ВЕРНУТЬСЯ

      Шернияздың қаза болғаны жайлы
суық хабар бүкіл Талас өңіріне лезде
тарады. МТС-тың бас инженері әрі парткомы Иосиф Мюллер бұл жаманат жеткенде кеңседе
- қызметте еді. Алғаш
естігінде жүзі лезде қуарып, құп-қу боп кетті. Аздан соң есін жинап, тысқа атып шыққан бойда гудокты ышқына
үсті-үстіне безілдетіп беріп-беріп жіберді. Гудок та суық хабарды ел-жұртқа қайғыра жеткізіп, ішін тартып
кеңістік ауада боздап, шыңғырып тұрып алды. Қаралы үйге тұс-тұстан жұрт ағылып келіп жатты. Үйдің ауласы, алды иін
тірескен жұрттан көрінбей кетті. Үлкендер: «Бұрын-соңды өлікке мұндай көп адам жи-налғанын
көріп отырғанымыз осы. Жүзінде иманы бар нағыз азаматым еді. Иншала арты жаман
бола қоймас.» десті. Обкомнан, ауданнан да біраз кісілер келіп, солар елге
сыйлы кісі өлімінің дұрыс жөнелтілуін үнемі қадағалап, бақылаумен болды. Кей
тұстарда өздері қоян-қолтық араласып, қолма-қол көмек жасап, қызмет етіп кетісті.
Бұған ел-жұрт сүйінбей қалмады, әрине. Немістер аза тұтып үш күн бойы жұмысқа
шықпады. Бұл шынында да қылмыс еді. Бірақ бұның есесін кейінгі
апталарда жұмыс істеп орнын
толтырмақ болды.Марқұмды Ойық
ауылының оңтүстік шығыс жағындағы зиратқа апарып жерледі. Ол көз жұмар алдында ағайын,
туған-туыстарын қасына түгел шақырып алып: «Тірлігімде елімнен бөлінген кезім
болмап еді. Қабірімнің айналасын қоршап, мені даламнан бөлмеңдер. Даламмен
бірге тыныстап жатайын. Сол секілді басыма жарқыратып күмбез де тұрғызбай-ақ
қойыңдар. Кеудемді тасқа бастырып, жаншығанда не түседі. Қайта тынысымды
тарылтпай ма ол» деп өтініш білдірген-ді. Ел-жұрты соңғы тілегін орындап
марқұмның басына қорған тұрғызбады, қабірдің айналасын тор көз темірмен қоршамады:
Бұны біреу құп көрді, біреу құптамады. Жұрт арасынан: «Шернияз уағында
ел-жұрттың қолынан келе бермейтін істің қыбын тауып, орайын келтіре білген азаматым
еді. Ал сол ел-жұрты марқұм болған азаматтың басына қалқайтып белгі қоя алмады
деген

не сұмдық!»
дескендер де табылды. Бір
күмбезге мықтағанда екі мың, үш мың кірпіш кетеді екен. Бұл - Ойық ауылы үшін
бұйым емес-ті. «Жабыл кедей, жабыл» деп білек сыбанып, кірісіп кеп берсе
бас-аяғы екі-үш сағаттың беделінде құйып бітер еді. Жұрттың сол ыңғайын
аңдағанда Жарықбас жарылып кете жаздады.

-        Әй, не тантып тұрсыңдар,
түге. О заманда, бұ заман коммунистің басына қорған тұрғызған кімді көрдіңдер.
Өйтіп партияның адал ұлына кір жұқтырмаңдар. Әйтеуір бір ескілік,
надандықтарын, қалмай қойды-ау сендердің!- деп ежірейген.

-        Басына белгі қойып, өлікті қадірлеп,
сыйлау да ескілік, надандыққа жата ма!-деп қарсы уәж айтып көргендер болып еді,
оны құлағына да қыстырмады.

-        Болмайды деген соң болмайды,-
деп ол қасарысып жеңсік бергісі келмеді.- Басқаны былай қойғанда марқұмның өз
тілегін неге орындамайсыңдар, а? Осы ма сендердің аруақты сыйлап,
құрметтегендерің,- деп жұрттың өздеріне пәле жаба сөйлеп еді. Олар ауыздарына
құм құйылып жым бола қалды. Жарықбас қабір басына бар су жаңа киімдерін киіп келген-ді.
Соны аңдаған жұрттың бірі: «Жазған сұм дүние-ай, пәтшағардың үстіне барын іліп,
тойға келгендей жұтынып тұрғанын қарашы» деп оған ала көзімен жақтырмай қарады.
Осы кезде қабір ішіне мәйетті түсірмек боп орнынан жылжытып қозғай берген еді.
Жарықбас үстіндегі су жаңа киімімен жерге тізерлей жүгіне кетіп, еңкейіп, марқұмның
кеудесін қапсыра құшақтап:

Қайран асыл Шерім-ай! Көзің қиып қалай тастап кетіп барасың мені. Шынымен
солай болғаны ма? Өзіңментел емген егіз қозыдай
едік екеуіміз. Енді, міне,
сыңарынан айырылған жетім қозыдай боп артыңда жаутаңдап қалып барам. Бұ қалай? Осы да әділдік
пе, а? Айтшы,  деп ағыл-тегіл боздай жөнелді.
Сосын сәлден кейін өксігін басқандай болып:- Бақыл бол, қайран асыл Шерім менің. Қайтейін. Қош демеске лажым бап ма. Қош! Үй-іші, бала-шағаңа көз қырымды сала жүрермін. Одан басқа қолымнан
не келеді, тәйірі. Ит тірлікте ырылдаскан кезіміз де бар шығар. Бірақ итшеарпылдасқан кезіміз жоқ-ты. Бар болса кеш. Армандакеткен есіл ерім-ай.! Кеш! Кеш!-деп
жылаған бойыкөпке дейін оны босатпай
құшақтал жатып алды. Кенет күйікке шыдамаған адамның
кейпін аңдатып:
бірге неге ала кетпедің, мен бейбақты. Бір енені

-        Сенен
аяғанды ит жесін. Сенен менің жаным артық па осы!-деп су жаңа костюмінің жағасын жұлмалап,
жұлқып айырып-айырып жіберді. Қазаға жиналған қарақұрым мол жұрттың ішінен бұған шын жаны ашыған кісілер де болды. «Қайтсін, байқұс!
Сыңарынан айырылып боздап тұрғаны да. Екеуі жерде қатар шапқан
қос тұлпар секілді еді, көкте
қатар ұшқан қос қыран секілді еді» десті. Бірақ екеуінің арасы аспан мен

жердей кісілер екенін жіті
бағамдап ескермеді. Шынында да Шернияз кім, Жарықбас кім еді. Алдыңғысыпенделіктен бір мойын озық жаратылған ел азаматы болғанда, кейінгісі сондай азаматтың арқасында ел қатарына ілесіп,
бала-шағасын асырап, күнелтіп жүрген қанжау
біреу емес пе, тәйірі.Жарықбастың
ішкі қалтарыс, қыртысына шейін жақсы білетін кәнігі жүрт оның бейіт басындағы
оғаш жасанды қылығын көпке дейін ұмыта алмай сыртынан келемеждеп, өзара әңгіме
етісіп, күліп айтып жүрді.

-        Япыр-ай, Жарықбас Шернияз
марқұмның жансыз денесін құшақтап, өлердегі сөзін айтып жылап, кешірім сұрап
еді. Бетінің қаны қашып, сұр тастай бедірейіп, сұп-сұр боп суық сұрланып жатып
алды. Сірә, кешпеді білем,- десіп әлденеге мәз боп, көздерінен жас аққанша
даурыға күлісетін. Бұл қалжың болғанымен арғы астарында Жарықбастың сұңғыла
сұмдықтарын әжуалап әйгілеген ащы кекесін, уытты мысқыл жатқан-ды. Тірі кезінде
Шернияздың қадіріне жеткен шын мәніндегі дос-жар адамы болса мейлі ғой, онда
жұрт оған канша байбалам салып жоқтап жыласа да иманындай сенер еді. Бірақ құдай
ұрғанда Жарықбастың әрекеті ішкі есептен туған жалған, жарамсақ көлгірсу боп
шығады да, ол көрер көзге бетке ұрып, түрпідей көрініп түрады. Оған жұрт қалай
илансын. Жәмила ес жиып, етек жапқалы бұндай қайғы-қасіретті бастан өткеріп
көрмеген еді. Күйеуінің өлімі бойындағы бар асылын сығып алып, құр қаңқасын ғана
қалқайтып калдырып кеткендей көрінді. Әлі әзір жілігінe ілініп қыбырлап жүр
дегені болмаса төрт тағандан кәдімгідей тұралап шөгіп-отырып қалғаны өтірік
еместі. Енесінің
жай-күйі өзінен де төмен, мүшкіл еді. Жалғыз ұлымнан мен өлгенде бір уыс
топырақ бұйырса екен деп арманды тілек етіп жүргенде,
дүние доңғалағы кері айналып,
жалғыз ұлына өзі бір уыс
топырақ салған жоқ па. Омырауынан ақ
сүт сауған ана үшін бұдан өткен қайғы-қасірет бар ма, сірә. Арада он шақты күн өткен. Марқұмның
жетісін беріп, енді кырқын да сондай көңілдегідей етіп атқарып жөнелтсек аруақ
риза боп қалар еді десіп отырған қам-

көңіл бір сәтте Жарықбас жарбиып
келіп тұр. Қанын ішке тартып, жүзінен суық ызғар шашып, сұрланыпалған. Үнінен де бір салқындықтың табы үздіксіз есіп тұрғандай еді. Қабір басында Шернияз марқұмныңжансыз кеудесін құшақтап жылағанын, дүйім-жұрттың көзінше ант-су ішіп, берген уәдесін...
бәр-бәрін әлдеқашан ұмытқан кісі сықылды. Келе Жәмилаға қадалып жекіп сөйледі.

-        Үйді босат деп
жатыр.

-        Кім?

-        Кім болушы
еді. Мен де баяғы...

-        Жылы
орнымыздан қозғайтындай сен кім едің сонша?

-        Менің кім
екенімде шаруаң қанша. Онан да көп далбасаламай
үйді босат. МТС-тың жаңа директорыкешіп
келгелі жатыр. Сол кіреді.

-        Біз қайтеміз
сонда?

-        Қайтуші едің.
Басқа үйге кіресің де.

-        Ол қай үй?

-        Оны мен қайдан
білейін.

-        Heгe білмейсің?- Жәмила енді шынымен
шаптығып ашуланды.- Үйді босат дегенді білесің, ал қай үйге бас сұғып кіретінімізді білмейсің. Сонда қалай
біз көшеде ашылып-шашылып отырмақпыз
ба?!

-        Қазір
МТС рельске түскен поезд секілді. Тоқтайтын жерде тоқтап, зулайтын жерде зулап келе жатыр.Ал оның жұмысын нәйеті бір үйге
бола қаңтарып тоқтатуға  болмайды,- деді
Жарықбас табан астында кешелі кісі бола қалып әрі әлдекімнен естігенін өз сөзі ғып
айтып.

МТС жұмысына
үйдің қандай қатысы бар?

-        Heгe қатысы жоқ. Қатысы
болғанда қандай, жаңа директор семьясымен осында көшіп келіп, МТС-тың басы-қасында
өзі жүрмесе жұмысы жандана ма?

-        Шернияз директор кезінде ғана
бұ үйге иелік етсін, ал өлген соң күртесін қарға шығып қалған жүн-жұрқаның
кебін кисін деген заң жоқ шығар. Әлде солай деп атап көрсетілген заң бар ма? Кәне
көрсетші көзіме.

-        Қарай гөр бұны. Заң-зәкүн
талап етеді күнін көре алмай жүріп. Талап етерсің атаңның қақбасы!

-        Әй,
атамның басында жұмысың болмасын. Білдің бе?!-Жәмила
әйелдік бетбақтығыңа салып шаптығыпшыға
келіп еді. Жарықбастың сәл зәрі
сынғандай бол-

ды.

-Ендеше үйді босат.

-        Босатпаймын.

-        Босатасың.

-        Мә.-
Жәмила екі саусағының арасынан бас бармағын шығарып көрсетті.- Мә, босатам. «О, әкеңнің көрі!..» деп Жарықбас
қолындағы қамшысын төбесіне үйіріп сілтей берген еді. Төрден сәл төменгі жерге жайғасқан Қызайым кемпір Жарықбас пен келіні екеуінің ақыры осылай ұстасып
тынатынын маналы бері сезіп отырса керек. Ол қайғы езген кәрі кеудесін ашу
үстінде жеңіл қозғап, атып тұрған бойда Жарықбастың қолындағы қамшыны жұлқып, тартып алды да есік жаққа қарай лақтырып жіберді.

-        Қараңқағыр,
еркегі жоқ үй деп басынғаның ба бұл.
Бұрын осы үйдің есігінен сығалап кіруге зар бопжүрген қас жаманның өзі едің. Бүгін кеп төрімде тайраңдап
төбемізге қамшы үйіре қапсың.
Жетіскен екенсің жүдә. Осы қу моланы басыңа күмбез етіп орнатып алам десең де қолыңды қақпадым. Ал қазір от-басымның берекесін алмай құры көзіме көрінбей.
Шық үйден. Жоғал!- деді жекіп. Жарықбас шығып
кеткен соң да Қызайым кемпір дір-дір етіп көпке дейін ашуын баса алмады. «Бұрын
ауыл шалдары арық кәрі атты сыртынан қызықтап тұрғандай болып, «Ойпыр-ай, мына
жануар да арып бітіп-

ті-ау; арымай
қайтеді осы ғұмырында талай белсендінің тақымынан өтті» деп таңырқасып тұратын
еді. Ендігі мезетте үй екеш үй де соның кебін құшатын болған ба, қалай. Бұрын,
бұ қызыл үйде бөгде біреу
отырған еді. Олардан соң бұлар кірді.
Енді басқа біреу көшіп

келгелі жатыр. Қолдан қолға өтіп,
алма-кезек ауысып түсіп
жатқан қайран қу дүние-ай!»
дегенде қарт ананыңқарс айырылып жүре берді.. «Тұр-тұрдан хабар жетсе ұйқыдан
береке кашады» демекші, Жарықбас күнде шолақ байталдың құйрығындай шолтаңдап,
«үйді босат, бұған жаңа директордың семьясы кіреді» деп тықақтап қайта-кайта
келе бергесін бұлардан да әбден маза кетіп болып еді. Ене мен келін бірі - баласының,
бірі - күйеуінің қырқын өткізген соң өзге жай іздестірмек-ті. Оған енді болмай қалды.
Жаңа әзірде «бүгін, ертеңдері басқа үй тауып, қалайда көшіп алыңдар» деп
Жарықбас тағы да бұларға дігерлеп кетті. Ауыл шетінде қысы-жазы бірдей қозы-лақ,
уақ мал, есек кіріп-шығып жүрген екі бөлмелі қотыр там болушы еді. Қызайым кемпір
мен келіні Жәмила енді не істейміз, қайдан баспана тауып кіреміз деп сарсылып отырғанда
Иосиф Мюллер бастатқан он шақты кісі, осы тамның  іші-сыртын түгел сылап, еденіне тақтай төсеп,
бас-аяғы екі-үш күннің ішінде жөндеп, бітіріп бере салған. Жағаға шығып қалған
иесіз қайықтай қалт-құлт етіп, аз күннің өзінде кім көрінгенге жаутаңдап,
кіріптар боп үлгерген ене мен келін бұған өшкені жанып, өлгені қайта
тірілгендей қайта қуанысқан. Екеуінің ендігі арман тілегі жақсыдан қалған
жалғыз тұяқ - Бекмұраттың аман-саулығы болатын. Соны тәрбиелеп, өсіріп, ел
қатарына қосса одан өзге бақытты екеуі де тәңіріден тілемес еді. «Кейін Бекмұрат
өскенде үйді де, күйді де өзі жөндеп, қалпына келтіріп алар; оған дейін бізге
осы там да жарайды; қайбір мол дүниеміз сыймай жатыр» дескен. Күйеуінің кырқын
берген соң Жәмила үйде қол қусырып босқа отыра алмады. Жұмысқа кіріп, аздап ес жиюды
көздеген. Есік-терезесі шағын қаракөлеңке бә- көкірегі

кене тамда бүйтіп қара жамылып
аңырып отыра берсе күні ертең
өздерінің жайы не болмақ. Осы күнінің өзіне зар
боп қалмай ма қайта. Оның үстіне бір үйдің шаруасы мен бір баланы бағып-қағу
енесінен артыла қоятын жұмыс емес. Ендеше несіне корқады. Жәмила
осыны ойлағанда өзінің қалай да бір жұмысқа тұяқкерек екеніне көзі жетті. Кеңсе кызметіне бұны алмайды. Білім-кабілеті жеткенмен бәлен оқуды бітірді де- іліктіруі

ген қолында кағазы жоқ. Ал қара жұмысқа арланады. Қанша дегенмен жақсы-жаманды бір кезде аузымен құс тістеген
әлуетті директордың кұдай косқан ақ, адал жары боп қошаметшіл қауымның құрметіне
еті үйреніп қалған бойкүйез әйел емес пе. Сонда қандай жұмысқа кірмек? Біраз
жастық дәурені директордың зайыбы боп зейнетпен өтіп еді. Ендігі мезетте қалған
ғұмыры жесір қатын атанып, бейнетпен өтетін болғаны да. Бұ да бір
алға тартқан жазмыштың бұйрығы
шығар. Одан қалай қашып құтылады. Жәмиланың ендігі ойы осыған сайып еді.

II

Биыл күзгі қара суык ерте түскен.
Жәмиланың көп ойланып бас катыра
бермей, бетінің әрін белге түйіп,күйеуінің
бұрынғы мекемесіне үй сыпырушы боп жұмысқа тұрғанына да
едәуір уакыт өткен. Бүны біреу ар көрсе де өзі ар көрмеді. Қайта осы жұмысты
қолайлы санаған сыңайы бар-ды. Жәмила бірде ертелеп кеп пешке отты маздатып жағып қойып, білек
сыбанып, кеңсе еденін шылқылдатып жуып жатқан. Сырттан екі кісі дабырласа сөйлесіп,
даурыға күлісіп ішке бас сұғып кіре берді. Жәмила ертелеп жүрген бұлар кім
болды екен деп басын жерден көтеріп жалт қарағанда МТС-тың жаңа директоры Шабдал
мен «Бірлік» колхозының басқармасы Нарқоспақты көрді.

-        Есенсіздер ме?- деп Жәмила
ернін сәл жыбырлатып амандасдақ болды. Екеуі бұған салқын ғана көз қырын салған
күйі аяқтарының батпақтарын сүртпестен жуылып жатқан еденнің таза жағымен жүріп
кабинетке өтіп кетті. Табандарының балшық-балшық қара жолақ ізі қара мөрдей боп
еденге басылып қалып қойды. Еңбегі еш болған Жәмила бұл қорлыкқа көпе-көрінеу
төзбеді. Өкше іздерінен қадалып көз айырмаған қалпы танауы балықтың
желбезегіндей делдиіп, ызалы дір-дір етіп сілейіп тұрып қалды. Сондай қара

жолақ іздің бірі өзінің көңіліне де сызат боп түсіп басылып үлгерген еді. «
Япыр-ай,- деді күрсініп,- ел сұраған зиялы қауым өкілдерінің сыйқы мынау болғанда,
өзгесіне не жорық». Сөйтіп аңырып тұрғанда іштен қоңырау шалып шақырған дыбыс
естілді. Жәмила қабылдау бөлмесіне ілінген шағын айнаға қарап шашын тарап,
орамалын жөндеп қайта тартып, ішке кіргенде:

-        Жеңгей, мұнда келіп
отырыңыз,- деді директор иегімен орындықты мегзеп көрсетіп. Өңі жаңағыдан емес,
аздап жылып қапты. Сартмезірет болса да әйтеуір ізет көрсетіп жатыр. Жәмила
орындыққа жайғасып отыра бергенде Шабдал бұған көз тоқтатып тағы қарап:

Жеңгей, мына Нарекеңді бұрыннан жақсы білетін шығарсыз. «Бірлік» колхозында
басқарма боп істейді- Осында жолы түсіп бір жұмыспен келіп қалған екен;-деді
аузын толтыра таныстырып өтіп. Жәмила әдепкіде білем деп те, білмеймін деп те үндей
қоймап еді. Шабдал бұны өзінше түсініпті.

-        Өкпеңіз орынды, жеңгей,- деді
Шабдал өзін салмақты ұстап.- Ағамыздың қазасына кезінде жұмыстан қолы босап
келе алмапты. Оған кешірім өтінеді. Қайтесіз кешесіз де. Оның үстіне
қазақ көңілді көргей жерде де
айта береді ғой. Марқұмның арты иманды болсын дейді бұ кісі,-
деп Нарқоспақтың жүзіне екі-үш дүркін қарағыштап қойды. Онысы: әй, өзің де бірдеңе десеңші дегені еді.
Нарқоспақ соны жаңа аңғарып:

-        Ә,
арты қайырлы болсын,- деді орыңдығынан сәл
ырғатылып, қозғалып қойып.

Жәмиланың санасында әр түрлі ойлар әп-сәттің ішінде
жарқ-жұрқ етіп шарпылысып өтті. Жәмила Нарқоспақты бұрыннан жақсы білетін. Ауданда қызмет істеп жүргенде әрі-бері өткенде күйеуіне еріп
келіп, үйінен талай сыйлы қонақ болып аттанған. «Бірлік» колхозы-

на басқарма боп келген соң да қолынан екі-үш дүркін дәм татқаны бар-ды. Кейіннен күйеуі
екеуінің қабағысонша жараспады да, содан қайтып ол бұның
үйіне бас сұққанды қойған. Әшейінде
араз қазақ ағайындар кім болса да о
болсын қаза үстінде ежелгі дұшпан көзділікті ұмытып, алыстан ат қойып жететін. Бүл - қанға сіңіп, әбден дағдыға айналған ізгі қасиет еді. Ендеше Шернияз
марқұмның қазасына Талас өңірінін, игі жақсылары түгел ат қойып шауып жеткенде алабөтен елден
жырылып, осы Нарқоспақ қана
келмей қалады деп кім ойлаған. Соны
өз аузынан жаңа естігенде
Жәмила бұған сенерін де, сенбесін де білмей едәуір
аңырып дағдарған. Сосын әйелге тән қияңқылығы ұстап, қырсықты да қалды.

-        Шерағаңды
сыйлаған ер-азаматтарды мен де білетін едім. Олар хабар жетісімен тайлы-тұяғына дейінқалмай
түгел кеп қайғымызға ортақтасып,
қызмет көрсетісіп қайтқан еді. Рахмет ол көңілдеріне.
Ал сізді жыға тани алмай
тұрмын,-деді ернін жорта сылп еткізіп.

-        Қалайша?-
деп таңырқағанда Нарқоспақтың екі көзі
тас төбесіне алайып ойнақшып
шығып бара жатты,- Қалайша мені білмейсіз? Үйіңізге конып, қолыңыздан талай дәм татып аттанғаным кәне?! Жәмила бәрібір түсін жылытпады.

-        Е..е,
қайным-ай!- деді оны біртүрлі аяп, әрі мүсіркеп,- Дастарқаны жиылып көрмеген бұ қазақ үйіне ат басын тіреген көп конағының қайсыбірінің түсін ашып, тани береді дейсің. Азар болса сен
де біздің отбасымызды көріп шыққан көп қараның бірі шығарсың. Оның не сөз етері бар енді. Жәмила
орнынан жеңіл көтеріліп, есікке беттей бе-

ріп, сол
екпінімен екі-үш аттап үлгерді де, кенет Нарқоспаққа жүз бұрып карап:

-        Бір үйлі жанбыз, бірімізге
біріміз мейманбыз дегенді білмеуші ме ең, қайным. Сол секілді бәріміз де бұ өмірдің
қонағымыз. Осыны жадыңда ұстағайсың!- деді алдына шақыртып ап қорлағандай
күйеуінің қазасына көңіл айтқаның бәрібір кешпей. Санасы бар азаматты
сансыратып естен тандыратын уытты сөз айтылған еді. Қара нойыс Нарқоспақ бәрбір
оны ұғынбады. Қайта Жәмила кабинеттен шығып, есікті жабар-жаппаста:

-        Шынашақтай боп ап көрдің бе
шакарлығын,- деді көтеріле кеңкілдей күліп. Артынша күлкісін caп тыйып, сабырлы
қалыпқа көшіп:- Құдайдың құдіреті. Шернияз марқұмның көзі тірісінде әлгі келіншек
үйіне сұлужәнкі ұстаған кермиық кербездің өзі еді. Енді, Miнe, аз күнгі тауқыметті
көтере алмай жүнжіп, бір уыс боп шөгіп, өзі біреуге сұлужәнкі болардай ұсқыны
кетіп қапты. Өмір деген міне осы. Бірде бетін берсе, бірде

сыртын беріп сұстанып тұрып алады. Қайтерсің қолдан келер шара бар ма,- деп аяушылық білдірген
болды.Нарқоспақтың әлгі
дөрекі күлкісін естігенде Жәмила  іштей
тыжырынып қалды. Оның дәл қазіргі сәтте өзін оңдырмай әңгімелеп, сөз етіп
отырғанын да белгісіз бір түйсікпен сезіп үлгерген еді. Соны аңдағанда іші мұз боп
қатып қалтырап қоя берді. Еденді апыл-ғұпыл жуып бітіріп, үйіне асығыс беттеген
Жәмиланың ашуы әлі тарай қоймап еді. Көшеде кетіп бара жатып Шабдалға қарадай өшікті.
«Білдей директор басымен қас надан Нарқоспаққа шынымен ақыл-кеңес бере алмағаны
ма? Қазақ көңілді аза тұтқан кісіні алдына шақыртып емес, қайта өз аяғымен соған
барып айтатынын ол жазғанның да білмегені ме сонда?! Ойбу, құдай-ай, қай
бетімді шымшиын енді! деп одан сайын тұлдана түсті.,- Оны санасын өсірген азамат
па десем, ішкен-жегенге мәз есірген біреу болмаса неғылсын. Әдемі сөйлеп, әдемі
жүріп, әдемі киініп сыланып-таранып бойын күткен таза пақырдың өзі болды ғой
онда». Шабдал шынында да бұрын ел қатарлы қарапайым ғана киініп жүрген жас
жігіт еді. МТС-қа директор боп бекіп келгелі мойын-бұғағы өсіп, жалданып жүре
берді. Содан кейін-ақ Жәмила елде жоқ жағасы крахмал-данған су жаңа костюмді
Шабдалдың үстінен көретін болды. Бұрын осы директорлықты атқарған Шернияз
марқұмның жаңа киімге әуестігі болмады ма, жоқ таршылық кезеңде жұрттан алабөтен
иығы жылтырап жүргенді өзіне оғаш санады ма, кім білсін, әйтеуір иығынан сұр
гимнастеркасы түспеп еді. Алда-жалда Жәмиланың қолына ақша түсіп, күйеуіне
костюм сатып әкеп берсе, неге екенін қайдам, сол киім шкаф ішінде қатталып жатады
да қояды. «Әкесі-ау, бұның не? Жұмысқа иығың жылтырап киіп барып келіп жүрсең қайтеді сен де кішкене кісі болып» десе, «Е..е, қайда қашады дейсің, бұйырса киеміз де»
деп үйден шығып жүре беретін. Ондағысы:
әйелінің каңқу-сыңқу сөздерінен өзінше қашқақтағаны еді. Арада он шақты күн өте
ме, жоқ па және кімнен еститіні белгісіз, әлгі костюмді ауылдың бір кісісі қолқалап
қалап келіп тұрғаны. Шернияз оны одан әрі ауыз аштырмай сұрағанын беріп құтылады.
«Оу, бұның не?» десе, «Е..е, несі бар. Кисін, үсті-басы тозып, жүдеп-жадап жүр
екен. Оның үстіне бала-шағасы көп мүсәпір кісі ғой. Қуанғанын көргім келді» деп
тысқа тағы да ақырын жылыстап шығып кетпек болады.. Бұған: «Оу, өзің кисең,
немене, иығыңнан сусып түсіп қала ма?» деп Жәмила одан сайын шаптығады. Оғаң
себеп те жоқ емес-ті. Жәмила «мен үйде омалып отырған әйелмін ғой. Оның есесіне
түзге шығып, шаруашылық аралап, үнемі ел көзінде жүретін күйеуімнің үсті бүтін
болсын» деп ойлап, бар жақсыны соның үстіне жылтыратып жап-сыра беруге
тырысатын. Ал ол болса «е, бұның жөн екен» деудің орнына оны өз үстінен сыпырып
шешіп ап, үйге бас сұғып кіріп келген әлдекімнің қолына ұстатып жібере салады.
Алда-жалда бұрқылдап себебін сұрасаң: «Е, директор деген атым бар емес пе
менің. Бір кәрі болар» дейтін де қоятын. Ол ол ма, кейде сондай жаңа киімдерін
алмасына

қоймай: «Жарқыным, директордан бір костюм киіп қайтқанның ешқандай сөлекеттігі
жоқ. Ал әйтпесе өкпелеймін» деп табандап отырып қайдағы біреудің үстіне іліп
жіберетінін қайтерсің. Жәмила бұдан кейін өзі жарқырап жүрмек боп дүкеннен мата
сатып алып, жаңа көйлек тіктіріп киіп еді, ақыры о да өзіне бұйырмады. Сол жаңа
көйлекті үстіне іліп, айна алдында әрі-бері көлеңдеп жүріп, тігілген модасын қызықтап
 көріп тұрғанда есік ашып ішке Алтынкүлдің
кіріп келмесі бар ма. Бұның өзі құланның қасуына мылтықтың басуы деп келгеннен
де бетер болды. Алтынкүл сол бойда бұның үстіндегі сусылдаған жаңа көйлекті қолымен
ұстап көріп, қызыға қарап: «Ой-ой, қандай тамаша көйлек тіктіріп кигенсің. Матасы не? Бағасы қанша екен өзінің? Қайдан
алдың? Қаладан ба?» деген сықылды сұрақты қардай жаудырып, шыркөбелек айналып маңынан шықпай тұрып алды.

Бұл кезде Шернияз кеңседен
әлдеқалай алып келген қағаздарын қарап, тексеріп, төргі бөлмедегі жазустолында жұмыс істеп отырған. Алтынкүлдің жаңа көйлекке құмартып тұрғанын жан-жүйесімен жіті сезініп,қинала ойланып қалды.
«Мұндай таза матадан директордың
әйелі көйлек тіктіріп кимегенде енді кім кимекеді деп көңілі жабырқап калатын болды ғой. Күйеуі тірі болғанда бүйтіп көрінген жылтыраққа
көз сатыпқызықпас еді» деп кәдімгідей
аңырған. Артынша әйелін дауыстап шақырып алды да, үстіндегі көйлекті шешіп. Алтынкүлге кигізіп жібер деп өтінді. Оған Жәмила әдепкіде көнбей қипақтап бағып еді. Іле
күйеуінің түнерген сұсты қабағын көріп жым болды. Үн-түнсіз айтқанын істеп, көйлегін шешіп Алтынкүлге
беріп жіберді. Кешкісін шай
үстінде, мамыражай отырған көңілді бір сәтте Жәмила күйеуіне ақырын жүз бұрып
қарап:

-        Әкесі-ау, не ойлағаның бар.
Иығымыз жылтырап бір киінбей өтеміз бе осылай. Әйтеуір неге екеніңді қайдам, қолымызға
бірдеңе түссе болды, қашан соны өзге біреуге қыр асырып жібергенше жаның жай
таппайды. Бұның не сенің?!- деп өкпе-ренішін білдіріп еді. Өзіне жақтырмай алая
қараған Шернияздың ашулы кескінін көріп қыбыжықтап қалды.

-        Соны да сөз деп айтып отырмысың
сен,- деді ол өңін жылытпаған қалпы Жәмилаға қадалып.- Партия мені бұл қызметке
тағайындағанда елдің аузындағысын өзі жырып ап ішсін, киінсін демеген. Қайта
сол елдің әл-ауқатын көтерсін деген. Тамағы жоққа - тамақ, киімі жоққа - киім
бол деген. Ал сен болсаң қарайып алдына келген жетім-жесірге қарайласып, қайырымдылық
жасаудың орнына әлдеқалай беріп жіберген бір-екі кез жаман шүберектеріңді сөз
етесің бұлдап. Ұялмайсың
ба? Қошшуақ көңілмен қарсы
алмай көрші. Кім келер екен алдыңа. Содан кайтып екеуі де ол жөнінде
тіс жарып сөйлеспеп еді... Жәмила енді ойласа, осы уаққа шейін жібі түзу бір көйлек
киіп көрмепті. Күйеуінің айтуымен ел ішсін, ел кисін деп қолға түскендерін
қалап, сұрап келгендерге ай-шай жоқ ұстатып жібере берген, жібере берген. Содан
өзі кейін жаман болмағанға ұқсайды.
Жоқ-жітімнің көнілін аулай білген колы ашық бәйбіше атанған. Құдайға шүкір қазір де оны исі Ойықтың балалары, үлкен-кішілері түгел көрген жерде алдын кесіп
өтпей

сыйлап та тұрады. Күйеуі өлген жесір әйел деп әлі әзір ешкім иектеп көрген емес. Осындай ой үстінде келе жатып Жәмила кенет әлденеге алаң боп
артына бұрылып қарап еді. Күні кешеге дейін өздері мекен-жай етіп келген қызыл
шатырлы зәулім биік үйге көзі түсті. Ол бұл кезде күн сәулесімен сан құбылып
ойнап, алыстан ақ шаңқан боп көз тартып, аскақ көрініп тұрған. Жәмиланың іші
ұлып қоя берді. Ол үйде қазір көңілді, думанды жайлар етіп жатқандай сезілді. Шынында
да солай еді. Қызыл үйге кіргендер қызғылықты, бақытты өмір сүріп жатқан.

III

Жәмила кейінгі қоңыр үйіне асыға басып жетіп келді де, табалдырықтан аттай
беріп сілейіп қалт тұрып қалды. Үйдің іші каракөлеңке күңгірт тартып, бозат қабырғаларына
ызғар тұнып, азынап тұрған. Суық лебі беттен соғып, тұла бойын лезде жайлап
алды. «Ішшәй» деді артынша денесі тітіркеніп. Сөйтті де үстіндегі сырт киімін
шешіп, күл шығарып, апыл-ғұпыл от жағып жібермек болды.  Енесі мен баласы ояу жатса да төсектерінен
әлі тұра қоймаған еді. От жағылып, үй жылынған кезде олар да бастарын қылтитып,
құнжың-құнжың тұрып киіне бастады. Аздан соң ене мен келін аласа қоңыр тамның
бозат қабырғаларының бусанып, тершіп тұрғанын аңдады. Бұл кезде өздері де ыссы
шай ішіп, денелері жылып жіпси бастаған еді. Қоңыр үйде де қоңыр тіршілік
жалғасып жүріп жатты. Осыдан бақандай жеті жыл өткенде - жақсыдан қалған жалғыз
тұяқ - Бекмұрат жеті жылдық мектепті бітірген жылы жазда Жамиланың енесі қайтыс
болды. Марқұмның
сүйегі асыл кісі екен. Жалғыз баласы Шернияз қайткан
жылы сұрау белгісіндей иіліп, шөгіпотырып қалып еді. Қар астында жатып-жатып, көктем шыға кайта көктеп, бой көтерген кәрі
жусандай Қызайым кемпір де баласының қырқы еткен соң-ақ өз-өзін қолға алып, іштей қайрат тауып, аяғына мінген-ді.Оның өйтпеске шарасы да қалмап еді.
«Мен өлсем келінім жалғыз немеремді қолынан жетелеп, әлдекімнің етегінен ұстап
жөніне кете бармай ма» деп қауіп ойлаған. Сосын көңіліне «қолдан келсе қалай да
өлмеу керек» деп түйген. Сол сеніммен кәрі сіңіріне ілініп жеті жыл сүйретіліп
келіп еді. Ақыры
болмады. «Шықпа, жаным, шықпа!»
деп қанша тырысса да мектепке
соңғы қоңырауға кеткен немересінің
жолын сарсыла тосып жатып, ол келерден
жарты сағат бұрын, үзіліп
жүре берді. Оның да дыңылдап соңғы
сағаты соғып тұрған-ды. Қадірменді қарт ананың қазасына
Ойық ауылының үлкен-кішісі түгел жиналып, марқұмды ақ жауып арулап жөнелтті.
Сөйтіп, ынтымағы жарасқан, тату-бірлігі мол үлгілі үлкен ауыл екенін тағы бір
танытып өткендей еді. Кейіннен, бірақ неден екені белгісіз, осы ұжымды ынтымақ
өз-өзінен қожырап, іштен іріп, бүліне бастаған секілді көрінді. Жәмила әрі-бері
ойлағанда ауылдың ынтымағын жарастырып ұстап келген ел ақсакалдары мен Шернияз сияқты
игі жақсылар екеніне көзі жетті. Көргені мен көңілге түйгені мол Атамқұл
бастатқан төрт-бес

шалдың жарық жалғанмен қоштасып, ана дүниеге шұғыл аттанып кете баруы аядай
Ойық ауылына оңай соққан жоқ-ты. Бүкіл береке-бітімін өздерімен бірге сыпырып
ала кеткендей сезіліп еді. Шынында да олар пайғамбар сынды қариялар болатын.
Атамқұлдар кеткен соң өңкей боқташақ боз өкпелер ел қадіріне онша жете қоймады.
Қайта «атқа мінген кісінің бойында бір шиша арақтың қызуы бар» деп желігіп
еліріп кетісті. Сөйтіп

ағайын арасын бөрліктіргеннен басқа ештеме бітірмеді.
Жарықтық Атамқұл қария: «Ел
басқаратын небірмарғасқа жігіттерді кешегі қырғынға сыпырып-сиырып түгел алып кетті де, елде тек біз секілді кәрі-құртаң,сонсоң: аксақ-тоқсак, қисық-мисықтар ғана қалды. Өз-

дерінің бастарын баға алмай
жүрген сол кембағалдарды сүйреп әкеп ел басқартып қойса жетіспегенде қайтушы
ек» деп үнемі айтып отырушы еді. Сөйтсе қарияның сол сөзінде өзек өртер ащы шындық жатыр екен ғой. Қалай аңдамай келген. Қазіргі ауыл ақсақалдары соғыс уақтысында
бір-бір кіші-гірім қызметтің құлағын ұстап, қолтығына семіз қара папка қыстырған «интелигенттер» еді. Бұлар ауыл ақсақалдары деп атауға келмейтін, бірақ иегіне дөңгелентіп сақал қойған шал-шауқандар ғана болатын. Асылы ақсақалдылық белгілі бір кісінің тоқсан, жүз жасқа жеткенімен немесе иегіне
әдемілеп қаба сақал қойымен өлшенетін
нәрсе емес. Ол, сірә, кім-кімнің де көргені мен көңілге түйгенінің молдығымен, ақыл-ойынын, тереңдігімен,
парасат-білімінің кемелдігімен, қысқа қайырғанда, көңіл көсемдігімен екшелінетін болмыс.
Көңілінде көсемдік болмаса
қай қарт та иегіне дөңгелентіп қанша
сақал қойса да, жүзге емес, мейлі екі жүзге жетсе де бәрібір ол ақсақал бола алмайды. Ақсақал болам десең әуелі көңілінде
көсемдік болсын. Ендеше қазіргі шал-шауқандардың бойынан осы қасиет
табыла ма? Қай...дан..н! Солардың
көбісі желдіртіп ат мінгенге, сапырып
қымыз ішкенге мәз қарақан бастарын ғана ойлаған күйкі жандар емес пе. Ағайын арасын
біріктіріп ұстауға өресі қайдан жетсін.Әйтеуір қалай десек те, соңғы жылдары
Жәмилаға заман жақсарып, ел тойынған сайын ауыл адамдары-

ның бір-бірін ес тұтып, сүйеу көргенді ұмытып бара жатқандай сезілуі өтірік
емес-ті. Бұрын бұның үйіне бас сұғып кірмесе көңілдері көншімейтін ауыл жұртының қазіргі пиғылы
ойлап қарасаң мүлде бөлек көрінді.
«Ит те болса марқұм ағамыздың бір кезде құдай қосқан ақ, адал жары ғой; от-басына кіріп, амандығын біліп,
жеңгемізбен есендесіп шығайық» десе, баз біреулер тіпті танауын аспанға
шүйіріп: «Қойшы, қайдағыны айтпай, жаман жесір қатынның үйінде не бар» дейтін
болды ұялмай-қызармай. Бұл
қаңқу сөздер де Жәмиланың құлағына жетпей қалмады, әрине. Ол кезінде қызыл үйде тұрғанда ақылды әйел, білікті
бәйбіше (Шернияздың екінші әйелі болса да), ел анасы, қолы ашық жеңгей атанып
еді. Енді, міне, сол құрметті
атаулардың бәрі қотыр тайлақтың ескі жабуындай өз-өзінен сыпырылып түсіп, жаман
жесір қатын атанып отыр. Heгe?
Сонда қазіргі Жәмила бұрынғы Жәмиладан сорлы, мүсәпір болғаны ма? Қазіргінің бұрынғыдан несі кем? Қайта қазіргі
Жәмила бүрынғы Жәмилаға
карағанда әлдеқайда ақылды, салмақты ұстамды емес пе. Солай бола тұрып қазіргі Жәмиланың бұрынғы
Жәмиладан кем, байғұс
болатыны қалай?! Оның да себебі бар еді. Жәмиланы бұрын ел-жұрт сыйласа, құрметтесе, сайып келгенде, соның бәрі күнікеше ғана көз алдында күркіреп жүрген
күйеуінін арқасы болатын. Соны ойлағанда көкірегін қара найзағай тілгілеп етті.
«Үйдегі ер-азамат та бір, мәуелеп биік өскен алып бәйтерек те бір екен ғой -
білсемші бұрын. Ер-азаматым
барда төрімнен кісі қарасы
үзіліп көрмеп еді. Әйтеуір ойдан да, қырдан да үздіксіз ағылып келіп

жататын. Сөйтсем тоңғандар сол
бәйтеректің шуағына жылыну үшін, ыстықтағандар көлеңкесін саялау үшін келеді
екен ғой. Шернияз қайтыс болғалы бұл
үйдің есігінен қарауды ұмытқан
кісілер қанша? Адамдар өзіне қажет санаған кезінде ғана сені
іздейді екен-ау, ә!» деп қамырықты.
Жәмила бұл тұста ауылдастарының өзін көрген жерде бұрынғыдан жылы ұшырап қарсы ап, құрақ ұшып, кезегі келгенде қақ жарылып жол беріп,
ізет көрсетіп тұрмайтынын
әбден түйсініп болған және оған мойынсұнып көніп те болған. Дәуде бір жиын-тойға бара қалса солардың көбісі, «е» деп еріндерін жыбырлатып

еріне амандасқандары болмаса
бәлендей жылы жүз таныта қоймайтын. Қайта жағасы ағарып, иығы жылтырап жаңарған
біреулер бұны көрсе іштей тыжырынып, жақтырмай қарайтын
әдет тапқан-ды. Бірде Жәмила сондай бас қосқан жиынға сәл кешігіп келді. Үйдің іші адамға сыңасып толып, ине шаншар орын қалмапты. Бұны
даладан жеңінен жетелеп ішке
енгізген Жарықбас ауызғы бөлмеде иін тіресіп тығыз отырған әйелдердің арасымен төрге оздырып жібермек болды. Күйеуі
өлгелі көз түрткі боп жасқаншақтап қалған Жәмила әлдесұмдықты іші сезгендей бүгежектеп:

-        Маған
осы жер де жетеді,- деп есік босағасына тізе
бүге беріп еді. Жарықбас қолтығынан демеп қайтатұрғызып жіберді.

-        Жоқ,
жеңгей. Бұныңыз не? Шерағаң барда сізді төрге отырғызып, Шерағаң жоқта
босағада телмірткеніміз қалай болады,- деп күштеп төрге
сүйрей жөнелді. Дәмила өзі
жүрмек боп қорғанақтап қолын жылқып
қалып еді, сол екпінімен барып арт жағындағы

әйелдің үстіне шалқалай құлады.

-        Қараңқағыр,
төрге отырмасаң болмай ма. Қабырғамды қаусатып, қираттың ғой тегі.

-        Жеңеше,
кешіріңіз. Жарықбас қайным сүйреген соң...

-        Сүйреген
соң...- Ол Жәмилаға ала көзімен атақарады.- Сүйреген соң дейді ғой
ұялмай-қызармай. Еркек әйелді қайда сүйремейді. Немене,. сүйреген жағына жетекке үйренген жуас тайлақтай жүре
беремісің,- деп және шағып алды.

-        Әй, Қатира,
қойсаңшы. Әдейілеп құлады
деймісің. Қой енді,- деп үйдегі әйелдер басу айтып еді, Қатира:

-        Жо..ға,
түге. Жетімі де, жесірі де түгел төрге ұмтылады. Отырмыз ғой міне босағада. Содан өліп қалғанымыз жоқ әлі,- деп бұрқ етіп барып
әрең басылды. Жәмила «қарадай
жүріп әлдекімнен сөз есіттірдің-ау, қайтейін енді. Ең болмаса мына дүлейге
бірдеңе десеңші» дегендей Жарықбасқа жалынышты көзбен жаутаңдап қайта-қайта
қарағыштай берген. Кенет Жарықбастың езуінен жымысқы күлкі табын аңдап қалды.
Сол сәтте оның әлгінде өзін төрге жорта сүйрей жөнелгенін, оны жәй әшейін
күлкі, мазақ үшін әдейі істегенін түйсінді. Жәмила бүл қорлыққа көпе-көрінеу төзбеді.
Тұнғыш рет баланың алақанындай жұмсақ алақанының Жарықбастың қалың кең бетіне
қалай сарт ете қалғанын аңдамады. Анау есін жиып: «Оу, бұның не?» дегенше
Жәмила да бода-бода боп жылаған бойы тысқа ата жөнелген. Co мезетте үй
ішіндегілерден:

-        Жаман қатынның бұ қай
басынғаны. О заманда, бұ заман еркекке қол көтерген ұрғашыны кім көрген! Жағын
айырар ма еді өзінің!- деген ашулы, өктем дауыстар да естіліп қалып еді. Жәмила
содан кейін екі-үш әйелдің басы қосылған жерге өздігінен баспайтын болды.
Өзгелер де оны онша сағына қоймайтын. Қайта сындарын бұзатындай келмесе екен
деп іштей тілейтін секілді көрінді. Соны сезгендей Жәмила да қоңыр үйінен
шықпай қоңырқайланып тым-тырыс жатып алатын. Жұртқа оның бұл қылығы да ұнамады.
«Ертеңнін қара кешке дейін басыңа жаман көрпеңді бүркеніп жата беремісің
осылай. Кішкене былай... ел құсап тірлік етіп, өз жайыңды өзің ойламаймысың»
деп ауыл кісілері жиылып кеп оған ұрысқан кездер де болды. Алайда Жәмила олардың
бұл сөзіне онша құлақ аса қоймады. Себебі ол жалған жанашырлық қамқорлықтың өзіне
ас, ауқат болмасын бұл уақта әбден түйсініп те, сезіп те болған еді. Бұған ағайындары
шаптықпай қалмады, әрине. «Оу, түктің мәнісін білмейтін қандай жансың. Жалғыз
бір ғана айлықпен күн көремін деймісің сонда. Пішту. Еден сыпырып алған
бес-он теңгең қай жыртығыңды жамайды сенің а!
Оның үстіне балаң да ер жетіп, өсіп
келе жатыр, әне Соны қасыңа ертіп жүр де сонау жекеменшік
егістіктен огород сал. Сосын қолға
үш-төрт ұсақ мал ұста. Қыстың күні
жонынан кертіп жеп отырсаң, тақияңа тар келе ме, айтшы?!» десе, Жәмила оған да
көнбеді. «Күйеуімнің көзі тірісінде маңдайымызға бітпеген үш-төрт тұяқ енді
бітіп бізді қарқ қылмас» деп кергіді. Алайда Жәмиланың бұлай жауап беруі оның өз
тірлігіне деген қырсыздығынан емес-ті. Ол өткен жылы үлкендердің айтуымен
аздаған бақша салған болатын. Құдайдын көзі онсыз да ертең-бүрсүгіні
ана-дүниеге аттанғалы отырған кемпір-шалдың жалғызына түссе, ал ауыл
балаларының көзі Жәмила сынды жетім-жесірдің  бақшасына түсетін көрінді. Піскен қауын-қарбыздың
алғашқы дәмін әні-міне татып көреміз деп үміттеніп отырғанда бір түнде ауылдың
балалары пәлегіне дейін аударып, жегенін жеп, жемегенін жарып, босқа рәсуе етіп
кеткен. Бұны алғаш көргенде мүсәпір әйел шашын жұлып текке жынданбады. «Бұ да
мен тартар азаптың бірі шығар» деп ойлап, қанын ішке тартып, сұрланған күйі
сазарып тұрды да қойды. Содан кейін бақша салуға көңілі дауаламады ма қайдам,
әйтеуір кетпен арқалап, егістік алқапқа беттегенді біржола ұмытты. Жәмила
енесінен қалған төрт-бес тұяқты да бағып-қағып, өсіріп, жазда сүтін сауып ішіп,
қыста бірлі-жарымын сойып жеп, кекірік атып, ел қатарлы аспанға шырт түкірініп
отырмақ та болған. Құдай, бірақ, оның бұл ниетін де қош көрмеді. Баласы он
жылдык мектепті бітіріп, астанаға оқуға аттанбақ болғанда калтасына салып
беретін соқыр тиын таппай сасқанынан сол төрт-бес тұяқты арзан бағамен
Жарықбасқа сатып жіберген. Қош көрсе ол сөйтер ме еді. Жарықбас та битін сығып жерге қараған нағыз имансыз екен. Менің бұным жетім бала мен жесір қатынға жасаған
қиянатым болар деп ойламады. Әр
ешкіні жиырма сом деп табандап
отырып алды. Жәмиланың бұл пөске көнбеске тағы шарасы жоқ-ты. Енді
сәл кешеуілдесе баласы жолдан қалайын
деп тұр. Оның есесіне сол сапарда Бекмұраты үмітін ақтап, Алматыдағы ауыл
шаруашылығы институтына оқуға түсіп оралды. Жәмиланың сондағы қуанғаны-ай!
Айтып жеткізе алмайсың. Күйеуі өлгелі алғаш жадырап күлгені де сол жылы еді.
Қайтесің тағдыр жазуы солай шығар. Содан былай сұп-сұр тастай сұрланып, бедірейген
сұм тағдыры Жәмилаға енді күліп қарай бастағандай сезілді.

V

Жәмиланың кейінгі өмірі, қалай десек те, қоңырқай, жүдеу тірлікпен өтіп
келе жатқаны өтірік емес-ті. Таршылық көріп қалған кездері де болды. Бірақ
соның бәрінде де Жәмила сынбады. Қыста да, жауын-шашында да жасыл түсін
жоғалтпайтын кішкене шыршадай өңін бермеді. Дегенмен жылдар тауқыметі
өрмекшінің торын бұның жүзіне де, әдемілеп салып үлгерген-ді. Ал көңіліне түскен
сызат одан да көп еді. Бұған жұрт та, Жәмиланың әзі де мән бермеді. Себебі мән
беретін кез емес-ті. Ол оқудағы баласынан алғаш хат келген күні тағы бір қуанған
еді. Бірақ бұл қуанышы көп ұзамай өзін жабырқатып кетті. Баласының: «Апа, тоңып
жүрмін. Күн болса мынау суытып келеді. Пальто сатып алайын

десем ақшам жоқ. Біразырақ қаржы
тауып салып жіберсең жақсы болар еді» деген хатын оқып: «Жарығым-ай, қайтсін
енді. Қиналғасын ақша сұратып
отыр да. Әйтпесе жаман
шешесінің жағдайын білмейді деймісің, тәйірі. Саған пальтолық ақша тауып салып
жібере алмасам туып нем бар сені. Айналайын-ай!» деп апыл-ғұпыл киініп тысқа
ата жөнелген. Ондағы ойы: көрші- қолаңдарынан тездетіп қарызға ақша сұрап тауып
баласына салып жібермек-ті. Сол ет-қызумен төрт-бес үйге бас сұғып кіріп
шыққан. Бірақ «бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» демекші, бірде-бір көршісінен
қарыз ақша сұрап ала алмады. Бірі аузын құр шөппен сүртіп маңына жолатқысы
келмесе, бірі балаларына қысқы киім алғалы отырғанын сылтауратып бермеді. Енді
бірі бұл екеуінен де асып түсті. Берем

деп те, бермеймін деп те ашып
айтпай оны әрі-сәрі халге теңселтіп салып қоймақ болды. Жәмила шырағым-ай, құс баласы үшін отқа түседі деген, міне,
осы. Сен де,со Бекмұратың үшін бетіннің әрін белге түйіп келіп қалған екенсің. He
істесек екен, ә!- деп ол сәл аңырып ойланған болды. Сосын бұның бетіне қадала
қарап:- Саған түк тауып бере ал-май Шернияз марқұмның аруағынан ұялып отырғанымды
қарашы. Қысылғанмен
амал бар ма. Жоққа жүйрік жетпейді. Қорада
байлаулы тұрған, өзіміздің сойысқа
деген жалғыз семіз тоқтым
бар. Соны сатып қаржы етіп балаңа
салып жібере алам десең мен
ма-құлмын,- деді жорта
жомарттық танытып. Үй иесі
бұны жағдай айтып алдына келген әйелдің семіз тоқтыны мойнынан жетелеп алып
кете алмасын, жетелеп алып кеткен күнде де оны қалаға апарып сата алмасын біліп
әдейі айтып еді. Оның бұл пиғылын Жәмила да сезбей қалмады, әрине. Сезгенде не
істейді. Қолдан келер дәрмені қайсы? Сосын жымысқы күлкі үйірілген қарақошқыл
бетіне сұстана бір қарады да, үн-түнсіз шығып жүре берді. Сол бойда үйіне жетіп
жығылып ал кеп жыласын, ал кеп жыласын. Қос қолымен қос шекесін ұрғылап жылады.
Үйдің жер еденін соғып-соғып қалып жылады.Шерниязды қарғап, аруағын таптап,
табалап жылады. «Қолыңдағы билікті пайдаланып, дүние-мүлік жимай ел ішсін, ел
кисін деп тапқан-таянғаныңды кім көрінгенге үлестіріп бердің келіп, бердің
келіп. Кәне, содан шыққан
мүйізің?! Жалғыз балаң әне.-.. Алматыда үстіне ілер лыпа таппай күздің қара суығында дір-дір етіп тоңып жүргені. Маған киім алар ақша сал
депті. Қайдан табам. Ойбай!
Қайдан.н!» деп қос қолымен
басын түйгіштеп қойып-қойып қалды. Түстен кейін сүйретіліп Жарықбасқа
барды. Қанша діннен безген мүттәйім болса да нақ осы жолы сөзіме құлақ аса  деп өлермендік соқыр сезіммен барып еді. Шынында
да қателеспепті. Мұң-мұқтажын сүлесоқ күйде тыңдап тұрды да, бұның бетіңе
көшелі кісідей бажайлап қарап:

-        Жеңеше, жағдайыңызды түсінбей маған не көрініпті.
Сұрағаныңызды түгел тауып бермесем де аздап қарасуыма болады. Қанша дегенмен
кісәпір кісі емеспіз ғой,- деді өзінің бағасын үстемелеп арттыра түсіп.

-        Сөйтпесең болатын емес,
қайным. Шерағаңның тірі кезіндегі күй жоқ бізде. Өзің қарайласпасаң біз үшін
қара аспан қақ жарылып ортаға  түсейін
деп тұр, - деді Жәмила әрі жік-жапар боп, әрі марқұм күйеуін әдейі ауызға, ала
сөйлеп, онысы: бір кездегі өзінің бастығының есімін естісе неғыпты, аздап тәубесіне
түсіп сұрағанымды қолыма ұстатып жібере сала ма деген есекдәме ойы еді оның. Жарықбас,
алайда, сөз астарына жіті үңілмеді. Үңілгенмен бәрібір негізгі түйінін жөнді
түсінбес те еді.Сонысы жөн болғанға ұқсайды. Бар бітіргені; мынау не тантып тұр
дегендей Жәмилаға аңырып бір қарады да:

-        Сізге бір жұмыс тапсырғалы
отырмын. Соны мен айтқандай ғып орындасаңыз болды,-деді.

-        Мақұл.

-        Онда ертең
ерте келіңіз.- Ол иегімен есік алдына даңғарадай етіп салынған нән сарайды
мегзеді.-Мына сарайдың ішінде елден жиналған жүн-жұрқа бар.
Соны сорт-сортқа бөліп,
қаптап, буып, жиып берсеңіз болды. Бұл - МТС әлдеқашан тарап, одан соң колхоз, колхоздан соң іргелі совхоз
боп қайта құрылған және одан бері де бірнеше жылдар өткен түс болатын. Жарықбас осы совхоздың жүн-жұрқа, тері
терсек жинайтын фина-

генті еді.

-        Жарайды. Бірақ
беретініңді қазір қолыма ұстатсаң деймін,- деді Жәмила өтінгендей болып.

-        Heгe?

-        Әлгінде
өзіңе түсіндіріп айтқан едім ғой. Демнің арасында ұмытып қалдың ба шынымен. Әй, қайным-ай!- деді өкпе-назын қоса білдіріп. Жарықбас «ә, түсіндім» дегендей басын изеп, қиналғандай боп
жеңгесінің алақанына әбден шиыршықталып біткен көне екі ондықтан жиырма сомды
әзер салды.

- Қайным-ау, бұның не? Жүз сом сұраған едім ғой. Жүніңді де, теріңді де түгел
жинап, реттеп берейін. Соның бәрін тіпті ақысыз, пұлсыз істейін. Қарызға болса да тек жүз сом берші, айналайын,-
деп жалбарынды.Жарықбас оның жүзіне
жақтырмай сұстана қарады.

Жерде жатқан дүние жоқ, жеңгесі. Алмасаңыз өзіме қайтарып
беріңіз,- деді атқылданып.

Бұны естігенде Жәмила жым болды. Әрі-беріден соң осы жиырма сомның өзіне зар боп қалармын депқауіптенген. Жарықбастан салы суға кетіп қайтып
келе жатқанда жолай Алтынкүлге кезікті. Қүйеуінің тірі кезінде үйінен шықпайтын
жоқ-жұқананың бірі осы Алтынкүл еді. Тоқ ішегі майланған басқа ағайын бертін
келе сырт айналып танымаған қалып аңдатса да Алтынкүл әсілі оған бармады.
Жәмиланың жүдеу өңін сонадан байқап ебіл-дебіл боп келе бас салды. Қоярда-қоймай
сүйрегендей боп үйіне ертіп барды. Сары майдай сақтап жүрген бір жілігі бар
екен. Соны қазанға асып пісіріп, әжептеуір табақ ет жасап, Жәмила келінінің
алдына қойды. Тамақтан соң оны көшеге шығарып салып тұрып:

-        Келін шырағым,
жас өспей ме, жарлы байымай ма деуші еді бұрынғылар. Сол рас екен. Құдайға шүкір,міне біз де ел қатарына қосылдық па деп
отырмыз! Жеңісбегім  ілдей азамат боп өсті. Осы совхозда тракторист
боп істейді. Әлі әзір табысы жаман емес. Өзіміз-

ге толық жетеді,- деді қуанышын жасыра алмаған қалпы бірден ағытылып.

-        Ұзағынан сүйіндірсін,- деді Жәмила
үнсіз тұра бергенді аса жөн көрмей. Олай етсе бақытын қызғанғандай болам ба деп
іштей қуыстанып еді.

-        Айтқаның
келсін, айналайын. Сенің көңіліңді
білем ғой. Бірінші кұдай, екінші Шернияз қайным екеуіңнің арқаң емес пе біздің
ел қарасына ілініп қосылып кеткеніміз,- деді Алтынкүл ағынан
жарылып.- Мына жүз сом ақшаны Бекмұратыңа сал. Қажетіне жаратсын. Қанша дегенмен қара судан өзгесі сатулы қалада жүрген жоқ па. Әйтеуір тарығып қалмасын. Бізден сәлем айт
өзіне,- деп мөлшерлі көлемдегі бума ақшаныЖәмиланың
омырау қалтасына ықтиярсыз өз қолымен сүңгітіп жіберді. Жәмила басқа кісіден болса да тапАлтынкүлден мұндай сый-сияпат көремін деп әсте ойлағай жоқ-ты. Мына
кісілігіне қарап оны ана бір
жылғы шайпау тілді, көк долы әйел деуге, неге екені белгісіз, көңілі сенбеді.
Қарсы алдында одан гөрі
кісілігізор үлкен жүректі абзал ана тұрғандай көрінді. Қуанғаны
ма, жоқ абысын жеңгесіне деген ризалығы ма, кімбілсін, әйтеуір Жәмила сол жолы қыстырлығып жылап жіберіп еді.Үйіне қайтып келе жатып ол бір
кезде өздерінінің жоқ-жітімдерге
қарасқандарына қуанды.

VI

Жәмила осыдан кейін сүйегі
әлдеқашан қураған күйеуінің аруағын
тілдеп, қарғап-сілемейтін болды. Қайта оған мінәжат етіп, іштей оны пір тұтып, табынып жүрді.  Бұрын оны бағаламаса, сыйламаса оның бәрі Жәмиланың
жақсы әкенің шапағаты баласына қырық жыл азық болатынын сезіп, білмегендігінен
еді. Зады, ол сәл таршылық көріп қалса тұлданып тәңірісін қарғап шыға келетін
қазақ әйелі емес пе - неден тайынсын. Әйтсе де ол ендігі жерде не көрсе де өз
пешенесінен, өз бағынан көретін болды. Қазіргі жесірлік тауқымет-ғұрпын бір кезде
өзім жасаған астамшылдығымнан, кесірлігімнен, кесапатымнан деп түйсінді. Жәмила
уағында қошаметшіл қауымның азғырынды тіліне еріп, үйіне қызметші әйел ұстаған
еді. Кім-кімге де мейірім боп төгіліп тұратын жарықтық Қызайым енесі: «Садағаң
кетейін келін-ау, бұңың не сенің? Өз күлін өзі тысқа шығарып төге алмай қолға
кісі ұстаған деген не сұмдық?! Қой, бұ пәлеңді мен көрмейін. Кепиеті атып жүрер бір күні» деп
қақсауындай қақсап-ақ  еді. Бірақ оның бұл кеңесіне құлақ
асқан Жәмила болмады. Өз жөнін түзік көріп бұрылып жүріп кететін. «Міне соның кепиеті мені енді атып
отыр. Әйтпесе осынша құлдырап, күйзелер ме едім. А?! Кезінде өз
күлімді өзім шығарып төккенде бұлай болмас па еді, кім білсін. Түптеп келгенде дүние кезек деген осы.
Енді міне өзім біреудің күлін шығаратын бейшара күйге жеттім. Тәйір-ай,
пендеден пенде артып қайда барушы еді осы күні!» деп қамырықты. Бұл оның сонау
жас келін тұсындағы білместігіне, кесапат-кесірлігіне енді қысылып, қиналып,
қапаланып отырған бір сәті еді. Байқаса Жәмиланың әйелдік жасап істеген оғаш қылықтары
көп бопты. Басқаны айтпағанда үш-төрт кісіні үйіне ертіп келген күйеуін бірде
сол қонақтардың көзінше беттен алып, зірк-зірк етіп тілдегенін қалай ұмытады.
Сол - Жәмиланың өз өміріндегі ең үлкен қателігі боп және күйеуінің көңіліне де,
өз көңіліне де аяусыз салған сом жара боп көкірегін әлі күнге дейін сыздатып келеді.
Шернияз марқұм тегінде өте ақ көңіл кісі еді ғой. Әйелінің әлгі оспадар қылығын
қаперіне де ілмей: Е, жарқыным, сенікі де жөн. Үйге қонақ ертіп келген менікі
де жөн. Екеуіміз өстіп тар жерде тақасып, тақымдасып тұра береміз бе. Ақылың
бар еді ғой. Ақылды әйел де өстеді ме екен» деп күліп кегі арқасынан қағып шай
қоюға тысқа шығарып жіберіп еді, Жәмила кейін осы қылығы үшін қатты ұялып
жүрді. Қадірін жоғалтпаған ақылды әйел болса өстер ме еді. Қандай жағдайда да күйеуінің
қас-қабағына қарап, беделіне нұқсан келмеу жағын көбірек ойлар еді-ау. Қайтерсің
енді... ақымақ болса. Өкінгенмен амал бар ма оған. Әйелдік қасиет осы күнгі қай
ұрғашыда  жоқ дейсің. Бәрінде
де бар шығар. Алайда, бұныкі
со жолы солардың қай-қайсысынан да алабөтен болып
еді. Күйеуінің ертіп келген кісілерін
күтпеймін деп шаптыққаны қай сасқаны. «Құдай алатын баласын қойқаңдатып барып алады» деуші еді бұрынғылар. Сол секілді бұ да жаман қатынның бұтқа толып, қойқаңдап
жүрген бір сәті болса керек. Жәмила өзінің сол қылығына өкінсе
де, өкінбесе де кейін бәрібір соның кепиетін тартпай қалмады. Күйеуінің көзі
тірісінде күніне ат көпір боп жататын қонақжай үйі бертінгі жесірлік ғұмыр
кешкен жылдарында қуалаған шошқа бармайтын құлазыған қумолаға айналып үлгеріп
еді. Бұны ол тағдырдың маған тартқызған жазасы деп түйсінді. Ұлы шындықты
мойындаудың өзі Жәмила үшін үлкен ерлікпен тең лұғатты нәрсе еді.

VII

Баласы институттың бірінші курсын
ойдағыдай бітіріп, жазғы каникулға ауылға келгенде, Жәмила ұзынкөйлегін
ышқырығына түрініп, тоңқаң-тоңқаң етіп, кеңce еденін шиылқылдатып
жуып жатқан. Тыстан бір бала жүгіріп
ішке ентігіп кірді.

-        Апа! Қаннен-қаперсіз еден жуып жатқан
Жәмила аяқ астынан шыға келген оқыс дауыстан шошып, ыршып түсті.

-        Көтек. Бұнысы кім тағы.

- Мен ғой, апа. Қорқып қалдыңыз ба?

- Жүгермек, жау
қуды ма сені. Апақ-сапақта жетіп келіп кісіні шошытқаның не?-Жәмила балаға зілсіз
ұрысқан болды.

-        Ұрсасыз
ғой. Мен өзім сізден сүйінші
сұрайын деп алды-артыма қарамай
жүгіріп жетсем. Баланың
аузынан «сүйінші» деген бір ғана жылы сөздің шығуы мұң екен, Жәмиланың жүдеу,
бозғылт өңіне қан жүгіріп, лезде нұрланып сала берді.

-        Аузыңа май. Айт!-деді шыдамсызданған
кейіпте тыпыршып және баланың жақсы хабармен жеткенін бірден сезіп.               I

-        Алматыдан
балаңыз келді.

-        Қашан? Жаңа әзірде. Осы
ауылдың үстімен өтетін Төгіскеннің автобусынан түсіп жатқанын сыртынан
көрдім де сүйінші сұрайын деп сізге қарай құстай ұштым.  Айналдым сол. Жақсы лепес жеткізуге асыққан түріннен
сенің,-деп баланың маңдайынан сүйіп, шашынан сипады. Сосын жан қалтасын қарманып
жатып одан умаждалған үш сомдықты тауып, суырып алды да баланың қолына ұстата
салды,- Бары осы еді. Аз болса да көптей көр, айналайын.

-Рахмет, апа.- Қолына үш сом тиген бала төбесі көкке жеткендей боп секіріп
ойнап тысқа жүгіре жөнелді. Бұның өзін Жәмила әлгінде совхоздың кассир әйелінен
қарызға сұрап алған еді. Ол кеңсе еденін апыл-ғүпыл жуа caп, ебіл-дебіл үйіне
асығып жеткенде, баласы жаңа ғана жуынып боп, есік алдында сүртініп тұрған.
Жәмила бір жылдың ішінде бойы серейіп сырықтай боп өскен ұлын көріп тұра ұмтылды.
Келе бас caп маңдайынан, бетінен, көзінен шөпілдетіп сүйді. Оған да мауқы
басыла қоймады білем, баласын қапсыра құшақтай беріп, неге екені белгісіз,
кенет дауыс caп аңырай жөнелді.

-        Жалғыз..ем аман-есен келдің
бе..е әйте..уір..р. Бұл кезде астана оқуынан оралған Бекмұратпеп сәлемдесуге
өздерінің көрші-қолаңдары жиналып кеп қалып еді. Жәмиланың екі кеш арасында
жамандық шақырғандай боп дауыс салып жылағанына тіксініп, шошып кетісті. Үлкендердің
бірі:

-        Тек!
Ел аман, жұрт тынышта аңырап жылағаны несі
аруақ атқырдың?!-деді жақтырмай күңкілдеп.Содан
кейін осының бір пәлесі жұғар деді ме, сырт бұрылып үйіне кетіп қалды. Шешесінің
көрші-қоландардын көзінше себепсіз деп себепсіз аңырап жылағанына Бекмұрат та
ыңғайсызданып қалған.

-        Апа, бұныңыз не? Қайта қуанудың
орнына көз жасыңызды төккенініз қалай? Әлде...- Бекмүрат шешесінен «ел ішінде
өзіне жапа шектіріп жүрген кісілер бар ма, сол себепті маған шағынып жылап
отырған жоқсыз ба?» деп сұрағысы келіп оқталып тұрды да, жұрт көзінше ондай
әбестікке бармады.- Қой, апа. Ел-жұрттан ұят емес пе,- деді шытынып. Жәмила
жаңа әзірде сағынған көңілмен еміреніп келіп баласын кеудесіне басып құшақтаған
сәтте, неге екені белгісіз, қай-қайдағы жайлар есіне оралып көз алдын көк мұнар
мұң лезде торлап тұрып алды. Күйеуі өлгелі бергі жоқ-жүқана тұрмысы, былтыр
ғана қара күзде баласына жіберетін ақша таппай сарсылғаны одан бергі тұста өкпесіне
суық тиіп төсек тартып ұзақ жатып қалғаны... бәр-бәрі көз алдына қайта елестеп

жүрегін шабақтап етті. Жәмиланың
көңілінде содан ұстасып қатып
қалған көк мұз бар-ды.
Әлгінде келе ұлынбас салып құшақтай алғанда баласының демі жүзін шарпып өткен. Содан көңіл мүзы жібіп еріді ме кім білсін, әйтеуір, оның Жәмиланың
көңілінін, босап, жылауына себеп болғаны
өтірік емес-ті. Ол: «Сен оқуіздеп, Алматы асып, тентіреп кетпегенде
мен осындай мүсәпір күйге түсер ме
едім»- деп баласына шаққанмұңы еді. Оны көрші-қолаңдардың бірі
білсе, бірі білмеді. Білмегендер, әрине, Жәмиланы жазғырды. «Жылайтын жерде
қуанып, қуанатын жерде боздаған о сорлы! Екі кештің арасында ай жоқ, шай жоқ бостан- босқа аңырап жылағаны несі?!»-деп оны іштей
құсталап тілдегендер де болды. Білгендер: «Қайтсін
байғүс! Былтыр жазда оқуға аттандырып салғалы баласының жүзін көріп отырғаны
осы. Ботасына иіген аруанадай бу-

санып, босап тұр да. Оңай ма жалғызжілікті кісіге. Әйтеуір, артының қайырымын
берсін!»-деп жақсы тілектілесті. Жәмила шай үстінде Бекмұраттың жүдеу өңіне қайта-қайта
жаутаңдап қарағыштай берген. «Япыр-ай, оқу кісіні сорып тастайды деген рас
екен-ау. Былтыр үйден кеткенде тайдың бұлшық етіндей бұлтылдап, мығым көрініп
еді. Нәйеті бір жылдың ішінде арық серкедей бойы серейіп, арса-арса боп
сереңдеп шыға кепті. Бес жылда бұның не тамтығы қалады, ә» деп іштей қауіп
ойлаған. Сонсоң алға сәл ұмсына түсіп, шай құйған кесесін Бекмұратқа ұсынып жатып:

- Е, шырағым, жуыла-жуыла онған боз шүберектей жүзің бозғылт тартып, жүдеп
бітіпсің ғой. Немене, оқуың қиын соғып жүр ме?- деді күрсіне сұрап. Бекмұрат
шешесіне ашылып мардымды ештеңе дей қоймады. Жігіт болғасын бойымыз өсіп,
таралайын деген шығар дей салды. Сабақтан бос кезінде, кешке қарай Алматыдағы
сексеуіл базына барып, поездан көмір, ағаш түсіріп ақша тауып
ішініп-киінетінің, сөйтіп түнде жұмыс істей жүріп институттың бірінші курсын бітіргенін
әрине жасырып айтпады. Онсыз да қамкөңіл анамды жабырқатып қайтем деп ойлаған. «Азын-аулақ
стипендияның есебінен киім киіп, азын-аулақ стипендияның есебінен тамақ ішіп,
бір ішек боп қатып-семіп жүр екен ғой байғұс бала!»-деп түйсінген Жәмила сол
жаздан былай әлденеге бел буып, біреудің үйін сылап, әктеп, енді біреудід
қора-қопсысын жөндеп беріп қор жинай бастап еді. Кейін оның бұл қаракетін
баласы сезіп қалып қатты кейіді.

 

-        Апа, мені дос, дұшпанның
алдында қара жерге қаратқыңыз келмесе бүныңызды қойыңыз. Совет заманында кісіге
жалданып, оның  жұмысын істеп, табыс табу
деген не сұмдық. Естіген елден, көрген жұрттан ұят екенін ойладыңыз ба бір
сәт?!

-        Шырағым-ау, оның несін шам
көрдің?-деді Жәмила баласын сабырға шақыра сөйлеп.- Өкіметтің еденін жуып айлық
алдың не, жекешенің үйін сылап ақша таптың не - бәрбір емес пе.

-        Жоқ, бәрбір емес,- деді
Бекмұрат та қайтпай өз жөнін түзік санап.- Бәрібір емес. Кеңсе сыпыру, сайып келгенде,
қоғамға пайдалы істердің біріне жатады. Ол - сізге бекітіліп берілген жұмыс. Сол
үшін өкімет сізге жалақы төлеп отыр.

-        Әй!- деді Жәмила тас қайнар
ашуы оқыс бұрқ етіп әрі баласының бетін қайырып тастамақ болып,- Әй, сен маған
ақыл үйретпе, білдің бе?! Құдайға шүкір,

әлі әзір өз ақылым өзіме жетеді.
Совхоздың бүкіл кеңсесін сыпырып, еденін жуғанда алатын жалақым сеніоқытуға жетеді деп кім айтты саған, а!
Жетпейді. Жетпегесін кісіге жалданып жұмыс істеп жүрген жоқпынба,
мен бейбақ!

-        Ендеше
жалақыңыз өзіңізге жете ме?- Бекмұрат шешесіне шытына қарады.

-        Е, жетпей не
көрініпті.

- Онда бұдан
былай маған ақша салып әуре болмаңыз.

-        Heгe?

Сол. Стипендияммен-ақ күн көрем. Өлмеспін.

-        Пішту.-
Жәмила ашу үстінде баласына
шаптығып қалай ернін шығарғанын аңдамай
қалды - Пып...ф.дірам қал. О несі-ей! Бекмұрат бүған не дерін білмей құр дір-дір еткен күні тысқа
шығып кетті... ә

VIII

Бұрынғы директор ойда-жоқта орнынан түсті де оған деп арнайы салынған қызыл
үй совхоздың жаңа директоры Бекмұрат Шерниязовқа бұйырды.  Жәмила екі-үш немересін киіндіріп тысқа
шығарып жіберіп, төр алдында қисайып жата бергені сол еді, үй жанына гүр етіп
тоқтай қалған машина даусын естіп басын жастықтан қайта көтерді. Сөйткенше
болған жоқ, төрт-бес адам дабырлап ішке кіріп келе жатты. Жәмила қобырап кеткен
шашын жинақтап, орамалын жөндеп тартып, орнынан созбаланып түрегеле берді - түрегеле
беріп есік жаққа көз тастап еді, төргі бөлмеге асығыс өтіп бара жатқан баласын
көріп, тұрып қалды. Бір шаруамен үйге соққан болды ғой деп ойлады. Кісінің жасы
ұлғайғасын жұмсақ көрпе үстінде қисайып жата бергісі келе ме, немене... Жәмила
қайта

дамылдап алмақ болып, тізе бүге берген еді, іштен келінін
ертіп баласы шықты.

-        Апа,
Мәнзияға көмектесіп жіберіңіз. Көшеміз!- деді
шытынып. Сөйтті де ертіп келген төрт-бес кісінібастап ауызғы бөлмеге
өтіп кетті. Жәмила көңіліне күдік алып қалды.
Сонда да оған мән беріп жатпады. Баласының әлгінде шытынап сөйлегенін жұмыс
барысындағы көп кикілжіңнен шығар деп соған жори салған. Жұмыс
болғасын бірде олай,

бірде бұлай бола береді деп және түйсінген. Аздан соң ауызғы бөлмедегілер жапа-тармағай құлшынып
кірісіп, үйдегі бар затты, бар бұйымды жинастырып, буып-түйіп қаттап, екі
машинаға артты да берді. Жүк тиескен жігіттердің бірі:

-          Апа, Бекеңді тапқан
сізде арман бар ма енді. Бәкең,
міне, «Ойық» совхозының білдей днректоры...,-деді Бекмұрат емес тап өзі
директор боп бекіп бара жатқандай насаттанып. Жігіттің мына сөзіне Жәмиланың
кәрі жүрегі бір бұлқынып қалғандай болды. Бұған баласының директор боп
өскендігі емес, «Ойық» совхозына артынтып-тартынып көшіп бара жатқаны себеп
болып еді. Жол тоздырған құйма болат тұяқтай жұқарып, жетілуге аз-ақ қалған
қарт ананың шүңет кәрі көзінен сол сәтте жас та шығып кетті. Жәмила осы «Қызылжиде»
совхозының тұрғындарымен етене жақындасып, кәдімгідей бауыр басып қапты. Қанша
дегенмен баласы жақсы-жаманды жиырма жылдай қызмет атқарған киелі өңір емес пе
сырласқанмен сырласып, достасқанмен достасып, жарастықты күн кешіп еді. Енді,
міне, солар Жәмиланың үйі көшкелі жатыр дегенді естіп тайлы-түяғына дейін
қалмай түгел жиналып- кепті.

-        Ел-іші аман болсын,

-Құдай алдарыңнан жарылқасын,- десіп, Жәмилаға игі
тілектерін білдірісіп, бірі көрпе-жастығын, біріорындықтарын көтерісіп, машинаға тиесіп жатты. «Е, құдай
жолымызды оңғара гөр!» деді Жәмила машина кабинасына жайғасып отырып жатып.
Қарт ананың осы сөзін күткендей машина да іле сырғып жүріп, көп ұзамай орталық көшеге
түсті де, жол шаңын аспанға бұрқыратып, зулай жөнелді. Былай ұзап шыққасын
Жәмила шофер жігітке жайлап бұрылып:

-        Шырағым, әлгіде асып-сасып
жүріп жөндеп сұрап та алмаған екен. Бара кіретін баспанасы әзір ме еді өзінің?-
деді ішкі күдігін жасыра алмай. Шофер жігіт қарт ананың жүзіне «не айтып отыр» деген
кісіше аңырып қарады. Сосын оның шын сұрап отырғанын түсініп:

-        Ой,
апа! Бүгінде баспанасын
әзірлеп алмай кім кешетін еді. Бекеңнің семьясына деп хан сарайындайбір зәулім үйді ендігі дайындап та қойған шығар,- деп қарт ананың көңілін өзінше көтеріп қоймақ болды.Жалғыз баласының тырнағы қызметке
іліккелі үй-ден таршылық көрмесе де, неге екені белгісіз, бұл жолы көңілі күпті
көрінді. Бірақ баласының анау-мынау емес, білдей совхоз директоры боп бекіп
бара жатқанын ойлағанда жүзіне қан жүгіріп, тәтті қиялға елтіп, рахат дүние құшағында
тербетіліп жүре беретіні және өтірік емес-ті. Сөйтіп, Жәмила үрім-бұтағын шұбыртып
туған жерге қайтқан құс секілденіп бір күдік, бір қуаныш жетегінде «Ойық»
совхозына да жетіп қалып еді. «Қызылжиде» мен «Ойық» деп аталатын екі совхоздың
аралығы жиырма бес, отыз шақырымдай ғана жер болатын. Арада жарты сағат өтті
ме, өтпеді ме-көк қасқа машинасын аңыратып жеткен шофер жігіт ауқымды үлкен
селоның оңтүстік-батыс жағындағы қасқа жолмен ішке сұғынын кіре берген-ді;
кабинада отырған қарт ана кенет тұғыр тасы кісі бойы қаланған зәулім қызыл үйді
сонадан көріп, кәрі жүрегі оқыс бұлқы-нып қалғандай болды. Бірақ шофер жігіт
ана жүзіндегі бұл өзгерісті аңдамады да, көзіне оттай ыстық басылған үлкен
қызыл үйдің тұсынан ағызып өте шықты Жүк артқан көк қасқа машина сол жүйткіген
бойы селоның орталық көшесімен төмен құлдап, шығыс жа-

ғындағы қызыл шатырлы үлкен үйге тұмсық тірей бірақ тоқтаған. Осының
алдында ғана ентігіп жеткен баласының ақ «Волгасын» қоршап, сол бойда тік
көтеріп аула ішіне кіргізе салардай жік-жапар боп, қоғадай жапырылысып тұрған
ауыл жұртының бір бөлігі ендігі

мезетте жүк тиелген машинаның кабинасына жапа-тармағай тұра ұмтылысты. Қол
аяғы жеңіл біреулері бұрын жетіп, көк қасқа машинаның кабинасын апыл-ғұпыл
ашып, іштен қарт ананы көтеріп жерге түсірісіп жіберді. Жәмила етек-жеңін
жинап, жерге табан тіре-гені сол еді, тұс-тұстан жамырай жөнелген үнге әп-сәтте
кәрі құлағы тұнып қалды. Бірі қалай жеткенін сұрап, бірі көңіл-күйін сұрап,
тіпті мазасын алды. Олардан ебін тауып сытылып шыға бергенде-:

-        Қуаттысыз ба, бәйбіше?

-        Жол түсіп көшіп келіп қалдық де...

-        Қонысыңыз құтты болғай,
Жәмила!-десіп, өзі құралпы қартаң кісілер Жәмиланы қоршап тұра-тұра қалысты.
Бұлардың ішінде қарт анаға қол беріп амандасып, жай-күйін, үй-іші саулығын
жалбаң қағып сұрап, жалпақтау арқылы совхоздың жаңа директорына жағынып қалуды
көздеген ауыл пысықтары да жоқ емес-ті. Осыны жер түбінен жіті таныған Жәмила
ақырын езу тартып кекесін күліп қойды. Бірақ оны былайғы жұрт аңдамады да
машина бортын ашып, бәрі де жүк түсірісуге, тасысуға жапа-тармағай ұмтылысып, шұғыл
кірісіп кетіп еді. Бұл арада Жәмиланың бұрынғы көз таныстарынан жөнді ешкім
көріне қоймады. Бір-екеуі ғана үй маңына жиылған қалың топты жарып жүріп келіп,
ақ пейіл кісінің ажарлы кейпін танытып, емен-жарқын амандасты да, қайтып көзге
түспеді. Бірақ оның есесіне көрші-қолаңның жас келіндері жарыққа үймелеген көбелектей
бұның төңірегінен үйіріліп шықпай қойды. Бірі: «жол соғып шаршап қалған жоқсыз
ба, апа? Үй-жайыңыз жиналып болғанша біздікіне барып, ыссы шай ішіп отырыңыз»
деп қиылса, бірі: «әй, сен сандалмай жайыңа тыныш отыр. Менің үйім тұрғанда
сенің аулаңа бас сұғып, бұ енемді жын соғып па, жүдә»,-деп анаған Дөдайбат
көрсетіп, сонсоң Жәмилаға түсін жылытып сайқалдана күле бұрылып: «Ене-ау, көп
жыл

бойы осы ауылға ат ізін салмай бізді қатты сағындырдыңыз ғой. Үйге жүріп демала
тұрыңыз»,-деп қолынан сүйреп жетелегендей болса, енді бірі: «Ту..у, бәрің бірдей
бөрінің артындай шуылдап, бұ кісінің құлақ етін жеп бітірдіңдер ғой түге. He
болған сендерге?! Онанда қымыз әкеп беріп... қарт кісі еді ғой деп... кішкене
таңдайын жібітсеңдер болмайтын ба еді» деп басалқалы сөз айтып, директордың
анасына жақсы атты көрінгісі келіп үйлеріне сүйрелеген алдыңғыларды былай
ысырып, сыртқа қағып серпіп жіберді. Осыны өзі күні бұрын ойластырған тәрізді.
Сол сәтте әлдеқайдан тегене толы сары қымызды әлдекім көтеріп алып келіп, іле
сапырып-сапырып жіберіп керден кесеге құйып қарт анаға ұсына қойды. Жәмила
қапелімде бұлай болады деп ойламап еді. Қолына ұстата салған керден кесе толы қымызды
ішем деп те, ішпеймін деп те айта алмады. Осындай екі ұрын халде ол аз дағдарып
отырып қалды. Сонсоң өзіне қымыз ұсынған кісінің иман жүзді салиқалы келін
екенін көріп, меселі қайтпасын деп ойлап, ыдысты аузына апара берді. Бөгде,
танымайтын салиқалы келіншектің қолынан қымыз ішкеніне Жәмила да, директордың
анасына ойда-жоқта қымыз ішкізгеніне салиқалы келіншек те іштей риза боп қалған
сияқты көрінді. Директордың анасына қымыз ұсынып, оны жұрт көзінше ішкізу де
күндердің-күнінде зор абырой-атақ болады деп кім ойлаған. Әлгі келіншектің
мерейі табан астында үстем боп шыға келді де, ол былайғы тобыр жұртқа шекесінен
қарауды шығарды. Оған енді жұрт та құрметпен қарайтын сияқты сезілді. Осыдан жиырма
бес жыл бұрын осы ауылдың игі жақсылары жалғыз баласын өрге де, қырға да сүйретіп,
соның амандығы жолында шыбын жанын отқа да, шоққа да салған Жәмиланы көзге
шыққан сүйелдей көріп, отырса опақ, тұрса сопақ етіп, елден бездіріп жі-

бергендей болып еді. Енді соның
бәрін ұмытып, ұмытпағаны бар пәлені сол кездің
ауыртпалығына жауып,сүттен ақ, судан
таза боп отырысы мынау. Жәмила
ауыр күрсінді. Сонда осы
ауылдың ақсақал, қара сақалдары
жетімнің жетіліп, жесірдің бүтінделіп, ел қатарына қосылатынын ойламады
ма екен, сірә. Кезінде Жәмила осы ауылдың отымен кіріп, күлімен шықса, енді міне, жаман баланың арқасында сол Жәмиланы
бүкіл ауыл боп қарсы алып, құрақ ұшып жүгіріп күтіп жүр емес пе. «Құдай бергеніңе шүкір де,
бергеніңе...»  Жәмиланың көңілі босап, еріп бара жатыр еді. Талай
ауыртпалықты бастан өткеріп, көн ұлтандай қатып үлгерген қам көңілі, неге екені
белгісіз, әп-сәтте қайта сіресіп, ұстасып қалғандай болды. Сөйтіп бойын салқын ұстап,
жиып ала қойды. Ондағысы: көлденең жұртқа ойда-жоқта көз жасын көрсеткісі
келмеп еді. Біраздан соң ыңырана артқан көк қасқа қос машинадан жүктері
түсіріліп болып, нән көк қақпадан ішке

кіргізе бергенде байқады: баласына берілген үй екі қабат зәулім сарай
секілді көрінді. Осы ауылдың қандай үйінен де иығы асып, айналасына асқақ
қарап, айбынданып тұрғандай еді. Мана жол бойында Бекмұратымның жүгін қандай үйге
түсіреді екен деп іштей қауіп ойлап, күдікті қиял кешіп, ауық-ауық
мазасызданумен болған. Рас, айдарынан жел ескен бастық атаулы қай кезде де
дүмді соғып, қайда бармасын сүбелі сыбағаның небір марқас-

қа түрлері буы бұрқырап алдымен соларға тартылатынын бұрыннан жақсы білетін
Жәмила көңілінде күйеуі МТС-тың білдей директоры боп дәуірлеп тұрған сонау бір
жылдары өздеріне құтты баспана болған қызыл шатырлы зәулім үйге қайтадан кірсек
шіркін деген тәтті үміт те жоқ емес-ті. Әлгінде ол үйдің тұсынан көк қасқа
машина зу етіп ете шыққанда түсі сәл қуқыл тартып, кәдімгідей қоңырайып қалып
еді. Енді, міне, соның

бәрі бірте-бірте елеусіз
ұмытылып, көңілі орныққандай көрінді. Жүзіне қуаныш нұры ұялап, айналасына мейірім шуағын
төгіп, жайдарлы қалып танытып
отырғанын және
аңдағандай болды.

IX

Осында көшіп келген бір жетінің беделінде Жәмиланың қарақты
кәрі көзі көп нәрсеге қанықты. Іңір қараңғысы қоңырқай тартып түсе бере көрші үйдің келіні мен баласы
осы үйге құдайдың күнін құрғатпай ебіл-дебіл боп шауып келіп тұратын болды: бірі келген бойда қазан-ошақ маңын жағалап, соның оны-мұны күйбең шаруасымен шұғыл айналысып, өздігінен
билеп-төстеп жан ұшырып жүгіріп
жүрсе, бірі сексеуіл жарып, отын

бұтап сарайдан шықпайды. Жәмила «бүгін, ертеңге осы да жетер, қиқалай
беріп қайтесің» десе де көнбейді; нән қара балтаның жүзін тасқа түсердей етіп өткірлеп, қайрап, бұғының мүйізіндей арбиған-арбиғансексеуіл
атаулыны дүңк-дүңк жарып, тау ғып үйіп тастайды.

Бұрын Жәмила кемпірдің пышағы нанға, балтасы ағашқа жөнді өтіп көрмеп еді. Қазір қандай құдіреттіңжелеп, жебеп жіберетінін ит білсін бе, әйтеуір осы күні қағазға етпейтін жүзі тоғал қара қайшысына дейін тоққа қосқандай сырғып тұратын
болды. Үңірейген үлкен үйдің
қара дермантинмен қапталған қаусырмалы сыртқы биік есігі жайлап сықырлап ашылып,
іле әлдекімнің аяғының ұшымен дыбыссыз басып, ақырын ішке кіріп бері бұрылғанын
Жәмила кемпір тұла бойымен жіті сезсе де аңдамаған, аңғармаған қалып

танытып, бүкшиіп сұлық жата берді. Кім болса да басымды жастықтан көтермедім деп қыртыстана
ойлаған.Бірақ оның бұл күнде қай ойлағаны
жүзеге асып жатыр дейсің, тәйірі. Терісіне ілініп ілдәлап сүйретіліп тірі
жүргенін шүкіршілік етпесе, ендігі мезетте не үйге, не түзге қолқабысы жоқ
кембағал кәрі-құртаңның біріне айналып, тіпті керек десең, өз отбасына
кіріп-шығуының өзі мұң болып қалған жоқ па. Үйге енген кісі кемпірдің
бөлмесінің есігін де сықырсыз еппен ашып, ішке бас сұғып қарап:

- Апа, жайлап дем алып жатыр
екенсіз ғой. Мәнзия абысынымыз жұмысынан
әлі келмеген бе?- деп сұрады
барынша сыпайы сөйлеуге тырысып. Жәмила кемпір бұның керші үйдің келіні Қалдыкүл екенін алғаш даусын
естісімен бірден жазбай танып, келген бұйымтайын сұрап білмек болып, тұрып жайғасып
отыруды көздеді. Іле қос терезесіне газет тұтылған күңгірт бөлменің қара
көлеңке төрінен басына салған ақ жаулығы сонадан ағараңдап көрініп, жоғары көтеріле
берді. Қалдыкүл аяғын еппен санап басып жеңіл сырғып келіп үй иесінін, жанына
тізе бүгіп отыра кетіп

- Апа, шай ішесіз бе? Ішсеңіз қайнатып берейін,- деді ақырын сыбырлап құлағына
жағымды аса бір нәзік үнмен сыңғыр етіп. Жәмила кемпір қапелімде шай ішем деп
те, ішпеймін деп те айта алмады. Қалдыкүлдід не деп сыбырлағанын түйсініп, ұғынғанша
ол қасынан лып етіп көтеріліп, тысқа бір-ақ ытқып шығып кеткен-ді. Қарт
ананың шай ішпесіне бәрібір
Қалдыкүл көне қоймас еді. Сондықтан
жауабын тосып жатпады. Ауызғы бөлмеге асығыс ұмтылып, газ плиткасын жағып
жіберіп, бұрқ еткізіп әп-сәтте шай қайнатып алып келе қойды. Әлгінде
дәлізге шығып қолын жуып келіп шайға біржола жайғасып отырмақ еді; құдай
тілеуін бергір Қалдыкүлдің қол-аяғы мұндай жеңіл екенін кім білген бұрын;
Жәмила кемпір тұруды ойлап бүкшең-бүкшең қағып орнынан қозғалғанша жез легенді
әлдеқайдан лезде тауып әкеп лып етіп алдына көлденең тоса қой-

ған. Қалдыкүлдің көз ілеспес шапшаң қимылына разы болды ма, жоқ әлде ауызғы
бөлмеге сүйретіліп барып қайтқанды қиынсынды ма, әйтеуір шүмегінен су атқақтаған
құманға тарамыс кәрі қолдарын төсей берген еді. Жәмила енді төрге төрт қабат
етіп қалың төселген жұмсақ көрпе үстіне жүресінен тік шаншылып отырып ап көрші
келіннің қолынан сораптап шай ішуге кірісті. Жасынан үй шаруасына көз қарақты
боп өскен Қал-

дыкүл не бір мысқал кем, не бір мысқал артық салмай бұл жолы да шайын
бабымен демдеп алып келген екен. Жәмила маңдай терін үлкен ақ сүлгімен сүртіне
отырып ұзақ ішті. Әуелгіде көрші келінді көп ұстағысы келмей: «Өркенің өссін, айналайын.
Енді өзім-ақ жайлап құйып іше берем ғой, бала-шағаң үйде көзі жаутаңдап жолыңды
тосып сарылып отырып қалған болар. Бара ғой, құлдығым»,- деп
ризашылдығын білдіріп еді. Қалдыкүл

естімеген қалып танытып, түсін суыққа
салып жуықарақта жауап бере қоймады. Жәмила көңіліне күдік алып
қалды. Бірақ онысын көрші
келінге сездіргісі келмей бұрынғы жайма-шуақ ақжарқын күйде жайдарлы отыра берді. Таң
ертеңгі апақ-сапақта көзін тырнап аша салып аудан орталығына суыт жөнелген
Мәнзияның соңынан үнсіз қарап тұрып, оның бүгін тағы да кешке жақын бір-ақ оралатынын
жазбай танып, көңіліне әлденендей сыр түйіп үлгерген Қалдыкүл сәске түсте
Жәмила кемпірдің үйіне елеусіз бас сұғып шығуды діттеген. Ондағы ойы: үйде жалғыз
қалған директордың кәрі шешесіне жанашырлық көрсетіп шай жасап беріп, осы орайда
көңілін аулай отырып ау-жайын танып біліп, ыңғайы туса күйеуінің қазіргі жайын
ұғындырып айта кетпек-ті. Келіншектің күйеуі Адырбек шофер болып істейтін. Қанша
талап қылса да, не пәлесінің барын кім білсін, әйтеуір тақымына көк қасқа нән
УАЗ-дардың бірі тимей-ақ қойды. Кеше совхозға сондай нән УАЗ-дардың екі-үшеуі
келген екен, сонда жүрген еті тірі пысықтар пышақ үстінен бөлісіп алып,
жандарын жай тапқызыпты. Бұл уақытта клубқа кірпіш, ағаш тасып
жүрген

Адырбек кешкісін жаман машинасын
салдыр-гүлдір еткізіп гаражға жеткенде өзінің ол үлестен тағы құр қалғанын естіп біліп, өкініштен өкіріп
жылап жібере жаздапты. «Көкірегі
сыр-сыр етіп, бөлек-салағы салдырлап, қаусаған
көк темірді ойға, кырға сүйреп, үстінен түспегеніме
табаны күректей он жыл болды. Бір күн жүрсе
екі күн тұяғы қыбырламай
мелшиіп қарап тұрады да қояды. Абырой дейтін абырой, атақ дейтін атақ қалмады менде. He
істеймін енді?!» деп түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмай шығып еді. Күйеуінің сол
күйініші» ойлап, іштей әлденеге тас
түйін боп бекіп келген Қалдыкүл кайтсе де осы жолы директордың шешесін үгіттеп көндірмек болып отырған. Сүт қатқан күрең
қою шайды қанғанша ішіп, ағыл-тегіл терлеп, маңдай қыртысы жазылып, бойы сергіген Жәмила кемпір
қазіргі тұста өз мәселін қайтармасын да сезді - сезді де:

- Апа, Адырбек балаңыз қолым қалт
етіп босағанда осы үйге сексеуіл, шыршаны тау ғып үйіп тастар едім, әттең не керек, құмға ызғытып барып қайтуға сүйегі салдыраған
көксау машинам жарамайды деп
екі күннің бірінде ылғи өкініш
білдіреді. Соны директорға өз
аузыңыздан өтініш етіп
айтсаңыз қайтеді. Қанша дегенмен
қаназаңызды жарып шыққан балаңыз емес пе
- сөзіңізді жерге тастамас,- деп кемпірге ысырылыпжақындай түсті.

Қарт ана осында көшіп келгелі Қалдыгүл
мен оның күйеуі Адырбекті өздерінің
от басынан жиі көретін еді.Бірі
осы үйдің отынын жарып, суын әкелісіп, бірі қазан- ошақ жағын жағалап, тамақ
пісірісіп, қолғабыстарын тигізіп, құрақ ұқшып жүгірісіп жүретін. Жәмила соның мәнісін
енді түйсінгендей болды. Бірақ ол Қалдыкүлдің бұл өтінішін елеусіз қалдыра алмады.
Олай етсе өз үйінің отымен кіріп, күлімен шығып жүрген қағылез пысық келіннің көңіліне
өшпес қаяу түсіріп алатын болды. Оның үстіне жоғыңды жа-сырып, барыңды
жарқыратып көрсете білетін кәнігі Қалдыкүл жағы мен тіліне сүйенген осы күнгі
ақ саусақ келіндердің бірі емес. Сыйласқанмен сыйласып, ұстасқанмен ұстасып,
тістей жабысып қатып қалатын көк жойқындылығымен бірге кісілігі де бар әйел.
Қай жерде қандай сөз айтуды да жақсы біледі. Әйтпесе әлгіндей етіп тігісін
жатқыза бұйымтай айтуды қазіргінің әйелі жетік меңгеріп еді. Байқағанға Қалдыкүлдің
қазіргі кейпінде екі ұдай сезім бар-ды: бірі көршілігін, яғни айтқанда, былайғы
көлденең жұртқа қарағанда осы үйге кішкене тонның ішкі бауындай жақын екендігін
бұлдау болса, сонымен бірге онда директор балаңызға сөзіңізді тыңдатып, совхозға
жаңа келген су жаңа екі-үш көк қасқа нән машинаның бірін менің күйеуіме көп
кергімей алда-жалда алып берсеңіз одан өзіңіз де зиян шекпейсіз; тақымына жаңа машина
тиген елгезек, ақкөңіл Адырбек неден тайынсын - қолы қалт етіп жұмыстан
босағанда құмға құйындай ұшыртып барып, сексеуіл дейсіз бе, жыңғыл дейсіз бе,
шырпы дейсіз бе, әйтеуір не керек, жақсылыққа жақ-

сылық деп соның бәрін ың-шыңсыз осы үйге тасып, жеткізіп беріп тұрмай ма
деген жымысқы ой да жоқ емес-ті. Жәмила ойланып қалды. Қалдыкүлдің бұл бұйымтайып
баласына айтып ың-шыңсыз тындырып жібере салуға да болар еді. Бір көк темірді
Адырбек жүргізді не, басқа жүргізді не - бәрібір; бірақ балама сөзім өтеді екен
деп кез- келген уақытта совхоздың ішкі жұмысына қол сұға беруге бола ма. Бұл
жанып жатқан отқа баласын көпе-көрінеу
итергенмен бірдей екенін неге
ескермейді?! Жәмила бір сәт
осылай толғанып көрді. Бірақ қалай дегенмен, Қалдыкүлдің өтінішін елеусіз
қалдыра алмасын сол жолы анық сезді. Осы ғұмырында жақсыны да, жаманды да көп
көрген тумысынан қайырымды қарт ана құдайы көршісі Қалдыкүлдің көңіліне қаяу түсіргеннен
гөрі өз баласына ұрсып, айтқанын істетіп, қолды-аяққа тұрғызбай әлдеқайда
жүгіртіп жібергенді ана-ғұрлым жеңіл санады. Бірақ ол осында көшіп келгелі бері
өздерімен қоян-қолтық араласып, жақсы қарым- қатынаста болып, сыйласып қалған
Қалдыкүлдің, кімнің келіні екенін, күйеуі Адырбектің кімнің баласы екенін былай
түс ашып жөнді білмейтін еді. Соны енді сұрап білмек болып шай құйып беріп
отырған Қалдыкүлге бұрыла қарап: 

- Шырағым, айтшы,
Адырбек кімнің баласы осы?- деді байыпты сөйлеп, Қалдыкүл қапелімде Жәмила
кемпірден бұндай сауал күтпеген-ді Алғашқыда ептеп абдырап қалды да, іле
бет-өңін тез билеп ала қойды.  Сонсоң
бөлме ішін құпия сырға бөлеп, ақырын ғана сыбырлап:

- Шынымен ұмытып қалғансыз ба, апа? Басқаны білмесеңізде заманында жырық
құлақ Жарықбас атанған шойқараны білмеуіңіз мүмкін емес еді.. Әлде жорта
танымай отырсыз ба, бұ қалай?.. Сол Жарықбастың баласы,- деді Адырбектің кімнің
баласы екенін біле

қоймаған Жәмила кемпірге таңырқаған пішінмен. Уағында Шернияз атамның
сенімді жолдасы, іскер орынбасары болған көрінеді. Бұны білмейтін адам бар ма бүгінде,-
деп сөз соңын нық бітірді. Жарықбастың атын алғаш естігенде Жәмиланың денесі
инемен шабақтағандай өз-өзінен сұмдық тітіркеніп, қалшылдап қоя берді. Сол сәт
көз алдына өткен өмір жолдары бар ауыртпалығымен, бар кесапат болмысымен айқын
елестеп көрініп, қалқып қалт тұра қалғандай болды. Жәмила тартпаған азап-мехнат
аз емес еді. Қайта солдат етігіндей жаны сірі көрінді - тұрмыс тауқыметін
жалғыз арқалап, шыбын жанын  шырқыратып ойға,
қырға салғанда құлан сүйектеніп, желінбей шыдап тұрып алды емес пе. Кезінде бүкіл
бір өңірдің дүние тұтқасы Шернияздың қолында болып, дәулетті

өмірдін сыбағасынан молынан татып, шалқып жүріп қалған Жәмилаға, шынында
да, қосағы мезгілсіз көз жұмып, көктей солып түскенде маңдайындағы бақыт жұлдызы
қоса сөнгендей көрініп еді. Содан бері қаншама жыл өтті - соның бәрін де
мойымай бастан өткеріп, аумалы да төкпелі ғүмыр кешіп, осы күнге иек артып
отырған боз басты қалпы бар-ды. Қазір сол өткен өмірін түгел көз алдына
елестетіп, құмыға ойлап отыр еді. Қысқа күнде қырық құбылып, кісәпір мінез  танытып, сырт айналған тас маңдай тағдыры
бет-бейнесі белгісіз суық дүниедей тағы да ызғар шашып, тұла бойын лезде мұздатып,
тоңдырып жібергендей жат әрі зәрлі сезілді.

X

Енді ойласа, содан бері де жиырма шақты жыл өтіпті. Жәмила осы мерзім
ішінде талай тауқыметті бастан кешірсе де, әйтеуір, түбі қайырлы боп, қазіргі
уақта қолын жылы суға малып отырған жайы бар. Жарты құрсақ боп, қатып-семіп
жүрсе де қатарынан кем қал-май үмітін ақтап, институтты ойдағыдай үздік
бітірген Бекмұраты мына көрші шаруашылықта бас маман қызметін атқарып, ұзақ
жылдар бойы жемісті еңбек етіп келген-ді. Ақыры еңбегі жанып, бағы өрлеп,
өзінің туып өскен жеріне совхоз директоры боп бекіп келгеніне де міне біршама
күн болып қалып еді. Осы дәрежеге жету үшін Бекмұрат қаншама қиын сыннан
сүрінбей өтсе, директордың шешесі атану үшін Жәмила да талай тауқыметті бастан
көшіруге тура келген секілді көрінеді де тұрады. Соны ойлағанда: «Құр

атқа мініп сар...р желдіртіп заулап өтіп жатқан қайран жуйрік күндер-ай!
Қай күні мені бір құба жонның үстіне аунатып тастап кетер екенсің, ә!-деді ол
ауыр күрсініп.- Әйтсе де не заманды бастан кешпеді дейсің, мен бейбақты. Айтшы?! Бүкіл исі Ойық
жалғыз соның

аузына қараған директордың ақ,
адал жары боп та көрдім. Жаман жесір қатын боп та ғұмыр кештім. Жетім баланың мүсәпір,
байғұс шешесі де атандым. Алдыңғысы
қас қағым сәттік қызықты бір дәурен болса, соңғы
екеуі тас бауыр қатал тағдырдай суық әрі ұзақ жылдар еді. Енді міне соның бәрі артта қалып, директордың
айбынды анасы атанып отырмын. Сайып келгенде, мені былайғы көлденең көзге
айбарлы етіп көрсетіп тұрған
жалғыз баламның директорлық қызметі ме,
жоқ жұрт алдындағы өзімнің
аналық қасиетім бе?Қайсысы?!»
Жәмила кемпір көп ойланып оған онша бас қатырып жатпады. «Зәуде
болса бұл баламның директорлық қызметінен
ғой. Ана деп ардақ тұтып
сыйлар болса бұ-

рын қайда қалды? Жер ауып көшіп
кеткенім жоқ, жақсы-жаманды төбе көрсетіп орталарында жүргенім кәне? Сыйласа сонда қайда қалды? Енді кеп ақ пейілді анамыз деп,
туысы бөлек ақылшымыз деп жағынғанда басқа түгіл Жәмиланың өзі де қара жерге
кірерге тесік таппай ұяттан өліп кете жаздайды. Сондайда, неге екені белгісіз,
баяғы ит жылғы бір оқиға есіне түсіп, жүрегін шабақтап және тұрып алатын болды.
Талай әлемет-

ті бастан өткерсе де, соның бәрі бұл күнде ұмыт болып, тек әлгі жәйт көңілінде тас түйін боп
байланып қатып қапты. Әлі күнге дейін
жібімей келеді... Бекмұрат оқу
бітіріп елге оралатын жылы шынайы жағдаймен салып ұрып ауылға келе қалды.
Кешкілікте ауыл жастарының бірігіп ұйымдастырған тамашаға кеткен оны күте-күте,
ақыры келмегесін, төсегін caп енді қисайып жата бергенде, сыртқы есікті
салдыр-гүлдір еткізіп ашып, әлдекімді көтеріп екі бозбала жігіт ішке кіріп келе
жатты. Бұны көргенде Жәмила шошып,

екі көзі шарасынан шыға үрейленіп атып түрған. Себебі ол оны өз баласы
екенін бірден танып еді. Сол бойда төр алдында күні бүрын салынып қойған
төсектің үстіне сұлатып жатқыза берген баласының жүзіне төніп:

-        Жеттім бе, жетпедім бе
дегенде тағы желкем қиылған екен-ау. О, ку құдай!- деп екі бүйірін таянып, үйді
басына кешіріп, аңырай жөнелген. Қара түннің көбесін қақырата сөгіп, тіліп
шыққан жарықшақ тарғыл дауысты естіп, көрші-қолаңның біразы Жәмиланың үйіне
ағылды. Олар жеткен бойда болған жайды тез сұрап біліп, дәрігер шақыртып, аяқ астынан
әбігерге түсті де қалды. Төсек үстінде сұлық 
жатқан Бекмұраттың жүрек соғысын өкпе тынысын тыңдап көрген дәрігер әлі
әзір қауіпті ештеңе жоқ дегенде Жәмила бұған алғашқыда сенерін де, сенбесін де білмеді.
Дәрігер көңілімді аулап өтірік айтып тұр деп ойлап еді. Болған жәйтті Жәмила
ертеңінде, баласы тәуір боп аяғынан тұрып кеткен кезде барып бір-ақ естіп
білді. Тамашада біраз арақ ішіп, едәуір қызғам Бекмұрат пен Адырбек қызу әңгіме
үстінде кызараңдасып тысқа шыққан. Екеуі сонда әлденеге ерегесіп, сөзге кеп
қалысқан. Сөйтіп, бұл егестің соңы екі жігіттің бір-бірін қатты тілдеп, балағаттауына
әкеп соққан. Адырбек тегінде әке дәулетін көңілге місе тұтып, оқымай қалған
жігіт демесең, алайда ол кісінің жанды жерінен ұстап, шабақтауға аса шебер-ді. Сол
екіленіп сөйлеп:

-        Сен
жақсы жігіт болсаң әлдеқашан
жермен-жексен боп шөгіп жоғалып кеткен әкеңнің басына қарайтып бір белгі қояр едің-ау. Әке сыйласаң,
аруақ сыйласаң сөйтер ме
едің, а! Өзіміз болсақ әне... Құба
жонның бергі ауыл жақ беткейіне әкеміздің денесі қойылып еді. Өткен-кеткен жолаушының көзін
қызықтырып басына жарқыратып биік күмбез орнаттық. Содан біздің қай ырысымыз
кеміп қалды, а!-деп Бекмұратты табалай насаттана күлген.
Бекмұрат та есесін жібере қоймаған.

-        Асылы кісі дәрежесі басына
орнатылған биік күмбезбен өлшенбесе керек. Елге сіңірген еңбегімен бағаланса
керек,- деген ол сабырлы сөйлеуге тырысып. Сен болсаң әкемнің басына күмбез
орнаттым деп бұтқа толасың. Сайып келгенде осы да өнер, осы да мақтангершілік
боп па, а?! Төбесі көк тіреген зәулім күмбез осы күнгі қай өліктің басына
қаланып, соғылмай жатыр. Байлығын қайда шашарын білмеген кез -келген тоғышар
жанның ермегіне айналған жоқ па, ол мазарген кеселді дерт.

-        Сонда, немене,
өлікті құрметтеп, басына
белгі орнату да кеселді дерт болғаны ма?

-        Өлікті ақ
жауып арулап жөнелткен дұрыс Ол кім-кімге
де үлкен міндет. Бірақ басына
қорған тұрғызып, кеудесін
таспен, кірпішпен бастыру жарамайды.

-        Heгe?

-        Heгe десеңіз: өзіміз қотыраш жаман тамға қамалып отырамыз да,
өлген не әкеміздің, не
атамыздың басына өзіміз баспана ғып
кірген үйімізден де биік етіп, әшекейлеп зәулім мазар тұрғызамыз. Бұл
кімгекерек? Өлген аруаққа ма? Шынын айтқанда осы да өскендік пе, осы да білгендік пе?

-        Енді қалай деп
едің?

Бекмұрат Адырбекке жақтырмаған кейіп аңдатып, алара бір қарада да, ойын бөлмей одан әрі сөзін жалғап айта берген.

-        Бұрын
ауданнан шығып, ауылға жақындаған тұста, ана биік белеңмен қайқайып бері асып құлаған сәтте ауылдың ақ шаңқан үйлері көз ұшында жыбырлап бірден көрініп жатушы еді. Қазір олай
емес.

-        Heгe?

- Heгe дерің бар ма?- Бекмұрат жөткірініп, тамағын
қырнап алды да сөзін қайта сабақтаған,-
Себебі келесі белеңнің үстіне - жолдың екі жағына-алма-кезек орнатылған қарақұрым қаптаған күмбездер көзге бірден шалынады. Ауыл осы
мазарлардың, осы күмбездердің тасасында қалған.

-        Шынында
да солай-ей өзі. Бұрын қалай аңдамай келгенбіз.
Miнe, қызық. Бекмұрат жастар арасынан өзін қоштаған бірек-сараң
жігіт-желеннің табылғанын арқаланып, жеңсік бергісі келмеген. Одан
өрі есіп сөйлей жөнелген.

-        Заман
жақсарған сайын, ел тойынып
кемелденген сайын кейбір адамдар тоғышарлыққа ұрынып, тіптіесірік атып
кетті. Қолынан келгені де, келмегені де өзара бәсеке жарысқа түсіп, әулет-әулет
боп күмбез, Masзap тұрғызатын
дәрежеге жетті. Сөйтіп көзі
тірісінде бастары қосылмаған ағайын
енді өлген соң да бірікпейтін дертке тап болды. Мұның өзі, сайып келгенде, олар бір беткейдің астында жатса да жеке-жеке қорған боп, жеке-жеке күмбез боп, жеке-жеке зәулім мазар боп,
бір-біріне суық сәуле шашысып, суық жымиып қарасып тұрғандай. Осылай екені өтірік пе? Айтшы
өзің?! Бұл кезде Адырбек ызадан тарс жарылғалы тұрған. Қызғаныштан кісі не айтпайды. Ішің тар екен ғой, Бекмұрат. Институт бітіріп,
ел қатарлы қызмет істеп, қабырға
жапқан соң әкесінің басына бір белгі қоятын шығар десем, сен әуелі қайдағы-жоқты қыртып, әке аруағын сыйлап, басына күмбез орнатқан
мені тілдейсің. Ішің күйсе
тұз жала!-деген Адырбек ызадан

сұмдық қалшылдап. Бұл
Бекмұраттың шабына қатты тиген.

- Сені қызғанам ба мен. Неңді?
Әкеңнің басына тұрғызған жаман тамды
ма? Әрі-беріден соң басына қорған
тұрғызатындай ол кім еді сонша? Елге қандай еңбегі сіңіп еді оның? Қайта ел
үстінен күн көрген, ел үстінен мол олжа тауып семірген сұңғыла
емес пе. Әлде

жүн-жұрқа, тері-терсек жиып байығаны өтірік пе әкеңнің. Өтірік десең кәне, өзің айтшы?!- деген о да қызып?.

- Өй, әкеңнің... Көкірегін ыза жайлап, сұмдық
долырған Адырбек үй жанына отындыққа түсірген мол сексеуілдің жуан жігерін
жүлып, суырып алды да құлаштап тұрып Бек-мұратты салып өткен. Маңдай тұсын дәл
көздеп, темірдей қатты сексеуіл жігерін еркіндей, екпіндей сілтеген еді. Абырой
болғанда мас Адырбектің қолы межелі тұстан сәл ауытқып, сермелген сойылы
Бекмұраттың иығына дөп тиген. Әйтпегенде нағыз сойқан сонда болатын еді. Соның
өзі Бекмұратты қағып жерге кіргізіп жібере жаздаған... Бекмұрат пен Адырбек
қанша дегенмен қатар өскен бір жылдың төлі емес пе. Ол екеуін қойшы: қазір ұрсып,
төбелессе күні ертең қайта татуласып, достасып кетеді. Ал ауылдың
үлкендеріне не жоқ. Онсыз да Адырбектің қапыда сілтеген таяғынан оңбай жығылып,
өлім аузынан қалған Бекмұратты жатып
кеп тілдегендері қай сасқаны. Сол
соққыдап өліп кетпеді дей ме екен, ал Азар болса Бекмұрат балалық жасаған шығар. Арақ ішіп қызып тіліне оралған әлдеқандай боқ сөзді қапелімде
аңдамай айтып қалған шығар. Баласының ол қылығын Жәмила да құптамайды. Ол үшін өзі де оңбай таяқ жеген жоқ па. Бір тойда екі жар айтылмайтыны секілді, бір ағаттығы үшін оның екі жазаға тартылатын не жөні бар еді.
Ендеше біраз үлкендердің ертеңінде жиылып,
тепсініп келіп, бұның баласын
жерден алып, жерге салып тілдегендері
қалай? Аруақты сыйламайсың
дей ме-оу; әкесіз өскен арсызсың дей ме-оу; қасиетсіз, тексізсің дей ме-оу; қойшы әйтеуір айтпаған нәрсесі қалмады. Сонда бұны қалай түсінеді?
Бекмұратты өзі де ақтамайды. Жарайды,
ол кінәлі бола қойсын. Алайда оның
жастық қызулықпен аңдаусызда жіберіп алған бір
ғана ағаттығына бола аруақты сыйлаған боп, өлікті құрметтеген боп, тіріге тірі түгіл өліктің
сай-сүйегі сырқырайтын сөз айтып, жер-жебіріне жетуге болатын ба еді.
Айтшы?! Бекмұрат сондай-ақ не
бүлдірді? Әкелерін өлтірді ме?! Қайта
әлдеқандай қара нойыстың
сілтеген сойылынан Бекмұраттың өзі
мұрттай ұшып, жер жастана жаздаған жоқ па. Соны неге
ойламайды бұ жұрт?! Қазылығы ұстап тұрса ақылынан бұрын сойылы жүретін Адырбекті неге
жазаға тартпайды? Heгe соның
сөзін сөйлейді?! «Сенің жетесіз
жүгермегің аруақты қорлап, өлікке тіл
тигізгесін қайтсін байғұс
бала! Төзбей кетіп, қалай
қол көтергенін аңдамай қапты. Ашу үстінде қайта көк сокқан балаңды өлтіріп қоймағанына құдайға шүкір
де. Біз болмасақ шикі өкпеңнің басқан ізіне зар боп қалар едің» деп алма-кезек көсемсіп суырылғанын қайтерсің тағы. Сонда Бекмұраттыңұмған
кісілердің аруағын сыйлаған боп басына қорған, мазар тұрғызуды бәсеке жарысқа
айналдырмайық. Мұның өзі,
шындап келгенде, өлікті қорлау боп табылады. Оның есесіне дүние-мүлік, байлығымыз жетсе заман талабына сай зәулім баспана соғып алайық. Бір күн болса
да әрі биік, әрі кең жарық үйде
тұрғанымыз жақсы емес пе» деп шырылдағаны ма? «Тірлікте кеңдік
көрмегесін өлген соң көріңнің кең болғанынан не пайда? Айтшы, не пайда?!» дегені ме? Түк түсінсем бұйырмасын. Жәмила
ауыр күрсінді. Осы күнгі жұрт
та қызық,- деді аздан соң қайта қызынып.- Адырбекті бірдеңе
білетін кісі көре ме екен сонда.
Әкеден қалған қыруар байлықты қайда сиғызарын аруағын
сыйлап, күмбез салып, басын жарқыратып қойды. Бұл өңірде оныкінен өткен сәулетті сұлу күмбез жоқ» деген бір ғана марапат сөзге бола
қанша дүниенің басына су құйғанын былайғы жұрттың қайсы бірі біле береді дейсің, тәйірі. Еңбексіз
жиналған мал-мүлік, дәулет-байлық
осылай құрымағанда енді қалай жоғалып бітпек еді. Айтшы?!» Шернияз уағында Төменгі Таласты сағалаған
исі жазығы не? «Жарық жалғанмен
қоштасып, көз ж білмеген даңғой бала мақтангершілік үшін не істемейді. «О, Адырбегің
нағыз азамат жігіт екен. Әке

Ойық еліне
пана болған арлы азамат еді.
Ал сол дүйім ел Шернияз өлгенде басына жөндеп қорған да
тұрғыза алмады. Себебі сол тұста
өздеріне бас иелік жасап, ананы бүйту
керек, мынаны сүйту керек деп ақыл-кеңес беріп,
жолға салып отыратын көшелі кісі табылмады

да, ендігі бетке ұстар азаматымыз сенсің ғой деп бәрі бірдей аңырып Жарықбастың аузына қараған. Оның көмейінен
қайбір жылы лебіз буы бұрқырап бүлкілдеп шығады дейсің. Ауыл ақсақалдары өзара
ақылдасып,баталы іске бәтуә жасасып,
енді кіріспек боп отырғанда осы Жарықбас бүйректен сирақ шығарып: «Шернияз
маған қорған соқпаңдар деген.
Марқұмның соңғы тілегін орындау тіріге аманат, өлікке
салауат. Оның үстіне
коммунистің басына жарқыратып күмбез орнатып, кеудесін таспен жаншып, қалай
бастырып қоярсың» деп
жанашырлық сөз айтқан боп отырып, жиналған дүйім елді шошытып, қолма-қол табанда таратып жіберіп еді. Асылы жанашырлықпен айтылған сөздің бәрі
бірдей қамқорлықпен табыла
бермейтінін ол кезде жұрт қайдан білсін. Сөйткен Жарықбастың кейін өзі өлер
алдында: «досқа күлкі, дұшпанға
таба қылмай ба-сыма күмбез тұрғызарсың»,- деп өтініш етіп, баласының қолына қыруар мол ақша ұстатып кеткенін естігенде Жәмила оған
қарадай күйіп-пісіп, ыза болып еді. Енді ойласа, Жарықбас сұм Шерниязды қай жағынан да сүріндірмек боп
барынша әрекет жасап, жанта-

ласып баққан көрінеді. Жәмиланың
көзі оған да жаңа жетті. Жарықбас
тірлігінде Шернияздан қайтсе де артып
кете алмап еді. Өлген соң басындағы жарқыраған күмбезімен артып, Шернияздан солай биік көрініп жатпақ болған
екен-ау, қайран сорлы бейбақ! Ұлық
та, кішік те, азамат та, азбан да... бәрі өлген соң теңеседі деуші еді бұрынғылар.
Өтірік. Адамдар өлген соң да теңеспейді. Себебі қорғап-жебеушілері бар

әулетті
кісілер көз жұмғаннан кейін
де зәулім күмбез боп жарқырап, асқақ
көрініп тұрады. Ал артында жөнбілетін дәулетті жанашыр туысы жоқтар сол баяғы басына үйілген
қоңыр топырақтың астында құр тапталып,елеусіз
сұлық күйде тым-тырыс жатады
да, ақырында

жауын-шашынға шайылып,
жермен-жексен боп төмен шегіп, құрып бітеді. Ендеше Шернияз марқұмның бейіті де соның кебін құшып,
жер бетінен өшіп, әлдеқашан жоғалған
болар. Енді оған өкіндің не, өкініп іздедің, не
- бәрібір өткен күн қайтып
оралмақ емес.

Жәмила қамырықты. Кезінде өздеріне пана бола білген арлы азаматтың басына исі Ойық боп
бір белгіқарайтып тұрғызып қоя
алмағандарына сұмдық назаланды.
«Қайран қу дүние-ай!-деді көкірегін қақжара
күрсініп.- Еңіреген ер ісі кейде бүкіл елдің қолынан келмей қалатын сәттер де болады екен-ау. Бұндайды кім көрген
бұрын?!» Ел-жұрты Шериияз марқұмның басына қарайтып бір белгі тұрғызып, аруағын аспанға көтермеді
демесе кіндігінен қалған жалғыз тұяқ - Бекмұраттан артық қандай белгі керек еді. Шернияз үшін де, Жәмила үшін де соқыр тиындық құны жоқ қорған,
ескерткіштерден гөрі көз алдарында
қалқайып тірі жүрген Бекмұраттың аман-саулығы анағүрлым артық емес пе. Ендеше
Жәмила бұның несіне күйінеді. Алайда, ол бұған назаланып отырған жоқ-ты. Жәй әшейін
пендешілдік өмірдің күйкі бір тірлігі еске түскесін соны ой таразысына салып,
саралап, қорытып отырған бір сәті еді. Әйтпесе не көрініпті оған.  Жәмила
және күрсінді.

XI

-        Апа, шайыңыз
суып қалды ғой. Дәуде бір
қалың ойдың сорабына түсіп кеттіңіз білем,- деді Қалдыкүлмейірімді жұмсақ үнмен сыбырлай тіл қатып.

-        Е, ой неғылсын
мені. Жәй әшейін сарсылған қу тіршілік
те... Әйтпесе не?..- деп алдындағы шай кесесін аузына апара берген. Қалдыкүл бүл сәтті де қапы жібергісі
келмеді. Қарт анаға ысырылып, жақындай түсіп:

-        Апа-оу, құлақ құрышыңызды
қандырып қайтейін сіздің, Баяғы өздеріңіз тұрған қызыл шатырлы үй бар еді ғой,-
деді бөлме ішін жымысқы сырға бөлегендей сыбырлай сөйлеп. Қызыл үйді ауызға
алып, айта бастағаннан-ақ Жәмила кемпірдің жүрегі атқақтап тулап, құлағы
елеңдеп, Қалдыкүлдің жүзіне жалт қараған.

-        Ие.

-        Сол үй көптен бері совхоздың
тігін шеберханасы болатын. Жұртшылық ұйғарып, сол шеберхананы Шернияз атамның
есімімен атайық десе, неге екенін қайдам, әйтеуір директор балаңыз көнбей
табандап отырып апты.

-        Heгe?- Жәмила таңырқай
сұраған Білмейм. Сірә, үстімнен біреу-міреу арыз жазады деп қорықса керек.

-        Сол үшін бе?

-        Ие.
«Өзі директор болғансын аспандамай қайтеді. «Бұл үйде ертеде әкем тұрған
еді» дегенді тілге тиек етіп, жұртшылықты
ұйымдастырып және солардың атынан жоғарыға хат түсіртіп, совхоздың
тігін шеберханасына әкесінің-есімін оп-оңай қиналмай бергізе сапты. Бұ жұрт қолынан кеп тұрғасын не істемейді» деп жазады дейді... Бұл
шынында Жәмила күтпеген тосын жәйт еді. Қапелімде аузына жөнді сөз түспей
абдырап қалды. Сосын тек тұрмастың көрімен:

-        Е,
жазса жазатын шығар. Кім
біледі...-дей салды ернінің ұшымен
ерінгендей ақырын ғана.

-        Апа-оу,
бұ не дегеніңіз. Шегірткеден
қорқып егін екпейміз бе сонда? Қалдыкүл бұған шынымен шыр-пыры
шығып таңырқаған болды. Жақсы-жаманды көп көріп, талай зауалды басынан өткерген
кәңігі қария оған жөнді еліге қоймады. «Егер балам осы совхозға директор боп
бекіп келмегенде әлгі тігін шеберханасы орналасқан қызыл үйді Шернияз марқұмның
есімімен атайық деп осындағы қошаметшіл қауымның бірде-бірі қолқа салмас еді. Салса
бұрын қайда қалды, а? Қайда қалды?!» деп қайта іштей ызалы ойға шомған.
Артынша: «Жұмыр басты пенделерді дәрежесі үлкендерге кіріптар етіп қойған қайран
арсыз қу тіршілік-ай!» деген естілер-естілмес үнсіз күбірлеп. Содан кейін
Жәмила Жарықбастан көрген қысастығын, оның баласы Адырбектің Бекмұратты соққыға
қалай жыққанын еске түсірген. Адырбек Бекмұраттың осы совхозға директор боп
келетінін әлдекіммен алғаш естігенде: «Институт бітіретін жылы сексеуілдің жігерінен
ұрып, мұрттай ұшырып, өлтіріп қоя жаздап едім. Мені көргенде қайтер екен,
сабазың!» деп насаттанып күлген көрінеді. Бұл жәйтті көшіп келген күннің ертесінде-ақ
ауыл әйелдерінің бірі бұның құлағына сыпсыңдап жеткізе қойып еді. Әдепкіде бұны
көңіліне шам көрсе де, кейін келе біржола ұмытып кеткен-ді. Соның бәрі жаңа көз
алдынан көшкен бұлт секілді жосылып және өткен. Бірақ ол «сенің күйеуің кезінде
өстіп еді» деп Қалдыкүлдің бетіне басып айтпады. Аяқ-табағы араласып, қатар
отырған екі көрші үйдің арасын ұшықтырып қайтем деп ойлаған. Кенет қарт ананың
жүрегі шаншыды. Сол заматта өңінің қаны қашып, лезде сұп-сұр боп сұрланып, көк беттеніп
сазарған қалпы бір жағына ауып құлап бара жатты. Қалдыкүл атып тұрып қарт ананы
қолтығынан демеп, сүйей берді. Сосын іргедегі төсектің үстіне қаттап жиналған
жастықтың екі-үшеуін басына жастап жөндеп қисайтып жатқызды. Екі-үш дүркін
бетіне суық су бүркіп еді. Сол кішкене дәтке қуат беріп, жан шақырғандай болды.
Маңдайынан бұрқ етіп лезде суық

тер шықты.

-        Уһу..у.

Осыдан кейін-ақ Жәмиланың беті
бері қарай бастады. Басын жастықтан көтеріп, ентігіп басып, жүрелепқайта отырды.

-        Апа,
демалысыңыз ауырлап кісіні жаман
қорқыттыңыз ғой тегі. Сырқаттанып қалғаннан саусыз ба өзіңіз? Дәрігер шақыртып,
балаңызға хабар берейін бе?- деді
Қалдыкүл жік-жапар болып. Ол білдей директордың дімкес шешесі өзі үйде жоқта аяқ астынан жүріп кетіп, бір пәлесіне қалам ба деп жаңа
әзірде шыннан үрейленгенін жасырып
айтпады, әрине.  Сондай-ақ Қалдыкүл «дәрігер шақыртып, балаңызға
хабар берейін бе?» дегенді де бекерден-бекер өтініш етіп, айтып отырған жоқ-ты.
Дімкес қарт кісінің хал-жайына жанашырлық кісілікпен қарайласқан боп, жорта
өбектеп, жорта бәйек боп, қалайда жақсы жағымен директордың көзіне түсу еді.

-        Қажеті жоқ... Жүрегімнің осындай
ұстамасы бар еді. Кетті ғой, әйтеуір,- деді Жәмила әлі де болса өңі қуқыл
тартып. Өмірден шеккен мехнаты Жәмиланың жүзіне сызық түсірсе, жабы мойын пенделерден
көрген қысастығы жүрегіне сызат түсірген. Жүрегінің кейде әлгіндей ұстамасы
болса бұның өзі сол кездерден қалған бір белгі еді. Марқұм күйеуі ат үстінде көп жүрген кісі ғой. Сол уағында байқамай
әлдекімдерді аяғынан басып кеткен болу керек.
Солар кейін басына дәм жинаған бидайықтай бойын тіктеп көтеріп, Жәмиланың ту
сыртынан ызғырық боп ызылдап сорып тұрмады деймісің. Әуелі оны айтасың,
жалғыз баласын оқыту жолында шыбын жанын шырқыратып отқа да салған, шоққа да салған
жесір әйелге үй-жайын сылатып,
әктетіп ап артынша кесімді ақысын бермей қанша боздатты. Бұлар төбесінен ұшқаноқтай өзін өлтірмесе де жанын жаралап, жүрегін бір-бір сызып өткені анық-ты. Егер ел ішінде жоқ-жұқанаға қайырымдылық жасар, көмек көрсетіп, қол
ұшын берер жақсы адамдар болмаса Жәмиланың бұл күнге аман жетуі, жетпеуі екі
талай нәрсе еді... Ол Қалдыкүл кеткен соң да басын торлаған қалың ойдан арыла
алмады. Өздерінің бір кезде тұрған қызыл үй көзіне жылы ұшырай елестеп, жүрегін
баурап, жан сезімін әлдилеп, көз алдынан кетпей калқып тұрып алды. Соның ішіне
бас сұғып кіріп, әрбір жеке бөлмесін қартайған шағында тағы бір аралап көргісі
келіп кетті. Қызыл үйде жұрт көзіне түспей жасырынып кеп Шернияз марқұм өзін
сарыла күтіп, екі көзі төрт боп жаутаңдап, сарғайып тосып отырғандай сезінді. Жәмила
кемпір көкірегін алапат сағыныштың сәт сайын кернеп, жайлап алғанын сонда барып
бір-ақ білді. Ол сағыныштың алау өрті қызыл үйді аралап көрмей сірә басылмайтынын
және түйсінді. Кешке келіні жұмыстан оралғанда ұсақ балаларын қолына табыс етіп,
оның апақ-сапақта қайда барасың дегенін естімеген кісіше жүре тыңап, абыл-ғұпыл
тез, киініп тысқа шықты да, сол бойда үлкен көшені жоғары өрлеп, асығыс жаяу
тартып кетті. Жәмила кемпір ебіл-дебіл боп қызыл үйге қарай құстай ұшып бара
жатты.