ВЕРНУТЬСЯ

   Тығырыққа тіреген
жан біткенді,

Heгe,Heгe бұл
Ресей албыртқа ерді ?!

Ракты емдеп жазсаң да,жаза алмайсың

Шовинизммен ауырған
мәңгүрттерді.

Күні бар ма бұл дерттің асқынбаған,

Өзге ұлысты
құрсаулап басқа ұрмаған?

Күндер қайда ағайын, күндер қайда

Жолдасына
қасқыр да қас қылмаған?!

Қорқау етіп
адамды жаратты ма,

Қанға жері қазулы
қасқыр заман?!

Шовинизм Ресейдің
шын ауруы,

Қарулы Күштер болып тасқындаған.

Шовинизм  Ресейдің
қара қаны,

Шегеленіп сіңуде санаға әні.

Қасиеттен жұрдай боп ажыраған,

Қасіреті еліне тарағаны.

Қай елге де жан
беру оңай емес,

Күшті ұмтылса
әлсізді талағалы.

Жер бетінде тыныштық
болсын қайдан

Қолдан түспей тұрса егер жарағы әлі.

Қан соқта боп жатса да сан аймағы ,

Күн кешуде ұмтылмай
арайға әлі.

Жақын жерден жау іздеп жұлынса егер,

Ресейдің де көзінің қарайғаны.