ВЕРНУТЬСЯ

       Балталауға,жаңқалауға көнбегесін ақыры

Сексеуілд і сексеуілге ұрып сындырған.

Ар-намыс боп бұлқынған,

Сардар елдің жолына

Көлденеңдеп
кім тұрған?

Жын атқан дию арақпен,

Жүзі суық қару-жарақпен

Жеңе алмағасын ақыры

Ер қазақты қазаққа ұрып сындырған,

Ел болғасын іргелі,

Алыс қырға көз салған

Түріп қойып іргені.

Қандай жаумен шайқасса да қаншама,

Айқасса да қаншама,

Жеңіле алмай жүргені.

Соғыстарда қан жосылып
селдеген,

Ер қазақты қандай жау да жеңбеген.

Ата-баба аруағы қолдай ма,

Көз жұмса
да өздері.

Рухтары өлмеген.

Ата жұртқа
жау бар ма,

Төтеннен қаптап төнбеген.

Қырылса да қынадай,

Жанған оты сөнбеген.

Бұрын-соңды
көрмеген

Тал бойында тасқындап,

Бүркіт аруақтанып
күш дарып,

Егеулі найзадай ұшталып,

Ақырында жауды қуып ерлеген.

Шабуылдаған дұшпанды,

Өз жерінде жерлеген.

Сондай батыр қазақты,

Сондай өжет қазақты

Жеңем десең сен егер.

Қолдарына ысқырған

Қолына жауырын жебе бер.

Арпылдатып төбеттей

Бір-біріне
айдап сал.

Айдап салсаң  қайрап сал.

Қанжосағын

Сүмбіл сұлу денесін,

Тұралатып тұлпарын,

Қайырлатып кемесін,

Алыстан арбап,

Торғай жұтқан жыландай

Көп ұзатпай жеңесің.

Заманалар шыңдаған

Қазақ бар ма бір-бірінен сынбаған.

Қазақ бар ма бір-бірінен қыңбаған.

Алдамақ боп бір-бірін

Сөздерінде тұрмаған.

Ақыл-ойы тұрса да асып өзгеден,

Жатқа барып жүгініп,

Жатты барып тыңдаған.

Ел болса да іргелі,

Жаулық қана -білгені.

Қайда батпақ сонда аунаса доңыздар,

Қайда сор бар

Қазақ сонда жүргені.

Айналайын қандасың

Толтыратын да тұтқынға

Орыс салған түрмені.

Жау сескенген айбарынан,
күшінен,

Қазақтарды кейде қалай түсінем.

Қырқыса ма өздері мен өздері

Қандай ел де ірігенде ішінен.

Қазақ қанша бірін-бірі талаған,

Төбеттейін қабаған.

Кісінеген айғырдай

Бөтеннің байталын көріп,

Көрінгеннің айтағына еріп,

Қазақ қанша бірін-бірі сабаған.

Өз орманын отаған

Жүзі өткір қара балтаның

Жұртпыз ба, әлде

Сабына ғана жараған.