоғыр топ ертіп балық аулап су жағалап
жүгіргені осы бүгін ғана шығар. Әйтсе де оның ендігі мезетте бұлай істемеске
шарасы да қалмаған еді. Соғыстың біткеніне жеті-сегіз жыл өтсе де ел дәулеті әлі
арта қойған жоқ-ты. Қара талқанның өзі кейде табылып, кейде табылмай сұмдық қат
болып тұрған кез еді. Талас өңірін жайлаған қалың ел күннен күнге жүдеу тартып,
семіп бара жатпаса да, түптеп келгенде, олардың таршылық көріп қалғаны анық-ты.
Осыны ойлағанда Шернияздың шыбын жаны тыздықтап, қолды-аяқка тұрмай жүргіштеп
кетті. Әргі-бергі тарихты қаузап, амал қарастырғанда алдымен еске түскен нәрсе
- осы Таласқа ау салып, балық аулап, соның сорпа-суымен өзек жібітіп, өмір
сүріп кету болды. Сол ойын жігіттерге айтып көріп еді. Зады, жердің жыртығын
жамаған өнерлі халықтың өкілі емес пе. Шернияздың аужайын лезде түсініп,
басшыға қосшы боп бәрі бірдей қоштап, құптаса кетті. Содан көп ұзаған жоқ,
қаладан Шернияз әкеп берген ау-құралдарын жөндеп, сайлап алды да өзенге бір-ақ
тартқан. Қазір бәрі де көңілді көрінді. Сүзіп өткен жерлерден әйтеуір аулары құр
шықпайды, кем дегенде отыз-қырық теңге балықты, он шақты сазан балықты тайдай
тулатып жағаға сүйреп ала келеді. Соның өзі қанжау тірліктің иелеріне сүбелі
сыбағадай мол көрініп, бір аштықтың бір тоқтығы секілденіп көңілдерін әжептәуір
көтеріп тастап еді. әлденеге мәз боп тістерін ақситып сақылдап күлгенде жер бетінде
олардан өткен бақытты жан  жоқ секілді
көрініп кетеді.

-        Әй,
айқайлама. He болды сонша? Балықты
үркітесің,- деп бірі қасындағы жігіттің аптығын сәл басып қоймақ боп даурыға сөйлесе:

-        Бұ қай сөзің сенің? Айқайламаң
не? Өзің ғой айқайлап тұрған. Бәлеңді кісіге неге жабасың? Жер-көкті басыңа
көтеріп, гүж-гүж етіп кісінің гәлласын ауыртып біткен жоқпысың манадан бері.
Қарай гөр өзін!-деп екінші біреу бұған тыржия қарайды. Бұл - оның есесін жібергісі
келмей өзін қағытқан кісіні кекеп, мұқатқандағы сыңайы еді. Бұған жұрт күлмей
қалмайды, әрине. Әстіп мәре-сәремен жүргенде күн бесінге ауып та қалған еді.
Шернияз ендігі мезетте қарны мен көзі тоғайып үлгерген кісілердің өзенге ау
салып, балық аулап қарық қылмасын сезді де: «Оу, жарандар, кайтпаймыз ба?»деп дауыстап
бәрін касына шақырып алды. Сосын Талас жағасында тауықшының күркесіндей боп
үйіліп жатқан. Мол байлықты машинаға тиендер деп жарлық етті де өзі бұрылып
ілгері жүріп кетті. Ойы: маңдай алдындағы биік төбеге шығып, омырау-өңірін
қырдың қоңыр самалына төсеп, аздап бой сергітіп жеңілдеп алмақ еді. Кенет арт
жақтан «мына балықты Нарқоспақ көрсе қайтеді? «О, сұм перілер балық аулап аруақты
өзеннің киесін кетіретін болдыңдар түге» деп тағы да ана жолғыдай оңды-солды
қамшы сілтеп, бізді бықпырт тигендей етер ме еді, әлде қайтер еді» деген
кекесін мысқылды естіп жалт қарады. Бұл - әлгі ұзын бойлы аспаз жігіт Фриц
болатын. Ол өз сезін Шернияздың естіп қалғанын сезіп, екі беті
ду етіп қызарып, қыбыжықтап төмен қарай берді. Шернияз кенет әлгі қылығы үшін Фрицке ұрсып тыйып тастағысы
келіп оқталып тұрды да «қой, бойы сереңдеген бұ да бір сорлы бейбақ емес пе-, тамам жұрттың көзінше тілдеп ұялтпайын» деп ойлап, көңіл  бөлмеген қалпы биік төбеге беттеді. Нарқоспақтың
сол қылығы, шындығында,  сұмдық

өрескел еді. Әйтеуір, ел іші боп қарға тамырлы қазақ жолымен кешірім сұрап,
бір жаны қалды. Әйтпегенде осы оспадарлығы үшін дырылдатып біраз жерге сүйреп алып
баруға болатын еді. Есі дұрыс басшы өзеннен неге балық аулайсың деп жоқты
сылтау етіп кісі сабай ма екен? Осыны ойлағанда директордың жүзі күреңітіп, мырс
етіп ызалы күліп жіберді. «Хһі». Төбе басына аяқ артқанда құбыла жақ қырқадан қоңыр
самал жел есіп, Шернияздың тынысы кеңіп сала бергендей болды. Көптен бері биік
қырқаға шығып, се-

руен жасап, қыдырыстап жүрмеген еді. Көкірегін кере кең тыныстап алды да
төңірегін шолғындап қарап тұра берді... Кенет көзі өз аулына түсті. Ауданға
баратын үлкен жолды көлденеңдеп қиып жатқан жалпақ қырқа бар еді. Соның бергі
жағындағы жазық даланың бойын қуалай орналасқан шағын ауыл алыстан қоңырайып бұғыңқы
көрінді. Соны аңдағанда Шернияздың көңілі алабұртып кетті. «Япыр-ай, тау да,
жер де шөгеді деп жүрсек, кезегі келгенде ел де шөгеді екен ғой, оны кім
білген?!» деп кәдімгідей қоңырайып қалды. «Шөкпей қайтеді,- деді артынша
тістене күбірлеп,- еңсесін тік көтеріп тұрған атан жілік аптал азаматтарын
соғыс опаты отап, түк қалдырмай қырқып түгесіп кетсе... Қайта қасіреті мен
қуанышы кезек алмасып үйренген қара шаңырақ-тардың құламай аман түрғандарын
айтсаңшы бәрінен де. Шекпеген азабы, тартпаған тауқыметі бар ма бұ елдің!» Шернияздың
көз алды кегіс тартып, мұнартып жүре бергендей сезілді. Іле көкірегінен
түйдек-түйдек сәз топаны атқылап, күркіреп құйылып жатқандай болды. «Айналайын
бұ қазақтың қырылмаған кезі бар ма, сірә. Сонау бүкіл жарты әлемді қанға
бөктірген Шыңғыс хан, Ақсақ Темірден бастап қай зұлматтың алдас-қаны бұның
төбесінде жарқылдап ойнамады дейсің, тәйірі. Содан тұқымы тұздай құрып өшіп
кетпеді демесең, әйтеуір ащы ішектей өлермендікпен созыла-созыла осы күнге де
аман жетті ғой. Енді жер бетінен әлдеқашан құрып, жоғалып үлгерген мамонттың
кебін құшып, жойылып кете қоймас. Әйтсе де бұ қазақ жер бетіңің тіршілігіне
икемсіз ел; күндердің күні болғанда өз-өзінен құрып, жер бетінен жойылып кете
барады деген тұжы-

рымдарды да талай естіген. Оны айтасың-ау, бұ халықтың жаудан шейт болғанын
есептемегенде аштықтан қырылғанын қалай ұмытуға болады. Жау қолынан шейт болған
сан мың, сан миллион сарбаздың обалын бейбіт елге соғыс ашқан қарау жұрттың
басшылары көтереді. Аштан қырылған елдің обалын кім көтереді?! Бүкіл қазақ
даласын жылан жалағандай етіп тақырлап, тігерге тұяқ қалдырмай түгел қырып,
жалмап үлгерген жұт па, жоқ төңірегіне ойлы көз салмай неге болса да бейғам
қарап үйренген талап-жігері жоқ тұл жұрттың өзі ме? Кім?!» Шернияз енді осыған
жауап іздестіріп көрмек болды.

Іле көз алдына бұлым-бұлым суреттер елестеп, қайдағы-жайдағылар жаңғырығып
есіне түсе бастады. Сөйтсе оның есінен тарс шығып кетіпті. Сонау жылан жылғы жұтта
бүкіл қазақ даласы елік сасып кеткен жоқ па еді. Оны, сірә, ұмытуға бола ма?
Сонда.,, сонда деймін-ау, су астын емін-еркін жайлап, найқалып жүзіп жүрген Tенге,
сазан балықтарды қалай аулап ұстап, қалай пісіріп жеуді білмей босқа қырылғаны
ма түге?! Қайтерсің ен-ді.,.  тағдырдың бұл
қысастығына шара болды ма кезінде. Беу, дәурен-ай, десеңші... көктегі қыран құсты
тұзақ құрып ұстаған саяткер қазақты, алпыс екі айлалы  қу түлкіні айламен соққан ақылды қазақты,
желден жүйрік құланды құлашын жаздырмай қуып жетіп кыл мойнына құрық салып
үйренген епті қазақты енді келіп судағы балықты аулап ұстай алмады дегенге кім
сенеді. Бұған басқа түгіл Шернияздың өзі де сенгісі келмеді, Әйтпесе

не.„ түйенің мойын жүнінен шуда жіп иіргенді, шуда жіптен шекпен тоқығанды
білгенде нәйеті арасынан балық өтпейтін тор көз ау тоқуды үйрене алмады деймісің.
Үйренер еді-ау, сол құрғырды үйреніп тоқуға мойны түскірі жар бермеді десеңші
онан да... Ендеше оның түбіне жеткен де сол кержалқаулық емей енді не еді. Ол
ойланып қалды. Бірақ заманның сол зобалаң зауалына бұл себеп емес-ті. Әр төбенің
басына шашырай қонған бытыраңқы қазақ халқы бір жылғы жұтта малы да, өзі де
қоса қабат қырылып, оның қанды сорабын өздерінің тізе қосып, бас біріктіре
алмаған берекесіз тірліктерінен іздестірген жөн. Бірақ бұл бүгінде тарих үшін қажет
болмаса неменеге керек еді: өткен - өтті, кет-

кен - кетті. Сонда... сонда
деймін-ау, тарих үшін қажет болғасын ғана қай халық та әлгіндей
зобалаң зауалды бастан өткеруге тиіс
болғаны ма? Бүкіл бір халықтың

жартысынан көбін немесе тұтас тайпалы елді соғыс тажалы қырып, жер бетінен
жойып жіберіп отырса, түптеп келгенде, оның несі тарих?! Қырылып, өлу де тарих болып па?! Өйтіп тарих
болғанша «барыңнан жоғың» деп тартылып
қалғаны артық емес пе еді оның. Ендеше бүкіл дүниені дүр сілкіндіріп өткен
кешегі дүние жүзілік екінші соғыста
қазақ халқы аз қырылды ма, көп қырылды ма деп даурығып, босқа бас ауыртып
жатудың қажеті бола қоймас. Алайда жауға атылған жүз оқтың сексені қазақ даласынан барған оқ екенін ескерсек, сайып келгенде, бұның өзі қазақ халқының кешегі сол соғыста қандай роль атқарып, қандай дәрежеде жаумен шайқаса білгенін толық дәлелдесе керек-ті. Ендеше
үлкен халықтың өлім-жітім шығыны да аса мол болмады дегенге кім сенеді? Олай болса сол ата жұртты еңсесін
ептеп тіктеп көтере бастаған ендігі тұста ішер ас, киер киім тауып

бере алмай тобығынан тұралатып
тастау ауыр күнә емес пе. Өйткені
олардың кешегі соғыс жылдарында шеккен азап-мехнаттары
түгел есепке алынбай келсе,
қазір оның есесіне одан бергі бейбіт
күндерде алда-жалда бармақтай
таршылық көріп қалса сол толығымен ескерілетін болған. Мұның өзі, сайып келгенде, халықтың әл-ауқатын көтеруден туған ізгі жәйт еді. Шернияздың ойда жоқта қаладан ау сатып әкеп, сосын соңына шоғыр топ ертіп, Таласқа келіп балық аулауында міне осындай сыр бар-ды. Оны былайғы жұрттың бірі
білсе, бірі білмеді. Керек десеңіз олардың арасында бұны сері кісінің жай әшейін сейілге шығып, бой сергіткен қызғылықты демалысына балап, көңіл көтеріп қайтқысы
келгендегі  тірлік-тынысы ғой деп ұғындырғандары да жоқ емес-ті. Кім қалай ойласа солай ойласын, бірақ
Шернияздың бұл оқыс әрекеті, шындығын айтқанда, ел-жұртын тар кезеңнен
жүдеп-жадатпай қайтсем алып шығам деген азамат ойдан туған қасиет еді. Ол
өзінің бүл талабының дұрыстығына тағы да көз жеткізіп, іштей ойға шомып

тұрған. Кенет Талас жақтан өзін дыбыстап шақырған балықшылардың даусын естіп, биік төбеден құлдап төмен түсіп, солай қарай
ақырын аяңдап жүрді. Таласқа
ау салып, балық аулау қандай қызғылықты мейрам болса, мол ғып машинаға артып
келген балықты бөле-жармай түгел ел-жұртқа үлестіріп берудің өзі де сондай
мейрам секілді көрінді. Шернияз Ойықтың еңбектеген баласынан еңкейген шалына
дейін жақсы білетін еді. Әрбір үйден бір-бір естияр кісіні кезекке тұрғызып
қойды да семьясы көптерге төрт-бестен, аздарға екі-үштен балық үлестіріп
бергізді. Сонда барға қанағат тұтып үйренген елдің нысапшылдығынан солай болды ма,
жоқ біреуді артық, біреуді кем көрмейтін әділдігіне

сенді ме, әйтеуір әшейінде не болса соған өжектесіп, қызыл кеңірдек боп айтысып,
тіпті кейде жағаласып жаға жыртысуға дейін барып калысатын қызба жұрттың
бірде-бірі бұл жолы дау шығармап еді. Қайта өзара қауқылдасып, мәре-сәре болды
да қалысты. Балық үлестіріп жатыр деген хабарды естіп ебіл-дебіл боп Алтынкүл жүгіріп
жетіп еді. Кезекте түрғандар әуелі соған да ысырылып жол беріп, алдарынан
өткізіп жіберді. «Айналайын, жарымжан адамсың ғой. Ұялма. Сыбағалы үлесіңді таңдап ала ғой»
деді жұрттың алдында тұрған
бір үлкендеу кісі Алтынкүлді қолынан
жетектеп әкеп төрт-бес сазан балықты бұлаң еткізіп шелегіне салып жатып. Осы кезде Көкжасық-Көкше келе
қалды, МТС-тың жемге тойған тоқпақ жалды торы айғырын ерттеп мініп алыпты.
Жырым-жырымы шығып, әбден күн жеп тоздырған қырғыз ақ қалпағын басына осқырта
киіп, керінген қара-құраға одырая карап, астындағы атынын аяғын билете бастырып
жетіп келді. Кезекте түрған қалың

жұрт «мына есерсоқ неме кісі баса ма, қайтеді?» деп шошынып, кейін серпіліп шегініп кетісті. Көкжасық Көкшенің олармен жұмысы
болған жоқ. Қайта олардың тайлақ жалды торы айғырдың адуынды жүрісінен сескеніп
қалғанын өзімнен ығысқаны деп түсініп, балық тиелген машинаның жанына
баса-көктеп жетіп барды.

-        Әй, бала,- деді сосын түсін
сәл суыта сөйлеп,- өкіметтің шаруасында жүрген адамның қауырт жұмыстан өне бойы
қолы тие бермейтінін өзің де жақсы білетін

шығарсың... Ә, білем дейсің бе?
Білсең бопты, айналайын. Асығыс едім... мына дорбаға тандап-тандап төрт-бес
балықты тоғытып жібере ғой,- деді атын тебініп тым тақау келіп.

Жұрт бұған да «тіс» деп дыбыс жармады. «Алсын, ол алмағанда кім алады» десті. Көкжасық Көкше тізгін бұрып, енді жүре бергенде анандай жерде өзіне
сырттай қарап тұрған Шерниязды көріп, соған қарай беттеді.

-        Ә, бастық аманбысың,-деді
тоқпақ жалды торы айғырдың үстінде шірене отырып.

-        Е..е, ақсақал. Өзіңіз де күйлі-қуатты
боларсыз,- Шериияз атшы шалға қос қолын бірдей ұсынып сәлем берген еді. Соны
арқаланған Көкжасық Көкше тіпті өршіп кетті.

-        Жолдас деректір,- деді
даусына сәл ызбар қосып,- сыбағалы үлесін кезексіз алып кетіп барасың деп маған
ренжіме. Алдыма бір топ қысырақ салып бердің де шынашақтай жаман атаңды алаөкпе
ғып ойға, қырға -шапқылатып қойдың. Осың жөн бе сенің? Зады, қысырақ
баққаннан гөрі қыз баққан оңай көрінді. МТС
аттарының ішінде жалғыз ғана көк байтал бар еді.
Соны тілге тиек еткен Көкжасық Көкше қысырақ

баққаннан қыз баққан одай деген
сөзді көңіліне ұнатып, ойланбай айта салған. Өстіп мақал-мәтелдеп
сөйлеп шешен кісі атану да ойында жоқ емес-ті. Шернияз бұны

түсінбей қалған жоқ, әрине,
Тусінгесін де:

-        О, неге,
ақсақал?-деп жорта дауыстап сұраған болды.

-        Heгe?-дейді ғой тағы. Негесі бар ма оның?!-деді кішкене істік мұрны балықтың желбезегіндей өнтек делдиіп,- Қызға ескертіп айтсаң болды,
тіліңді алып ертеңнен қара кешке
дейін кестесін тігіп, үйден шықпай отыра
береді. Ал мына қысырақтарың бар ма.„ Құдайдың пір атып
кеткен нағыз көк соққандары екен. Арқыраған айғыр іздей ме, немене, жалпақ қырды адалап жайылып, жер түбіне жоғалып кетеді. Содан
шашау шығып, бірлі-жарымы ұшты-күйлі құрыды бар ғой...қашан
айтты деме, жолдас бастық, оның орнын толтыруға бір емес бақандай он машина балық та жетпейді. Сондықтан ана балаға «Көкше көкең салып ұрып жетіп келгенде жолдан қалдырмай
сыбағалы балығын кезексіз беріп тұр» деп осы бастан ескертіп
табыстап қой. Әйтпесе күні ертең сені қайдан көрдім деп шекесінен қарап жүре ме, кім біледі?-деп өз жайын ұмытпай пысықтап өтті де, әзірге осы да жетер деген кісіше
атын тебініп, асығыс жүріп кетті. Шернияз ойланып тұрып қалды.
«Ойпыр-ай, атқа мінген кісінің бойында бір шиша арақтың желігі бар деуші еді. Сол
рас болмаса неғылсын. Тоқпақ жалды торы айғырға бұт артқалы Көкжасық Көкшенің өзі де, сөзі де өзгеріп, салауатты кісі бола қалғанын көрдің бе? Жерде жүрген жұмыр басты пенде атаулы атқа мінгенге осынша шіренеді, ал таққа қонса қайтер
еді? Онда тіпті

кең дүниеге сыймай кетер бұ шіркіндерің. «Бақты басып отыру үшін де кісіге құйрық керек» деп
бұрынғылар үнемі айтып отырар еді. Солар тегін айтпаған шығар, сірә. Әйтпесе Көкжасық Көкше дегендерің кім? Дүниенің қай жыртығын жамап-жасқап еді сол жазған
бейбақ! Мәліш қойдың құйрығындай салмағы жоқ қанжау еді, ең болмаса
ат үстінде қопаңдамай мығым отырса екен. Бірақ базбіреулердің құйрығымен бақты басып отыра алмағаны секілді бір
күндері о да тоқпақ жалды торы айғырдың үстінен аударылып, сыпырылып түсіп
қалатындай көрінді. Өйткені«жел көтерген туырлықтай екі етегі

желп-желп етіп, тым далақтап
кетіпті. Күн батқанда үлкен
бір машина балықты ауыл жұртшылығына үлестіріп әзер тауысты. Бірақ бірде-бір
адам сыбағалы үлесінен құр қалмап еді. Соны алдын-ала сезгесін бе, кім білсін,
кезекте түрғандардың қай-қайсысы

да көнілді ажар танытып:

- Қолыңа ілінгенді бере бер, айналайын. Бұ балықсыз да күнімізді көріп, жұрт катарлы өмір сүргенбіз. Енді неғыпты... көптің іші болғасын
бірлі-жарым балық артық-кем ауыспай тұрама. Онанда нысап керек де, нысап!-деп балық
үлестіріп түрған жігіттің жүзіне жылы ұшырай қарасады. Осыдан-ақ Шернияз жұрттың
қазіргі пейілін жақсы танып еді. Содан былай ол жетісіне бір рет жексенбі күні
қасына үйреншікті адамдарын шұбыртып ертіп шығып, Таласқа барып балық аулап,
оны бесін ауа нән бір машинаға тиеп әкеліп, пышақ үстінен қолма-қол жұртқа
үлестіріп беріп тұратын болды. Бұл ауыл тұрғындарының бүкіл қорегіне айналып,
шекелерін шылқа майға батырмаса да, сайып келгенде, бұның өзі олардың ес жиып,
еңсе көтеруіне бірден-бір себеп болғаны анық-ты. Соғыс сойқаны шарпып еткен
жұрттың қабағы жауар бұлттай түнеріп, енді кайтып жібі-:

местей мәңгіге катып қалғандай еді. Сол қыраулы, қатулы қабақтардың мұзы еріп, біртін-біртін жадырап, күле бастағандай сезілді.
Шернияздың қабағы қоса жадырағандай болды. Бұл оның соғыс бітіп, елге қайта оралып
кызметке араласқалы бергі түңғыш көңілденгені

еді. Алайда
Шернияздың өмірі ылғи өстіп көңілді етіп жатты деймісің - оның да бал орнына у
ішкен кездері көп болған. Өйткені бетке ұстаған азаматына сеніп кеткен ел-жұрт
та кейде жұмыртқасын жаңа жарған сары ауыз балапандар секілді қолға қарайды
екен. Сонан ба исі Ойық түгел қол-аяғын баурына жиып, бұйығып жатып алғандай
еді. Шернияз жол көрсетіп ананы бүйіт мынаны сүйт деп айтпаса өз тарапынан
суырылып шығар жұрт көрінбейді. Сосын амал жоқ, «Нартауекел!» деп білекті
сыбанып жіберіп, неміс жігіттерімен бірге суға түсіп, балық аулауға көшкен-ді.
Себебі, бұл кезде Шерн

нияздың алдында
бір ғана мақсат болды. Ол - өзі басқарған жалпақ елді қайтсе де аш-жалаңаш етпей
алғы күндерге жеткеру еді.

XIV

Қызылсырағанда балық аулап, соның етін жеп, сорпасын ішіп, көңіл бірлеген
жиырма шақты неміс үйі күзде - егін піскен кезде «Бірлік» колхозындағы бақшаларының
өнімін төкпей-шашпай қолма-қол жиып алмақ боп сонда барған еді. Нарқоспак,
басқарма баяғы сөзінде тұрып «колхоздан қашқан пәлекеттерге жер де жоқ, жерден
түскен өнім де жоқ» деп боқтап, оларды сатырлатып қуып айдап шығыпты. Суық
хабарды ести caп шұғыл атқа қонған Шернияз салып ұрып жетіп келгенде үлкен ойран-ботқаның
үстінен дөп түсті. Бұл уақта Нарқоспақ басқарма өздерінен кешіп кеткен жиырма шақты
үйдің огородына ауыл тұрғындарын түгел жауып жіберіп, өнімдерін жинатып алып
жатыр еді. Огородтың ала жаздай арам шөбін шауып, суғарып, күтіп-баптап өсірген
нағыз иелері жағаға жел айдап шығарған қайық секілді анандай жерде үрпиісіп
тұрып қалыпты. Шернияз бүған көрінеу төзбеді. Атын суыт желдіртіп жетіп келді
де, түгі бетіне теуіп қабартқан ашулы күйі дауыстап айқайлап жіберді.

-        Оу, ағайын, бұларың не? Тапа-тал
түсте бөгде біреудің огородын таптап, талан-таражға салғандарың? Тоқтатыңдар бұ
бейбастақты! Кешегі соғыста таршылықты көп көріп пейілі тарылып үлгерген ауыл
тұрғындары Шернияздың әлгі сөзін құлақтарына да қыстырмады. Капуста сияқты
шөп-шаламдарына тимесе де картоп егілген тұстарды қопарып, жапа-тармағай қазып
алып жатты. Шернияз не істерін білмей қатты састы. «Бұларың не?!» деп әдепкіде
жайлап айтып ұғындырып та, айқайлап ұрсып та көріп еді,

онысын тыңдаған бірде-бір жан
болмады. Қайта бәрі де жауар бұлттай түнеріп ап жұмысқа қауырт кірісіп, қарқынды қимылдап кеткендей көрінді. Оларға қамшы

көтеріп сескендіріп тоқтатуға
болмай қалды. Қолдарына кетпен ұстап,
картоп қазып жүргендердің көбі ауылдың кемпір-шалдары
мен жесір әйелдері еді. Бұлар
бейкүнә жұрттың ырзығын ауыздарынан жырып алып кетіп жатқандай көрінді
Шерниязға. Соны

аңдағанда тіпті
шыдамады. Атынан қарғып түсіп кетпенін құлаштап сілтей берген жуан сары әйелдің
қолына жармасқан.

-        Жеңгей, бұныңыз не? Біреудің
бағын осынша шауып булдіргеніңізге жол болсын,- деді түсін суытып. Бірақ жуан
сары әйел де ығыса қоймады. Жүзінен зәр шашып, бірден арс ете түсті. Тілі
де тотиын татып тұр екен. Тиген жерін күйдіріп өткендей
болды.

-        Қалай
қарап үр десе солай қарап үретін қарғы-баулы көк төбет болғаннан саумысың, сен бейбақ! Күні кеше ғана емес пе еді
со сойқандармен соғысып, қан төгіп келгенің. Енді, міне, соның бәрін ұмытып, қызғыштай қорғай қапсың бұларды. Бүныңды
қалай түсінсек екен?-деді кекесін
араластыра сөйлеп. Шернияздың өн бойын ашу қысып, қалш-қалш етіп селкілдеп кетуі, сол
бойда тілге келместен жуан сары әйелдің кетпенін қолынан жұлқып тартып алды да
бастан асыра үйіріп әлдеқайда құлаштап лақтырып жі-

берді.

-        Қой десе
болмайсыз ғой тегі. Бұныңыз
не ақ шашты ана басыңызбен. Бұ да өзіңіз сынды бір ананың аялап өсірген бау-бағы емес
пе еді. Не көрінді сонша?! Аяқ асты ғып таптадыңыз-ай
келіп. He түсті сонда, а?!- деді жүзі
қабартып.

-        Ой, қайным,-деді кетпенін
қайтып алып келе жатып жуан сары әйел де қайтпай,- соғыс ашқан қан-құйлы
пәшістің жолында төрт бірдей балам шейт болды, оған біз шыдаймыз. Ал солардың тұқымдасының
бақшасынан төрт түп картоп қазып алған екенбіз - өті жарылғандай саған шауып
барыпты. Ендеше өзің сұрап біле қойшы бұ иттің балаларыңан: қаназасын жарып шыққан
төрт баланың жаны артық па, жоқ төрт түп

картоптың құны
қымбат па? Шернияз жуан сары әйелдің жүзіне қаһар тіге қара-

ды. Сосын:

-        Әй, жеңгей-ай,
не дейін сізге. Төрт түп картоппен төрт
бірдей боздағымның орны толады деп ойласаңыз, онда несіне тұрсыз, қазып ала бермейсіз бе?!-деп ашуланған күйі кілт бұрылып жүріп кетті. Жуан сары әйел аса түйсіксіз жан емес-ті. Шернияздың, әлгі
сөзінен кейін кәдімгідей ойланып тұрып қалды. Төрт түп картоп түгіл дүниенің
төрт бұрышын толтырып қазына-байлап берсе де, соның бәрі төрт бірдей боздағының
орнын толтыра алмасын жақсы сезгенде өзінің мықтап арандап алданғанын сонда
барып бір-ақ

білді. Көкірегін алапат ашу қысып, бүкіл денесі оталған ХТЗ
тракторындай дір-дір етіп селкілдеп
кетті, «Еламан, жұрт тынышта сөзге
еріп ұятқа қалғанымды қарашы,
қараң қалғыр!» деп қолындағы нән қара кетпенді әлдеқайда серпіп лақтырып
жіберді. Іле ол өз үйінің мүлкі екені есіне түсіп; - Ойбу, бетім-ай, не айтайын енді. «Битке
өкпелеп тоныңды отқа тастама»
демекші, Нарқоспақ сұмпайыға ашуланам деп кетпенімді лақтырып
жібергенім қалай!-деп қайта жүгіріп келіп кетпенін алды. Жуан сары әйелдің оқыс бұл қылығы басқаларға да үлкен ой
салғандай болды. Олар енді қазып қаптап ал-

ған картоптарын тұрған-тұрған
жерлеріне төңкеріп үйіп төкті де, үн-түнсіз жөндерімен кете барды. «Қазған еңбегіміз бар
еді ғой, тым құрыса сол
өтелсін» деп қолдарына жарым-жарты картоп іле кеткен кісі және болмады. Бұны көргенде Шернияз қатты қуанды.
Болмашы нәрсені сылтау етіп, өзгенің
бау-бағын таптап, талан-таражға
салмақ болған қандастарының өктемдігіне әлгінде қандай күйінсе,
келесі мезетте олардың жөн сөзге

тоқтап, өздерінің өрескел қылықтарына ұялып, төмен қарап үнсіз кетіп
қалғандарына сондай сүйінді. Себебі Шернияздың ойынша: көппін деп азды басыну,
оған зорлық-зомбылық жасап, қорлау, шынын айту қажет, бұның өзі ерлік емес
ездік болған болар еді. Сосын саналы да салауатты ел бола тұрып санасыздық
көрсету қай жұртқа да жақсы абырой емес-ті. Өкінішке орай солай етер болса бұл
өскендікті емес өшкендікті және көрсетер еді. Асылы жеңілген елдің өкіліне
қамшы көтерудің несі жақсы дейсің, тәйірі.

Нарқоспақтың тіліне еріп, мықтап арандап қалған ауыл жұрты ненің байыбына
барсын: қаз деген жерді қазып, қопар деген жерді қопарып, үй орнындай тұстың шаңын
әп-сәтте аспанға шығарып жіберген... Дер кезінде Шернияз жетіп, үлкен зобалаңның
алдын алып үлгермегенде, кім білсін, ендігі огородтың ту-талапайы шығар ма еді.
Әйтеуір абырой болғанда бәрі сәтімен аяқталды. Жұрт жөн сөзді ұғынып ауылдарына
шұбырып қайта бастады. Ал жалпақ огородтың, ортасында Нарқоспақтың өзі ғана
сояудай сопайып жалғыз қалды. Әдепкіде бір-екі әйелді жеңінен тартып тоқтатып:

-        Мына тегін олжадан неге
қашасыңдар, өңкей иттің қатындары. Қазып қаптарыңды толтырып алмайсыңдар ма
түге!-деп жекіп ұрысқан болып еді, бірақ оның бұл әрекетінен де бәрібір түк
шықпады. Қайта ашынған әйелдердің бірі өзін тілдеп жіберді.

-        Әй, басқарма,- деді
тістеніп,- өзіміздей сорлы бейбақтың көз жасына суғарылып піскен бақшаның
жемісін теріп жеп жүрек жалғағанда шығар ұшпағымыз қайсы біздің?! Кесегем
көгереді десен, өзің-ақ түп орнымен қопарып көтеріп алып кете бермейсің бе? Сең
соққан балықтай есеңгіреп сілейіп неғып тұрсың?- деп Нарқоспақтың қолын кейін
серпе қағып жіберді де, сол бұрылмаған қалпы ілгері тартып кете барды. Нарқоспақтың
бұған да қылар шарасы болмады. Абдыраған күйі жер шұқып отырып қалды. «Қап,
мына

жаман қатындардың қылығын-ай!- деді азу тісін тас шайнағандай шақұр-шұқыр
қайрап.- Бас-басымызға бір қадақтан бидай тауып бермедің деп бәрі жабыла
улап-шулап әшейінде мені түтіп жеп қоя жаздаушы еді. Енді, міне, кекілік атып
жегендей кекірейе қалғанын көрдің бе, түге!» Ол ызадан жарылып кете жаздады. Талай
жерде тығырықтан жол тауып, қулық-сұмдығының арқасында сытылып шығып кетіп
жүрген жырымды Нарқоспақтың, қалай десек те, бұл жолы маңдайы жарқырап дегені
бола қоймаған еді. Сөйтіп қашаннан бір оқпен екі қоян атып үйренген кәнігі
«мергеннің» бағы қайтқандай болған. Алайда, оның көңілінде домбыраның қос
ішегіндей жарыса тартылған бақай есектің екі желісі бар-ды. Қазір соның екеуі
де қабат үзілгендей. Нарқоспақ, біріншіден, өз колхозынан бір түнде қопарылып
кеше жөнелген бейбақтардың артында қалған огородын ауыл жұртына түгел жинатып
алып, құйрығына басып мұртынан күліп отырмақ болса, екіншіден сол арқылы
Шерниязды мықтап бір сүріндіруді көздеген. Алда-жалда кейін дау боп бара жатса:
«Бұл жер бұ жұртқа колхозда жұмыс істеп жүрген кездерінде берілген

болатын. Қазір
олар бізден көшіп қеткен. Сондықтан огородының өнімін колхоз жиып алуға тиіс»
деп бет бақтырмай кетпек болып оны да күні бұрын ойластырып қойған-ды.

 

Бірақ шешілуі қиын қара түйін ойламаған жерден оп-оңай шешіліп жүре берді.
Шернияз қуанғаннан секіріп жүгіріп кете жаздады. Өзінің салауатты жігіт ағасы екені
есіне түсіп және төңірегінде өзін баққан көлденең көзден ұялып ,сабыр сақтап
іркіліп калған еді. Кеннет өзінен жиырма, отыз метрдей жерде өз адамдарының соңынан
аңырып қарап түрған Нарқоспаққа көзі түсті. Салы суға кетіп әп-сәтте жүдеп
қапты. Әшейіндегі нар тұлғасы қушиып, бір уыс боп шегіп отырып қалғандай көрінді.
Шернияз оған мүсіркей қарады. «Кісіні құдай алжастырғанда өстіп оп-оңай
абыройдан да қоса айырады екен-ау,- деп күреңіте ойлады.- Әйтпесе не, қазақтың қай
жігітінен кем еді бұ Нарқоспақ?! Тұр десең - тұр, келбет десең - келбет бар,
маңдайы кере қарыс нағыз ер-азаматым емес пе». Осыны ойлағанда Шернияздың көңілі
өз-өзінен майдай еріп жүре бергендей болды. Нарқоспаққа деген өшпес кегін
ұмытып, соған қарай ақырын беттеді, Ол да жүзін бері бұрып, Шерниязға қарсы
жүрді. Енді ойласа, екеуі әсіресе соңғы жылдары бір-біріне қарсы жүрумен текке
уақыт өткізіп келген екен. Су екеш су да бір бағытқа қарай ақтарылып ақпаушы ма
еді. Оған қарағанда
бұл екеуі сана-сезімі, ой-түйсігі бар салауатты

адамдар емес пе. Өмір
заңдылығындағы тату-бірлігін бұзып, физика заңындағы аттас
зарядтар құсап, бір-бірін сыртқа тепкендері ме сонда? Беу,
дәурен-ай, жұмыр басты
пендешілдік ғүмырда не кездеспейді десеңші. «Бөрі арықтығын білдірмейді» демекші, өз колхозының адамдары алдында
әлгіндей жер боп жасып қалғанын сездіргісі келмеген Нарқоспақ мойын жүнін тікірейткен
қораздай Шернияздың жанына аяғын асығыс басып ашулы жетіп келді де:

-        Ей, Шернияз, бұ перілер осы
өңірге көшіп келмегенде қайтер едің? Co тірлігіңді қазір де жасай бермедің бе?-
деді ызалы сейлеп,-« Қадір тұтып, қасиет көрмесең де қандасың емес пе ем.
Баса-көктеп өтердей сонша не көрінді саған?! Шернияз Нарқоспақтың түпкі ойын
жазбай таныды. «Сонау жер түбінен осында көшіп келген діні, тілі бөтен бөгде
ағайынның алдында сөзімді сөйлемей мені жер еткенде не түсті? Неміс, неміс дей
берме өңешіңді созып. Күндердің күнінде кебісіңді теріс кигізіп жібергенде

көресің өзіңнің кім болғаныңды. Менікі бұрыс болса кейін оңашада дүйім ел боп тезге
салып түзетіп алуың қашпас еді ғой»
деген ішкі өкпесін де канысыз таныған. Бірақ адамның ұлы атанбай атаның ғана ұрпағы болса онда Шерниязда
нендей қадір-қасиет қалар еді. Сонны түсінбей Нарқоспақтың аяқ астынан
ағайынгершілігі ұстап түрғаны мынау енді - бар жеткен жері сол болса қайтерсің.
Зады, ағайынның алты қырдан асып түсіп алысты көздеген кезі болды ма? Ендеше
күн ашықта мойныңда, күн жауында койныңда болатын ағайынның кесір-кесапаты да
қырық есекке жүк емес деп кәне кім

айтады?! Соны
ойлағанда іші қыж-қыж қайнайды. Кенет жүзін тіктеп Нарқоспаққа бұрып қарап:

-        Бүлінгенді бүтіндейме десем
бүлінген елден бүлдіргі алып жаман үйренген кек соққан екенсің сен!- деп
Шернияз сырт айналып жүріп кетті. Нарқоспаққа бұл оңай соққы болып тимеді. Сол
табан тіреген жерінде есеңгіреп аңырған бойы сілейіп тұрып қалды.

XV

Бұдан кейін Нарқоспақ өзіне жүзі жанып беттей алмас деп ойлап еді. Сөйтсе олай емес екен. Өзінің
ақылсыздығынан арандап қалған даңғойлығын Шернияздан көріп, оған деген өшпес
кегі күннен-күнге өрши түсті. Ол бертін
келе тіпті тас шеменге айналып,
өмірі жібіместей болып, бір бүйірде
ауырлап жатты да қойды. Соны жер түбінен
сезген Шернияз кім-кімге де жылы қабақ танытпады. Еркелетсе еркіндеп кететіндерін жіті аңғарған еді. Қызмет бабымен кей-кейде ауданға
барғанда кездесіп сөйлесіп қалатындары болмаса Нарқоспақты да маңына көп жуыта
бергісі келмеді. Одан бойын мейлінше аулақ ұстауға тырысты. Нарқоспақ, бірақ,
астымдағы атымнан ғұмыры түспеймін деп ойлай ма, жоқ басқармалықтың қызыл столы
тозбайды деп сезіне ме, кім білсін, ар-ұят дегенді былай ысырып, Шернияздың бір
бүйірінен ызғырық боп соғып қадалып тұрып алғанын

қоймады. Қайта ол әдетін күн санап өршіте түскендей болды. «Құдай діттеген
кісісін естіп қойқаңдатып барып алады» деуші еді бұрынғылар. Осы теке тірес,
сайып келгенде, екеуінің бірінің түбіне жетпей тынбастай көрінді. Әділет жеңсе
Шернияздың туы желбірер еді. Бірақ кім біледі.., кейде өтіріктің де мерейі
үстем боп жатқан алмағайып кезек дүние ғой - мынау былай еді, анау олай еді деп
алдын-ала айтып болама. Ендеше сәті түссе жеңіс тұғырынан Нарқоспақтың да
маңдайы жарқырап көрініп қалуы ғажап емес. Осыны ойлағанда Шернияздың денесі
тітіркеніп кеткендей болды. Бақса, оның бүкіл ғүмыры Нарқоспақ секілді
қараулармен теке тірес ұстасумен өтіп келген екен. Кейде оларды бұл сүріндірді,
кейде олар бұны жағаға лақтырып тастап кетті.Жықса - таспады, жығылса -
саспады; үн-түнсіз орнынан түрегеліп, құйрығын қағып ілгері тартып кете барды. Сонда
да кісі боп жасуды бір білмеген еді, Өмір болғасын, қызмет болғасын бұндай
жәйттер кездеспей тұрмайды деп ойлаған. Бірақ кей-кейде шектен асып, шекелеп
қараған баз біреулерді көргенде әлденеге қаны қайнап, төзбей кететін сәттері де
жоқ емес-ті. Сондайда өз-өзінен қалың ойға шомып, қай-қайдағы жайларды еске
түсіріп, кабағына көкмұнар мұң ұялап, томаға-тұйық күйде томырылып шөгіп отырып
қалатын. Көп тұстарда ойға алатыны - жаугершілік алмағайып ерте заманда
жолбарысқа таланып елген Құралай сұлу еді. «Жаратылысың ұрғашы болса да
жолбарыстан кеттің мерт болып, жолбарысы бар заманда» деп іштей бір мұңды әуенге
елтіп, ақшыл сары жүзі алабұрта күреңітіп, қиял кешетін. «Қайда барсаң
да бір елім! Іргеңе найза көтеріп,
аранын апандай ашып, тепсініп жеткен ажалдан кім болсаң да, тіпті маған десең
құдай болсаң да қашып құтыла
алмайсың. Бұ жалғанда темір өзекті ленде жоқ. Әйтеуір жарық жалғаннан татар
талқаның таусылған күні кештің соңғы сәулесіндей түсін десарғыш тартып барып
семіп өледі екенсің, онда қайдағы битің-шитіңдермен итше ырылдасып, ырғасып
өткенше «нартәуекел!» деп жолбарыспен алысып, армансыз бір шайқасып жер
жастанғанның өзі білгенге зор бақыт емес пе. Ендеше жолбарыстан мерт
болған сенде де арман бар ма, Құралай
сұлу? Айтшы заманның иттері талап өлтіргенде қайтер едің?!» деп Құралай сұлудың аруағымен іштей табысып, тілдесіп, оны қиялында Tepeтін,
жұбатқандай да болады. Осының өзінен өшпес жігер, қайтпас қайрат таба ма,
немене, артынша дүр сіл-

кініп, түлеп, жаңғырып шыға келетін.
«Мені жақсының үлгілі өмірімен бірге
өжет өлімі де асқақ рухқа
бөлейді» дейтін сол мезетте ол тістенген
қалпы әлденендей сұмдық суреттерді көз алдына
шұбыртып елестетіп өткендей болып. Шернияздың бүл күйзелісінде үлкен себеп бар-ды, Көзін ашып алға
қарағалы - жаға жыртысып, жағаласып келе жатқаны қарақан басын күйттеген өңкей
еңкиген сорлылар еді. Бұрын көшпенді жұрт атанып, сайын сахарада сарсылып
жосылып жүрген айналайын бұ қазақ тұсынан шауып өткен шу абауды жалынан тартып тоқтатып,
қалт тұрғызатын атпал азаматтары аса мол іргелі ел болатын. Әдетте аспан жүзін
торлаған қою қара бұлт алдымен таудың биік шыңына тұтаса қонып, ез де? несін
өзі ауырлағандай мамырлай шөгіп, тапжылмастай боп қалың тұнып калатын еді ғой.
Сол секілді соры арылмаған бұ елдің де көрмеген азабы, тартпаған мехнаты бар
ма, сірә. Халық болып қалыптасып үлгермей жатып ақ қилы заманның небір түрін
кезінде бастан өткерген жоқ па. Содан туқымы тұздай құрымады демесең, тұлымы
желкілдеп тұрғаны да шамалы-ау, қайтесің?! Қай тұстан сокдан суық жел де, қай бұрыштан
ызғытып бұрылып келіп, бұралтып бүк түсіріп кеткен ызғырық та, енді ойласа,
қазақ даласына соқпай өтпеген екен. Солардың иен жатқан сайын сахараның шаңын
аспанға шығарып, бар асылын жылан жалағандай етіп жалмап, сыпырып-сиырьш алып
кетпек болғандары қаншама. Бірақ, дегенмен, ел - ел, халық - халық емес пе:
қырық жылғы қырғында да қынадай қырқылып, қырылып, жойылып кетпеді. Қалай
болған күнде де өзін сақтап, қорғап қалуға тырысты. Сол жолда кілең жақсысы
кетіп, жаманы қалса да, әйтеуір, осы күнге аман жеткенін айтсаңшы бәрінен де...
Осы кезде Шернияздың есіне сонау жылы ел ақсақалынан естіген бір әңгіме түсті. Жоңғарлардың
қазақ даласын жаулап, білгенін істеп, әбден мейманасы тасып тұрған шағы болса
керек. Қол бастаған бір есер батыры Үш Жүздің баласына билік айтқан әйгілі Төле
бидің ауылына ат ойнақтатып шауып келіп: «Әй, Төле би, қырдағы қырық
қысырағыңды алдыма салып айдап барам.

Қажет болса тағы келіп алып кетіп , тұрам ғой, айып етпе?!» деп шиқ-шиқ
күліпті. Тексіздің темір тегеуіріні мен тепкісіне көнсе де мазағына шыдамаған
атақты би тарс  жарылыпты. Қолынан келер
басқа дәрмені болмай ызаға булығып: «Әй, Қонтайшының құйрығы бұлғаң қарғы баулы
төбеті, қырдағы қалың жылқымнан күнде қырық қысырақ бөліп, алдыңа салып айдап
кетіп тұрғанда онымен қай жыртығың, қай тесігің жамалып, бітелетін еді. Өйтіп
босқа әуре болып қайтесің. Онанда мына қара қазақтың жалпақ даласын түп орнымен
қопарып, тік көтеріп есігіңнің алдына апарып қой да, сосын аспай-

саспай шетінен кертіп жеп отырмаймысың сен, жазған бейбақ! Қазақ даласы
кімге майлы шелпек болмай шығap!» деп ызалы мырс етіп, тістеніп тұрып қалыпты. Атақты
Төле бидің сол сөзінде астарлы ащы мысқыл бар-ды. Есіл-дерті ел шабу мен ел
тонауға ауған есер батыр оған мән бермеді. Алдындағы қырық қысырақты қырық
жылғы қазына-байлықтай көріп, атын сауырға бір салып, өз ауылын бетке алып,
тартып жүріп кетіпті. Қара казақ кезінде, қайталап айтқанда, талай обырдың
қолжаулығы майшелпегі болды. Заманы оны табанға с-алып шыжғырып сан
мәрте қуырып жемек те болды. Қазақ
халқы дегенде, несін айтасың, корқау обырлардың көз алдына алтын-күміспен бірге
семіз қойдың майлы

құйрығы, жылқының
жал-жаясы, қазы-қартасы... солайымен түгел елестеп қалт тұра қалар еді. Өлер
алдында лақ екеш лақ та бақ етіп, артқы аяғын бір сергіп қалады. Шернияз енді
ойласа, сол ыстық. қуырдаққа айналған қазақ халқы да жемек болған қай ауызды да
қарып түсіп, өзін сақтап келгенге ұқсайды. Бұны ерлік десек те, көнбістік десек
те ендігі мезетте

бұдан келер-кетер қазақ халқына пайда да жоқ, зиян да жоқ. Алайда мына бір
жәйтті мықтап естен шығармаған жөн секілді. Ол - бұ қазақтың сайын далада сағым
қуса да саят кұрған, сауатсыз болса да сауығын ұмытпаған сахи елдігі еді.
Қынабында қылышы, қолында найзасы, қоржынында домбырасы жүрсе оған қазақтың өзі
айыпты емес, заманы кінәлі болатын. Екі күннің бірінде іргесінен қиқу кетпесе қылыш асынып, найза
толғамай

қайтеді?! Өмір - бір көшкен
керуен болғанда, өз босағасынан қырық қадам ұзамай жатып жалпақ қырдың жотасында
қынадай қырылып қазақ жатса қос ішегінеп онсыз
да зәр төгіліп тұрған домбырасын сабалап күңіренбей қайтеді?! Бірақ сол
қырылғандар кімдер? Асылы ма, жасығы
ма?! Міне, мәселе осында. Ел
басына зауал төнгенде қай халықтың да алдымен асылдары құрбан болатыны кашаннан
белгілі жәйт. «Ажал да жақсыны алады» деседі ғой бұрынғылар. Оның қаншалықты
рас, өтірігін кім тексеріп, түбіне кім жетіп

жатыр, бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, бұның негізсіз
әңгіме емес екені және түсінікті. Басқаны былай қойғанда, кешегі жиырма миллион
совет азаматын жер жастандырып кеткен қанды кырғын соғысты айтсақ та жеткілікті
емес пе. Ендеше сол соғыстың жалпақ елді бір сүзіп еткеннің өзінде асылы мен жайсаңдарды
қидай сыпырып, қынадай қырып кеткендері кәне?! Кім өтірік дей алады оны
бүгінде?! Білсең, айтшы, ел ішінде
ер-азаматтардан кімдер қалды деп ойлайсың сонда?! Шернияз қос қолымен басын ұстаған күйі бүл сауалға жауап
іздеп ойға шомған еді. Өзі үйде де, түзде де күнде көріп жүрген Нарқоспак,
Жарықбас, Көкжасық Көкше, Шөребек сияқты сыптығыр жандар бар болмысымен
жарқырап, кез алдына елестеп қалт тұра қалғандай сезілді. О баста солай
бақытты, ырзықты боп жаратылды ма, кім білсін, әйтеуір, олар ел басына төнген кешегі
соғыс өртінен де аман қалып, би жоқта жораға жүрген құлдай болып, сол қиын
кездің өзінде де айбынды ғұмыр кешкен еді. Соғыс біткен жылы салып ұрып ауылға
келген Шернияздың алдымен сәлем беріп, ат басын тіреген игі «жақсылары» да
солар болатын. Сонда... сонда деймін-ау, сұрапыл дауыл соғып, жайпап өткен
ауылдың ендігі бас көтерер еркек кіндіктері сол сормаңдай солақайлар деп
танылса, бұның өзі енді нені көрсетпек еді? Әдетте үйлі-баранды кісі соғыстан
не аяғы, не қолы кем боп оралса онда ол от басы бала-шағасы өсіп жетіліп, ел
қатарына қосылып кеткенше аздап таршылық көре түрады. Кейін ер-тұрманы түгел
бүтінделген ер-азаматтай бір-ақ күнде сайланып атқа мінін шыға келуі ғажап
емес. «Жүре келе ойпаң жерге өскен бітік егіндей тегістеліп кетті» деп тегінде
қазақ міне осыны айтады. Ал басшы кісінің ақылы аздау, кем болса  онда бүкіл ел сорлайды. Қыңыр тартқан өгіздіц
арбасындай болып, күні ертең-ақ төрт аяғы аспаннан келіп, омақасып қирап жатады.
Бұрынғы билерді қанша жамандасақта бір ғажабы олар жөн сөзге тоқтайтын еді. Ал бүгінгі
ел баскарып отырған Нарқоспақ сияқтылар жұмысты не өзі біліп ұршықша үйіріп
атқарып кете алмайды, не жөн сөзге құлақ аспайды, әйтеуір, жүрген құдайдың бір
еркесі. Және жайына қарап тыныш жүрсе мейлі ғой: ертеңнен қара кешке дейін жоқ
нәрсені ойлап тауып, онсыз да жүдеп, жадап отырған ағайынды бір-біріне айдап
салып, қырғи-қабақ етіп қырқыстырып қоятынын қайтерсің. Сонда оған не түседі
екен?!  Нарқоспактың сол қылығын
ойлағанда қараптал

қарап тұрып Шернияздың қаны қарайып жүре бергендей сезілді. Одан жиренем
деп өз-өзінен суынып, денесі түршігіп тоңазығандай болды. Көкірегін ақ көз ашу
қысқанда: «Ол қашанғы білгенін істеп, бүтін елді бөріктіріп, ала тайдай бүлдіре
береді. Бұған тыйым бола ма, жоқ па?! Ендеше Нарқоспақты қалайда бір, жағына
шығару қажет: не елді жөндеп басқарсын, не орынды босатсын, екінің бірі» деп
кіжініп тістенген бойы түйлігіп отырып қалды. Сәлден соң- өзін-өзі жұбатқан
болды. Жақсы мен жайсаңдарын майданға беріп, жапырақ-бұтақтарынан айырылып, селдіреген
ормандай сидиып қалған жетім ауыл

қазіргі тұста Нарқоспақ сияқты томырық мінез, ожар жандарға қарап, соларды
бетке ұстамағанда қайтеді. «Орнында бар оңалар» дейді халық. Ендеше соғыста шейт
болған ер-азаматтардың артында калған жас өскіндер ер жетіп, шетінен сайланып
ат жалын тартып мінгенше Шернияздың Нарқоспақтармен бірге қызмет істесіп, барға
қанағат етіп, лаждап тірлік етпесіне шарасы қайсы?! Бірі олай тартса, бірі
былай тартса онсыз да ит сілікпесі шығып, төрт тағандап түралап калған
шаруашылықты одан сайын күйзелтіп алмай ма қайта, Құдай, бірақ, оның бетін
аулак, қылсын. Алда-зарда дәл солай болды бар ма, онда бұны үкімет те, ел де
маңдайынан сипай қоймайды. Ендеше алдағы уақытта сүтке тиген

күшіктей сорлап қалмайын десе Нарқоспақ екеуінің  түсінісіп жұмыс істегендері жөн.

Шернияз әрі-бері салмақтап, ойлай келе Наркоспақгісн қалайда тіл табысып,
МТС пен колхоз жұртшылығын өзара ырың-жырың етпей берекелді бітім құруды мақұл көрді.
Сол оймен іле машинасына мініп, «Бірлік» колхозына суыт жеткен. Өз кабинетінің
есігін айқара ашып, ішке кіріп келе жатқан Шерниязды алғаш көргенде кәдімгідей
абдырап, орындықтан атып тұрып амандаспақ боп қос колын бірдей қалай ала
жүгіргенін Нарқоспақтын өзі де әдепкіде аңдамай қалған еді. Сонысын іле сезіп,
бойын тез жиып

ала қойды.
Шернияз, бірақ, оған мән бермеді. Қайта «Нарқоспақ та райынан кайтқан екен.
Бәсе, бәсе! Ел басқарған білікті кісі осылай болса керек еді, Жақсының кегі
шәйі орамал кепкенше деп бұрынғылар тегін айтпаған шығар» деп іштей сүйсініп те
қалған. Қысқа аман-саулықтан соң Шернияз келген бұйымтайын айта отырмақ болып;

-        Нареке,
енді ойлап көрсек сіз бен біз ел ағасы жастан асып барады екенбіз. Екеуіміз
қашанғы ұстаса береміз осы. Жақтан тартып, жаға жыртыспадық демесек, түптеп
келгенде, одан өзгенің бәрі болып жатыр ғой түге. Естіген елден, көрген жұрттан
ұят емес пе бұнымыз,- деді басқарманың қарақошқыл жүзіне барлай қарап әрі
кішілік, кісілік танытып. Ол әңгімені бірден осылай ашық бастағанда «кең жерде
кеңінен отырып кеңесіп, екеуара түсінісіп алайық, кейін анау-мынау сөз болып
жүрмесін, көңілде де кір

қалмасын» деп
ойлаған еді,

-        Шереке,- бұнымен не айтпақ ойыңыз бар?-
Нарқоспақ орындықтың арқалығына шалқалай отырды.

-        Жоғары жақ сіз бен бізді
басшы қызметке қойғанда екеуі бір-біріне алма-кезек қамшы сілтесіп отырсын демеген
шығар. Қайта соғыс жылдарында күйзелген елдің әл-ауқатын көтеріп, шаруашылығын
өрге сүйресін деп сенім білдіріп қойған жоқ па еді. Соны бір сәт естен шығармағанымыз
жен болар, Нареке.

-        Сенім білдірсе сергелдеңге
салынып жүрген жоқпыз ғой. Шамамыз жеткенше міндетімізді адал атқарып келеміз. Енді
неғыл дейді бізге,- деді Нарқоспақ
шытынып.  Шериияз Нарқоспақтың қандай өредегі басшы
екенін осы сөзінен-ақ жазбай таныған еді. «Асылы ірі денелі кісі болғанымен
кесек турайтын ірі мінезді жан болмассың, сірә. Шытыр жеген түйенің қарнындай
тырсылдап жарылғалы тұр екенсің» деп аз-кем ойланып тұрды да, бірақ текке уақыт
өткізгісі келмей бастапқы шаруасына ойысқан.

- Нареке, колхозыңыз МТС күшімен жүз жиырма гектар сүдігер жыртып еді. Сіз
жоспар бойынша тоқсан гектар деп көрсетіпсіз. Қалған отыз гектар жыртылған жердің
еңбегін кім төлейді?  Осы кезде әлдекім абажадай
кең бөлменің есігін айқара ашып ішке бас сұғып карап еді. Басқарма оған иек қағып,
шақырып алды да «отыр» деді. Кабинеттің қабырғасына жағалай қаз-қатар тізіліп қойылған
орындықтың біріне құнжия кеткен бұл жігіт - осы колхоздың есеп-қисабын жүргізіп
жүрген Әлиақпар деген шатауат еді. Басқармамен қашаннан ым-жымы бір ол мана
әзірде көше шаңын аспанға бұрқыратып, екпіндетіп жүріп келіп кеңсе жанына жетіп
бір-ақ тоқтаған жеңіл машинадан түсіп жатқан Шерниязды сонадан көріп, осылай
қарай асығыс бүрылған. Оған Шериияздың мына суыт жүрісі себеп болған-ды. Сол
сәтте екі қошқардың айдалада сүзісіп жатқаны көз алдына және елестегенде
ебіл-дебіл болып кеңсеге қалай жүгіріп келгенін өзі де сезбей калып еді.

«Бірлік» колхозының баскармасының кабинетінде жоғарыдан қандай өкілдер
келді, олар Нарқоспаққа не деді, Нарқоспақ оларға не деді, ұрсысты ма, жоқ
қауышып көрісті ме, қысқасы кеңседе не болды, не қойды - бәр-бәрі Әлиақпардың өзімен
бірге тысқа шығып, соның аузымен бүкіл ауылға тарап жататын және жай тарамайтын
үлкен дабыра-дақпыртпен тарап жататын. Әлиақпардың бір ерекшелігі сол: қандай жағдайда
да Нарқос-

пақтың беделін төмендетіп көрген
емес. Пайдасы тимесе де зияны
тимейтін шығар деп соған әбден мойынсұнып болған
ол Нарқоспақты үнемі дәріптеп отыруды қанына сіңген ежелгі дағдысына айналдырып үлгерген еді. Олай етпесе ішкен асы желкесінен шығып, тұла
бойына сіңіп тарамайтындай сезінетін.
Сөйтіп Нарқоспақтың дәрежесін
көтере сөйлеу арқылы ел-жұрт
алдындағы өз беделін қоса есіріп отыратын. Әлиакпар өзінің жағымсыз бұл
қылығын жұрт ұната ма, үнатпай ма - ол жағына онша көңіл беліп, бас ауыртып
жатпайтын қазіргі заманның тоғышар жандарының 
бірі еді. Керек десең оның мына жарық жалғанда Нарқоспақтан өткен озық
пенде жоқтай көрініп, бар есілдерті соған ауып, шыбып жаны соның үстінде
журетін. «Нарқоспақты көзіне мақтап, соған майдай жағып алсам болды, басқасында
не шаруам бар» деп ойлауы міне содан-ды. Жатса - жатып, тұрса - тұрып, жүрсе -
жүріп, күлсе - күліп, өзінің тірі көлеңкесіне айналып, етене жақын боп сіңісіп
кеткен Әлиакпарды есіктен басы қылтиып көрінісімен тілге келтірмей қасына шұғыл
шақырып алуында сондай сыр бар еді. Нарқоспақ Әлиакпарды өзіне ес санады ма,
кім білсін, лезде түсін суытып ала қойды. Маналы бері Шернняздың сөзіне онша құлақ
аспай отырған кісінің сыңайын танытып, алакөзденіп жақтырмай тыжырына қарады.

-        Шереке, колхоз ол жердің де еңбегін
төлеген.

-        Қашан?-
Шернияз таңдана сұрады

-        Кеше ғана емес пе еді колхоз
жерінде өскен бау-бақтың өнімін жылан жалағандай етіп, түгін калдырман сыпырып-сиырып
алып кеткендерің. Енді, міне, соның бәрін ұмытып, алдыма кеп тағы да алақап
жайып отырсың. Сұранбайтын, тіленбейтін күнің бар ма, осы. А!- Нарқоспақ
«сізден» «сенге» бір-ақ көшті. Шернияз оның «сен» дегенін онша елей
коймағанымен, «сұранбайтын, тіленбейтін күнің бар ма» деген соңғы сөзіне
шамданбай қалған жоқ, әрине. Әйтсе де тумысында басынан сөз асырып көрмеген
текті кісі бұған да көніп, әліптің артын бағып, Нарқоспақтың бағыт-бағдарын
байқастап білмек

болды. Әлгі сөзге шеке тамырлары қызарып, әп-сәтте адырайып-адырайып шыға келсе де бәрібір
сабыр сақтап, өз-өзін ұстап
маңғаз отырды.

-        Оу, шырағым, бұ қай сөзін.? Жиып-теріп алса несі айып? Ол өз огородының өнімдері емес пе жұрттық?! Соны да көпсініп, қимай түрмысың,
сен бейбақ.- Шер-

нияз дұрысы солай
болғасын әлгі сөздері өзімсініп айта салып еді, жоқ жерден ілік іздеген
Нарқоспақ сауал қоя сөйлеп, жалын сипатпауға айналды.

-        Жер колхоздың жері ме?

-        Колхоздың жері.

-        Ендеше одан түскен өнім де колхоздың
қорына құйылуға тиіс еді. Сен келіп бәрін бүлдірдің. Қарауыңдағы жұртты
түгел жауып жіберіп өнімдерді жиып-теріп алып
кеттің.

-: Оу, Нареке, өз огородының өнімін жиып алмаған-да  енді
итке тастамақ па олар. Нарқоспақ
ашу шақыра сөйледі,-      Итің кім сонда?
Біз бе? Түбі бір туысым деп жүр-

сем мен сені.., ту сыртымнан оқ
кезенген ата жауым ба едің. Ойыққа сіңген кірме немістердін,
ортасынан ордалы жыландай өз үйірін қалай оңай тапты десем.., Бәсе, бәсе!.. Солай де... сезсемші бұрын.- Ол
Шернияздың жүзіне зәр шаша қарады. Шернияз, бірақ, бұған да қыза қоймады. «Сенен келген
көрді көріп алдым» деген
кісіше бар түгі сыртына теуіп, ақшыл сары жүзі әп-еәтте күреңітіп үлгерді.

-        Нареке,-
деді сосын ызбарланып,-өлетін бала молаға
қарай қашады деуші еді. Бала емессің, шаға емессің,
басқаны айтпағанда осыған ақылың жететін кез болды емес пе. Шөребектің шөре-шөресіне сүметіліп қашанғы ере бересің жетекке үйренген
тайлақ құсап,..- деді бұ да бірден сенге көшіп. Мына сөз Нарқоспақтың шымбайына
жаман батты. Тұла бойын аралап ток жүріп өткендей ауыр денесін оқыс сілкіп-сілкіп
қалғандай болды. Өзінен қол созым  жерде
қайта-қайта бетіне жаутаңдап қарап отырған Әлиакпарды жанына медеу тұтты ма,
жоқ жалған намыс көкірегінде қоздап, жынын қоздырып жіберді ме, әйтеуір бала
қолындағы жұқа қызыл шардай нарт боп жанып тарс жарылды.

-        Оттапсың. Жетекке үйренген
тайлақ мен емес, мына сен боларсың қайта. Әйтпесе кешегі қырғын соғыста
белуардан қан кешіп келіп, соның жұқанасы тобығыңнан кетпей жатып ауған
немістермен ауыз жаласып достасып кетер ме едің. Соларды менен жақын тұтып, қандасыңа  қанжар сілтеп отырғаныңды білемісің. Сүйегі жат
жерде қалған боздақтардың аруақтарынан қорықсаңшы ең болмаса.

-        Ей, не тантып
тұрсың?!-Шернияз сұмдық ашуланып, жұдырығымен столды қойып қалып, ұшып
түрегелді де қалш-қалш етіп бөлме ішін ерсілі-қарсылы кезгіштеп жүріп кетті.
Сосын шүғыл бұрылып:-Андағы мойныңдағы бас па, жоқ әлде іші қуыс кәуек асқабақ па,
а?!-деді сұраулы пішінмен Нарқоспакқа тіктеп қарап. Өткір, сұсты көзқарасқа
жүзі шыдамаған Нарқоспақ назарын төмен салған бойы танауының астынан

міңгір ете қалды.

- Б..бас.

-        Ендеше
сол басты дұрыстап ойландыра
біл. Әйтпесе әлгі өзің айтқан сөз бір күндері өз-өзінен семсерге айналады
да, андағы басыңды қияқтай қырқып түсіріл           кете барады. Сонда
басыңның қайда қалғанын, өзіңнің қайда
қалғаньщды біле алмай екі ұрын хал кешіп, пұшайман болып өтесің бұ дүниеден. Сол жақсы
ма, саған Нарқоспақ тегінде екі қиырдың адамы
болатын. Себебі оның аузы батыл да, жүрегі әрнәрседен қорқа соғьш, тайсақтап
тұратын. Сондықтан оған көп жағдайда сенуге
болмайтын еді. Шын айттым дегені бір айнала берін өтірік болып щығып, өтірік
айттым дегені сәлден соң шынға
айналып, кісіні әрі-сәрі халге түсіріп қоятыны бар-ды. Керек
десең айтқан сөзінен танып
шыға келу ол үшін тіпті қиын емес -
сол қолындағы кара тасты оң қолына
ауыстырып, аудара салудан да жеңіл көретін. Соны жақсы білетін Шернияз жоқ жерден бейнет тауып, арандап қалмауды
ойлап, сабырлы сөйлеуге тырысты.

-        Нарқоспақ,- деді сосын ежелгі
маңғаз калпына көшіп,- жігіт ағасы жасқа жетіп, ел басқарып отырған жайың бар. Бұдан былай баланың сөзін айтпа.
Соғыстың қандай қайғы-қасірет
әкелгенін майданда белуардан қан кешкен ардагерлер болмаса ауылдан алты қадам өмірі ұзап көрмеген
сен секілді боркемік кісілер жақсы біледі деп
әсте айта алмаймын. Сайып келгенде, туған елдің түтінін жұтып, жұтынып
өскеннен өзгіге не бейнет шерттім дейсіңдер түге. Аузын айға білеген от тілді ақындардың жат жұрттың таңғы таза ауасынан туған
елдің түтіні шипалы деп жырлайтындары қайда? Сол өтірік
сөз болса, елде қалған мына
сен білгеніңді істеп, бұлғаң
қағып, бүйтіп шалқақтап жүрмес те
едің. Енді келіп, міне, соғыста өлген боздақтарды көлденең тартып, солардың аруақтарынан қорықсаңшы деп маған ақыл
айтасың. Бұны қалай түсінсек
екен, ә?

Шернияздың сөзі
қайда желі тартып бара жатқанын жер түбінен сезген Нарқоспақ қайтсе де алдын
алып, сөйлетпей тыйып тастамақ болды.

-        Шернияз, азар болса соғысқа қатысқан
шығарсың. О да түрған не бар. Соны үйде де түзде де міндет етіп, жарғақ
кұлағың жастыққа тимей суырдың айғырындай суырылдың
ғой тегі. Кім қатыспады, кім бармады сол сұм соғысқа?! Сонда немене... бізді
елде көкке қарап ұлып,
айға карап аңырап босқа отырды деймісің. Жоқ, бұның жарамайды, жолдас
Сардарбеков. Сен атқан оқ,
та, сен жаққан от та мына бізден барған. Оны айтасың, әуелі жауға атылған жүз оқтың
сексенін осы Қазақстан қорғасыннан
құйып, дайындап жөнелтіп тұрған жоқ па еді. Бұны естен шығаруға қандай хақың бар, жолдас

Сардарбеков. Сол заманалық ірі қозғалысқа бұның
жеке басынын қатысы бардай және соған басшылық жасап, олайғысын былай реттеп, былайғысын
олай реттеп, жанталасып арпалысып жугіргендей бүкіл елдің, бүкіл халықтың атынан
сөйлеп, әрі өзін ыңғайын тауып бір іліп өткенін қызық көрген Шернияз кеңет мырс
етіп күліп жіберді.

-        Оу, Нареке,- деді сосын көңілді
дауыстап,- енді суырдың айғыры болдық па? Кісі атанудан қалғанымыз ба солай? Уәжден
тосылған Нарқоспақ:

-        Қайтеміз енді... «Жаны күйген
адам не айтпайды» демекші, қыздырманың қызыл сөзі бүйіріңді қыздырып тұрса
қосарлап шаппай қайда барасың,- деді Шернияздың ыңғайына оңай жығыла салып. Ондағы
мақсаты: ол бұның ойға, қырға алма-кезек шапқылап жүріп өлдім-талдым дегенде
әзер бронь алып, соғысқа бармай бұғынып қалғанын аузында сөз тұрмайтын
Әлиакпардың көзінше айтпаса екен деп іштей қам жасаған сұрқия әрекеті еді. Оны
Шернияз сезсе де сезбеген сыңай танытып, сөз ыңғайы сол төңірек болса да аздап
бұра сөйледі.

-Сен әлгінде әңгіме кезегінде майданға оқ, та, от та жіберіп тұрдық деп
айтып қалдың-ау. Сол от қайда қазір? He ісіңнен, не көкірегіңнен жалын көрмедік
қой түге. Бірақ, бұның есесіне бар өнерің кызыл тіліңе ауысыпты. Қай уа-қта,
қашан тыңдасаң да бәрібір - тіліңнен зәр төгіледі де тұрады. О неге? Нарқоспақтың
жаны шын қысылды. Бірақ бақас кісінің алдында өзінің жасып, семіп қалғанын
сездіргісі келмеді. Қайта әп-сәтте жүрегі дір-дір етіп қорқып тұрса да арыстанға
жорта дөң айбат жасаған көкжал қасқырдай жалын күдірейтіп, жүзіне жасанды сұс
жиып үлгерген еді.

-        Жолдас Сардарбеков,- деді
сосын ресми тілде ызбарлы сөйлеп,- бұйымтайыңызды айтып болсаныз кабинетті
босатсаңыз деп едім. Қатқыл кеткенім үшін алдын-ала сізден кешірім сүраймын...
Біздің яғни мына Әлиакпар (ол Әлиакпар жаққа бір қарап койды) екеуіміздің өзара
ақылдасып шешетін шаруамыз бар еді. Просты сіз соған кедергі жасап отырсыз. Нарқоспақ
тегінде өзінен басқа кісілерді таяз, аңқау, топас деп түйсінетін адам еді.
Шерниязды да солардың біріне балап, «сіз» деп сызылып отырып көңіліне өшпес сызат
түсіріп кеттім деп ойлаған. Бірақ онысы сызданып сөйлегеннен бетер болып,
Шернияздың қытығына қатты тиді.

-        Әй, Нарқоспақ!- деді оқыс
ашуланып.- Көгершіннің көгілдір мойны құсап минут сайын құбылмасаң болмай ма,
саған?! He көрінді сонша еркек басыңмен елде жоқ рәсімді бастап,- деп тіліне
оралған алғашқы уытты сөзді бетің бар, жүзің бар демей лақ еткізіп бірден айтып
салған еді. Бұған екеуінің қашыртпа әңгімесін маналы бері үнсіз тыңдап отырған
Әлиакпардың қыбы қанғандай болды. «Әй, сабазың сөйлеп берсе семсердей сілтейді
екен-ау, сырын кім білген?!» деп кәдімгідей риза болып қалды. Шернияз едәуір
шамырқанып қапты. Қызынып сөйлеп, айтар ойын кесіп бір-ақ білдірді.

-        Жайлап түсіндіріп айтқанды
ұғынбайды екенсің. Ендеше маған өкпелеме. Мәселеңді аудандык партия комитетінің
алдына қойып, бүкіл ішек-қарның, қыртысына шейін қопара ақтарып, тамам жұрттың
көзінше тура масқараңды шығарам. Ал абыройым айрандай тегілмесін десең осы
бастан айтқанды істеп, істің жөніне кеш,-деп орнынан шұғыл көтеріліп есікке
беттеді. «Әттең,-деді кетіп бара жатып азу тісін шақырлата тістене ойланып,-
«Бірлік» колхозының бүкіл елі сорлайды, әйтпесе көзіне көк шыбын үймелетіп, техника
атаулыдан сынық темір бермей өзіңді екі ортада әрі-сәрі тентіретіп, сандалтып
жүргізіп қояр едім-ау. Көкеңді сонда таныр едің...» Шернияз шығып кеткен соң да
Нарқоспақ өз-өзіне келе алмады. Тұла бойы бір ысыды, бір суыды. Есіне ауданнан сырғып осында келгені түсті. Бұдан
сырғыса қайда барып жан сақтайтыны түбі қараңғы шыңырау құдықтай сезіліп, жазу столының
екі жақтаушасын екі қолымен тарс
мықтап ұстап жабысып отырып
қалды. Сәлден соң есін жиып,
өзінің осы жай-күйін жаңа аңғарып, сыр білдіргісі келмей еңсесін тіктеп қайта
көтеріп алды. Әйтсе де бір сұмдық сурет кез алдына елестеп сағым кетерген биік
мұнарадай сонадан бой көрсетіп тұрды да қойды. Сол көз алдында түрғанда
Нарқоспаққа тыныштық та, маза да жоқ секілді көрінді.

 

Шернияз әлгінде тысқа шығып бара жатып есікті тартып серпе жауып кеткен-ді.
Колхоз кеңсесі ертеректе қыштан соғылған ескі үй еді. Терезе шынылары дауыл салдыр-гүлдір
ете қалды. Оқыс
шошынған Нарқоспақ бұны күнде өзі
көріп жүрген ежелгі жәйттің

бірі дегі жай қабылдай алмады.
Кеңсе терезесімен бірге өзінің көңіл
терезесі де қоса салдыр-гүлдір етіп, жан дүниесін
түгел аралап, бір жұлқып
өткендей сезінген. Әйтеуір
көңіліне жұбанышты жалғыз нәрсе: ол - салдыр-гүлдір етіп оқыстан өзін бір
қорқытса да терезенің жерге сынып ұшып түспегені болды. Әйтпегенде көңіл терезесі
де қоса сынып жерге түсер ме еді, әлде қайтер еді. Ол сынса, жақсылық емес,
әрине. Нарқоспақ осыдан кейін де көп ойланды. Әргі-бергіні салмақтап келгенде
бар мән-жайды жіті түсініп көңілге

түйгені: қолында техника күші тұрғанда Шернияздың бұған пысқырып та арамайтындығын
сезгендігі еді. Жаңа әзірде қатты жабылған есік енді бүл жерге қайтып бас сұқпаймын
деген сұсты қабақты танытпағанда нені аңдатпақ еді. Басында иненің  жасуындай саңлау бар болса  Нарқоспақтың соны ұғынатын кезі жетті емес
пе. «Күлшелі бала сүйкімді» демекші, осы қызметінде жүргенде Шернияздың мұртын
балта шаппайды. Қайта көз ұшында сағым көтерген көгілдір күмбездей алыстан жарқырап
көрініп, тұсынан өткенді өзіне шүғыл қаратып, әлі талай «мен мұндалап» шақырып
тұратын болады. Ал

жер бетінде ғұмыр кешкен жұмыр
басты пенде атаулының талап-тілегі бұл
жалғанда біткен бе, сірә. Ендеше олар қайтсе де Шернияздың алдына бармай және тұрмайды.
Сынық иненің өзі қат қазіргі техника атаулыны тұмсығынан тізіп, майлап, сайлап
моторынан гүрілдетіп қойса оған кім қызықпайды? Ісі түсіп алдына кім бармайды?
Айтшы?! Басқаны былай қойғанда, колхоз бастықтарының өздері соған жапа-тармағай жүгіріп, соның айтқанына жұмыла жүгінісіп жүрген жоқ па. Көктемде жерді егіз соқамен айдаған қандай, дөңгелегінің тісі қарс сүйем ХТЗ тракторымен айдаған кандай?
Мүмкін болса, әрине, жерді трактормен
жыртқанға не жетсін. Өгіз соқаның
тірлігі өлмес күннің қамы екені өтірік емес қой. Шынын айтқанда, оның несін мысықтың қиындай қиқыммен бүркеп,
жасыра береміз. Соны ойлағанда МТС сүбелі сыбаға, секілденіп көз алдына
елестеп, жылқының табаққа салған жал-жаясындай дөңгеленіп тұрып алды. Нарқоспақ
күңірене күрсінді. Аудан жаққа енді қызметі өсіп, жоғарылап бара алмайтынын
жіті сезген ол Шерниязды жылы орнынан өйтіп-бүйтіп ығыстырып жіберіп, өзі сол
орынға қалайда қүнжиып жайғасып алмақ болып, дәл қазір соған жетудің небір
айла-шарғысын қарастыра бастаған еді. Осындай ой үстінде отырып Әлиакпардың
ақырын жылыстап тысқа шығып кеткенін де сезбеді. Сыртқы есікті жайлап жауып
«уһ» деп демін бір-ақ алған Әлиакпар әлдекімдерді іздеп жан-жағына алақтап
карағанда сонадан осы маңға бұрылған екі-үш ауылқарттарын көріп, тұмсығын
аспанға көтеріп, иіскелеп қарап, әп-сәтте маңғазданып шыға келді. Қасына тақап
жете бергенде қарттардың бірі оң қолының алақанын маңдай тұсына калқалап қойып
бүған күн сала үңіліп:

-        Әй, Әлиакпармысың? Құмға
шаншып кеткен құрықтай бойың серейіп андағы жерде неғып тұрсың?-деп сұрады. Әлиакпардың
күткені де сөл еді. Шалдың шақпа тілді сөзі мен қыршаңқы сауалына канша
қитығып, шаптығып тұрса да бәрібір алдағы күнін ойлап, сабырлы жауап беруге
тырысты.

-        Бастық ойланып отыр. Шырқын бұзбасын деп
ішке ешкімді кіргізбей сырттан қарауылдап тұрғанын ғой, қадірлі
ақсақалдар!-деді көңілді дауыстап. Басқарма естісін деп
әдейі даусын көтере сөйлеген еді. Соны аңдаған
әлгі шал:

-        Ее..е,
дүр..рес екен,- деді құптағандай
сыңай танытып.- Өйтпесе ол
Нарқоспақ болар ма, соның
әрін әрлеп, беделін; бетке ұстамасаң сен Әлиакпар болармысың, тәйірі.- Сосын ілгері жүре
беріп қалт тоқтап:-Әй,
сақалдары сапсиған шал-шауқаңдар!-деді
қабақ шытынып.- Әйда, кеттік. Мен білсем Нарқоспақ
басқарма бізді бүгін қабылдамайды. Мына шатауат бала (ол келген бойда есік көзінде көлденең тұрып
өздерін ішіне жібермей қойған Әлиақпарды
сұқ саусағымен нұқып көрсетті) ойланып отыр дейді ғой. Кедергі -жасамайық. Ойлансын.
Нарқоспақ ойланып болғанша отыз кісінің ойны тарқап, қырық кісінің қырқы өтіп
тынатынын білмейсіңдер ме түге!- деп қасындағы серіктерін ай-шайға қаратпай
соңынан шұбыртып ерткен күйі өзімен-өзі күңкілдеп сөйлеп бара жатты.  Нарқоспақ бұның бірін де білмеді. Бұл мезетте
ол Шерниязды аудандағы белді досы Шөребек арқылы қызметінен тайдырып, өзі көп ұзамай
сол орынға жайғасып

орналасып алғанды жен көріп, соның амал-шарғысын ойлап, басы қатып сарсылып
отырған. Осының ертеңінде «ойбай, несін айтасың, «қолда барда алтынның қадірі
жок» демекші, көз алдымызда арқырап тірі жүргесін Нарқоспакты бағаламайды
екенбіз, Әйтпесе ңағыз ер-азаматымның. өзі көрінді. Үстіне өктем кірген
Шерниязды қолды-аяқка түрғызбай «сенің асыранды жұрағатың тұрмақ өзімнің
колхоздағы бүкіл ел-жұртым жалғыз пұт астыққа қарап, ашығып жұтап отыр» деп
кеңсесінен түріп айдап шығып, сұрағанын бермей жіберіпті» деген лақап сөз
тарады. Бұның қаншалықты рас, өтірігін кім білсін.., Бірақ соның өзі Нарқоспақты
біраз ағайынға айбынды етіп көрсетуге жарап қалды. Ал бұған сенбеген сыралғы
кейбір кісілер басқарманы сыртынан келеке етіп: «Шернияз қияға тартқан қыран болғанда,
ол соның ығы мен көлеңкесінде жүріп күнін керген күйкентай емес пе. Қашаннан бері
жетіліп, дөйдің қатарына қосылып үлгеріп еді. Сонда, немене, Шерниязбен
ұстасып, теке тіресіп өтуге жарап қалғаны ма оның?!» деп күлсе, көпті көрген
ақсақалдар жағы бастарын үнсіз изесіп, бір-бірін іштей құптасқандай болып:
«Ее..е, қазір біреуге сен олайсың, сенбұлайсың деп айтуға бола ма? Кейде
оңашада - жақсы кім, жаман кім - соны айыра алмай басыңның дал болатыны бар.
Бұл шіркін де заман өзгеріп, жақсарған сайын айдалған тегіс жердей бір-бірінен
айырғысыз боп теңесіп кеткен жоқ па!-десіп, сөзді алыстан орағытып бастап, осы
екі ортада талай жаңалықтардың басын  шалып,
келелі қозғап келеді де, кенет:- Баяғыда Ойық келінің атақты биі Бейбітті
аузы-басы қисық, мыжырайған сақау бір жеңгесі ай жоқ, шай жоқ «аужыңа ешшейінді
қойшы шол» деп сыртынан үнемі ғайбаттап отыратын еді. Алды кең кісі болатын
жарықтық. Сонда сол сақау қатынға «сен былай депсің» деп бір ауыз сөз айтып көрді
ме екен әуелі. Ендеше Шерниязға көрсеткен Нарқос пақтың дөң айбаты да сол сақау
жаман қатынның шайпаулығы секілді бірдеңе емес пе. Оның несін қайта-қайта

сөз етіп, басты текке ауырта береміз!» десіп, әңгіме желісін одан әрі
созбай шалғайларын қағып, орындарынан тұрып жөндеріне тарап жүріп кететін. Шернияз
МТС директоры, Нарқоспақ колхоз басқармасы болғанымен, ой-өріс, білім, парасат,
кісілік, адамгершілік жақтарынан қарағанда бұл екеуі екі қиырдың адамдары еді.
Оны былайғы жұрттың бірі білсе, бірі білмеді. Жауапкершілігі мен іскерлігіне,
бір бет өжеттігі мен мінезінің  есектігіне
қарап ІІІерниязды жоғары бағаларсыз, сезі мен сүйегінің ірілігіне қарап
«жаратылысы мол жігіт қой» деп Нарқоспақты да дәріптейтін. Жұрт біресе
Шерниязды жақтап, біресе Нарқоспақты құптап, екі ортада әрі-сәрі хал кешіп,
сарсылып жүрмесің дек

ойлай ма кім білсін, әйтеуір ауыл ақсақалдары біраздан бері екеуінің
ара-жігін ажырата, бөліп сөйлейтін болған. Бірақ, қалай десек те, «жоғары
қызметтегілердің бәрі де жақсы адамдар, әйтпесе оларды өкімет осы орынға қоя ма?»
деп ұғынып қалған ауыл жұрты ақсақалдардың сол ниет-пікірін бәрібір кезінде құптай
қоймаған еді. «Нарқоспақ жаман болса да басқармамыз емес пе, жақсы бастығын
бізге кім береді» дескен. Міне, соның арқасында өз орнымда нығыз отырмын деп
түйсінген Нарқоспақ көршісінің мініп жүрген жүйрік атына көз салған ұрыдай бір
кейіпке түсіп, қалайда соны қолға түсірудің амал-

шарғысын ойлап,
қазірден бастап іске құлшынып кіріспек болды.

XVI

Күндегісінен кеш оянды. Төсегінен тұрып тысқа шығып, аздап дене қимылын
жасаған болды. Сонсоң жұылып үлкен ақ сүлгімен мойнын, кеудесін ысқылап
сүртініп тұрған. Кенет МТС жақтан бағанаға байланған нән темірдің балғамен соққанда
шығатын шыңылдаған даусы естілді. Бұл - ауыл тұрғындарына жұмысқа шығыңдар деп
берілген хабар еді. Іле әр түс, әр жерден шығып, көше жолына түсіп, орталыққа
беттеген кісілердің қарасы молығып, топ-топ болып шұбырып жұмыстарына асығып
кетіп бара жатқанын көрді. Бұлардың көбісі бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылы
осында көшіп келгендер еді. Оның үстіне қанқұйлы соғыс кеше ғана бітіп, екі
жұрттың бір-біріне бауыр басып, әлі қоян-колтық араласып кете қоймаған кез еді бұл.
Сонан ба бір ауылда еңбек етіп, бір көшенің бойында бірге тұрып, түрмыс түзеп
жүріп жатыр десек те бұл екі халық өкілдерінің арасын кезге керінбес бір дуал беліп
тұрғандай біртүрлі қоңыр салқын сезіледі. Бірақ ол қандай дуал? Оны бұзып,
қиратуға бола ма, жоқ па?! Міне, бүл сауалға олардың ешқайсысы тіс жарып жауап бере
алмайды. Әйтеуір бар білетіні: ертеңнен қара кешке дейін ұрысқан кісілердей
тоң-теріс күйде жүрсе де жұмысты бірлесіп, тату-тәтті істеуге тырысады;
„бәрінен де сонысы жақсы; бірақ әзіл-қалжың оларда атымен әзір болған емес;
онда да солай: бір қалыппен жүріп, бір қалыппен тұрады; шектен аспай бір
қалыппен сөйлеседі; кешке жақын жылы қоштасып, үйлеріне тарасады. Heгe бұлай?
Кейде адам болғасын, жұмыр басты пенде болғасын ойнап-күлу де қажет сияқты.
Ертеңнен қара кешке дейін бас алмай тұқшыңдап жұмыс істей беру де аса жақсы нәрсе
емес. Оның да кісіні тұралатып кететін сәттері болады. Сондықтан әр нәрсеніц
орнын, шегін білген жөн. Ішіне жел үрлеп толтыра берсең шар екеш шар да жарылады. Адам да, міне, сол сияқты: құса-мұңнан,шаң-тозаннан арылып, сілкініп тұрмаса
жүйке-тамыры

әлдеқашан тозып, бітер еді. Ол
үшін оларға жағдай қажет, ойын-сауық,
әзіл- қалжың керек. Шернияз
бір сәт осы турасында ойға шомып, жақсы-жаманын електен өткізіп, барлап түрған
еді. Кенет қырағы көзі сұмдық бір көріністі сонадан қалт жібермей аңдап қалды. Ертеңгілік
мезгілде шай қоюға аулаға шыққан ауыл әйелдері бұл кезде орталық көшемен шұбырып
жұмысқа асығып кетіп бара жатқан немістердің ту сыртынан қадала қарап, әлденені
бағып тұрғандай қалшиып қатып қапты. Араларында бір баласын
кеуде-

сіне қысып көтеріп, бір баласын басынан құшақтап сұстана
қарап қалған жас келіндер де бар көрінеді. Ал кейбірі бұл уақта бүкіл қызық
атаулыдан: құр қалғандай терезелерінен тысқа суық көз тастап, көк
желкелеріненатып жіберердей боп сұсты тұрған. Бұл  өзқараста ызакек, өшпенділік оты
жатқандай еді. Шернияз ауыл
әйелдерінің ашулы жүздерінен соны аңғарып, сең соққан балықтай
есеңгіреп, калт тұрып калып еді. Дәл осы мезетте қайдан can ете түскенін кім білеін, әйтеуір ғайыпхан
пайда болғандай Алтынкүлдің жетіп

келмесі бар ма. Шайпау тілді шатақ жеңгесін көріп Шернияз шытыуды. Алтынкүл, бірақ, оны
қайдан елесін, келе тиісе кетті.

-        Көріп
ал, қайным. Көр. Кезінде айтқан тілді алдың ба?
Қой мен қасқырды бір қораға
қамағандай етіп, бұларды жұрағатым деп осында көшіріп алып
келіп және онымен тұрмай көшеде
әрі-бері көлкілдетіп жүргізіп (жұмысқа барып-келіп жүргенін айтады), жетім
бала, жесір қатындардың көздеріне
күйік қып қойған жоқпысың. Ана жақта
пәшістер байларын жалмап еді, енді мыналар өздерін
құртып тынсын дейсің бе әлде,
а!-деп қос бүйірін таянып, қарсы қарап шаптығып тұра қалды. Бұл Алтынкүлден өткен шайпау
әйелден де өмірі естимін деген сөзі емес-ті. Бірақ, амал не, құдай естіртіп тұрғасын
- естіді. «Бұ қай сөзің?» десе бітті, аузынан ақ жын, көк жын фонтанша
атқылайын деп тұр. Соны бедірейген долы жүзінен аңғарғаң Шернияз «аш құлақтан
тыныш құлақ» деп ойлап, кілт бұрылып үйіне енді де кетті. Алтынкүл
соңынан ере кірді.

-        Қайным,- деді ішке кіріп -жайғасып
отырғасын салмақты сөз бастайтын
салауатты қісінің сыңайын аңдатып,- арада жылдар өтер. Жетім -жетіліп, жесірдің етек-жеңі бүтінделіп, бүлдірген жеп
бүлк-бүлк желетін кез де жетер. Сонда, сонда ғана тебіседі неміс пен бұ қазақ. Одан бері
де бұ екі жүрағат өзара табысып, жарасып кетеді деп ойлама.

-        Heгe?

-        Heгe?- дейді ғой. Сол. Шет
жағасын өткен жолы да айтқан едім саған. Ұмытқан екенсің ғой... Қайтейін?- деді
Алтынкүл қабағын шытынып. Сосын даусын шұғыл

өзгертіп, көтере сөйледі.- Кешегі қырғын-сүргінде баласы баурында, байы қасында
боп ешқандай таршылык, кемдік кермеген неміс қатындарының жай-күйі жақсы болды
ма, жоқ әлде байдан бір айырылып аңырап, бауырдан бір айырылып боздап, көкіреті
шерге, етегі жасқа толған қазақ әйелдері - мына біздің хал-ахуалымыз жақсы
болды ма, а? Қалай ойлайсың? Кәне, білсең айтшы?! Алтынкүлге керегінің өзі
осы еді. Сондағы ет қызумен «Бізге
соғыс ашқан фашистер қаланы - далаға, даланы - молаға айналдырмақ болып, көзге көрінгенді қиратып, жойып жатқанда, жер
бетіне ажал оғын сеуіп, жайпап,
жамсатып келе жатқанда, соның зардабын бүкіл совет халқы
болып тартып, азап шегіп жатқанда бұлардың түгі де кеткен жоқ. «Сүт тасыса қаймағы бұрын төгіледі» деуші еді атамыз қазақ. Ел аяғы бұлардың қаймағы да
төгілген жоқ, Қазіргідей бейбіт қатар
ғұмыр

кешіп жатты» деп әдепкіде айтпақ боп оқталған. Оның бұлай ойлауына, шындап
келгенде, себеп те жоқ еместі. Төменгі Таласты сағалаған шағын Ойық ауылында
қанша үй болса, қолына мылтық ұстауға жарайтын сонша еркек, тіпті одан да көп
адам майдан даласына жұмылып. аттанған еді. Ал осы ауылдың кейінгі тұрғындары -
жиырма үй немістің еркек кіндіктері түгел соғысқа алынбай елде жұмыс істеп,
тапқан-таянғаның жұмырына тығып, қатын-баласының қасында аяғынна мінген кұр
аттай шауып жүрсе, бұның өзі сайып келгенде, ері майданнан қайтпаған
жесірлердің- көздеріне күйік боп көрінбегенде қайтушы еді. Бұдан өткен зауал бар
ма? Қайта олар қызғаныштық жасап қазақ әйелде-рінің түтіп жеп қоймай
жүргендеріне шүкіршілік айтсын. Алтынкүл, бірақ  бұл ойын Шерниязға төбеден тускендей дүңк
еткізіп тура айтудан тайсақтап, сөз желісін басқа арнаға шұғыл бұрып жіберді.

-        Е..е, қайным, жүйелі жауаптан
қашып, бар ауыртпалық, бар қасірет-қайғыны  соғысқа жауып, жалтарып құтылып кетпек
болғаныңа болайын сенің. Бәр-бәріне сол
кінәлі де... Әйтсе де
айтайын, қайным. Көңіліне келмесін. Мен сен секілді көк
жасық жан емеспін. Айтарымды тура бетке айтам, (Жоғарыда Шернияздан тайсақтап,
тіліне оралған алғашқы сөзді айта алмай қорғалақтап, ақырында, міне осылай сырғақтап тұрғанын жасырды, әрине). Әйел
басыммен шындық үшін шырылдап отқа да, суға да түсуге бармын. Ажал бар деп және
қорықпаймын. Құдай өзі берген жанын өзі алады. Басқа ешкімде емес,- деп басын әлденеден ақтап, арши сөйлеп, бағасын арттыра түсіп, сәл аңырып тұрды да
кенет бұл күтпеген тосын жәйтті
ойланбай қойып қалды.-Айтсам, қайным, былай,- деді ол жаңалық ашқандай болып әрі өз үніне ерекше мән беріп,- соғыс екеш соғыс та кісіні
алалайды екен, оны кім білген бұрын! Немене, бұл сөзім қате ме?- деп жүзін тіктеп кайнысынан қадала сұрады да, одан жауап болмағасын
сөзін қайта

жалғады.- Ендеше Орысбайдың он баласы бірдей оралмаған
сол сұм соғыстан, Жамаубайдың жар дегенде жалғыз
ұлы жарқырап келмеген сол сұм
соғыстан жер- дүниені таң қалдырып Беделбайдың бес баласы бірдей салып ұрып аман-есен жетіп келгені кәне? Бұл - кісіні алалау ма, жоқ па? Жазығы: Орысбайдың
Беделбайдан сабаудай-сабаудай бес
баланы артық сүйгені ме? Немене, құдайдың көзі көпке түскені ме сонда?! Жар..рай..

йды. Ал Жамаубайдың жалғызы не?
Көз жасын төгіп зар еңіреп жүгіріп жүріп жалғыз тал шикі өкпе баланы көктегі хақ-тағаладан әзер дегенде сұрап алғаны ма? Ендеше ешкі талға қандай өш болса,
ажал да жалғызға сондай өш келеді деген сөз рас екен де..,- деп екпіндеп қызып
сөйлеп келді де, сосын сәл кідіріп тыныстап алып, іле қайта сумаңдады.-
Бетім-ау,- деді сұқ саусағымен бетін сыза сөйлеп,- оны айтып қайтем, мен
бейбақ! Бүкіл бір ауылдан қан майданға аттанған ер-азаматтардың ішінде
Беделбайдың бес баласынан өзге тірі оралған жан бар ма екен әуелі. Соны
айтсаңшы бәрінен де... Бәсе, бәсе... бү неғып бұрын ойыма келмеген,- деп басын шұлғып ойланған қалып танытып отырды да, артынша Шерниязға
бұрылып:- Ал, қайным, бұған не дейсің? Сонда
немене, бүкіл ауылдың ырзық, тілегі тобан аяғын тобығынан басқан Беделбайдың
ырзық, тілегінен кем болғаны ма?!  Шернияз
жеңгесінің койған бұл сауалында шындық жоқ деп те және оған жауап берем деп те
айта алмады. Себебі тағы бір қисынсыз сұрағын алдыма көлденең

тартып, мазамды
алар деп ойлап, бір-екі шыны шайдың өзін абыл-ғұбыл асығыс ішіп, орнынан тез
түрегеп жөнеле берген. Есіктен шығып бара жатып:

-        Жеңгей, жайша келіп
пе едіңіз?- деді сартмезі рет жасап
қана емеурін білдіріп.

Нендей бұйымтаймен
жүргені жаңа есіне түскен Алтынкүл:

-        Ойбу, жазған
басым-ай, әңгіме соғып отырып қалған екем ғой. He бетімді айттым енді?!- деп
орнынан  қозғала бергенше Шернияз есікті жауып
тысқа шығып Баласының азар да безер
боп қашқақтап жөнел бара жатқанын
іштей сезінген Қызайым ана үлкен кісіге тән сабырлы,
байсалдылық танытып:

-        Келін-ау, от ала
келген жоқ шығарсың. Құйрығыңды
бассаңшы кішкене... Шай ішіп, әңгімелесіп өзімізше отырайық та,- деді дастарқан
үстіне жаңалап нан турап жатып. Ашуы қандай тез болса, қайтуы да
сондай жылдам Алтынкүл Қызайым ананың бұл лебізіне құлақ асқандай сыңай аңдатып:

-        Солай дейсіз бе, ене. Онда
отырайын,- деп оңай көніп қайта жайғасып отыра кетті. Шернияз үйден шыққасын да
басын қаумалап торлаған қалың ойдан арыла алмады. Оған Алтынкүлдің жаңағы
сездері себеп болғанға үқсайды. Сол Алтынкүлдің жаңағы сөзі бүтіндей дүрыс
болмаса да, әйтеуір, оның арғы астарында бірдеңе бар секілді әсер етті де тұрды.
Бес баласы бірдей аман-есен шауып жетіп келсе Беделбайдың беделіне қарады
деймісің бұл соғыс. Мүмкін бұл кездейсоқтық, мүмкін бұл сәттілік шығар...
Мүмкін бұл тіпті тобан аяғын тобығынан басқан онсыз да кембағал кісі екеиін
ескеріп, сұм тағдырдың оған қарасқаны болар... Бұның бәрі шынында сол себептен
бе, жоқ па - ол жағын Шернияз ойлап бас қатырып жатпады. Бірақ ол білетін жалғыз
ақиқат нәрсе сол: бұрын Беделбай адамның қоры, жаманы саналып келсе, қазір ол атау
өз-өзінен түсіп қалған қолдағы сүйелдей мүлде ұмытылып, еленбейтін болғандығы
еді; сонымен бірге оның сабаудай-сабаудай бес ұлының арқасында ел қатарына
қосылып, тіпті кейде кім-кімнен де бір демі артық көшелі кісі атанып, ауызға
алынып, айбынды көрініп жүретіндігі еді. Сондықтан ауыл жұртының біразы Беделбайдың
үйін құдай қыдыр дарытқан киелі шаңырақ көріп, тұстарынан әрі-бері еткенде
іштерінен мінәжат етін, сыйына қараса, ал біразы оның үйі тұрған тұсқа алыстан
көз салып, сол орайда сыртынан әртүрлі сөз айтып, өзегін өртеген кызғаныштан
жарылардай боп тырсылдап жүретін. Өзінен.бағы асқанды жұрттың қайсы бірі
бүгінде жақсы көреді дейсің, тәйірі. Бірақ, қалай десек те, еркегі бар үй бұл тұста
ерке боп та, серке боп та танылып алыстан ардақты көрініп түратыны өтірік

емес-ті. Беделбайдың қазіргі бақытты өмірін жаңағыдай сезінген Шернияз дәл
осы мезетте Ойық ауылының өзге тұрғындары жөнінде де әлденендей ойға шомып келе
жатқан. «Соғысқа аттанған ауыл азаматтарының өзгесі түгел жұлдызы жарқырап тірі
оралмаса бұған да себеп жоқ емес шығар,- деп тебіренді ол өз ішіне өзі үңілгендей
болып.- Әлемге төнген қатер ұлан-байтақ кең даланың бір пұшпағында тіршілік
етіп отырған оймақтай Ойық ұлысын сызып етпей тоқтамайтын болса, оның несі айып?!
Бүл соғыс ауыртпалығын бүкіл елмен бірге Ойық ұлысының қоса-қабат қайыспай
көтерісіп, ұрысқа бел шешіп батыл кіріскенін танытпай ма қайта; соғысқа барған
ер-азаматтары жаумен шайқасып қынадай қырылса да сол қасіреттен бұ елдің туралап,
біржола шөгіп отырып қалмаған және қала алмаған беріктігін танытпай ма қайта;
шағын ауыл болса да сол ұлы сүргінде сұрапыл ірі кайғы арқалай білген қаранар
іргелі ел екенін танытпай ма қайта!..»

Ойдан ой туындап,
көкірегіне қыжыл кірген Шернияз кеңсесіне қалай жеткенін сезбеді.

XVII

Директор
кабинетіне кіріп, жұмыс столына жайғасып отырғаны жаңа ғана еді. Секретарша қыз
артынша бас сұғып:

-        Шернияз Сардарбекович, сізге кіруге бір
жас жігіт рұқсат сұрайды,- деді қашаннан биязы сөйлейтін дағдысы бойынша әнтек
күлімсіреп.- Директор басын

столдан шұғыл көтеріп
алды.

-        Кім?

-- Білмедім.

-        Жарайды. Кірсін. Іле есік ашылып,
үсті-басы кір, шаң, тозыңқы бір бейтаныс жас жігіт аяғын ақырын сүйрете басып
ішке кіріп келе жатты. Өңі сондай сұсты, әрі ашулы көрінді.
Ер кісілерге тән мінезбен еркін амандасты да, директор нұсқаған орындыққа жайғасып, қашан жөн сұрағанша тырс етпеді.

-        Есімің кім?

-        Атжалман

-        Дұр..рыс. Қандай шаруамен келдің? Айта
отыр.

-        Аға, мені
жұмысқа алыңыз.- Жігіттің алғашқы сөздері
таудан құлаған кесектей дүңк етіп оғаш естілсе де Шернияз шам көрмеді. «Айта бер, құлағым сенде» деп тыңдай түспек болды.

-        Бұрын қайда істеп едің?

-        Оны сұрап қайтесіз. Жұмысқа аласыз ба жоқ па - бірден ашып айтыңыз?! Күлтелеп бопсалағанды жаным сүймейді.

-        Алайын. Бірақ
қолыңнан қандай жұмыс келетінін ашып айтпадың ғой.

-        Мамандығым
тракторист еді, ағасы,- деді даусы енді
жұмсарып.- Әйтеуір, соны
көпсінбей құлағынан ұстатсаңыз болды.
Одан арғысын өзім де құдайдан тілемес едім.

Шернияз жігіттің колхозға бармай не себепті өзінен жұмыс сұрап келгенін жаңа түсінді. Өз мамандығын жанындай жақсы
көретін болғаны-ау, шамасы. Әйтпесе coнay жер түбінен осында сіңірін созып жетер ме еді деп ойлады.

-        Кәне,
өтініші бар ма?- деп назар сала тіктеп қараған.
Соның арасынша лып етіп жігіт те өтінішін ұсына қойды. Директор
бұдан кейін қоңырау шалып алдында отырған секретарша қызды шақырып алды да,
гаражға барып бас инженер Мюллерді тауып кел деп лезде жүгіртіп жіберді.
Шаруасы бітіп, көңілі жайланған Атжалман сонда барып бір-ақ шешілді.

-        Өзім айдап жүрген трактордың
индівалы сынып қалып еді, аға. Зардапты содан тарттым. Жөндеу мастерскойын күте-күте екі көзім төрт
болды. Мастерской тұрмақ қарасы да көрінбеді. Ақыры болмағайын тоқсан шақырым жердегі егістен индівалды жөндетіп
алып қайту үшін орталыққа келдім. Бірақ бас инженер Көшкінбаев та, мастерской меңгерушісі
Төлепбергенов те сынған индівалды тез арада жөндетіп берудің орнына әртүрлі
сылтаулар айтып, «ертең келмен» өзімді әбден әуре-сарсаңға салды. Сөйтіп жұмыстың қызу кезінде нәйеті бір индівалды жөндетем деп жүргенде әлгіндей сер-

гелдеңмен жеті-сегіз күнім аттай желіп өте шықты.

-        Директорға
айтпадың ба?

-        Айтқам.-
Жігіт жақтырмай кабағын шытты.- «Сендей
кержалқаумен осылай сөйлесу керек» деп қайта мені жұмыстан қуып жіберді. Сөзіме құлақ аспады. Сонан өкше ізінен
табандап қала қоймаған менен ертерек құтылғысы
келді ме, немене, ерттеулі тұрған атына қарғып мініп, әлдеқайда асығыс құйғыта жөнелді. Құдды сыбағасынан құр қалғандай...

-        Ым..м. Солай
де.

-        Солай.
Үшеуі жең ұшынан жалғасқан
сыбайластар еді. Техникадан хабары жоқтығын естіп бір-бірі арқылы етегімен
жауып, бүркемелегісі келеді. Оған бола ма,
түге.

Шернияз жігіттің осы лебізінен-ақ
оның қай ауданнан, қай
МТС-тан келгенін жазбай таныды да, одан әрі қазбалап
сұрамады. Өзі әлгінде шақыртқан Мюллерге жігітті
мұқият табыстап:

-        Кеше жаңадан
әкелінген екі трактордың бірін осыған
берерсің. Сөзі ширақ, пысық
жігіт көрінді. Күтіп ұстар,- деп еді.

-        Шернияз
Сардарбекович, оның мүмкіндігі бола қояр
ма екен,- деген жауап естіп еңсе көтере алға қарады.

-        Heгe?

-        Екеуі де
бөлініп жада иелеріне беріліп
қойылған еді.Директор мен бас инженер бір-біріне қадала қарасып қалды. Осы
ыңғайсыздықты өршітпейін деп жіті бағамдаған
әлгі жігіт:

-        Маған ескі
трактор да жарай береді. Болса соның бірін
қолыма ұстатыңыз. Қалғанын
өзім реттеймін,-деп табандап тұрып
алды. Бұған директор да, бас
инженер де дән риза болды.
«Мынау бүлінгенді бүтіндемесе бүлдіргі
алмайтын салауатты азамат көрінді» деп ойласты. Шұғыл жадыраған бас инженер:

-        Ендеше жүр,
жігітім,- деп тысқа бастап ала женелді. Директор жігіттің жауырын-жотасына-, бас-аяғына түгел шола қарап:

 

-        Есімім
Атжалман деді ме? Атжалман десе Атжалман болар,- деді біртүрлі риза болған
кейіппен. «Япырай, кісіні тәлкек етіп, жұмыстан қуып шығудың неше-алуан тәсіл-жоралғысы бар екен-ау, ә» деген күйінішін де жасыра алмады, әрине. Іле алдындағы қара телефон шоршып
түсіп безілдеп қоя беріп еді, босқа шар-шар етпепті, директор құлақ

тосып тыңдаған сайын көздері суық сәуле шашып, ақ сары жүзі қуқыл тартып,
сазара түсті. Кенет телефон трубкасын ершігіне сарт еткізіп ашулы тастай беріп,
тысқа ата жөнелген. Победасы да сыр етіп көлденең тұра қалды. Директор жөн
сілтегенде жер бетімен сырғыран сұр победа «Жаңа тұрмыс» колхозын бетке алып құстай
ұшты. Осының өзі-ақ жағдайдың онша мәз емес екенін аңдатқандай еді. Eгiс басына
өзінен бұрын Нарболсын басқарма жеткен екен. Бетіне қан теуіп түтігіп, қара
торы сұлу жүзі күреңітіп кетіпті. Ашудан тілі күрметіліп жөнді сейлей алмады. «Жолдас Сардарбеков! Жолдас
Сардарбеков бұған кім жауап
береді? Масқара ғой бұл.Позор! Позор!» деп
қайта-қайта жерге түкірінеді. Шерниязды бұрын «аға» деп сызылып
тұрушы еді. Қазір онысын ұмытыпты, Бәрі комбайнер Шлейгиннің жауапсыздығынан
туған келеңсіз жәйттер еді. Ол соңғы
бес күнде небәрі алты-ақ гектар егін
орған. Оның тең жарымын комбайнның астық қабылдайтын транспортерін дұрыс реттемей орып, өнімнін көбісін сабағына жіберген. Оның
үстіне комбайнда сабан жинағыш жоқ еді. Бұ да аз дау болмады. Шернияз
қарадай күйді. Екі беті ұяттан
өртеніп кете жаздады.

-        Бұны аға агроном Үмбетбаев жолдас
біле ме?- деді қабағын шытынып. Біледі.-- - He деді?

-        Жағдай қиын болған екен деді
де қойды. «- Ым..м. Солай деді де.- Шернияз басын күйзеле изеді. «Бұның атын іске жаны ашымастық дейді. Жаны ашыса бүйтіп табанын жалтыратып әлдеқашан тайып тұрмас еді ғой. Шара қолданар еді. Көрдің бе қарасын басырып,
ізім-ғайым жоғалғанын. Жер астына судай сіңіп, кұрып кетсе де таптырмай
қоймаспын оны,- деп қызынды. Кенет көзі бір жерге ұмар-жұмар үймелеп, лып-лып шоқып, дән
теріп жеп, үпір-шүпір үйіріле қалған топ торғайға түсіп еді, жер астынан жеті әзірейіл шығып келе жатқандай сұмдық шошынды.-
Бәсе, бәсе!-деді тілін кәлимаға әзер келтіріп.- Heгe бұ маңда қаптап ұшып жүр десем... сабағынан бөлініп
жерге бітеу түскен қызыл дәндердің қызығын бірге көріп жүрген болды ғой бұлар да. Әй, қу өңеш-ай! Бір-бірін
баса-көктеп, жанталасуын
қарашы түге. Әркім өз құлқынын ойлайды.- Ол түсін суыққа
салып, сырт айнала берді.- Осы
пытырадай шашылып, сабанда кеткен қызыл бидайды Шлейгин мен Үмбетбаевтың өздеріне бір-бірлеп тергізсе
шіркін. Сонда көрер еді іске жаны ашымаудың қандай болатынын». Жүзіне қайта-қайта жаутаңдай қарап,
өзінен жауап тосып тұрған басқарманы жаңа аңғарды.

-        Ендеше,- деді түтіге
түнеріп,- осы үш гектар егістіктің өнім шығынын сол екеуінің мойнына жаз. Аға агроном
Үмбетбаев пен комбайнер Шлейгінді айтам...төлесін солар.

-        Қаталдау емес пе?

-        Жоқ.

Шернияз өз ойын кесіп, пішіп бір-ақ айтқан. Нарболсын қарсы болмады. Қайта жүзі жылып сала берген. Себебі жаңа әзірде
директордың жасын сыйлап, әрі сұсты суық жүзінен сескеніп, шала-шарпы орылған үш гектар егістің
шығынын қалай мойнына қиып салам деп қолқа соғып
тұрған. Енді сол тығырыққа өзі жол тапқасын жадырамай қайтеді. «Рахмет, Шераға! Үлкен азамат басыңызбен жайымды ұғып, түсінгеніңізге рахмет!» деп

қашан көлігіне мініп жүріп
кеткенше алғысын үстін-үстіне
жаудырумен болды. Директор
енді кеңсесіне екіленіп жетіп барғысы келмеді. Өзіне карасты төрт-бес
шаруашылықты аралап, көріп қайтуды ойлаған. Сөйтіп тасбақаға ұқсаған сұр победасын
бұрғызып, Талас жағалай жосылған қасқа жолға әкеп салған еді. «Маған да керегі
осы еді» дегендей жерге жабысып сынапша сырғыды. Жол бойына өскен жыңғыл,  дүзген, теріскен дегендеріңе көз ілеспей дөңгеленіп
соңында қалып жатты. Шернияз сол күні қайда тұмсығын тіремесін, неге екені
белгісіз, әйтеуір бір ЧП-ның үстінен дөп түсумен болды. Колхоз сайын
төрт-бестен комбайн, төрт-бестен трактор үлестіріп беріп еді. Солардың кей
жерде біреуі, кей жерде екеуі жұмыс істемей қаңтарылып тұрғанын көргенде
әдепкіде не істерін білмей булығып дір-дір етіп кеткен. Трактор жүрсе комбайн
бұзылып, комбайн жөнделсе трактор сынып, алма-кезек бірі-бірін жолын байлап,
тығырыққа тірелген сәттер де аз емес көрінді.

Осының бәрін
ойлағанда директордың төбе шашы жидіп қала жаздады.

-        Бұларға не болған?-деп қамырықты.-
Гараждан жөнделіп, сақадай сайланып
шыққаны кәне, ендеше бункері бидайға толмай жатып неге қирап қала береді?

 -Неге қирамайды,-деп бір жақтан
механизаторлардың бірі шақ ете түседі.

-        Қирайды,- деп екіншісі қоштай
жөнеледі. Сосын даусын бәсеңдетіп, сабырлы қалыпқа кешеді.- Тозығы жеткен
дүниені жамап-жасқағанмен бола ма. Бұлар да сол сияқты. Аты темір
демесең тозып тебінгіге айналған жоқ
па. Сынбағанда қайтеді...

Көпті көрген, талай жылдан бері
шаруашылық басқарып үйренген кәнігі басқарма Бозтайлақтың колхозына барып еді.
Онда да келеңсіз бір жайдың үстінен дөп
түсіп, содаң көкірегі тіпті қыжылдап қоя берген. Жіберген комбайнның біреуі егіс басына бара жатып,

арық-атызға соғылып, бөлшектері ұшып-ұшып кеткен. Бұған кім кінәлі? Атам
заманнан сүйек-сүйегі саудырап, ( ұрып бітуге айналған комбайнды ілдәлап жүргізіп
келген комбайнер ме, жоқ егінін арық-атызы көп өңірге салған колхоз ба?
Қайсысы?! Директор іш пікірін тысқа шығармады. Eгic басына баратын бұдан басқа
жол жоқ па?- деп сұраған.

Жоқ.- Басқарма да жауапты қысқа қайырды. Соның арасынша әлдеқайдан caп етіп
шаңын суырып көшпелі шеберхана жетіп келе қалып еді. Директордың көзінен үміт
оты жылт етіп, жүзі жадырап сала берді. Баналы бері еңсесін әлдене басып,
ауырлап тұрған де-

несі де біртүрлі жеңілейіп қалды. Аздан соң шоферін комбайнды бірге жөндес
деп осында қалдырып, машинасын өзі айдап ілгері қозғалған. Содан орталыққа
бір-ақ тартқан. Кеңсесіне асығыс жеткен
бойда парткомнан бастап бүкіл маман басшыларды алдына түгел жиып, мәжіліс өткізді. Кейбіріне жеке-жеке нұсқау
беріп, сол заматта колхоз-колхозға шұғыл
аттандырып жіберді. Сөйтіп
кешкісін шаршап- шалдығып үйіне
сүйретіліп әзер жетіп еді. Бәрібір береке таппады. Төрінде калың етіп көрпе
төсеттіріп өзін тосып ауылдың сөз баққан бір шалы шалқайып жатыр. Шернияз
ішке сәлем беріп кіргенде ол жастықтан жаңа бас көтеріп жүресінен отырған беті
еді. Екеуі бір-біріне қол ұсынып сабырлы амандасты. Алғашқы дидарласу танысып-білісіп
дегендей жөн сұраудан әріге аспады. Өзі едәуір жерден суыт жүріп келген кісіге
ұқсайды. Қабағының қатулы, жүзінің ашулы көрінуі Шерниязға міне осыны аңдатып
түрғандай еді. Үй иесі қасына кеп жайғасып, жөн сұрасып сәл отырғасын көп уақыт
оздырмай шал сөз бастады.

-        Шырағым Шернияз, дүниенің
қабағын бағып өткен танымы бөлек белді бір азаматсың. Сенің сол кісілігіңе сеніп
келдім бе, жоқ бұдан артық төзіп отыра беруге

құрғыр шыдамым
жетпеді ме, әйтеуір сонау «Бірлік» колхозынан қаба сақалымды түйенің мойын
шудасындай желге төсеп, жағдай айдап алдыңа сабылып келіп тұрған жайым бар.
Колхозымызды өзің сынды білікті бір азамат басқарғанда, аузын ұрайын
қызталақтың несін айтасың, Таластың сол арғы жағынан кәрі сіңірімді созып
арып-ашып осында жетер ме едім, жетпес пе едім,! кім білсін?- деді шақ-шақ
етіп. Бұл - қаршыға денелі қағылез кісі - Орманбет деген жыланкөз шал еді.
Жылан көзі тереңнен жылт-жылт етіп көрініп жылымдағыны арбап суырып алардай
жымсиып тұратын. Әлі сол қылығынан танбапты. Жылан көзі жылт-жылт етіп үйдің
ішін кезіп жортқанда ізінен суық сәуле шашырап,

бірге жүгіріп жүргендей
сезіледі. Шернияздың денесі мұздағандай болды. Бірақ онысын байқатпады.

-        Ақсақал, бүйымтайыңызды айта беріңіз.
Сізді тыңдап отырмын,- деді ажарлы пейіл танытып. Орманбет орнынан қозғалақтап
сәл жөткірініп қалды.

-        Шырағым, сенен несін
жасырайын,- деді сосын ұзын-сонар әңгіме айтқалы отырған кісінің сыңайын
алдын-ала аңдатып.- Біздің «Бірлік» колхозы кешегі соғыс жылдарында онсыз да
таршылық көріп қалған елдің бір бөлігі еді. Онда колхоз адамдары төзімділік көрсетіп,
шыдап баққан болатын. Ал енді сол кезеңде де жүні жығылмаған шағын ауылды әлгі
Нарқоспақ деген ит ары тартып сүйреп, бері тартып сүйреп, әбден сілікпесін
шығарып, ақырында бордай тоздырып болдыртып тынды. Қазір колхозымыз кеудесін
жерден көтере алмай бауырын сызға төсеп тұралап жатып қалған көтерем сиыр
секілді - керек десең шай қатық сүтке де жарытпай тұр...    

-        Ақсақал, кешіріңіз,-деді
директор шалдың сөзін белгеніне ғафу өтініп.- Тоқсан ауыз сездің тобықтай түйіні
не? Соны жинақтап, бір-ақ айтсаңыз қайтеді. Директордың өстіп ажарлы пейіл
таныта сөйлеуі «әл-деқандай болады» деп қауіп ойлап, қысылып-қымтырылып келген
Орманбет шалдың жолын бірден ашып тастағандай көрінді. Ол ендігі мезетте көп
қорқа соқпай директорға ысырыла жақындап отырып алды да келген шаруасын
аспай-саспай байыпты баяндауға кірісті.

-        Шырағым Шернияз, кедергі неден болды,
кердеңдеген кербезден болды дейтін түс емес қазір,- деп мақал-мәтелдеп бастады
Орманбет шал бұл жолғы әңгімесін.- Өзің айтпақшы сөзді көп созып қайтейін.
Қазіргі тұста колхоз жұртшылығы қатты күйзеліп, бейнет шегіп қалып отыр. Осыған,
Шернияз шырағым, сенің көмегін аса қат болып тұрған жоқ па. Бұған не дейсің? Нендей
көмек көрсете аласың?

-        He дейін, ақсақал. Айтыңыз.
Істін, ретіне қарай қам жасайық.
Қолымыздан келгенше аянып қалмаспыз,- деді дпректор орнықты сөйлеп.

-        Колхозшылардың
еңбек күніне деп астық берілмек
еді осы күзде. Соны басқарма сүйретпеге салып, әлі күнге дейін созып бергізбей келе жатыр. «Оу, басеке, бұныңыз не?
Үйімізде тіске басар түйір дән болмай қалды ғой.
Ел-жұртыңды аштан қырғың келмесе уыс дән болса да бірдеңе бергізсеңші, айналайын!» деп соңынан жалпақтап жүгіріп
қанша жалынып бакқтық. Кеше
де жағдайымызды айтып алдына түгел шұбырып бардық. Бірақ құрғыр итің сүйек,
еттен жаратылмаған ба, немене, бұл жолы да міз бақпады. Қара сұр жүзі қаны қашқандай сұп-сұр болып бедірейіп тұрып-ұүрып, ақыры ләммим деместен кілт бұрылып, жөніне кете барды. Осы кісілік
пе, шырағым?- Орманбет бұл жәйтті жыларман

болып айтты.

-        Сонда не
істемедің?- дейді.

-        He
істемедің деуші еді, тәйірі. Ел-жұртқа
әшейін көз ғып жасап отырған
қысастығы да... ашсам алақанымда, жұмсам
жұдырығымда бол деп. Оған жұрт көнер еді, қанша өктемдік
жасаса да көтерер еді. Бірақ бәрін
бүлдіріп жүрген өзі -
аузындағысын жырып алып құйрығының
астына басып бермей телміртіп қойса тепсінбей қайтеді бұ жұрт. Қайта теңіздей
толқып келіп, астындағы атынан
аударып, жағаға бір-ақ соғып, лақтырып
тастап кетпей жүргеніне рахмет айтсын, ол-шошқа!

-        Ақсақал,
кісіні сыртынан ғайбаттап сөйлемесеңіз болмай
ма? Қанша дегенмен ол кезінде өздеріңіз сайлаған колхоз басқармасы емес пе.
Естісе ұят болып жүрер,- деп
директор төрелік айтып әрі сақтандырып еткен еді. Маналы бері терісіне симай  ырсылдап
отырған Орманбет шал сол заматта тарс
жарылды.

-        Шырағым, сөзімді түзетіп
мінімді бетке айтсын деп алдыңа келгенім жоқ. Құлағыңа жақпайды екен - тыңдама, тыңдайды
екенсің - айтпа. Онысы несі-ей?!

Ашынған кісі не демейді.
Ашындырған өзі. Ендеше өзінен
көрсін. Ал оның өті жарылады екен деп ол сөзді қосына айтпай және тұра адмаймын. Себебі онсыз сөзімнің тұздығы кірмейді. Түсіндің бе енді?! Үй иесі ұқтым дегендей ишара жасады.
Орманбет шал «е..е, түсінсең болды»
деп іштей райланып қалды. Аздан
соң жүзін директорға қайта бұрып:

-        Әлгі
Нарқоспақ, мен білсем, колхоз адамдарын тығырыққа тіреп әбден сарсылтып қойғанға
ұксайды. «Қоймада азын-аулақ тұқымдық бидай бар еді, оны МТС-ке темір-терсегін
пайдаланғанымыз үшін аударғалы отырмыз. Екі-үш атыз жеріңді жыртып бердім деп қайдағы
жоқты міндет етіп майор шенді директоры төбемізге әңгір таяқ ойнатып барады,
Құтылайық қызыл көз бәледен. Екі күннің бірінде сотқа берем деп зірк-зірк еткенде
кісінің иманын үйріп бітеді тегі- деп бейбіт елді саған қарсы қойып, бір
дүрліктірді. Одан соң «Тұқымдық бидайды қарызымыздың өтеуі деп МТС-ке
аударып

жібере салуға да болар еді. Бірақ
көктемде өзіміз copлaп қалмаймыз ба тағы. Егіске себетін түқымды қайдан табамыз сонда?!» деп аңырып және тұрды. Сосын «Ой-бу. оны айтасың,
бүл тұқымдық бидайды МТС-ке
аударсам, сонда сендерге немді бермекпін, көктемде егіске немді сеппекпін, мен бейбақ! He істесем
екен, ә! Басым жатты әбден... Былай
тартса - басқа жетпейтін, олай тартса
- аяғына жетпейтін кішкене құрақ
көрпе мен болдым-ау нағыз» деп басын
тоқпақтап өп-өтірік күйінген болды. Ал енді түсініп көр оны. Нарқоспақтың солырду-дырдуынан
жұрт та қажып бітті, содан
біздің де сіркеміз су көтермей барады,
шырағым. Осыны өзің бірдеңе етіп қисынын тауып шешіп, жолға салмасаң болатын
емес,- деді жалынышты тіл қатып. Директор Орманбет шалдың күйзелісін тұла бойымен жіті сезінді. Бірақ
«Бірлік» колхозы өзіне қарасты шаруашылық болмағасын көп алға ұмсына бермей тек
әңгіме желісін бағып үнсіз тыңдап отырған еді. Ұзамай бар мән-жайға қанығып
үлгерді.

-        Ақсақал,- деді сосын сөздің-
ашығына бірден көшіп,- ертең, бүрсігіндері ауданға жүргелі отырмын. Сонда
барғанда сіз айтқан әлгі жәйттердің бәрін де келелі бір мәселе етіп аудандық
партия комитетінің алдына қоям. Ондағы жолдастар бұл мәселені дұрыс шешуге тиісті,-
деді үніне салмақ сала сөйлеп.- Тағы қандай тілегіңіз бар?

Орманбет айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп екі ұрын хал кешіп,
қыбыжықтап отырып қалып еді. Құлағының түбінен әлгі жағымды сөз қайыра
естілгенде алға ұмсына түсіп, ойындағысын ірікпей айтып жіберді.

-        Шырағым, айып етпе, Жаңа бас
сұғып кіргенде байқадым; дүкендеріңде мата-сата, қант-шай мол көрінді. Шетінен
кертіп сатып ала беруге қалтамда тиын-тебен болмады. Колхоз бізге еңбек күнге
деп астық бөлмесе қолымызға ақша ұстатпайды ғой. Соған қандай көмегің бар?- деп
Шернияздың жүзіне жәудірей қараған.

-        Енді қайттік? Осы үйдегі
барды әлі әзір ала тұрмасаңыз дүкенге біздің сөзіміз жүрмейді ғой.- Шернияз шарасыз
кейіпте келіншегіне бұрылған. «Осы шалдың бұйымтай-тілегін орындап, құтқаршы
мені» дегені еді.

-        Ата, оны жүрерде сөйлесерміз. Әлі уақыт
бар ғой,- деді ентігіп екі иінінен дем алған сары самаурынның шүмегін ағытып,
сарылдатып шай құйып, жағалатып ұсына беріп. Осы кезде ауызғы бөлменің есігін
сықырсыз ашып, ішке әлдекім кіріп келе жатты. Үйдегілер бастарын көтергенде
табалдырықтаң бері аттап үлгерген Атамқұл қарияны таныды. Атамқұл директордың
төрінде беймарал жайғасып отырған Орманбет құрдасын көріп:

-        Әй, қу қақбас, сен де осында
ма едің? Қалай, аманбысың?- деп аяғын жедел басып келіп онымен төс қағыстырып
көрісті де, сонсоң бұрылып Шерниязға қолын ұсынды.

-        Қалай, шырақ, дені-қарның сау
ма?-деді. Екі кұрдас бір-бірін көптен бері көрмеген еді. Ауыл-аймақ, жекжат-жұрағат,
туған-туыстарының амаңдықтарын бір-бірлерінен сұрастырып, өзара әңгіме етісіп
отырған. Шай ішіліп, дастарқан жиылып өздері оңаша қалған бір сәтте Атамқұлдың
есіне бірдеңе түскендей жүзін Орманбет құрдасына тіктеп бұрып:

Әй, сені қартайғанда өнер шығарып, төсек жаңғыртып жас қатын алды деп
естідім бе, немене?,. Солрас па?- деп сұрады. Талап-тілегімді хош көре ме,
көрмей ме деп директордың үйіне әлдеқалай қауіп ойлап келген Орманбет шалдың бұл
уақта бар жұмысы ойдағыдай бітіп, қабағы жадыраңқы отырған сәті еді. Құрдасының қай хабарды

да ел-жұрттан
едәуір кеш еститін киіз құлақтығын
қылжаққа айналдырғысы келіп:

-        Рас,
рас..,- деп басын төмен тұкшыңдатып
изеген бойы мырс-мырс күлді.

Атамқұл да
аса түйсіксіз шал емес-ті. Орманбет құрдасының неге күліп отырғанын бет-әлбетінен жазбай танып, тосын сауал қойып,
тұралатып кетпек болды.

- Е..е, құтты болсын. Үйірге қайта салған кәрі айғыр мен болдым де сөйтіп. Жөн, жөн...
жілік майың таусылған тұста басыңа бір бейнет табылған екен сенің де... Жарап
жүрсең болды да, әйтеуір.Атамқұлдың мына сөзі Орманбеттің шымбайына қатты
батты. Ол, бірақ, сыр білдіргісі келмей шұғыл жауапқа көшті.

-        Бұ алпысыңды арқыраған айғыр жасы ма
деп қалдым, Атамқұл. Өзіміз
бір жас иістің ішін шертитіп, екі қабат
етіп үлгерсек сен әуелі жарап жүрсің бе дейсің, тәйірі,- деп шиқ-шиқ етіп таға да күлген болды,

-        Қойшы-ей?

Атамқұл
жас қатыныңның ішіндегі нәресте мүмкін сенікі
емес шығар, оны қайдан білесің деп айтқысы келіп бір оқталды да, онысы өзіне
өте дөрекі сезіліп, тіліне оралған алғашқы сөзді айтпай іркіліп қалды «Мықты болсаң жатыры кепкен менің
кемпірімді екі қабат етіп көрші» деген уытты сөз де сол
мезетте сұранып тіліне оралып тұр
еді. Атамқүл, бірақ, оны да айтпады. Жақсы-жаманды бастан бір өткеріп, жер
түбінен бірге жасасып, сары тіс боп
бірге қартайған кемпірін қорлап,
әлдекімнің алдында тірідей көрге тығатынын ой-

лады.

-        Еш қойы жоқ. Солай! Орманбет
жеңсік бермей өршіп өз сөзін нықтап, бекітіп қойғандай болды. Көңілінде
«алпысқа келіп ауыл үйдің арасынан ұзап шыға алмай қалған қанжау сен болмасаң,
өзіміз несін айтасың, алпысқа келсек те тәбеті қызылға шапқан қарт қыран
секілдіміз. Қыран қартайған сайын қауымды келеді демеуші ме еді бұрынғылар.
Ендеше білгің келсе біздің жай солай!» деген мақтаныш сөзім де жоқ емес-ті.

-        Мүмкін. Солай болса солай
шығар,- деді Атамқұл құрдасын құптағандай сыңай білдіріп.- Қыстан тұяғы ғана қыбырлап
әзер шыққан көтерем жас малдың көктемде көкке аузы ілінісімен-ақ сыртқы түгі
жылтырап, біраз күннің беделінде қунап, ойнақшып шыға келетіні кездеседі.
Қазіргі жас әйелдер де сол секілді ғой. Елдің есін алған сойқанды соғыс біткелі
арқа-бастары азда болса ауыр жұмыстардан босап, оның үстіне бойларына кішкене
жұғын дарып, беттеріне қан жүгіріп, кісі санатына қосылып калған жоқ па. Алайда
жаратылыс заңынан ешкім қашып құтылмақ емес. Қазір солардың алды еркек иіс
аңсап, түнімен «аһ» ұрып аунақшып шығатын болды. Ендеше сенің де үйіме кіргізіп
алдым деген әйелің бұла күші бойына симай киген шыт көйлегін қоса керіп, сырт
көзге тырсылдап көрініп, шиыршық атып жүрген сондай тоқ балтыр жастың бірі
шығар. Затында ондай неменің үстінен ызыңдап шыбын ұшып өтсе де бойына бірдеңе
бітіп буаз болып қалмайтын ба еді.Оның несіне мақтанып, бұтқа толасың.

Орманбет оның бұл
астарлы сөзін де қалт жібермеді.

-        Әй, Атамқұл-ай!-деді назды реніш
білдіріп.- Қияға тарта ма десем, қиялап қайда тартып барасың? Қыршаңқы болған аттай көткеншектеп
кері сөйлейтін қашанғы әдетің еді. Бақсам, сол дағдыңнан әлі жаңылмапсың.

-        О неге?

Атамқұл бүған «ә,
бәлем, шымбайыңа батқан екен, өкпе-назға ойысайын дедің бе?» деп кәдімгідей
қыбы қанып қалды. Соны сезген Орманбет тіпті іркілмеді. Бірдеп жауапқа көшті.

- «Неге?» дегеннен басқа білерін, бар ма? «Неге?» дейді ғой... Оу, жазған
кәрі бозым-ау, қайрақ мықты  болса пышақ
өткір болмай қайтушы еді. Соған да ақылың жетпеді ме, сен ант ұрғанның?!-деді
өп-өтірік күйінген кейіп аңдатып. Әйтсе де ол бұл лебізімен «кемпіріңнің
қасында өлген жыландай денең мұздап, мойның босап, былқ-сылқ етіп отырысың
мынау. Себебі кемпірің - тозған қайрақ, өзің - жұқарған пышақсың» деген құйтырқы
ойды қоса сездіріп өткендей болды. Атамқұлдан өзге біреу болса бұған шамданған
болып, Орманбеттің сақалынан арс етіп ала түсер ме еді, әлде қайтер еді. Атамқұл,
бірақ, ондай сұмдыққа бармады. Қайта Орманбет құрдасынан жеңілгенін таза
мойындап;

-        Бұрын он ырғап салғанда бір
батпайтын жүзі жоқ тотбасқан көне пышақ едің. Қазір тоты кетіп тазарып, жүзі
жарқыраған алтын сапты саптама бопсың. Оның үстіне тілің де өткірлене түскенге ұқсайды.
Әлден-ақ кім-кімді де қиып түсетін сыңайы байқалып қалды. Соған қарағанда
кайрағың, сірә, мықты болса мықты шығар, кім біледі...- деді. Бұрын мал жүрген
жерде қазақ, қазақ жүрген жерде ет, ет жүрген жерде пышақ, пышақ жүрген жерде
қайрақ жүретін. Жаңа екі құрдастың жас әйелді мықты қайраққа, жас әйел алған
шалды өткір пышаққа теңей сөйлеуінде міне осындай түйін жатқан-ды. Шернияз қарттардың
сол әзіл-қалжыңынан олардың өз дәуірінің жарасымды тілін, сырын ұққандай болды.
Ал Шернияз, Шернияздың қатар-құрбылары болса бұның орнына басқаша балама тауып
қолданып: «Жылдар бойы тусырап жатқан тың жерге қураған қу ағашты қадай салсаң өзі
сәлден соң-ақ көктеп өсіп, шешек атып, құлпырып шыға келетіні қайда. Ендеше
қойныңдағы жас қатын бар асылын бойға жинаған, не ексең де сол жарып шығатын
тусырап жатқан тың жер болғанда, ал жалыны тас қайнатқан сол жас қатынның ыстық
деміне бүкіл кәрі тәніңді тосып жылытсаң, содан кепкен шандыр бетіне қызыл
күрең қан жүгіріп, түгі майланып жылтыраса әлгі қу ағаш секілді қайта тіріліп
өніп, жасарып қунап

шыға келмейтін сенің не жының бар» деп өзара қалжыңдасар ма еді, кім
білсін. Бірақ, қалай десек те, екі қарттың қалжыңының жөні бөлек-ті. Қайрақ пен
пышақта қазақ халқының бүкіл тіршілік-тынысы, мінез-болмысы жарқырап көрініп тұрғандай
болды Шерниязға. Қайдан саңлау тауып ішке кіргенін кім білсін, әйтеуір осы
заматта бір қара шыбын Орманбет қарияны тәңіректеп, ызыңдап ұшып жүріп алды.
Өзгесі өз аулымның кісілері деді ме оларға онша батып жақындай қоймаған. Тек
бөтен, жат иісті сезгендей Орманбет қарияның маңынан шықпады: біресе бетіне
қара ноқат боп жабысып, біресе арқа-басына табан тіреп, одан желпіп ұшырып
жіберсе әлдеқайда қара үзіп жоғалып кетеді де, іле caп етіп қайта ұшып кеп
періште секілденіп иығына қонады. Содан Орманбеттің иығы тітіркенеді. Әбден мазасы кетті. Қенет ыза
болды ма, жоқ қасындағы екеуге оқыс
өнер көрсеткісі келді ме, әйтеуір маңайынан ызыңдап ұша берген әлгі шыбынды алақанымен қағып ұстап алды. Маналы бері
құрдасын көзінің қиығымен
бағып

отырған Атамқұл
осы көріністі тілге тиек
етіп:

- Төбеңнен ұрғашы шыбын ұшырмайтын бопсың, ә!- деп мырс-мырс күлді, Құрдасы уәжден тосылып қалды. Мардымды жауап қайтара алмай ұялған тек тұрмастың кебін киіп, өзі
де қосылып мырсылдап күле берген. Ертеңінде Жәмила қонақ шалды дүкенге ертіп
барып, таңдаған матасын, құнттаған қант-шайын қалағанша алып беріп, шылбырын
шешіп атына мінгізіп жіберген. Тумысында көрмеген сый-құрметке көңілі шалқып,
дүкен алдында атын кайта-қайта кері бұрып, ризалығын білдірген боп, келініне әлденелерді
дауыстап айтып жатты. Онысы: жұрт естісін, білсін деген ішкі қулығы еді,

-        Келін шырақ, өзіңе дән
ризамын. «Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» деген, семіз дөнен қойым бар
еді. Соны ана жаманыңа (баласын айтады) бәсіре ғып атадым. Қолым тисе өзім,
тимесе қатынаған біреу -міреуден беріп жіберермін кейін,-деп желпілдеді. Сөйткенде
иегіндегі шоқша сақалы қоса желкілдеді.

-        Алла разы
болсын. Co да жетеді. Керегі жоқ қойыңыздың,-деп Жәмиланың шыр-пыры шықты.

-        Тәйт әрі. Қолымды
қақпа. О, несі-ей! «Сыйға - сый,
сыраға - бал» деген бар емес пе. Осы күннің жұрты не боп барады өзі. Берген сыйды алмаймын деген не сұмдық! Аласың. Айттым - бітті!- деп Орманбет шақылдады. Сөйтті де
Жәмиланың соңғы жауабын тоспай атын
тебініп сыдыртып жүріп кетті.

-        Қойы кұрысын.
Өзінен әзер құтылдым ғой тегі. Жұрт
естісе не дейді. «Ойбай, пәре алып жатыр» деп аттан салар...
сан-саққа жүгіртер. «Уһ!» Жәмила «қойыңды жеткізіп сал» деп айтпағанына қуанды.