ВЕРНУТЬСЯ

      Жүрегімен сезініп күй ұқпаған,

Басшы қанша күндіз-түн ұйықтаған?

Солар, сірә, емес деп кім айтады,

Тіршіліктің бәрін де тұйықтаған.

Бағы жанбай бүгінде жаны асқардың,

Жеңілгенін мен көрдім тапаста Ардың.

Қара қарға көрдің бе қалғымаған

Қонақтаған басына ағаштардың.

Кілең қарға еліңді
басқарғасын,

Heгe жерде
қалмасын асқар басың?

Самарқанның тасындай жібімейді,

Маған десе көзіңнен жас
парласын.

Бұндай басшы, білмеймін, кімге қалай?

Көк жүзінен көрмедім күлген арай.

Кейде орманның құсындай күндіз шулап,

Жоғалады жым-жылас түнге қарай.

Қүл болуды еліне намыс көрген,

Ұл болуға жарамай жаны семген.

Басшыларға не дейсің?Бидайығы

Құзға шығып, тасқа да тарысы өнген, -

Тамырында толқындап қан жүгірмей